Инфоурок Директору, завучу Другие методич. материалыБОЛАШАҚ ҰРПАҚТЫҢ ЗАМАНҒА САЙ БІЛІМ АЛУЫН ЖАНДАНДЫРУДА ДЕҢГЕЙЛІК КУРС БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МҰҒАЛІМНІҢ ОҚЫТУ ҮДЕРІСІ МЕН ОҚУШЫНЫҢ БІЛІМ АЛУҒА ДЕГЕН ЫНТАСЫН АРТТЫРУДАҒЫ МАҢЫЗЫ

БОЛАШАҚ ҰРПАҚТЫҢ ЗАМАНҒА САЙ БІЛІМ АЛУЫН ЖАНДАНДЫРУДА ДЕҢГЕЙЛІК КУРС БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МҰҒАЛІМНІҢ ОҚЫТУ ҮДЕРІСІ МЕН ОҚУШЫНЫҢ БІЛІМ АЛУҒА ДЕГЕН ЫНТАСЫН АРТТЫРУДАҒЫ МАҢЫЗЫ

Скачать материал

Азизова  Айман  Хожагалиевна

          Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы 

№2 жалпы білім беретін орта мектептің 

       «Өзін-өзі тану»пәні мұғалімі

 

БОЛАШАҚ  ҰРПАҚТЫҢ  ЗАМАНҒА САЙ БІЛІМ АЛУЫН  ЖАНДАНДЫРУДА ДЕҢГЕЙЛІК КУРС БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ  МҰҒАЛІМНІҢ ОҚЫТУ ҮДЕРІСІ   МЕН  ОҚУШЫНЫҢ  БІЛІМ  АЛУҒА  ДЕГЕН  ЫНТАСЫН АРТТЫРУДАҒЫ  МАҢЫЗЫ

 

 Аннотация

          Елбасымыздың ҚР-да білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында құзыретті  мұғалімнің алдына заманауи  білім талаптарына сәйкес оқушының жан-дүниесін терең зерттеу туралы міндеттерді қойып отырғаны нақты айтылған. Осыған орай, 2012 жылы «Өрлеу» ұлттық  орталығының III-деңгейлік курсынан  алған білімімді саралай келе,  мұғалімнің кәсіби шеберлігіне қарай 7 модульдің әрқайсысы білім беруде басты модуль бола алатындығына  көз жеткіздім.

 

         В государственной программе развития образования Президента РК Н.А. Назарбаева 2011-2020 годы конкретно указано, что перед современным учителем поставлена задача  глубокого изучения, исследования внутренного мира ученика, соответствующего стандарту знаний. Анализируя уровень знаний, приобретенных на курсах национального центра «Орлеу», я пришла к выводу, что каждый из 7 модулей может быть главным.

 

        It was carefully indicated the developing of education in the state programme of president N.A. Nazarbayev in the Republic of Kazakhstan to 2011-2020 years that it was put the aim before the modern teacher, wide learning and searching of inside world of pupil, confirming to the knowledge standart.  Analysing the level of knowledge studied in the courses of national centre «Orleu», I made my mind, that every 7 models of them may be main thing.

 

 

      Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлесі қалыптасуда. Бұл процесс білім беру үдерісінің өзгеруімен қатар жүреді. Мектептерде оқушыға білім берудің жаңа, заманауи бағдарламалары енгізілуде. Жаңа білім бағдарламасы бірінші орынға баланың білім, білік, дағдысын емес, оның тұлғасын, білім арқылы дамуын қамтып отыр. Президентіміз Н. Ә. Назарбаев айтқандай, «Сапалы білім беру Қазақстанның индустрияландырылуының және инновациялануының негізіне айналуы тиіс». Бұл мәселе жалпы білім беретін мектептерге байланысты айтылып тұрғандығы белгілі.  

         Сабақ – мұғалім мен оқушының өз қажеттілігіне орай оқу әрекеттерін яғни білімді меңгерту мен меңгеру, ізденіске баулу, шығармашылық пен талапты ұштап, дамытуды қажет еткен мақсат міндеттер тұрғысынан бірлесе жұмыс істейтін ынтымақтастық алаңы. Сабақ тек жалаң білім беруге құралмай, оқушының шынайы қызығуы мен өз қажеттілігі мен сұранысын қамтамасыз етерлік шығармашылық ізденіс танымына орай құрылуы қажет. Алға қойған осы мақсаттарды жүзеге асыруда  білім беру жүйесінде оқыту  және оқу үдерістерін инновациялық бағытта  жаңарту сарапталып, білім беру саласында әлемдік зерттеулердің нәтижелері мектеп өміріне енуде. Осындай жаңа технологияларды меңгерген мұғалімдер жастардың білімінің сапасын арттыруда басты рөл атқарады. Ол үшін алған білімін іс-тәжірибеде қолдануда мұғалімнің  жан-жақтылығы мен шеберлігі өте қажет.  Осы уақытқа дейін тек қана дәстүрлі білім берумен шектеліп келген болсақ, Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру «Өрлеу» ұлттық  орталығының  үшінші (базалық) деңгей бағдарламасы бойынша өткен курстан кейін, біздер, яғни ұстаздар жаңаша білім беруге байланысты көптеген тың дүниелермен қанықтық. Бағдарлама нұсқаулығының алғашқы бетінен-ақ: «Бұл бағдарламаның басым бөлігі, түрлі тәсілдер қарастырылғанына қарамастан, сындарлы оқыту теориясы негіздерін қамтыған.

         Салыстырмалы түрде дәлелдеме келтіретін  болсақ, осыған дейін біздер қолданып келген «дәстүрлі оқыту» қандай оқыту? Ол – қазіргі мұғалімнің 45 минуттағы іс-әрекеті. Мұғалім кіреді, сабақ сұрайды, сабақ түсіндіреді. 4-5 оқушыны бағалайды, қалғандары сол қалпында қалады. Бұл жердегі мұғалім тарапынан берілген дайын білімге оқушылар өздігінен ары қарай дамыту, іздену, ойласу, ат салысу, салыстыру, пікір алмасу, пікір таластыру т.б. жайлар қолға алынбайды. Мұндай білімнің аясы тар, көбіне жаттанды есте сақтауға алып келеді және оқушы оны өмірде пайдалана алмауы үлкен мәселе болуда. Ал, қазіргі білім беру саласында енгізіліп отырған жаңа тәсілдердің бірі - сындарлы оқытудың мақсаты: оқушының пәнге терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалануын қамтамасыз ету болып табылады. Ол үшін мұғалім оқушының білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай, ал  оқушы  оқыған тақырыптары  бойынша білімдерін өз деңгейінде көрсетіп, кейбір болжамдар бойынша күмәнді ойларын білдіре  алатындай деңгейге көтерілуі керек екені көзделген.

         Сондай-ақ Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында да құзыретті  мұғалімнің алдына заманауи  білім талаптарына сәйкес оқушының жан-дүниесін жақсы зерттеп білу туралы міндеттерді қойып отырғаны нақты айтылған. Осы бағдарламаның мақсаттары мен міндеттерінің, «Өрлеу» мұғалімдердің біліктілігін арттыру ұлттық  орталығының  үшінші (негізгі) деңгей бағдарламасының мақсат, міндеттерімен үйлесімділігін саралай отырып, мұғалімнің сыныпта білім алу ортасын құра білуі  құзырлы оқытудың  ең маңызды факторы болып табылатынын және мұғалім оқушының тақырып мәнін өз бетімен меңгеруіне, түсінуіне, бағалай алуына жетекші бола білу керек екенін ұқтым. Сонымен қатар, бұл  тәсіл аталған үдеріске оқушының өте белсенді қатысуын қажет ететінін, осылайша, оқушы өз тобының оқуы үшін, әрі өзінің оқуы үшін жауапты болатынына, мұндай жауапкершілік арқылы оқушыда метасана, метатану үдерістері қалыптасып, білімдік дағдыларды меңгеруде өзі де үйретушіге айналатынын және өзінің білім деңгейіне сыни тұрғыдан қарап, өзінің шама-шарқын анықтай алуына көмектесе алатынымызға тәжірибе барысында көз жеткіздім. Осылайша метатану үдерісі оқушыда когнитивті дағдыға айналатынын сабақ барысында көруге болады.

           Мен жоба бойынша, білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер (ББмБАЖТ), сыни тұрғыдан ойлауға үйрету(СТОҮ), білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау(ББүБжОБ), білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану(ББАКТҚ), талантты және дарынды балаларды оқыту(ТжДБО), оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту(ОЖЕСББжО), білім берудегі басқару және көшбасшылық (БББжК) модульдерінің әрқайсысы мұғалімнің таңдауы мен кәсіби шеберлігіне қарай әр тақырыпта басты модуль бола алады деп ойлаймын және кең мағынада білімімді жетілдірдім деп сенімді түрде айта аламын. Осы әдістерді қолдану арқылы оқушылардың өзін-өзі тануына құлшынысы мен шынайы оқуға деген қызығушылығы айқындалады. Сондай-ақ білім алушылардың оқуға деген қызығушылықтары  артып, бір-біріне сыни көзқараспен қарауға  және өзін-өзі бағалауға үйренеді. Бұдан шығаратын қорытынды, жаңа тәсілдердің қазіргі жастардың білім алуында,  білім беру жүйесіндегі дәстүрлі оқытудан  артықшылығы:

1)      Сыныпта қарым-қатынас нығаяды;

2)       Баланың өзін-өзі бағалауы дамиды және оны тек сабақ барысында ғана емес, кез-келген өмірде кездесетін жағдайларда өзіндік бақылау жүргізе алатындай  «жеке тұлға»  қалыптасады.

3)         Оқушылардың жетістік деңгейін нақты сипаттайды;

          

            Сөзімнің  соңында, өзімнің ойымнан туындаған  жеке көзқарасымды айта кетер

болсам, білім беру жүйесіне заманауи осындай бағдарламалар қазіргі жас ұрпақтың дамуына, қабілеттері мен сана-сезіміне сай оңтайластырылып енгізілуде деп ойлаймын . Бұл  жаңа әдістердің оқу үдерісінде пайдаланылуы, оқушыға сапалы білім беруде және ұстаздардың білімін жетілдіруіне  пайдасы өте зор. Заманына сай техника дамыған сайын, балалардың да ой-өрісі де даму үстінде. Римдік философ Сенека Луцийдің: «Басқаларды үйрете жүріп, өзіміз де көп нәрсе үйренеміз»-деген нақыл сөзін басшылыққа ала отырып , дене-тәрбиесі  пәнінің мұғалімі болсам да, қазіргі заманға сай білім беру жүйесіне енгізіліп жатқан түрлі бағдарламалар бойынша   білімімді  жетілдірудің арқасында, ой-өрісімді дамытып, бағдарламадан оқып-үйренгендерімді ұжымдағы әріптестеріме үйретіп, оқу үдерісінде  жаңашыл мұғалімдер қатарын көбейтуге үлес қосудамын.

             Сондай-ақ бүгінгі заманға сай жаңа технологиялардың, жаңа әдіс тәсілдердің оқушылардың дұрыс білім алуына,  әсіресе ауыл балаларының бойындағы  оқуға деген қызығушылығының даму үрдісін арттыруға көп көмегі тиюде. Осы мүмкіндіктерді кеңінен пайдаланып, болашақ ұрпақтың дамуына жан-жақты қолдау көрсетіп, осы міндеттерді жүзеге асыру – өз ісінің шебері болумен қатар өз мамандығын сүйіп, қоғамға адал қызмет етуді мақсат тұтқан ұстаздың ғана еншісінде. Барлық оқыту үдерісін ұйымдастырып, көшбасшылық жасайтын мұғалім болғандықтан, бағдарлама ең алдымен, мұғалімге қарай бағытталған. Өйткені мұғалімдер ойлау қабілеттері жоғары деңгейде дамыған оқушыларды қалыптастырғылары келсе, онда алдымен өздерінің де терең ойлау қабілеттерін дамытқан жөн.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.      Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру  курстарының    

            бағдарламасы. Үшінші (базалық) деңгей, үшінші басылым.

            «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012ж.

2.         Мұғалімге арналған нұсқаулық.  Астана, 2012ж.

3.        Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы №1118  

           Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың

           2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "БОЛАШАҚ ҰРПАҚТЫҢ ЗАМАНҒА САЙ БІЛІМ АЛУЫН ЖАНДАНДЫРУДА ДЕҢГЕЙЛІК КУРС БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МҰҒАЛІМНІҢ ОҚЫТУ ҮДЕРІСІ МЕН ОҚУШЫНЫҢ БІЛІМ АЛУҒА ДЕГЕН ЫНТАСЫН АРТТЫРУДАҒЫ МАҢЫЗЫ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Заместитель директора

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 343 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.12.2015 1059
    • DOCX 19.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Азизова Айман Хожагалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Азизова Айман Хожагалиевна
    Азизова Айман Хожагалиевна
    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 22864
    • Всего материалов: 20

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Мини-курс

Особенности психологической помощи детям

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 606 человек из 75 регионов
  • Этот курс уже прошли 200 человек

Курс повышения квалификации

Безопасность торговых объектов: защита от террористических угроз и экстремистских проявлений

72 ч.

1750 руб. 1050 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация и методическое обеспечение процессов физкультурной и спортивной деятельности

Специалист по инструкторской и методической работе в области физической культуры и спорта

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 107 человек из 36 регионов
  • Этот курс уже прошли 514 человек

Мини-курс

Методика поддержки физкультурно-спортивной деятельности для людей с ограниченными возможностями здоровья

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективное планирование и управление временем

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 41 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 15 человек

Мини-курс

Wildberries: от управления заказами до продвижения товаров

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 55 человек из 26 регионов