Инфоурок Начальные классы Конспекты"Болашағына сенген -Ыбырай Алтынсарин

"Болашағына сенген -Ыбырай Алтынсарин

Скачать материал

Кадырбаева Ж.Ш.

І санатты

Бастауыш сынып мұғалімі

№ Қарабалық орта мектебі

Қостанай облысы  Қарабалық ауданы

БОЛАШАҒЫНА СЕНГЕН - ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН

Адамгершілік, төзімділік, мейірімділік, имандылық,  әдебиет  негізін қалаушы, сүйіспеншілік, қиындық, жеңу.

Қазақстан білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі - әлеуметтік-экономикалық өзгермелі жағдайларда жаңа үрдістерге оңай бейімделуге қабілетті және ол жағдайларды жақсартуға игі ықпал ете алатын жеке тұлғаны қалыптастыру. Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар –шығармашылық, белсенділік, әлеуметтік жауаптылық, жоғары интеллектілік, терең білімділік, кәсіби сауаттылық.

Ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин туралы айтылған әр-түрлі деректер, шығармалар өте көп. Ыбырай Алтынсарин өмірінің ізденіске, күреске толы болғанын баршамыз үшін, әсіресе өмір босағасынан енді аттаған жастар үшін, ғұмырын халыққа арнаудың өшпес өнегесіндей танылуы, солай қабылданылуы заңды. Өйткені ол өзіне дейін толғағы әбден жеткен, бірақ шешімін таппаған бір сыпыра әлеуметтік мәселелерді бірінші болып қолға алып, алғаш іске асырды. »Қазақ даласында бірінші болып мектеп ашып, білім шырағын жағу, ана тілінде оқыту секілді халық өмірінде бұрын-соңды болмаған зор әлеуметтік мақсаттарды орындау Ыбырай Алтынсаринге, әрине, ол кезде оңайға түскен жоқ.[1.25] Оның алдында жалпы өнер-білімге, жаңалыққа, орысша оқуға барынша қарсы ғасырлар бойы қалыптасқан ескі салт-сана, надандық ұғым тұрды. Әйтсе де, халқын сүйген, сүйген де оның жарқын болашағына шексіз сенген патриот, жігерлі күрескер Ыбырай Алтынсарин: «Ал енді құдай басыма не салса да, мен күшімнің жеткенінше туған еліме пайдалы адам болайын деген негізгі ойымнан, талабымнан еш уақытта да қайтпаймын»,— деп Н. И. Ильминскийге (1884 жылдың 14 ) сеніммен жазғанындай, сан-сала қиындықтармен табанды күресе жүріп әрі орыс достарының, әрштестерінің көмегін, ақыл-кеңесін де пайдалана отырып, алдына қойған негізгі мақсатын орындады. Ыбырайдың осындай қажырлы еңбегі, күресі арқасында 1864 жылы қазақ сахарасының төрінде бұрын құлаққа шалынбаған жаңа әуен — балаларды білімге, өнерге шақырған қоңырау үні тұңғыш рет естілген еді. Бұл ұлы мақсатқа ғұмырын арнаған жас ағартушының осы жолдағы алғашқы жеңісі, ал қазақ халқының өміріндегі әлеуметтік маңызды тарихи оқиға болатын. Сондықтан да болар, Ыбырай Алтынсарин бұл қуанышын (дұрысы жеңісін) Н.И. Ильминскийге жазған хатында: «Осы жылы (яғни 1864 жылы С. М.) қаңтардың 8 күні менің көптен күткен ісім орнына келіп, мектеп ашылды, оған 14 қазақ баласы кірді, бәрі де жақсы, есті балалар. Мен балаларды оқытуға, қойға шапқан аш қасқырдай, өте қызу кірістім. Бұл балалар да менің айызымды қандырып, не бәрі үш айдың ішінде оқи білетін және орысша, татарша жаза білетін болды…» — деп айрықша мақтаныш сезіммен жазды.
Тұңғыш білім отауының босағасын алғаш аттаған он төрт баланың есімдері бізге беймәлім болғанымен, олардың жұдырықтай жүрегін билеген сезімдері соншалықты таныс, ыстық қой. Міне, сөйтіп, Ыбырай Алтынсарин Шоқан Уәлихановтай аяулы азаматтың халқын оқыса, өнер-білімді игерсе деген арманын (бұл жалпы халықтың да арман-тілегі емес пе?) іске асырушы болды.
Ыбырай Алтынсарин — «Қазақ хрестоматиясы» (1879) деп ата-латын ана тіліміздегі тұңғыш оқулықтың авторы. Ағартушы оқулықты жазудағы мақсатын хрестоматияның алғы сөзінде: «Бұл кітапты құрастырғанда мен, біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш рет шыққалы отырған жалғыз кітаптың орыс — қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын, сонымен қабат, жалпы халықтың оқуына жарайтын кітап бола алу жағын көздедім..» деп тұжырымдаған. Хрестоматия бұл екі міндетті де толығынан атқарды. Оқулықтың революцияға дейінгі мерзімде бірнеше мәрте (4 рет) қайталап жарық көруі, оның өз кезеңінде гана емес, одан кейінгі ұзақ жылдар бойында да талай жас ұрпақ үшін білім, өнеге көзі, рухани қазьгна бастауы болып келгеңдігін көрсетеді. [2. 50] Бұл «Ңазақ хрестоматиясының» қазақ мәдениетінің тарихындағы өзіндік үлкен орны мен маңызын айқындайтын факт. Өйткені хрестоматияға Ыбырай өзінің педагогтық мақсатына лайықтай жазған тәрбиелік мәні жоғары көптеген шағын әңгімелерін, өлеңдері мен ауыз әдебиеті үлгілерін, сондай-ақ, орыс педагогтері мен айтулы орыс қаламгерлерінен аударған шығармаларды енгізген болатын. Баршамызға бастауыш кластардан етене таныс, әрі ыстық «Кел, балалар, оқылық! » — «Қазақ хрестоматиясының» беташар өлеңі. Жазылғанына бір ғасырдан астам уақыт өтсе де, жас жеткіншектерді білімге? өнерге шақырған бұл өлеңнің маңызы, бір кезде Ыбырай армандаған «өнер-білімі бар жұртқа» — терезесі тең, шаңырағы биік, мәдениеті озық елге айналып отырған бүгінгі заманда да еш төмендемек емес. Қайта халқымен бірге жасасып, ұлы ағартушының арман-сәлемін жақсы күндерге жеткізген бұл тарихи туындының социалистік дәуірде жаңа мәнге ие болып, бүгін де бұдан бір ғасыр бұрынғыдай бүлдіршіндерді білім бағына шақыра бермек. Ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин туған халқының тамаша болашағына сенді, бұл болашақты ол Россиямен, ұлы орыс халқымен тығыз байланыста алып қарастырды, дәл болжай білді. Халқын озық орыс мәдениетінен үлгі алуға, үйренуге шақырды. Ыбырай Алтынсарин ер балалармен қатар қазақ қыздарын да білімге тарту, оларға түрлі кәсіптік мамандық беру жөніндегі жұмыстарды алғаш ұйымдастырушы болғанын айта кету маңызды. Ер балалардың өзін оқытуға қырын қараған қытымыр заманда оның қыз балаларды оқыту, оларға арнап мектеп, интернаттар ашу қажеттігі туралы мәселе көтеріп, бұл ойын айтыса-тартыса жүріп дәлелдеуі, біртіндеп іске асыруы шын мәніндегі азаматтық ерліктің, гуманизмнің үлгісі емес пе?! Ыбырай Алтынсариннің айрықша атап айтар тарихи еңбегінің бірі — оның қазақ балалар әдебиетінің негізін қалауы. [3.
120 ] «Қазақ хрестоматиясына» енген алуан жанрдағы шығармалар мұның айқын дәлелі. Ыбырайдың артында қалдырған рухани мұрасы аса бай және алуан жанрлы. Бұл мұра оқушыларға мектеп оқулықтарынан, сондай-ақ «Жалын», «Мектеп» баспаларынан әр кезде жарық көрген ағартушы шығармаларының жинақтарынан жақсы таныс. Алайда, мына жинақтың ол кітаптардан өзіндік айырмашылықтары бар. Бұл айырмашылықтар кітапқа енген материалдардың көлемі мен мазмұнынан, жанрлық түрлерінен, бұрын ана тілінде жарияланбаған тың еңбектері мен өмірбаяндық деректердің берілуінен көрінеді. Ұлы ағартушы  туған халқының тамаша болашағына сенді.Ыбырай Алтынсарин ер балалармен қатар қазақ қыздарын да білімге тарту, оларға түрлі кәсіптік мамандық беру жөніндегі жұмыстарды алғаш  ұйымдастырушы  болғанын білеміз. Ер балалардың өзін оқытуға қырын қараған қытымыр заманда оның қыз балаларды оқыту, оларға арнап мектеп, интернаттар ашу  қажеттігі туралы  мәселе көтеріп, бұл ойын айтыса – тартыса жүріп дәлелдеуі, біртіндеп іске асыруы шын мәніндегі азаматтық ерліктің, гуманизмнің үлгісі болды.Ыбырай Алтынсариннің айрықша атап айтар тарихи еңбегінің бірі – оның қазақ балалар әдебиетінің негізін қалауы. «Қазақ хрестоматиясына» енген алуан жанрдағы шығармалар. Сондықтан оның әңгімелерінен балалар әдебиетіне  қойылатын негізгі талаптардың барлығы да атап айтқанда, туындының көлемінің шағындығы мен құрылысының қарапайымдығы, тілінің таза, түсінікті әрі шұрайлылығы, тәрбиелік – танымдық мәннің жоғарылығы, оқиғалардың балалар  ұғымы мен жасына сай, көркем әрі қызықты баяндалуы, балаларға тән мінез, әрекет, ой – қиялдың табиғи түрде жазылуы.[4.23]Мұның бәрі Ыбырай Алтынсариннің қазақ мәдениеті мен әдебиетінің тарихындағы  қадірлі орнын көрсетеді. Ыбырайдың оқырманды мейірімділік пен жоғары адамгершілікке баулитын әңімелерінің бірі – “Аурудан аяған күштірек”. Мұнда жас өспірімнің шыдамдылық, төзімділік, имандылық сияқты ерік-жігер  қасиеттері, олардың сыр-сипаты сөз болады.«…Абайсызда бір баланы арба қағып кетіп аяғын сындырды. Шешесі мұны көріп есінен танады. Осыны сезген бала жалма-жан жылағанын қоя қойып, тіпті сынған аяқты салып жатқанда дыбыс шығарып, қабағын шытпайды. Бұған қайран қалған сынықшы: – Аяғың ауырмай ма, қабағыңды да шытпайсың ғой? – деп сұрайды. Қасында шешесінің жоғын көрген бала: “Ауырмақ түгілі жаным көзіме көрініп тұр, бірақ менің жанымның қиналғанын көріп, анамда  қиналып, жүдемесін деп шыдап жатырмын» – деген. Әңгімеде баласының анасына деген сүйіспеншілігі, аянышы, мейірімділігі сөз болады. Жазушы өзгеге мысал болар бір өмір көрінісін алып, шағын әңгімемен терең ой түйінін жасайды. Аяулы анасына деген мейірімді баланың төзімділігін, адамгершілігін ардақтайды. Біз биыл

жазушының “Таза бұлақ” деген әңгімесімен таныстық: Мұндағы үш жолаушының бірі – саудагер, екіншісі – молда, үшіншісі – жай бір келбетті жігіт. Бұлардың әрқайсысының өзінше түсінігі, өмірге деген көзқарасы бар. Олар жолдағы бір таста жазылған: “Ей, жолаушы!Таза болсаң, осы бұлақтай бол” деген сөзді өздерінше ұғынады. [5.65]Саудагер өзінің саудасына бұрады. Молда өз түсінігіне сай жорамал жасайды. Ал жігіт ұғымы олардан мүлде өзгеше болады. Ол: “Жүрегің осы бұлақтай таза, ісің әділ, адамгершілігің мол болсын!” деген тұжырым жасайды. Автор кісі еңбегін қанайтын саудагерді де, елге жалған үгіт тарататын алдамшы молданы да жақтамайды. Бала жанының зергері Ыбырай Алтынсарин әңгімелерінің барлығы дерлік балалардың жас ерекшіліктеріне орай, тілі жеңіл, мазмұны тартымды, олардың жан дүниесіне әсер етерліктей етіп іріктелініп алынған. Осы әңгімелерде мұғалімдер мен ата-аналардың балаларды әртүрлі ізгі қасиеттерге тәрбиелеу мақсаты көзделеді.Біздің мектепте биыл  Ыбырай Алтынсариннің 175 жылдығына орай іс-шара өтеді.

Қорыта келгенде, Ыбырай Алтынсарин – ХІХ ғасырдағы қазақтың рухани мәдени тарихында өшпес із қалдырған көрнекті тұлға, қазақтың тұңғыш ағартушы ғалымы, алғашқы қазақ оқулықтарының авторы, балалар әдебиетінің атасы, қазақ тілінде мектеп ашып, елімізде еуропалық үлгідегі білім берудің негізін қалаған кемеңгер қоғам қайраткері. Ағартушының мұралары мен ізгі идеялары халқымен бірге жасап келеді. Тағылымды еңбектері кеңес дәуірі мен қазіргі тәуелсіздік кезеңінде де кеңінен зерттеліп, насихатталуда.

Ыбырай Алтынсарин – реалист жазушы, тұңғыш ағартушы педагог, қазақ балалар әдебиетінің негізін салушы, тіл, дін тазалығы үшін күрескен, имандылықты насихаттаушы, адамзатты, қоғамды, жас ұрпақты адамгершілікке шақырған кемеңгер. Көрнекті ғалым Қ.Жұмалиев өзінің «XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ әдебиеті» атты зерттеу еңбегінде педагог-жазушыға: «XIX ғасырда қазақ даласынан шығып, орыс, Еуропа мәдениетіне қолы жеткен  оқымысты, халық ағартушылар дәрежесіне көтерілген әрі педагог, әрі ақын-жазушы Ыбырай Алтынсариннің өз халқының келешегі үшін  істеген еңбегі зор»,-деп баға берді. Оның еңбектері жан-жақты зерттеліп, ондаған ғылыми еңбектер жазылып,  диссертациялар қорғалды.Өзінің өнегелі өмірі, тынымсыз ізденісі, жан-жақты таланты арқылы танылған Ыбырай Алтынсарин шығармаларының жастар тәрбиесі мен ұлтымыздың мәдени,әдебитарихында алатын орны зор.

 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.   «Алтынсарин Ы. тағлымы». Алматы, Жазушы, 1991ж.

2.   Алтынсарин Ы. «Қазақ хрестоматиясы». Алматы, 2003 ж.

3.  Алтынсарин Ы. «Екі томдық шығармалар жинағы». Алматы,

4. Ахметова Ә. «Қазақ балалар әдебиетінің кітапханасы». Алматы, 1992ж.

 5.Алтынсарин Ы. «Таза бұлақ» жин. Алматы, Жазушы, 1988ж

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Болашағына сенген -Ыбырай Алтынсарин"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по сертификации продукции

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 131 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.03.2016 868
    • DOCX 22.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кадырбаева Жумакуль Шакимовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кадырбаева Жумакуль Шакимовна
    Кадырбаева Жумакуль Шакимовна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 65057
    • Всего материалов: 35

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания предмета «Родной (русский) язык» с учетом реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 234 человека из 59 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 167 человек

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации на уроках по продуктивно-творческой деятельности у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 134 человека

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках по литературному чтению у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 166 человек

Мини-курс

Оказание первой помощи

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 683 человека из 73 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 372 человека

Мини-курс

ЕГЭ по биологии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Архитектурное творчество для подростков (обучение детей от 12 лет и старше)

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе