Инфоурок Начальные классы Конспекты"Болашақтағы- 5-сынып" сыныптан тыс жұмыс

"Болашақтағы- 5-сынып" сыныптан тыс жұмыс

Скачать материал

Тақырыбы:                                        « Болашақтағы- 5-сынып»

Буын сабақтастығы арқылы болашақ пән мұғалімдерімен кездесу

 

Мақсаты: Бастауыш мектепті бітірушілердің әрі қарайғы психологиялық дайындығын

                  қамтамасыз ету,баланың жеке тұлғасының даму мәселесін ойдағыдай шешуге,

                 олардың оқуға деген қызығушылығын дамытуға жағдай жасау.

 

Көрнекілігі: Слайдтар, суреттер, кестелер, сызбалар, ТҚЖ

 

Барысы:

 

І.Ұйымдастыру кезеңі

1.Пән мұғалімдерін қонақ ретінде қарсы алу /оқушыларға таныстыру/

2.Психологиялық тренинг « Таныстыру»

Балалар өздерін өз есімдеріне байланысты таныстырады.

3.Балалар шағын топтарға бөлініп отырады./3 топ/

4. Кештің мақсатымен, жүргізілу тәртібімен таныстыру

Пән мұғалімдерінің қолына соцоиграмма таратылады. Оқушылар әр тапсырманы орындаған сайын балалардың жауаптарын саралап, осы социограммаға орналастырады.

Сөйтіп, сынып белсенділерін, орташа оқушылар, елеусіз оқушылар анықталады.

Ал оқушылар тапсырма орындап жатқан кезде жалпы сынып туралы слайдты тамашалап отырасыздар.

 

Ендеше, оқушылар білімін саралау жұмыстарын бастайық.

Бүгінгі жұмысымыздың ұраны:

БАЛАЛАР:

Біз намыскер-қазақ елі ұланымыз!

Қорғайтын жерді Отан- қыранымыз.

Талап, еңбек, терең ой, қанағат қыл,

Рахмет ет- деп Абай айтқан ұранымыз.

 

-Ұлы Абайдың өсиет сөзін ұран ретінде айта отырып, бүгінгі жұмыстарға белсене қатысамыз.

-Алдымен мына слайдқа назар аударайық:

-5-сыныпта енетін пәндер туралы мәліметтер беру:

 

Қазақ тілі—қазақ тілі

Ана тілі-----әдебиет

Математика---алгебра, геометрия

Дүниетану—жаратылыстану-- биология

                       тарих—құқық

-Осы пәндер бойынша сендердің білімдеріңді саралауға, бет алыстарыңды байқауға болашақта сабақ беретін пән мұғалімдері келіп отыр. Әр пән бойынша  бес тапсырмадан беріледі. Тапсырмалар әр түрлі деңгейде беріледі. Тез, жылдам орындап, белсенділік танытуға тырысыңдар.

 

Қазақ тілім- өз тілім ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дара тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені

Болашағым, бақытым, дара тілім.-деп бірінші тіл пәндерінің тапсырмаларын орындайық.

 

1.Ребус шештірту. / әр топқа/

Олар орындап болғанша:

Слайдтан сынып туралы мәліметпен танысып отырыңыздар.

 

2. «Есте сақта» ойыны. Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін байқау мақсатында өткізіледі.

Экраннан 10 сурет көрсетіледі. 30 секундтан кейін, оқушылар сол суреттің аттарын қағазға жазу керек.

 

3.Тез ойлануға тапсырма:

Біздің сыныпта бір қыздың аты тәуелденіп тұрған зат есімнен тұрады. Ол кімнің есімі?

-Гүлім  / І жақ, жалғауы: -ім./

 

4. Отырған қазақ тілінен сабақ беретін мұғалімдер 3 зат есім айтыңыздар.Сол сөзді балалар септейді. Кім бұрын аяқтайды, байқайық.

 

5.Ана тіліне байланысты:

Оқушылардың ақындық қабілеттерін, жылдам ұйқас құрастыру қабілеттерін анықтау.

Мен-Отанның.........................

.................................................

Әкем менен ...........................

................................................

Олар орындап болғанша:

Сыныпқа психологиялық сараптама беріледі. /темпераменттерін анықтау/

 

Шығыңдар білім шыңына

Ғылымның сырын ұғына

Ұқыптылық пен зеректік

Жеткізеді сендерді

Математика сырына

Кезек математикаға келді.

 

1.Математикалық жұмбақ

Есдаулетов Қанат бүгін

Атап өтпек туған күнін.

Тойласуға Таңат келді.

Марат,Манат, Манап келді.

Жанат, Жапар, Талғат келді.

Сағат келмей, Самат келді.

Бірақ Самат қайтып кетті.

Жай-жапсарын айтып кетті.

Жанат та енді Саматқа ерді.

Ең соңынан Орақ келді.

Бәрі қанша қонақ келді?   / 7 /

 

2. «Тез есепте»

Кітапта 20 ертегі бар. Айгүл  оның 5/3 бөлігін құрайтын ертегі оқыды. Айгүл неше ертегі оқымады?

    / 8 /

3.Логикалық ойлануға арналған:

 Нұржанның үйінен құдыққа дейін 30м. Оның бір ғана шелегі бар. Ол үйіне 2 шелек су әкелу үшін  неше метр жүруі керек?   / 120 метр /

Әр оқушының сүйіп оқитын пәндері туралы мәліметтермен танысып отырыңыздар.

4. «Есте сақта» ойыны.

Геометриялық фигуралар ішінде сандар берілген. Мәндері сол сандарға сәйкес келетін өрнектерді теріп жазу.

5.Математика пәнінің мұғалімі  әр топқа біреуден көп таңбалы сан айтады. Соны балалар жазып, разрядтық қосылғыштар қосындысына жіктейді. / Сол мұғалім тексереді/

 

Келесі пәнге келмес бұрын мынадай жұмбақты  оқимын.Ол үшін бәріміз орнымыздан тұрып, партаны айналып, ақырын жүріп отырамыз.

« Жер бетінде көзге көрінбейтін сиқыршы бар. Онымен әркім-ақ күнделікті кездесіп отырады. Сен оны сезесің. Міне,ол есікті тарс жапты, терезені ашты. Көшемен келе жатқанда жапырақтың жұлынып түсіп, жорғалай жөнелгенін көресің, оны көрінбейтін сиқыршының алып бара жатқанын сезесің. Тіпті басын шұлғып, ырғалған шөптерді байқайсың. Мұндай сиқыршыны көрмесең де күнделікті ісі, мінез- құлқы бізге таныс. Сені үнемі қоршап тұрады. Сенімен бірге жүреді. Бұл не?  / ауа/

-Бұл –ауа. Ал ауа туралы, табиғаттың осындай тылсым сырлары туралы дүниетану сабағынан танысамыз. Ендеше, келесі тапсырмалар дүниетану сабағынан.

 

1.Өткен айда ғана біз еліміз үшін маңызды мерекені қарсы алдық. Ол қандай мереке?

Тәуелсіздіктің 20 жылдығы. Ендеше   сендерге   осы тақырыптағы  сөзжұмбақ шешу тапсырылады. Тапсырманы әр топтан тез орындаған оқушы мұғалімге апарып береді.

 

Енді әр оқушыға қиындақ келтіретін пәндері туралы біліп отырыңыздар.

 

2.Мынадай логикалық тапсырманы ойланыңдар:

Үш май шамды жағып, біріншісін стаканмен, екіншісін банкамен жауып, ал үшіншісін ашық қоямыз. Қай май шам бірінші сөнеді? Неліктен?

 

3.Ойын «Жер, су, ауа»

-Жер----------------

-Су---------------------

-Ауа--------------------- /1 минут уақыт беріледі. Кім көп сөз жазады?/

 

4. Мұғалімнің сұрағы: «Тәуелсіздік шежіресі» бойынша сұрақ қойылады.

 

5. «Есте сақта» ойыны

-Суретте неше қоян, неше сиыр бейнеленген?

-13 қоян,  7 сиыр

 

Қорытынды: Қонаққа келген пән мұғалімдері өздерінің бақылау қорытындысын айтады. Социограмма қорытындысы бойынша

-Ең көп таңдалған-сынып белсендісі

-Аз  таңдалған –орташа оқушылар

-Бірде бір рет таңдалмаған—оқшау қалған оқушылар анықталады.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Болашақтағы- 5-сынып" сыныптан тыс жұмыс"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Директор риск-менеджмента

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 966 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.02.2016 847
    • DOCX 15.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кенжебекова Кулипа Токановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кенжебекова Кулипа Токановна
    Кенжебекова Кулипа Токановна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 12457
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Развитие критического мышления у младших школьников в условиях обновленного ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 73 человека из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 719 человек

Курс повышения квалификации

Возрастные особенности детей младшего школьного возраста

36 ч.

1700 руб. 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 128 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 2 092 человека

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы теории и методики преподавания в начальной школе в соответствии с ФГОС НОО

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 390 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 218 человек

Мини-курс

Музыкальная культура: от истории до современности

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методы маркетинговых исследований в интернете

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 27 человек из 20 регионов

Мини-курс

Event-менеджмент и видеопродакшн: от концепции до успешной реализации

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 10 человек