Инфоурок Другое КонспектыБОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ (баяндама)

БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ (баяндама)

Скачать материал

БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

 

Орал гуманитарлық техникалық колледжінің

педагогика, психология

                              кафедрасының оқытушысы

                                                                                   Ильясова Р.К.

 

Елімізде білім жүйесін дамыту талаптарына сай оқушыларға терең білім және тәрбие беру, оларды жан–жақты дамыту бүгінгі күннің басты мәселесі болғандықтан қоғамның педагог мамандарға қоятын талаптары қазіргі таңда күрделене түсуде. Жаңа қоғам мұғалімі – ол рухани адамгершілігі жоғары, азаматтық жауапкершілігі мол, белсенді, жасампаз, жан-жақты білімді, кәсіби құзыретті, өз теориялық білімін практикада әр түрлі педагогикалық технологиялармен жүзеге асыра алатын өз кәсібінің шебері бола білуі қажет.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында «Білім және кәсіби машық - заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары. Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет», - деп атап көрсетті. Бұл міндетті орындауда  білім беру жүйесіндегі білім, білік, дағды жиынтығын толық меңгерген, қоғам өміріне белсене араласатын, шығармашылықпен ойлайтын, өзін-өзі көрсете алатын, өздігінен ақпаратты іздеп, талдайтын және оны дамытуға қабілетті, кәсіби құзыретті жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа білім парадигмасын жүзеге асырудың орасан зор маңызы бар. Осы жұмыста құзыреттілік түсінігі айрықша орынға ие. Құзыреттілік түсінігіне білім туралы мемлекеттік құжаттарда жетекші орын беріліп, педагогика, психология ғылымында жан жақты зерттелуде.

Мәселен, «Қазақстан Республикасы 12 жылдық орта жалпы білім берудің жалпыға міндетті стандарты» жобасында «Құзыреттілік– оқушылардың іс-әрекетінің әмбебап тәсілдерін меңгеруінен көрінетін білім нәтижесі, ал құзірет дегеніміз алға қойылған мақсаттарға жету үшін ішкі және сыртқы ресурстарды тиімді іске асыруға дайындық; оқушының білім беру жүйесіне деген әлеуметтік тапсырысты құрайтын жеке және қоғам талаптарын қанағаттандыру мақсатында табысты іс-әрекетке дайындығы» деп көрсетілген.

12 жылдық білім берудің Мемлекеттік стандарты және бағдарламалар(Астана, 2006) оқушылардың үш тұғырлы  құзыреттілігін қалыптастыруды қамтамасыз етеді:

      мәселені және өзіндік менеджмент мәселелерін шешу;

      ақпараттық;

      коммуникативтік;

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамытудың тұжырымдамасы, жалпы білім беретін мектептерде тұрған көкейтесті міндеттердің қатарына оқытудың құзыреттілік тәсілін жүзеге асыруды басты мәселе етіп қойып отыр. Олай болса нәтижеге бағдарланған оқыту, яғни құзыреттілік тәсіл, ең алдымен, мұғалімнің кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру және дамытуды талап етеді.

Сонымен болашақ мамандардың құзыреттілігін қалыптастыру – білім беру саласының өзекті мәселесі. Күн сайын адамға көптеген ақпарат тасқыны келеді. Ал оқу мазмұны мен оқыту әдістері ескі сарында қалып қоюда. Сондықтан білім берудегі әлеуметтік қажеттілік пен ол қажеттілікті қанағаттандырудың арасындағы қарама –қайшылық білім беру саласының дағдарысына әкеліп соғуда. Сол себепті мектеп мұғалімдерінің әдістемелік шығармашылығын дамытуды педагог-мамандардың біліктілігін жетілдіру жүйесінде ұйымдастыруды олардың кәсіби құзіреттілігі кезінде жүзеге асыру қажеттігі туындайды. 

Құзырлылық тәсіл, білім сапасын арттыруды дәстүрлі тәсіл мен білім мазмұнын ұлғайту арқылы шешудің арасындағы қарама-қайшылықтан туындаған дағдарыстан шығудың бір жолы деп қарастыруға болады. Бұл тәсіл білім берудің нәтижесіне басты орын береді. Оның сапасы алған білімнің көптігінен емес, сол білімді қолдана білумен маңызды.  Бұл мәселенің көптеген қырларын  әлемдік  ғылымда М.В. Рыжаков,  Э. В. Зеер, Е. А. Климов, А. К. Маркова, Л. М. Митина, Г. В. Горланов, Д. А. Мещеряков, А. В. Хуторской, Н. Л. Гончарова, В. А. Адольф, Э. Ф. Зеер,  отандық ғылымда Ш.Х.Құрманалина, Ә.М. Мухамбетжанова   т.б. зерттеуде.  Аталған ғалымдардың еңбектеріне сүйенсек «Құзыреттілік— бұл білімді, іскерлікті қолдану қабілеті, оқу міндеттерін шешуде практикалық тәжірибе негізінде қалыптан тыс жағдайда  адамның табысты нәтижелі әрекет ету қабілеті». Оны сызба түрінде бейнелесек: Құзыреттілік= Білім – Тәжірибе – Іскерлік.

Сонымен құзыреттілік тұрғы білім нәтижесіне назар аударып, нәтиже ретінде адамның меңгерген ақпараттарының жиынтығын емес, түрлі жағдаяттарда іс- қимылдар жасау қабілетін басшылыққа  алады немесе оқыту үрдісінде «құзыреттілік» ұғымы оқушылардың білімі мен тәжірибесін, дағдылары мен біліктерін белгілі бір мәселені шешуде қолдануын негізге алады.

      Оқушылардың құзыреттілігін дамыту міндеті  болашақ педагог мамандардың кәсіби құзыреттілігін  дамыту мәселесін қойып отыр.      Кәсіби құзыреттілік  ұғымын теорияда түсіндірудің екі бағыты бар: адамның стандартқа сәйкес әрекет ету қабілеті; жеке тұлғаның жұмыста нәтижеге жетуіне мүмкіндік беретін сапалары:

-         жеткілікті біліктілік, қабілет;

-         жеткілікті дене және ақыл – ой сапалары;

-         білікті болу қабілеті;

         стандартқа сәйкес бір нәрсені тәжірибе жолымен  немесе оқыту нәтижесінде алған біліктілігімен жасауы;

         тәжірибесі;

         үздіксіз өз бетімен білім алу;

         іске деген шығармашылық және жауапкершілік қатынасы;

         теориялық білімдерді игеріп қана қоймай, оны нақты мәселелер мен проблемалық жағдайларды шешуге қолдана алу.

Қазіргі практикада «Кәсіби құзыреттілік» термині маманның белгілі бір стандартқа,  лауазым талабына сай міндеттерді орындай білуі деп есептеледі

Көпшілік зерттеушілер кәсіби құзіреттілікке білімдер, іскерліктер және дағдылармен қатар тұлғаның кәсіби құнды сапаларын, оның іс- әрекет тәжірбиесін кірістіреді. Американдық білім беру саласында кәсіби құзыреттілікті тиімді, табысты іс - әрекетте көрінетін маңызды мінез –құлықтық аспект деп қарайды.

Кәсіби құзіреттілік құрамы:  іс-әрекеттік білім, білік, дағдылар, мотивациялық және сезімдік-еріктік салалар.

Кәсіптік құзыреттілік теориялық және практикалық мәселелерді шешу үшін іс-әрекеттің алуан түрін орындау үрдісінде жүзеге асады.

Кәсіптік құзыреттіліктің маңызды құраушысы -тәжірибе, яғни адамның түрлі мәселелерді шешудегі меңгерген жеке әрекеттері мен әдіс - тәсілдерінің жаңалануы. Адам туралы ғылымдар саласында кәсіби құзіреттілікті қалыптастыруға үлес қосатын, табыс үшін қажеті құзіреттіліктер деп проблемалар мен өзіндік менеджментін шешу құзіреттілігі, яғни адамның проблемаларды шешуге және инновациялық технологияларды пайдалануға дайындығы; ақпараттық құзіреттілік, яғни өздігінен білім алуға және ақпараттық ресурстарды пайдалануға дайындығы; коммуникативтік құзіреттілік, яғни әлеуметтік және интерактивті өзара іс-әрекетке дайындығы танылып отыр.  

Колледждегі білім беру мен тәрбие жұмыстарының талапқа сай жетілдірілуі оқушылардың кәсіби құзыреттілігінің қалыптасуына зор ықпал етеді. Оқытудың дәстүрлі жүйесінде мамандар даярлайтын оқу орындарының басты мақсаты – мамандықтарды игерту ғана болса, ал колледж алдында тұрған мақсат әлемдік білім кеңестігіне ене отырып бәсекеге қабілетті тұлға дайындауда адамның құзырлылық қабілетіне бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну.Әрбір мұғалімнен сабақ жоспарын құрастырғанда білім нәтижелерін міндетті, жүйелі  түрде  жобалау талап етіледі.

Колледжде оқушының болашақ кәсіби маман ретінде қалыптастыру оқушылардың кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру барысында жүзеге асады. Колледж оқушысының өз мүмкіндігін шамалау мен нақты кәсіби жарамдылығының арасындағы қайшылық және кәсіби құзыреттілікті меңгеру үдерісі мен нәтижесінің практикада қолданылуының тұрақсыздығынан туындайтын қайшылықтарды да кездестіреміз. Оқыту үрдісінде колледж оқушыларының кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастырудың жолдарын саралап, педагогикалық үрдісте оқушылардың белсенділігін арттыратын тиімді әдістер іріктеліп орынды қолданылса, дәріс сабақтар мен педагогикалық практика нәтижелерін байланыстыру жүйелі жүзеге асырылса, онда оқушылардың кәсіби құзыреттіліктерінің негізі қаланады деп толық сеніммен айтуға болады.  

Колледж оқушыларының кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру арқылы да жүзеге асады. Кәсіби құзыреттілікті өзіндік жұмыстар арқылы қалыптастырудың түпкі мақсаты – оқушыларды белсендi ой қызметiн, әр түрлi танымдық мәселелердi өздiгiнен шешуге, бұрынғы меңгерiлген бiлiмдi қолдануға ұмтылысы бар оқыту үрдісінің субъектісі етіп тәрбиелеу.

Колледж оқушыларының кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруда мынадай әдістер мен технологияларды қолдануға болады:

-         АКТ технологиясы;

-         арнайы өз бетімен орындауға арналған құзыреттілікке арналған тапсырмалар жүйесі;

-         жобалау технологиясы;

-         топтық технология;

-         оқу мен жазуды сыни тұрғыдан ойлау арқылы дамыту технологиясы;

-         проблемалық оқыту технологиясы;

-         дамыта оқыту технологиясы;

-          тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы;

-         оқытудың модульдік технологиялары.

Оқушылардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруда қолданылатын кейбір әдістерге тоқталайық.

Диалогтық (Сократтық әдіс) әдіс арқылы өмірдегі қарапайым жағдаяттар талқыланады. Шындықты бірлесе іздеу – білім берудегі ең басты тәсіл. Диалогты өрістетіп, оны құрамдас бөліктерге ажыратып, әрбір талқылау тармақшасынан жаңа сұрақтар тудырып, адамдардың ойын шындықты іздестірудің қиын жолына апарған. Оқытушы ойдың туындауына көмектесе отырып, бірде бір көзқарасты назарынан тыс қалдырмау керек. Алдын ала ешбір көзқарасқа жақтаспай, оқушыларды тек дәйектерге сенуге үйреткен дұрыс.

Топтық жұмыстың мәні - қойылған міндетті бірлескен жұмыс барысында орындау, топ мүшелерінің бір біріне қолдау көрсетуі.

Еркін микрофон әдісінде топқа біріктірілген оқушылар өз бетімен іздене отырып, мамандықтың мәні жайында қысқаша әңгімелер, эссе даярлап, оны жалпы талқылауға салды.

Миға шабуыл технологиясы бойынша  оқу тақырыбындағы зерттелетін проблема бойынша оны шешу жолдары туралы көп идеялар жинақталады. Идеялар сыналмайды және оларға түсініктеме берілмейді.

Жобалау әдісібұл мұғалiмнің әдейi ұйымдастыруымен атқарылатын әрекеттер кешені арқылы оқушылардың өз бетімен өнім жасауы. Жоба – қандай да бір  нысанның, іс – әрекеттің келешектегі  үлгісі. 

Іскерлік ойыны оқушылардың кәсіби және әлеуметтік қалыптасуы үшін үлкен мүмкіндіктер береді.

Дамыта оқытуда баланың ізденушілік  – зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады.

«Сыни тұрғыда ойлау жобасы» арқылы оқушының білімді өзі игеруіне жағдай жасалады (мұғалім сабақ үрдісінде тек бағыттаушы); 

Колледж оқушыларының кәсіби құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған әдістермен жұмыс істеу барысында коммуникативтік дағдылары қалыптасып, қарым-қатынаста өзгені үғыну мүмкіншіліктері артып, өздігінен ізденіп ой қорытуға деген қызығушылықтары оянады, әр түрлі педагогикалық жағдаяттарды талдау мен оны практикада қолдану іскерліктерін меңгереді.

Құзыреттілікке бағытталған сабақ жоспарының дәстүрлі сабақ жоспарынан айырмашылығы мұғалім мен оқушы позициясының өзгеруінде. Оқушы - сабақтың басты қызметкері Мұғалім -сабақта ұйымдастырушы, кеңесші позициясын ұстанып, оқыту үрдісін ұйымдастырады. Мұғалім оқушының білімдік процесті аяқтаған соң (лекциялар, пән, модуль) нені білетіндігін, меңгергендігін, құзыреттілігін  анықтайды. Бұл жерде мақсат: оқыту үрдісін  оқушының көзқарасы тұрғысынан қарап, тәжірибелік-бағдарланған проблемаларды шешу арқылы жинақтайтын оқу тәжірибесінің сапасын көтеру.

Ақпараттық құзыреттілікбұл оқушының қажетті ақпараттарды өз бетімен іздеп, талдап, өңдеп бере білу қабілеті.

Аспектілері:

 - өз бетінше ақпаратты табу, талдау, іріктеу, қайтадан жасау, сақтау, түсіндіріп беру, ауыстыру, сонымен бірге қазіргі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануы;

- ақпаратты өңдеу, логикалық операцияларды қолдану (талдау, синтез, қорыту, құрылымдау, тікелей және жанама дәлел, аналогия бойынша дәлел, үлгілеу, материалдарды жүйелеу);

- өз іс-әрекетін жоспарлап жүзеге асыру үшін ақпаратты пайдалану даярлығы т.б.

Коммуникативтік құзыреттілік

Аспектілері:

-                     қайтарымды байланысты жобалау;

-                     білімдік кеңістіктің барлық мүшелерімен байланыс орнату;

-                      өзара әрекет тактикасы және техникасы;

-         шешендік өнер, сауатты сөйлеу;

-         әлеуметтік және коммуникативтік рөлдер;

-         мұғалімдердің үйреткен әдіс-тәсілдері  туралы өз ойларын айту;

-         жаңашыл мұғалімдерге марапат сөздер айту.

Проблемалар мен өзіндік менеджментін шешу құзыреттілігі

ол - оқушылардың:

- әр түрлі жағдайларда проблемаларды анықтау, жауапты шешім қабылдау, шешімнің салдарын бағалау;

- өзінің іс-әрекетінің мақсатын қою, оны жүзеге асыру үшін қажетті жағдайларды анықтау, оған қол жеткізу процесін ұйымдастыру (яғни міндетке сәйкес технологияларды әзірлейді);

- рефлексия мен өзін-өзі бағалауды, өз қызметін және оның нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру;

- өз үшін жағдайларға сәйкес іс-әрекет пен мінез-құлық нормаларын таңдау;

- қойылған міндеттерге сәйкес технологияларды таңдау, технологияларды айқын қолдану даярлығы.

Коммуникативтік құзыреттілік(Communicative competence), тіл арқылы  өндірістік, мәдени өмірдің көкейтесті міндеттерін шешу, қарым - қатынас мақсатын жүзеге асыру үшін сөйлей білу. Мұғалімнің өзара түсінушілік, тыңдай білу, түсіне білу, көмек көрсету қабілетін айқындайды. Коммуникативтік құзыреттілік ұжым  мүшелері мен білім алушылар арасында позитивті қатынас орнатады. Сәттілік ситуациясын туғыза білген жағдайда оқушылардың өз мүмкіндігіне деген зор сенімі туады.

Бірліктері:

•  қарым-қатынас тақырыбы, жағдаятар;

• тілідік іс-әрекет;

• әлеуметтік және коммуникативтік рөлде;

• коммуникации тактикасы; 

• мәтін типтері, оларды құрастыру ережелері.

Құзыреттілікке бағытталған сабақ жоспарларында сабақ оқытуды ұйымдастырудың бір мүмкін формасы ретінде сақталады да, оқушылардың оқу тақырыбын өз бетімен меңгеруіне басымдық беріледі.  Сабақты ұйымдастырудың басқа сыныптан тыс формаларын – жоба бойынша топтар құру, өзбетінше кітапханада немесе компьютер сыныптарында жұмыс жасау және т.с.с. қолдануды кеңейтуге мән беріледі.

         Құзыреттілікке бағытталған сабақ жоспары мұғалімнің ішкі бақылауын қосымша өзін-өзі бақылаумен және өзін-өзі бағалаумен, оқу іс-әрекетінің берілетін өнімдерін сыртқы сараптық бағалаудың маңыздылығымен толықтыруды талап етеді.  

         Әрбір құзыреттілік іс-әрекетке немесе аспектілерге бөлінеді.

         Әрбір іс-әрекетке(аспектіге) кем дегенде бір тапсырма берілу керек.

Тапсырмалар мүмкіндігінше күрделі болғаны тиімді.

Енді назарларыңызға құзыреттілікке бағытталған сабақ жоспарларындағы тапсырмаларды ұсынамыз.

Тақырып: Оқытуды ұйымдастыру формалары туралы ұғым, тарихы.  Сабақ – оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тапсырма№9. Сабақ мақсатына сәйкесті сабақтың түрін анықтап, кестеге толтырыңыз.

1. Р\саны

Сабақтың мақсаты

 

Сабақтың түрі

 

Жаңа білім беру.

 

Жаңа білімді хабарлау сабағы

2.

Оқушылардың қабылдаған жаңа білімін іс жүзінде пайдалануға үйрету.

 

 

3.

Оқушылардың оқу материалдарын түсіну деңгейін бақылау.

 

 

4.

Өткен материалдарды оқушының есіне салу, қайталау

 

 

 

Тапсырма№10. Сабақ типтеріне сай оқыту әдістерін таңдаңыз

Сабақтың типтері

Құрылысы

Оқыту әдістері

1

Жаңа білімді хабарлау

1.     Ұйымдастыру кезеңі

2.     Мақсат, міндеті

3.     Жаңа білімді хабарлау

4.     Бекіту

5.     Қорытынды

6.     Үйге тапсырма

Түсіндіру, бағалау, лекция, баяндау, проблемалық сұрақ, иллюстрациялау, демонстрациялау, жоспар жасау, жаттығу, бағалау.

2

Аралас сабақ

3

Білімді бекіту, қолдану және дағдымен іскерлікті қалыптастыру сабағы

4

Есеп –бақылау сабағы

5

Қайталау –жинақтау сабағы

 

 

Тақырып: Адамгершілік тәрбиесінің маңызы мен міндеттері. Ерлік пен жауынгерлікке тәрбиелеу. Имандылыққа тәрбиелеу мен қыздар тәрбиесі.

Коммуникативтік құзыреттілік

Аспектілер

Тапсырма

Жазбаша қатынас

 

1.Достық дегеніміз не?

2.Өзің істеген жақсылықтарыңды, біреуді қуантқан уақыттарыңды қағаз бетіне түсір.

Екі  бағанға достарыңды және дос емес адамдарыңды  жаз.

3.Құндылықтардан оқушыға маңызды 10 құндылықты  таңдат. Алдымен өте маңыздыларын жазылады. Үлгісі: №1,2. Ең соңына маңызы төмені  жазылады.

1.     Ынтымақтаса білу қабілеті

2.     Білім алуға ұмтылу

3.     Өз мүмкіндігін білу

 

Көпшілік алдында сөз сөйлеу

1.     Дос адамдар туралы не білесің? Өзіңнің сүйікті досың туралы әңгімелеп бер.

2.     «Азаттықты аңсағандар»(Алаш қозғалысы туралы) деген тақырыптағы тәрбие сағатының жоспарын, кітаптардың тұсаукер рәсімін жоспарлаңыз, ол туралы шағын хабарлама әзірлеңіз.

3.     «Қазақстан-бақыт ордасы» деген тақырыпта шығарма  жазыңыз.

Диалог

1.     Партада өзіңмен қатар отырған білім алушыларға «дос» ұғымының анықтамасын 5 сөзбен жазуды ұсыныңыз

2.     Талдау үшін көркем шығарма, кино іріктеңдер

3.     Оқушыларға арналған жағдаяттар әзірлеп, оларды талдатыңыз

4.     Этикалық әңгіме жоспарын құр

 

Өнімді топтық қатынас

1.     «Достық, жолдастық» мәселесін талқылау кезінде қандай пікір ұсынған болар едің? Жолдастарыңның қандай пікірін қолдар едің?

2.     Қосымшадағы оқушылардың жеке тұлғасындағы адамгершілік басымдықтарды диагностикалаңыз.

3.     Ұғымдарды рангілеу. Ұғымдарды маңызына қарай рангілеңіз

4.     Қаламыздағы №40 мектептің «Сайыпқыран сарбаздар» клубының жұмысын зерттеңіз.

5.     Қаламыздағы №6 орыс мектебінің «Қазақ тілін үйренеміз» атты үйірмесінің жұмысын зерттеп елжандылық тәрбиесі тұрғысынан талдаңыз.

 

 

Тақырып: Ұжым белгілері, нығайту, қалыптсатыру жолдары. Педагогикалық басшылық

 

Өз тобыңдағы жағдаяттарды талдап,  ұжымның даму кезеңдерінің кестесіне қарап, тобың ұжым дамуының қай сатысында тұрғанын анықта. Ұжымыңда қандай құндылықтар жоқтығын анықта.

 

 

 

Сонымен талдау барлық авторлардың «құзыреттілік» ұғымын маманның кәсіби жоғары деңгейімен байланыстыратындығын көрсетті. Оған жетуге оқу – тәрбие үрдісін құзыреттілік тұрғысынан ұйымдастыру көмектеседі.

Қолданылған әдебиеттер:

 

1.     Введенский В.Н. Моделирование профессиональной компетентности педагога // Педагогика. – 2003. – №10. – С. 51-55.

2.     Кучугурова Н.Д. Формирование профессиональной компетентности будущего специалиста // Проблемы и перспективы педагогического образования в XXI веке. – М., 2000. – С. 360-362.

3.     Құрманалина Ш.Х.және т.б. Педагогика. Астана-2007. 274-307 бет

4.     Құрманалина Ш.Х. Оценка качества профессиональной компотентности учителя. Алматы-2006.

5.     Лукьянова М.И. Психолого-педагогическая компетентность учителя // Педагогика. – 2001. – №10. – С. 56-61.

6.     Равен Дж. Компетентность в современном обществе: выявление, развитие и реализация / Пер. с англ. – М., «Когито-Центр», 2002. – 396 с.

7.     168 с.

8.     Сорокина Т.М. Развитие профессиональной компетенции будущего учителя средствами интегрированного учебного содержания // Начальная школа. – 2004. – №2. – С. 110-114.

9.     Компетенции в образовании: опыт проектирования : сб. науч. тр. / под ред. А.В.Хуторского. – М.: Научно-внедренческое предприятие «ИНЭК», 2007. - 327 с.

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ (баяндама)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по экономической безопасности

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Елімізде білім жүйесін дамыту талаптарына сай оқушыларға терең білім және тәрбие беру, оларды жан–жақты дамыту бүгінгі күннің басты мәселесі болғандықтан қоғамның педагог мамандарға қоятын талаптары қазіргі таңда күрделене түсуде. Жаңа қоғам мұғалімі – ол рухани адамгершілігі жоғары, азаматтық жауапкершілігі мол, белсенді, жасампаз, жан-жақты білімді, кәсіби құзыретті, өз теориялық білімін практикада әр түрлі педагогикалық технологиялармен жүзеге асыра алатын өз кәсібінің шебері бола білуі қажет.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында «Білім және кәсіби машық - заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары. Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет», - деп атап көрсетті. 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 600 материалов в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.01.2015 10546
    • DOCX 738.5 кбайт
    • 23 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ильясова Райса Касымовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ильясова Райса Касымовна
    Ильясова Райса Касымовна
    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 68445
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 458 человек из 66 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 282 человека из 66 регионов

Мини-курс

Основы психологии личности: от нарциссизма к творчеству

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 19 регионов

Мини-курс

Soft-skills современного педагога

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 40 человек из 17 регионов

Мини-курс

Event-менеджмент и видеопродакшн: от концепции до успешной реализации

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе