Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Рабочие программы / Болашақтың бастауы бастауышта (бастауышпен қоштасу мерекелік шарасы)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Болашақтың бастауы бастауышта (бастауышпен қоштасу мерекелік шарасы)

библиотека
материалов

Болашақтың бастауы бастауышта!!! (бастауышпен қоштасу)


Мақсаты: Білім, өнерге, өмірге алғаш қадам, сара жол бастауыштан басталатынын, алған білім, тәрбиесінің болашағына негіз болып қаланатының балалардың санасына жеткізу. Алтын ұя мектебін, тәлім алған ұстаздарын құрметтеуге, сыйлауға, олардың еңбектерін елеусіз қалдырмауға, бағалай білуге, ата-анасының, Отанының адал ұл-қызы болуға жетелеу, тәрбиелеу.


Көрнекілігі:Шардан жасалған есік, гүл шоқтары, оқушылар шығармашылықтары көрме, Слайд.


Сынып жетекшісі: Құрметті ата – аналар, оқушылар, ұстаздар! Бүгінгі күн барлығымыз үшін ерекше күн! Бұл күннің ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын имене аттаған балаларыңыз ақыл – ойы толысып, оң мен солын айырып, жаман мен жақсыны ажырата білуді үйреніп, ең қызық шағы бастауышпен қоштасқалы тұр. Ендеше, осы қуанышты күндеріңізбен шын жүректен құттықтап, ертеңгілігімізді ашық деп жариалауға рұқсат етіңіздер!


1-оқушы:

Жолдайды мектеп басшысы

Шәкірттерге ақ тілек

Білім деген үлкен жолда,

Ақ жол тілеп, бақ тілеп.

- Алғашқы сөз кезегін мектебіміздің басшысы Хайруллина Ұлболсын Садыққызына береміз.


Би шашу: ортада қазақ биімен сыныбымыздың биші қызы Мутигуллина Аружан

(Экраннан 1-4 сыныптағы фото-корме көрсетіліп тұрады.)

(Көңілді музыка ойнап тұрады)


І бөлім:

Ертегішінің әңгімесі: - Ерте, ерте, ертеде, ешкі құйрығы келтеде, әлемде Мектеп деген мықты патшалық болса керек. Оның тұрғындры сондай ақылды, білімді, өнерлі болыпты. Ол патшалыққа жамандық атауы мүлде жоламаған екен. Ең кіші «Балбұлақ» хандығында кішкене бүлдіршіндер өмір сүріпті. Тәп – тәтті бүлдіршіндер кез – келген мейманды тәтті қылықтарымен баурап алады екен. Уақыт өте келе 10 жасқа толған «балбұлақтықтар» «Орталық» хандыққа өтеді. Ол хандықта алған білімдерін жалғап, сапалы білім мен өнерге баулитын Жоғары хандыққа өтіп отырыпты. Бүгін, міне, сондай бір айтулы күн болып қалмақ.

Дәл осы күні «Балбұлақ» хан өзінің үлкен ағасына қонаққа келген болатын осы бір қонақтықтың куәсі өздеріңіз болыңыздар!

Орталық хан: Пай, пай, қош келдің бауырым!

Балбұлақ хан:Қош көрдім, ағатай! Өзіңді сағынған екенмін. Келіңіз төс қағыстырып амандасайық.

Орталық хан: Әрине , бауырым! Кел, кел. (Екеуі құшақтасып амандасады)

Балбұлақ хан: Аға, менің хандығымнан тағы бір қарылғаштарым ұшқалы отыр, Ақ батамды тілеп, сенің хандығыңа өткелі отырған бүлдіршіндерімнің жұмысымен келген едім. Тарыдай болып мектеп табалдырығын аттаған кішкене бүлдіршіндер бүгін міне ақыл – ойлары толысып, оң мен солын танып, жақсы мен жаманды ажырата алатын шәкірт болды.

Орталық хан: Е, бауырым, уақыт деген сиқыршы ғой! Міне көзді ашып – жұмғанша кешегі кішкене бүлдіршіндер де есейген екен. Сенің хандығыңнан келген барлық балаларға өте разымын. Десек те, сен білесің, менің хандығыма өту оңай емес, мен хандығыма өнерлі, білімді, шығармашылықпен айналысатын балаларды қабылдаймын.

Балбұлақ хан: Аға, жылдағы дәстүрді бұзбақ емеспін. Ендеше, сол балалардың өнері мен білімін көрсетер сәт те келген екен. Ал, ендеше көрелік. (Көңілді әуен ойналып ортаға сынып жетекшісі шығады)


Жас жүректің өмірінің құштары гүл,
Бағбан – ұстаз баулыған құстары бұл,
Қоштасып бүгінгі күн бастауышпен ,
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр.

Толқимыз , толқып тұрмыз баршамыз да,
Мұндай күй болған шығар қаншаңызда 
Қол соғып қошеметпен шақырайық 

4 сынып оқушыларын ортамызға


Оқушылар сахна төріне шақырылып, өнерлерін көрсетеді, сөздерін айтады:

Мұғалім: Сіздердің алдарыңызда тұрған 4 - сынып оқушылары осыдан 4 жыл бұрын 6 жасар бала болса, оң мен солын айыра алмайтын, оқу – жазуды білмейтін, кіп – кішкентай ойын баласы болса, бүгін, міне, ес біліп оқу мен жазудың не екенін жетік меңгерген, алдағы уақытта болашаққа үлкен қадам аттағалы отырған бастауыш сынып түлектері.


1-оқушы: Төрехан

Армысыңдар, мұғалімдер, әз жандар!

Білім іздеп инемен құдық қазғандар.

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді.

Би биленіп, ән де бүгін шырқалар.

2-оқушы: Нұрлыгүл

Бала шаққа болашақты  жырлатып,

Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты .

Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,

Армысыздар , ұстаздарым қымбатты!

3-оқушы: Данагүл

Армысыздар әжелер мен аналар

Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.

Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,

Үйреткенғой Абай, Ыбырайбабалар

 4-оқушы: Нүрбек

Армысыздар өр тұлғалы әкелер!

Қыран құстай балапанын мәпелер.

Бүгін міне бастауышпен қоштасар,

Азамат боп , кешегі сәби- еркелер!

5-оқушы: Гүлназ

Армысың сен , алтын ұя мектебім

Саған айтар жыр- алғысым көп менің

Жүректерге жаққан білім шырағын ,

Мектебіме арналады бұл әнім!

6-оқушы: Ерлан

  • Бүгін біз алғаш сауатымызды ашып, алғаш қолымызға қалам ұстатып, білім негізін қалаған бастауыш мектебімізбен қоштасқалы отырмыз.

7-оқушы: Гүлназ

  • Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамызған ақын да, жұмысшы да, егін егіп, мал бағып терін төккен шаруа да көкті шарлаған ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған. Сондықтан да біз ұлағатты ұстаздар алдында бас иеміз.

8-оқушы: Амангүл

Мектеп – кеме , білім – теңіз,

Барар жерге тез жетеміз.

Төрт жыл алған білім нәрін ,

Азық етіп ер жетеміз.


«Үнді» биі Оразбекова Ләзиза


  1. Әлі есімде мектепке алғаш келгеніміз
    Ұстаздарды ең алғаш көргеніміз
    Жасқаншақтап тосырқап тұрған шақта
    Өзің болдың ұстазым сенгеніміз

  2. Мектебіміз осы  ма ? -деп 
    Он бес шәкірт келіпті.
    Жылы жүзді ұстазын
    Алғаш рет көріпті.

  3. Гүлназды Равиль жетектеп
    Ұстазына еріпті. 
    Болашағы нұрлы деп
    Ата-аналар сеніпті.

  4. Бастауышым бастамам,

Білім жолын бастаған.

Білім көзі өзіңде,

Беліңді бу жас данам.

  1. Үйретіп алғаш бізге әліппені,

Мұғалім ғылымға жол салып берді,

Адамның ой-арманы, мақсаттары.

Оқудың сәулесімен жарық көрді.

  1. Кітап, қалам қолға алдық 
    Бір сыныпқа жиналдық.
    Ажырамай арамыз
    Болашаққа барамыз.

  2. Ақылшым, асыл ұстазым,

Жолымды айқын нұсқадың.

Қасыма кеп қанша сен,

Қамқор боп қалам ұштадың.

  1. Мейліжас, мейлікәрі бол,

Дана депсені, пана депсеніұғамын.

Көктемнің нұр мен нәрі мол.

Диқансың және кеншісің, сен мұғалім!

  1. Өз аузына қаратқан,

Ұстаз ойын ұғамыз.

Сөйтіп әрбір сабақтан,

Сәл есейіп шығамыз.

  1. Көкке жетіп төбеміз,

Көңілденіп тарқаймыз.

Талаптанып келеміз,

Қанаттанып қайтамыз.

  1. Бірдей біздің ойымыз да сырымыз.

Бастауыштың ұлы менен қызымыз.

Бірдей өстік оқуда да еңбекте.

Күліп-ойнап біріміз бен біріміз.

  1. Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді,
    Бар асылын бізге жиып, мол береді.
    Қанатымен су себелеп асыл жан
    Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді. 

  2. Тек үйреттің әділдікті , адалдықты,
     Жирендік, ажыраттық жамандықты.
    Жалғастырар ақ жолың сенің салған,
    Бар деп ұққын әрқашан балаң мықты. 

  3. Қоңыр үнді даусың әсем таңдардай,
    Ұстазымның жүзіндегі нұр қандай !
      Мейірлене қарап қойып біздерге 
     Күн астынан сабақ беріп тұрғандай.

  4. Ұстазым өзің едің асқақ әнім
    Басталған ақ батаңнан жас талабым.
    Ұғындым ұлылықтың , даналықтың
    Ұстаздың ұлағатынан басталарын.  

  5. Нұр құйған санасына зейіндінің 
    Нұрлы шам сәулесіндей мейірімің.
    Дарыттың адамдықты шәкіртіңе ,
    Дамыттың дарын отын бейімдінің



  • Иә, мектебімізге қандай жыр арнасақ та жарасады. Ендеше шәкірттердің орындауындағы «Мектебім» әнін қарсы алыңыздар!


Шар есік түсіріледі де ......


ІІ бөлім: Слайд-шоу, (Әр оқушы бойындағы қасиетін көрсеткен кезде бір - бірлеп ортаға шығады)

Орталық хан: қабылдайды да тілек айтады

Құрметті 4 сыныптың ұлдары мен қыздары, сендердің өнерлі де, білімді балалар екендіктеріңді көріп қуанып тұрмын. Ұстаздар мен ата – аналарыңның алдында алдағы уақытта да мейірімді, тәртіпті, шыншыл болуға, бүгінге дейін алған білімдеріңді одан әрі толықтыруға, өздеріңе білім берген ұстаздарыңды ұмытпауға, өз Отанымызды сүюге сендер ант етіңдер!

Бәрі хормен: Ант етеміз! Ант етеміз! Ант етеміз!

ІІІ бөлім: Ұстаздарға құрмет

Байсалды мінезіңмен бір қалыпты, Тахмина

Менің де көңілімде із қалыпты.

Ұстатқан қағаз, қалам қолыма өзің.

Ерінбей үйреттің де әр әріпті.

Ортаға алғашқы ұстазымыз Маншүк апайымызды, Сара апайымызды, Ақборық апайымызды шақырамыз.

1-оқушы: Ринат Орыс тілін ортақ тіл деп блеміз.

Бар ұстазға арналатын жыр егіз.

Шәкірттердің сүйіктісі болсын деп.

Ұстаздарымыз, сізге айтамыз мың алғыс.

2-оқушы:Ләзиза -Орыс тілі пәнінің мұғалімі Нұрлаш Жеңісқызына

3-оқушы: Ринат -Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Айнұр Асхатқызы

4-оқушы: Ләзиза -Өзін – өзі тану пәнінің мұғалімі Гүлзада Бақтығалиқызы

5-оқушы: Ринат -Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Жанболат Сәлімгерейұлы

Бәрі :         Мың алғыс сізге біздей түлектерден,
                Мың алғыс мына отты жүректерден !

Ұстаздарға Сыйлық табыстау/ Аружан мен Ильяс

Сөз кезегі өздеріңізде құрметті ұстаздар!/

2.Ән: «Ұстазым менің»

IV Сынып жетекшінің тілегі: (жәйменен күй орындалып тұрады)

Халқымыз аталы сөзді, шешендік өнерді аса қадір тұтқан. Кейбір бітімсіз дау – жанжалдардың шешімін екі – ақ ауыз сөзбен айтып тындырған. Ел арасындағы әр түрлі даулар шешен билердің өзара айтысуы арқылы шешілген. Бұған тек билер ғана емес, жас жігіттерде араласып, асқынған дауды шешіп тастап отырған. Ондай шешендердің кейбірі кейін би болған. Шешендік сөз өнері, өмір шындығынан туған. Сондықтан оны халық жаттап, жадында сақтап, кейінгі ұрпағына үлгі етіп отырған.

Таяқ тайға жеткізер,

Құнан атқа жеткізер,

Тай құнанға жеткізер,

Ат мұратқа жеткізер – дегендей мен өзімнің тілегімді төмендегідей бір қойылым арқылы сендерге өмірлік сабақ болсын деген мақсатпен жеткізгім келеді.

Бұл ауыл - Төлебидің ауылы. Сендер Төле би туралы білесіңдер, ол кім болған? .............................

1 – оқушы: Аружан Қазақ ауыз әдебиетіндегі Төле би туралы аңыз әңгімелер, шешендік сөздер көп – ақ. Солардың көпшілігінде Төле би ақылды, әділ, шешен және халық қамын ойлаған қайраткер бейнесінде суреттеледі. ХVII – XVIII ғасырда өмір сүрген, өз заманының білімді, парасатты адамы болған.

Көрініс:

Төле би: - Ассалаумағалейкум, Әнет баба!

Әнет баба: -Уа мұратыңа жет, балам! Қош келдің төрлет ұлым!

Төле би: (жайғасып отырып) Әнет баба, мен сізге мына сұрақпен келдім. Қалай еткенде бірлік болады? Оның күші қандай болмақ?

Әнет баба: Балам, анау сырттан бір бума шыбық әкелші (шыбық әкелінеді). Ал, енді осы шыбықты сындырып көрші (сындыра алмайды).

  • Балам енді осы шыбықты біртіндеп сындыршы (сындыра бастайды).

  • Бұдан не түсіндің?

Төле би: Түсіндім, баба, мұның мәні: ынтымағы, бірлігі мықтыны жау да, дау да алмайды, «Саяқ жүрген, таяқ жейді».

Әнет баба: Дұрыс таптың, балам. Ел билеу үшін алдымен бірлікке, ынтымаққа шақыра біл. «Бақ қайда барасың? Ынтымаққа барамын» дегеннің мәнісі осы, балам.


Мұғалім: - Міне, балалар, көрдіңдер ме? Ынтымақ, бірлік дегеніміз осы шыбық тәрізді болады екен, олай болса сендерге жоғары сыныпта әр пәннен әр түрлі мұғалім сабақ береді олай болса ынтымақтасып, бір – бірлеріңе көмектесіп, әр істі ақылдылықпен шешетін, сабақты ыждағаттылықпен оқитын, бастауыш сыныптағы ұстаздарына сөз келтірмейтін, бір – біріңді тыңдайтын, ауыз бірлігі мол сынып оқушылары болыңдар деген тілек айтқым келеді.

Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне,

Сенімдердің айналыңдар серперіне.

Ұстаздық ақ жүректен  мен тілеймін,

Тек сәттілік – шәкірттерім ертеңіңе.

 Айналайын жап- жарқын жүздеріңнен,

Аластайтын жаныңды күз көңілден.

Мен сендерге мәңгілік тілекшімін,

Тілек тілеп тұратын іздеріңнен.


Гүлдаурен Нұрланқызы мен Еңлік Нұрланқызы орта буын оқушылары

Біздер бастауышта жоғары сыныптарда өтілетін әдебиет, тарих, биолгия, алгебра, физика , химия , т.б. пәндерге негіз болатын ана тілі, математика, дүниетану, орыс тілі пәндерін зер салып үйрендік. 

Слайд: (Пән бойынша сабақ беретін жоғарғы сынып мұғалімдері)

Ата- ана тәрбиелеп балапанын,

Әлдилеп, аялаған алақанын.

Болашақта бақ тілеп тұрасыңдар,

Ойлаумен алдағы бала қамын.

Құрметті ата – аналар сөз кезегі өздеріңізде

ФЛЭЕШМОБ

  1. Мектеп деген білім кені, жыр кені.

Мектеп деген ғылымның ең үлкені.

Мектеп деген тәрбиеші адамға,

Мектеп деген даналардың мекені.

  1. Білім алып есейдік.

Жоғары сыныпқа көшейік!

Бастауышты бітірткен ұстазымызға,

Рахмет айтып кетейік.

  1. Көлге айналған бұлақтың,

Том-том болғанкітаптың.

Басы болғанбастауыш,

Рахмет сағанбастауыш.


Жалпы оқушылардың «Қоштасу вальсі»


Сынып жетекшісі: Адам тәрбиесі – киелі ұғым. Ұрпақ тәрбиесі – ұлт тәрбиесі. Егеменді еліміздің болашағы біздің келер ұрпағымыз. Олардың тәлім тәрбиесіне жауап беретін – мектеп, қоғам, отбасы. Баланы өсіру оны азамат етіп тәрбиелеу – елдік мәселе. Өйткені бала болашақ иесі.Мұғалім қауымы – қоғам сенген өкіл. Оқушыға сенім артатын ең бірінші өсіріп отырған ата – анасы, ал екіншіден, біліммен сусындататын ұстазы. Сондықтан жоғарғы сынып мұғалімдері мен өз сыныбымда балбұлақ шақтан сусындатқан шәкірттерімді қанаттары қатая түсуіне жол ашады деген сеніммен сіздерге қарай ұшырамын. Бала бойындағы кемшіліктерді біздің кемшіліктер деп түсініп, бала өміріндегі проблемалардың себебін өзімізден іздесек, көптеген қателіктерге жол бермеу үшін ата – аналармен тығыз байланыста болсақ, жақсы азаматтар тәрбиелеріміз сөзсіз деп сіздерге аманаттаймын


Міне, біздің бастауышпен қоштасу мерекелік шарамыз аяқталды.

1-оқушы:

Осы мерекелік шарамызға қатысып отырған ұстаздар, ата-аналар сіздерге назар қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет.

Қош сау болыңыздар.



Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 14.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Рабочие программы
Просмотров144
Номер материала ДВ-337665
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх