697758
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
+Добавить материал
и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Дистанционные курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации для педагогов

Дистанционные курсы для педагогов - курсы профессиональной переподготовки от 5.520 руб.;
- курсы повышения квалификации от 1.200 руб.
Престижные документы для аттестации

ВЫБРАТЬ КУРС СО СКИДКОЙ ДО 70%

ВНИМАНИЕ: Скидка действует ТОЛЬКО сейчас!

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности № 5201 выдана ООО "Инфоурок")

ИнфоурокКлассному руководителюКонспекты«Болашақ, саған қол созам» (Түлектермен кездесу кешінің сценариі)

«Болашақ, саған қол созам» (Түлектермен кездесу кешінің сценариі)

библиотека
материалов
Скачать материал целиком можно бесплатно по ссылке внизу страницы.


«Болашақ, саған қол созам»

(Түлектермен кездесу кешінің сценариі)


Мақсаты: Жоғары, арнайы орта, кәсіптік оқу орындарының студенттерін кездесуге шақыра отырып, оқушыларға мамандық таңдау, оның адам өмірінде алатын орны, маңызы туралы түсініктерін қалыптастыру;

әр мамандық иесіне тән қасиеттер мен ерекшеліктер, оны дамыту, жетістікке жету жолдары туралы білімдерін кеңейту;

бұрынғы бітіріп кеткен түлектердің жақсы қасиеттерін, озық қабілеттерін кейінгіге үлгі ету;

мамандықтардың түрлері, әр түрлі оқу орындары туралы жарнамалар жасау;


Көрнекілігі:  Слайдтар, видео роликтер , жарнамалар.


1 – жүргізуші:

Кеш жарық, құрметті осы кештің арнайы шақырылған қонақтары!


2 – жүргізуші:

Армысыздар, құрметті көрермен қауым!


1 – жүргізуші:

Бүгін сіздермен тікелей эфирде «Жар@йсың» теле – жобасы .


2 – жүргізуші:

Бағдарламаны жүргізуші — Бағлан және мен — Ақжанат.

Талаптың мініп тұлпарын,

Тас қияға өрледің.

Бір ғылым едің жас кәрің,

Әр қиырға сермедің,-

деп Абай атамыз айтпақшы, қасиетті де қадірлі мекен – алтын ұя мектебінен сан тарапқа қанат қаққан шәкірттері бүгінгі күн алтын ұясында қайтадан бас косты.


1 – жүргізуші:

Болғанда ақылың дария, кеудең кеме,

Кемесіз дариядан өтем деме.

Кеудеңде санаң болса, талап ізде,

Талапсыз мақсатыңа жетем деме.


2 – жүргізуші:

Құрметті, кеш қонақтары «Болашақ, саған қол созам» атты кездесу кешіне қош келдіңіздер!


1 – жүргізуші:

Соңғы қолда бар мәліметтерге қарағанда, Қандыағаш қалалық №4 орта мектебін бітіруші 276 жас қазіргі таңда студенттер қатарында екен.


2 – жүргізуші:

Олардың – 133 жоғарғы, 73 - арнаулы және 10 - кәсіптік оқу орындарында оқиды екен.


1 – жүргізуші:

Бұл студенттер Астана, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Орал, Алматы, Семей, Қандыағаш қалаларында білім алуда!


2 – жүргізуші:

Бұлар — болашақ сан түрлі мамандықтар иелері!


1 – жүргізуші:

Бұлар — болашақ Қазақ, орыс, ағылшын, араб, қытай, француз тілінің мамандары. Өнер мен театр майталмандары!


2 – жүргізуші:

Бұлар – болашақ физика, биология, география, информатика, тарих, психология, сурет, спорт, экология, бастауыш сынып мұғалімдері!


1 – жүргізуші:

Бұлар – болашақ заңгерлер мен программистер, ұйымдастырушы-менеджерлер мен инженер-технологтар, экономистер мен темір жол қызметкерлері!


2 – жүргізуші:

Бұлар – болашақ ауыл шаруашылық мамандары мен мұнай–газ саласының қызметкерлері!


1 – жүргізуші:

Бұлар – еліміздің болашағы!


2 – жүргізуші:

Еліміздің болашағы – білімді жастарға қошемет, ағайын!


1 – жүргізуші:

Олай болса, бүгінгі «Жарайсың» бағдарламасының алғашқы қонақтарын қарсы алайық.

 

І –тур «ЖАРАЙСЫҢ!»

 

Ақжанат: Шыңғыс, сен қалай ойлайсың, төменнен бастаймыз ба, әлде жоғарыдан бастасақ па екен?

Бағлан: Үлкенді сыйлайтын қазақпыз ғой, әуелі 4-курс студенттерінен бастайық.

Ақжанат: 4-курс студенттер бәрін айтып қойып ,1 мен 2-курстағыларға сөз қалмай қалмай ма?

Бағлан: Менің ойымша, олай болмас. Бұл студенттердің әрқайсысының көкірегінде алтын ұя мектебіне, ұстаздарына деген ақ тілектері сағыныш жатқаны сөзсіз.

4/1 сұрақ: Алдымен өзіңіз оқитын оқу орны туралы мәлімет беріп өз мамандықтарыңыз туралы айта кетсеңіздер?

4/2 сұрақ: Таңдаған мамандықтарыңыз несімен ұнайды?

4/3 сұрақ: Сізге мамандық таңдауға кңм көмектесті?

Тілек.

Тартымды сұхбаттарыңыз үшін сіздерге «Жарайсыңдар» деп айтамыз.

Ән:  «Отаным Қазақстан»


3/1сұрақ: Алдымен өзіңіз оқитын оқу орны туралы мәлімет беріп өз мамандықтарыңыз туралы айта кетсеңіздер?

3/2 сұрақ: Шыңдарыңызды айтыңыздаршы мектепті сағындыңыздар ма?

3/3 сұрақ: Егер сіздер басқа қалаға барсаңыздар Қандыағаш қаласын, бітірген мектептеріңізді қалай мақтар едіңіздер?

Тілек.

Тартымды сұхбаттарыңыз үшін сіздерге «Жарайсыңдар» деп айтамыз.

Ән:  «Ұстазым»


2/1 сұрақ: Алдымен өзіңіз оқитын оқу орны туралы мәлімет беріп өз мамандықтарыңыз туралы айта кетсеңіздер?

2/2 сұрақ: Оқу орындарыңызда қандай жарыстарға байқауларға қатысып жүрсіздер?

2/1 сұрақ: Сессияларыңызды қалай тапсырасыздар?

Тілек.

Тартымды сұхбаттарыңыз үшін сіздерге «Жарайсыңдар» деп айтамыз.

Ән:  «Қыздар – ай»


1/1 сұрақ: Алдымен өзіңіз оқитын оқу орны туралы мәлімет беріп өз мамандықтарыңыз туралы айта кетсеңіздер?

1/2 сұрақ: Өздеріңіз оқып жүрген оқу орындардағы және бітірген мектебіңіздегі мұғалімдердің айырмашылығы бар ма?

1/3 сұрақ: Мектеп кезінде қандай қызықты оқиғалар болды?

Тілек.

Тартымды сұхбаттарыңыз үшін сіздерге «Жарайсыңдар» деп айтамыз.

Ән:  «Достарым»



ІІ тур «Сый тарту»

Әр жылдарғы мектеп түлектерінің сый – тартулары. Ән орындап, артынан клип көрсету, өздерінің шығармашылықтарынан өлеңдер оқу, өнерлерін көрсету, КВН нен үзінділер т.б.

ІІІ сұрақ «Сұрақтар»

10 – 11 класс оқушылары мектеп бітірген түлектерге сұрақ қояды.

1 – жүргізуші:

Өзіңе сен, өзіңнің күшіңе сен,

Қос қолың мен істеген ісіңе сен.

Алысың да сыйлайды, жақының да,

Өзіңді өзің төменге түсірмесең


2 – жүргізуші:

Өз қайығың бар болса, өз ескегің,

Өмірде мен сені осал демес едім.

Қимылдай бер, тарта бер ескегіңді,

Шығады алдан жап жарық келешегің.



1 – жүргізуші:

Өнер – өзен, жан – тәніңді шаятын,

Өнер – өріс, рухыңды жаятын.

Өнер – өмір, әлдилейтін санаңды,

Өнер – өткел, серуендейтін саятың

2 – жүргізуші:

«Әрбір адам қандай да бір іс үшін туады. Жер басып жүрген әрбір адамның өз міндеті бар» - деген екен А.Толстой, олай болса, әрқайсысың да таңдаған мамандықтарыңның алтын қолды иесі болып, мамандықтарыңыз – өнерге , өнерлеріңіз – өмірге айналып, үлкен өмірде сіздерді тек БАҚЫТ қана күтсін деген тілекпен мектеп тәлімгері Құлбатырова Айнұр Маратқызы, мектеп музыканты Орманов Алмас Өмірқұлұлы және мектебіміздегі «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының ұйымдастыруымен өткен кездесу кешін аяқтаймыз.

1 – 2 - жүргізуші: Келесі кездескенше, қош, сау болыңыздар!



Краткое описание документа:

Мақсаты: Жоғары, арнайы орта, кәсіптік оқу орындарының студенттерін кездесуге шақыра отырып, оқушыларға мамандық таңдау, оның адам өмірінде алатын орны, маңызы туралы түсініктерін қалыптастыру; әр мамандық иесіне тән қасиеттер мен ерекшеліктер, оны дамыту, жетістікке жету жолдары туралы білімдерін кеңейту; бұрынғы бітіріп кеткен түлектердің жақсы қасиеттерін, озыққабілеттерін кейінгіге үлгі ету; мамандықтардың түрлері, әр түрлі оқу орындары туралы жарнамалар жасау; Көрнекілігі: Слайдтар, видео – роликтер , жарнамалар. 1 – жүргізуші: Кеш жарық, құрметті осы кештің арнайы шақырылған қонақтары! 2 – жүргізуші: Армысыздар, құрметті көрермен қауым!7

Общая информация

Номер материала: 372244

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Организация работы с одаренными детьми в условиях реализации ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Организация образовательного процесса для обучающихся с ограниченными возможностями здоровья»
Курс повышения квалификации «Управление конфликтами в образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Профессиональная компетентность педагогов в условиях внедрения ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Организационно-педагогическая деятельность в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Средства педагогического оценивания и мониторинга в работе учителя в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Скрайбинг и веб-квест как инновационные образовательные технологии в условиях реализации ФГОС СПО»
Курс повышения квалификации «Мотивация учебной деятельности в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Современный переговорный процесс в практике образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Основы музейной педагогики в работе учителя как одно из условий реализации Федерального государственного образовательного стандарта (ФГОС)»
Курс повышения квалификации «Применение современных педагогических технологий в образовательном процессе в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Разработка адаптированных образовательных программ в условиях ФГОС СПО»
Курс повышения квалификации «Экзаменационный стресс как частая проблема педагогов и учащихся и пути ее решения»
Курс повышения квалификации «Методы интерактивного обучения»
Курс повышения квалификации «Современные тенденции цифровизации образования»
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.