Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Директору, завучу / Другие методич. материалы / "Бозбала мен бойжеткен" мектепішілік шара

"Бозбала мен бойжеткен" мектепішілік шара

  • Директору, завучу

Поделитесь материалом с коллегами:

БОЗБАЛА МЕН БОЙЖЕТКЕН

Эльмира Мухиденовна Сатканова, Ғ.Қараш атындағы Қараоба мектеп-гимназиясы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. Қараоба ауылы, Казталов ауданы, Батыс Қазақстан облысы.

Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!

Босқа қарап тұрмаңыздар.

Сайысымыз басталды,

Қызықтан бос қалмаңыздар!

Ұлың өсіп келеді,

Ата- ананың үміті.

Тәрбиелеп келесіз,

Ел қорғайтын жігітті.

Қыз бой жетіп келеді

Шуақ шашып әр үйге

Гүлдей жайнап өссінші

Сыйлы болып бәріне!

Уа, қадірменді халайық! Көктем мерекелеріңіз құтты болсын!

Бүгін мектеп-гимназиямызда 8,9,10 сынып аралығында өткелі отырған «Бозбала мен Бойжеткен » сайысына қошкелдіңіздер!

Шалқытып мерекеде ән салайық,

Өнерпаз өрендерге тамсанайық.

Төлеген мен Қыз Жібектей жарасқан,

Ортамызға жұптарды шақырайық.

Бірінші жұп: 8а «Абай -Әйгерім»

Екінші жұп: 8ә «Қыз Жібек - Төлеген»

Үшінші жұп: 9 «Алпамыс - Гүлбаршын»

Төртінші жұп: 10а «Қозы Көрпеш- Баян Сұлу »

Бесінші жұп: 10ә «Еңлік – Кебек »

Сіздердің назарларыңызға сайысымыздың бағдарламасын ұсынамыз:

Бірінші бөлім : « Сұрасаң менің тегімді » таныстыру бөлімі.

Екінші бөлім : « Махаббат мәнгі жырлайды » көрініс бөлімі.

Үшінші бөлім : « Көркіне ақылы сай » сұрақ - жауап бөлімі.

Төртінші бөлі : « Кел, билейік! » ұлттық билер сайысы.

Бесінші бөлім : Ұлдарға «Шеберхана» қол өнер сайысы

Қыздарға «Сұлулықтың сыры » сән үлгісі

Сайсымызға әділ баға беріп әділ бағалап, әділ шешім шығарар әділқазылар алқасымен таныс болайық.

Бірінші бөлім : « Сұрасаң менің тегімді » таныстыру.

Өнер қуып өнерліліер өтер деймін,

Бір басына өнері жетер деймін.

Бәсекеге түскен бес жұптар кезектесіп,

Таныстырып өздерін өтер деймін.

Ендеше таныстырсын өздерін

Тамылжытып сөздерін.

(Жұптар сахнаға шығып таңдалған кейіпкелерге теңеп кезектесіп өз-өздерін танстырады)

Екінші бөлім : « Махаббат мәңгі жырлайды » көрініс. Қазақ ауыз әдебитінде мәңгі өшпес із қалдырған өздерінің пәк махаббаттарымен қазақ жастарына үлгі болар ғашықтар жырының кейіпкерлері ортамызда.

Білімдіден шыққын сөз,

Талаптыға болсын кез.

Нұрын сырын көруге,

Көкірегінде болсын көз- демекші сайсымыздың келесі бөлімі

Үшінші бөлім : « Көркіне ақылы сай » сұрақ – жауап.

  • 1.Үш алысты алысты ата? кәрі мен жас, жақсы мен жаман, алыс пен жақын

  • Шашбау дегеніміз? Шашбау-өрілген бұрымның ұшын бекіту үшін тағылатын алтын, күміс тиындар, кейде маржан қадалған бауы бар сәндік бұйым.

  • 2.Бес қатерді білесіз бе ? от,жау, борыш, ауру, сөз

  • Қыз жасау дегеніміз? Қыз жасау - жасау дайындығын қыздың кішкене кезінен бастайды да, оған әке-шешесімен бірге туғантуыстары да өз үлестерін қосып, кем-кемтігін толықтырады.

  • 3. Жеті қазынаны атап беріңіз? ер жігіт, сұлу әйел, ақыл-білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік тазы.

  • Киіт кигізу дегеніміз? киіт кигізу құдалар арасында жүретін кәденің бірі. Бұл құдалықтың негізгі белгісі - сый-сияпат, мал-мүлік, киім.

  • 4. Жеті жұтты білесіз бе? құрғақшылық, жұт, өрт, оба, соғыс, топан су,зілзала

  • Иткөйлек дегеніміз? Жаңа туған нәрестенің алғашқы көйлегін иткөйлек деп атайды.

  • 5.Жеті атаны ата? әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, туажат.

  • Әйкел дегеніміз? мойынға тағатын алтын мен күмістен жасалған металл әшекейдің көне атауы және ол қазақ тілінде бар атау.

Төртінші бөлім : «Кел, билейік!» қазақ ұлттық билерінен сайыс.

Ей, ер жігіт, ер жігіт,

Ей, өз жігіт, өр жігіт.

Атыңа ерік бер жігіт,

Күшіңді көрсет ер жігіт.

Бесінші бөлім : Ұлдарға «Шеберхана» қол өнер сайысы

(Ұл балалар алдын ала тапсырылған киіз үйге қойылатын бұйымын таныстырып көрсетеді)

Қыздарға «Сұлулықтың сыры » сән үлгісі

Көрсетті өнер әр салада сайысып,

Қимылдары жүргендей бір жай ұшып.

Қазағымның бесбармағын жасайды,

Бойжеткендер дем арада майысып.

Сымбатына сән киім жарасатын,

Аспандағы айымен таласатын.

Өнеріне көркі сай келіп тұрған

Қазақ қыздарна қызығып қарасасың – деп келесі соңғы бөлім «Сұлулықтың сыры » деп аталады.

(Қыздар заманауи үлгідегі қазақтың ұлттық киімдерінен сән үлгісін көрсетеді)

Қортынды сөз әділқазыларға беріліп жұптардың марапатталыларына кезек беріледі.



Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 19.09.2015
Раздел Директору, завучу
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров192
Номер материала ДA-052008
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх