Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Русский язык и литература / Другие методич. материалы / Б-П дыбыстарының емлесі

Б-П дыбыстарының емлесі

Международный конкурс по математике «Поверь в себя»

для учеников 1-11 классов и дошкольников с ЛЮБЫМ уровнем знаний

Задания конкурса по математике «Поверь в себя» разработаны таким образом, чтобы каждый ученик вне зависимости от уровня подготовки смог проявить себя.

К ОПЛАТЕ ЗА ОДНОГО УЧЕНИКА: ВСЕГО 28 РУБ.

Конкурс проходит полностью дистанционно. Это значит, что ребенок сам решает задания, сидя за своим домашним компьютером (по желанию учителя дети могут решать задания и организованно в компьютерном классе).

Подробнее о конкурсе - https://urokimatematiki.ru/


Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Русский язык и литература

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Б-П дыбыстарының емлесі

Сабақтың мақсаты : Білімділік: дыбыстарды ажыратуға

Тәрбиелілік: әдемі, сөйлеуге, анық сөйлеуге тәрбиелеу.

Дамыту: Сөздік қорын , тілбайлығын дамыту.

Түзету: Оқушылардың б-п дыбыстарын дұрысайта білуін түзету.

Сабақ барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Психологиялық дайындық

- Артикуляциялық жаттығулар

- Шарбақ

- күрекше

- сағат

- тосап

- күлімсіру

ІІІ Жаңа сабақ

Б-П дыбыстарының айтылуына назар аудару. Қолдың сыртын ауызға жақындатып осы дыбыстарды айтамыз. Б- жай П- қатаң

Қолға айнанаы алып ерінге көңіл бөлеміз

Б- дауыссыз, ұяң

П- дауыссыз қатаң

Б,п (сөздерін) дыбысын буында дұрыс айтуға дағдыландыру

Ба, бо, бу, би

Па, по, пу, пи

Сөзде айтуға машықтандыру

Бала, балапан, бибі, бура, пальто, пано

Сергіту сәті

Дәптерімізді ашайық

Салақтықтан қашайық

Қолға қалам алайық

Әдемі етіп жазайық

Сөздік диктант

Бала, бақша, балапан , батыр

Сурет бойынша әңгіме құрау



Жаңылтпашты жатқа жазу

Үшкір тұмсық

Сұр шымшық

Сордан ұшты

Құрт шымшып

Сабақты қорыту



Сабақтың тақырыбы: Б-П дыбыстарын дұрысайтып, ажырата білу

Сабақтың мақсаты : Білімділік: дыбыстарды ажыратуға

Тәрбиелілік: әдемі, сөйлеуге, анық сөйлеуге тәрбиелеу.

Дамыту: Сөздік қорын , тіл байлығын дамыту.

Түзету: Оқушылардың б-п дыбыстарын дұрысайта білуін түзету.

Сабақ барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Психологиялық дайындық

Мынау менің басым

Бәрін осы басқарған

Мынау менің жүрегім

Бәрі осыдан басталған

Мынауменің қолым

Барлық істі тындырған

- Артикуляциялық жаттығулар

- Шарбақ

- күрекше

- сағат

- тосап

- күлімсіру

ІІІ Жаңа сабақ

Б-П дыбыстарын ажыратуға жаттығулар жасау. Ойын «Қателеспей қайтала »

Ба-па бы-пы бе- по

Бу-пу бо- по бы- пі

Суретпен жұмыс Б-П дыбыстары бар сөздер құрату



Сергіту сәті.

Жолға шықтық бәріміз

Сақта жолдың тәртібін

Сапарымыз сәтті болып

Жолы болсын әркімнің


Жаңылтпаш

Пеш үстінде бес мысық

Бес күзетші – бес мысық


Сөздік диктант

Балапан, парта, папа, бор, бота, бөрік


Бекіту



Сабақтың тақырыбы: Түбірдің соңғы дыбысын ұяң немесе үнді болып келуі

Сабақтың мақсаты : Білімділік: дауыссыз ұяң, үнді дыбыстарды ажырата білуін, білім білік дағдыларын қалыптастыру .

Тәрбиелілік: әдемі, анық сөйлеуге тәрбиелеу.

Дамыту: Сөздік қорын , тіл байлығын дамыту.

Түзету: дыбысталуы дұрыс емес дыбыстарды түзетіп, артикуляцияцын дұрыс қою

Сабақ барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Психологиялық дайындық

Әрбір адам Туысым, досым, жұрағат

Әрбір сабақ Үйрену,ұғу,ұлағат.

Әрбір ісің Тірлік, тірек, адамдық.

Әрбір сөзің Шындық, бірлік, адамдық



Сабақтың мақсатын қою :

Дауыссыз дыбыстарды қайталау

Ұяң – б,в, г, д,ж,з

Үнді- р,л,м, , ң

Ойын « Қателеспей қайтала » сөздерді қайталау

Аз, аш, ағ, ар, ал, аң, нан

- Артикуляциялық жаттығулар

- Шарбақ

- күрекше

- сағат

- тосап

- күлімсіру

Ұсақ моторикаға жаттығулар

Мозайкадан суреттер құрастыру

Ертегі оқу Дауыстап. Артикуляциясын дұрыстап, анық қоюын қайталау

Сурет бойынша әңгіме құрау. Дауыссыз қатаң ұяң, үнді дыбыстарына аяқталған ,мысалды дәптерге жаздырту.

Жаңылтпаш жаттау

Шалғы саптап

Шөп ,шап

Шөп шапсаң, көп шап

Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз ұяң , үнді дыбыстарға жаттығуларды қайталау

Сабақтың мақсаты : Білімділік: дауыссыз ұяң, үнді дыбыстарды ажырата білуін, білім білік дағдыларын қалыптастыру

Тәрбиелілік: әдемі, анық сөйлеуге тәрбиелеу.

Дамыту: Сөздік қорын , тіл байлығын дамыту.

Түзету: дыбысталуы дұрыс емес дыбыстарды түзетіп, артикуляцияцын дұрыс қою

Сабақ барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Психологиялық дайындық

Шуақ шаша алтын таңда

Табиғат та, мөлдір таза ауа да,

Бәрі оянды, оян сен де бар бала



- Артикуляциялық жаттығулар

- Шарбақ

- күрекше

- сағат

- тосап

- күлімсіру



Жаңылтпаш жаттау , ұяң, үнді дыбыстардың астын сызу

Кеспе, өссін тал

Өссе- өсімтал

Өссе, өссін тал

Кеспе өссін тал



Омартаға балалар

Балаларды аралар талар

Ойын «Сөз жасам »

ыhello_html_27621af1.gifhello_html_27621af1.gifhello_html_27621af1.gifhello_html_27621af1.gifhello_html_27621af1.gifhello_html_27621af1.gif н т ы м а қ

Сабақты қорытындылау













Сабақтың тақырыбы: С-З дыбыстарының емлесі

Сабақтың мақсаты : Білімділік: Оқушыларға сөздегі с-з дыбыстарын анық айтуға, білім,білік дағдыларын қалыптастыу Тәрбиелілік: әдемі, сөйлеуге, анық сөйлеуге тәрбиелеу Дамыту: Сөздік қорын , тілбайлығын дамыту. Түзету: Оқушылардың с-з дыбыстарын дұрыс айта білуін түзету.

Сабақ барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Психологиялық дайындық

Қазақ тілі бабам тілім

Өзің барда шалқыдым,

Тіліммен бірге самалмын,

Тіліме кім тағар мін.

- Артикуляциялық жаттығулар

- Шарбақ

- күрекше

- сағат

- тосап

- күлімсіру

ІІІ Жаңа сабақ

hello_html_m14b7a4ab.gifhello_html_acaeea5.gif

Сhello_html_m481eebf1.gifhello_html_78eef194.gifhello_html_20b33c1d.gifhello_html_m6064d96e.gif З



Ойын «Керісінше » Мақсаты: Дөңгеленіп отырып бір- бірімізге доп лақтыру арқылы с- з дыбыстарынан тұратын сөздер ойлап айтамыз

Дәптермен жұмыс Көркем жазу

Ырғақты жаттығу

Бойдыбүкпей тік ұстап

Жай сол қолды сол жаққа

Жай қолды оң жаққа

Суретпен жұмыс

Бекіту .











Сабақтың тақырыбы: И- У дыбыстарының емлесі

Сабақтың мақсаты : Білімділік: Оқушыларға сөздегі и- у дыбыстарын анық айтуға, білім,білік дағдыларын қалыптастыу Тәрбиелілік: әдемі, сөйлеуге, анық сөйлеуге тәрбиелеу Дамыту: Сөздік қорын , тіл байлығын дамыту. Түзету: Оқушылардың и- у дыбыстарын дұрыс айта білуін түзету.

Сабақ барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Психологиялық дайындық

Шырылдады қоңырау

Біз сабақты бастаймыз.

Партамызға отырып

Өзара көз тастаймыз.

Жаңа білім алуға

Алға қадам жасаймыз.



- Артикуляциялық жаттығулар

- Шарбақ

- күрекше

- сағат

- тосап

- күлімсіру

ІІІ Жаңа сабақ

hello_html_m1d2b993d.gifhello_html_20f86d06.gif

Иhello_html_m5bda4cf1.gifhello_html_m476b0842.gifhello_html_m476b0842.gifhello_html_m868bd20.gifhello_html_m682e3b13.gif У





Дәптермен жұмыс

Әріптерді жаздырту. Сөз құрату



Сергіту жаттығулары

Қане қанат жазайық, қарлығашқа ұқсаймыз.

Ұшып, ұшып алайық орынмызды табайық.

Қарлығаш боп ұшайық, торғай болып қонайық

Сауысқан боп секіріп, тоқылдақ боп шоқиық

Сабақты бекіту





















Сабақтың тақырыбы: Я, Ю әріптерінің емлесі

Сабақтың мақсаты : Білімділік: Оқушыларға сөздегі я,ю дыбыстарын анық айтуға, білім,білік дағдыларын қалыптастыу Тәрбиелілік: әдемі, сөйлеуге, анық сөйлеуге тәрбиелеу Дамыту: Сөздік қорын , тіл байлығын дамыту. Түзету: Оқушылардың я,ю дыбыстарын дұрыс айта білуін түзету.

Сабақ барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Психологиялық дайындық

Ізденіс сабақ - сын сабақ

Сұрақты шешіп ойна –күл

Білімдіден мол талап

Күтімді осы біл

Ал сабақтан қалмайық

Бағасыз үйге бармайық.



- Артикуляциялық жаттығулар

- Шарбақ

- күрекше

- сағат

- тосап

- күлімсіру

ІІІ Жаңа сабақ

hello_html_mc9f69cd.gifhello_html_mc9f69cd.gif

Яhello_html_506db0ef.gifhello_html_m682e3b13.gifhello_html_506db0ef.gifhello_html_m2bddf96.gif Ю



Ойын «Мен бастаймын , сен аяқта »

Далада сұр ......... Қоңыр....... т.б



Жаттамақ

Ұя десе соңында

Сия десе соңында

Тұратұғын қайқайып

Айтындаршы қай әріп



Қыс бойына жатады

Тәтті ұйқыға батады





Мозайкамен жұмыс Қоянның суретін құрастыру



Бекіту.







Сабақтың тақырыбы: Қ дыбысы

Сабақтың мақсаты: Білімділік оқушыларға Ққ дыбысы мен әрпін таныту, буындар мен сөздер өткен сабақты пысықтау; әдемі, көркем, сауатты жазу дағдысын, іскерлігін қалыптастыру;
2. Дамытушылық: дүниетанымын кеңейту, шығармашылықпен жұмыс істей отырып, сөздік қорын, әңгімелеу дамыту;
3.Тәрбиелілік: оқушыларды Отан сүйгіштікке, ұқыптылыққа, сауаттылыққа, табиғатты қорғауға, оқуға дағдыландыру

Түзету: Оқушылардың қ дыбыстарын дұрыс айта білуін түзету.

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру бөлімі

ІІ Психологиялық көңіл - күй.
Күлімдеп күн бүгін,
Қарады маған да.
Күлімдеп күн бүгін,
Қарады саған да.
Шуақ пен нұр төгіп
Көңілді кетті көтеріп

- Артикуляциялық жаттығулар

- Шарбақ

- күрекше

- сағат

- тосап

- күлімсіру

ІУ Жаңа сабақ

а) Сөзжұмбақ шешу
Қандай сөз шықты? \Суреттегі заттардың алғашқы әріптерінен қала деген сөзді шығарту.\
Буынға бөліңдер, бірінші буындағы қандай дыбыс таныс емес.
Қ дыбысының әріп таңбасымен таныстыру.
Қ дыбысын үш рет айту.(дауыссыз дыбыс екенін анықтау.)
Дыбыстық талдау жасату.
Қ әрпіне байланысты видео көрсету.
Қа - ра - қат, қа – ла, қа - лақ, қо - нақ сөздерін буынға бөліп, қ дыбысының орнын байқату.

Сөздік қоржын.
қала қара қалақ қалта ақ
қола қора қонақ тақта лақ

орақ ақпан Қанат
ошақ алақан Қайрат
қарақат қошақан Қуат
Бағандағы сөздерді буындап не тұтас оқып үйрену, мағынасын түсіндіру.
Қала аттарының бас әріппен жазылатынын түсіндіру.
Қапшағай, Қаратау, Қарағанды.
Ү. Дәптермен жұмыс: Қ әрпін жазып үйрену
Бір, екі, үш
Бойға жинап күш.
Дәптерді ашайық
Қолға қалам алайық
Әдемі етіп жазайық

Оқулықпен жұмыс

Сергіту сәті \ «Думан» ойын сауықтыру орталығы\
Ғимараттардың алғашқы үш қабаттарында ойын - думан және спорт орталықтары, сондай - ақ конференциялар, келіссөздер, көрмелер және концерттер өткізуге арналған залдар рналасқан.
Қарлығашқа ұқсайық,
Қане қанат қағайық.
Қарлығаш боп ұшайық,
Ұшып - ұшып алайық

Терме диктант Бәйтерек (монументі)
Астананың орталығында көкке бой созып тұрған «Бәйтерек» – қазіргі Қазақстанның нышан - символы, қазақ халқының қайта өрлеуі мен түлеуінің, мемлекеттілігінің, биіктік пен тереңдіктің, кеңдіктің белгісі, дархандықтың көрінісі іспетті. Ол елорданың халық көп баратын жерінің бірі.
Қала, нан, бала, бақа, шопан, қалақ, қонақ, лақ.
«Ақ орда» тапсырма
Суреттердің атын атап, дыбыстық талдау жасаңдар.
Ақ Орда резиденциясы — Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциясы.
Бейбітшілік пен келісім сарайы Тапсырма «Тиінге көмектес»
Өтілген әріптерді себетке салу.
Бейбітшілік пен келісім сарайы – архитектуралық құрылыс кешені, сәулет өнерінің бірегей туындысы. Ол Астана қаласының қолдан жасалған жота үстінде орналасқан.
ҮІІІ. Жаңа сабақтан түсінгенін тексеру:
Қ қандай дыбыс?
Сөздің қай буынында жазылады?
Қала аттары қалай жазылады?
Қала тақырыбына мәтін құрау.
Сөйлем құрату.
Алмат қалада тұрады.
Қарағай тауда өседі.
ІХ. Ой қорыту
«Менің орным қайда?» ойыны
Суреттерді орналастыру.
БҮҮ стратегиясы
Рефлексия
Сендер бүгін сабақта қандай жаңа білім алдыңдар?
Қандай қызықты мағлұматтар алдыңдар?
















Сабақтың тақырыбы: Д дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға "Д д" дыбысы мен әрпін таныстыру. Д д дыбысы бар сөздерге талдау жасау, айтылуы мен жазылуын үйрету, тілін дамыту. Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Түзету: Оқушылардың д дыбыстарын дұрыс айта білуін түзету.

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру бөлімі

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

ІІ Жаңа сабақ

- Артикуляциялық жаттығулар

- Шарбақ

- күрекше

- сағат

- тосап

- күлімсіру

Жұмбақ шешу

Бhello_html_md402b13.jpgала біткен соғады
Жеңіл шарды домалақ.

Ұрсаң, ұшып жоғары
Жерге түсер домалап.
Ол не?
(Доп)









Бүгін бізд дыбысы әрпімен танысамыз.

– Д дыбысынан басталатын сөздер айтыңдаршы?

Дұрыс айтасыңдар доп д дыбысынан басталады.

– Д дыбысы дауысты ма? әлде дауыссыз ба?

Қандай текшемен белгілейміз?

Дұрыс көкпен белгілейміз дауыссыз дыбысты.

Неге? Не үшін? Ол дауыссыз дыбыс.

Қәне, д дыбысын барлығымыз айтайық.

Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады?

Дұрыс айтасыңдар дауысымыз еркін шықпайды, созылып шықпайды, бөгет болады.

Қәне, альфавит ішіндеД дыбысын табайық. (тақтадағы әріптердің ішінен 1 оқушы көрсетеді)


Сергіту сәтін орындайды

Бала, бала, балақан,

Қәне қайсы алақан.

Саусақтарың әйбәт,

Былай, былай, ойнап.

Топ – топ басайық

Жалаудан күн жасайық

Жаса – жаса жарқын күн

Жаса – жаса алтын күн.

Жазуымызды жалғастырайық.


Тақтадағы сөзжұмбақты шешейік.

-Жел толтырылған, резеңке, ойыншық (доп)

-Күй ойнайтын аспап. (домбыра)

-Оқу құралының бірі, жазу жазамыз. (дәптер)

Жазық жер, алаңқай.

-Осы шешілген сөздер қай дыбыстан басталады?

Ал, енді біз жаңылтпаш жаттайық. Доп деп, Дөп теп. (2-3 рет қайталайды)

Ал, балалар Алдаркөсеге айтыңдаршы қандай әріппен таныстыңдар?

-Д дыбысы қандай дыбыс?

-Дыбыстар нешеге бөлінеді?

Жазу дәптерімен жұмыс

Сабақты қорытындылау












































Сабақтың тақырыбы: Ы дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Ы дыбысы мен әрпін меңгерту, сөздерге дыбыстық талдау жасауға үйрету. Ы дыбысының артикуляциясын дұрыс қолданып, дұрыс айтуға үйрету. Ы дыбысының орнын анықтату, ауызша әңгімеден кейін сызбаға сәйкес сөйлемдер құрауға үйрену. Сурет бойынша әңгіме құруға үйрету;
Түзету: Оқушылардың ы дыбыстарын дұрыс айта білуін түзету.

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

- Артикуляциялық жаттығулар

- Шарбақ

- күрекше

- сағат

- тосап

- күлімсіру

ІІ Жаңа сабақ Жұмбақ шешу
Кесе, шыны, пияла
Оларсыз шай құя ма?
Қасықсыз тамақ жемейміз, 
Бәрінің атын не дейміз? (Ыдыс)

Оқулықпен жұмыс жүргізу.

Оқулық бетінің соңына қарай баспа түрінде өткен әріптер берілген. Оларды жазба түрінде дәптерге көшіріп жазу.
ы әрпіне байланысты қолды еркін жазуға жаттықтыру жұмыстары орындалады.
Оқушылар жазу дәптеріндегі ы әрпін үлгі бойынша жазады. Шырша сөзіне дыбыстық талдау жасап, сөзді көркем етіп үлгідегідей көшіреді.

Оқулықта баған түрінде берілген сөздерді тұтас оқуға жаттығу жұмыстары жүргізіледі. Ондағы мазмұнды сурет бойынша әңгіме құрастырып, оқушылар төмендегі мәтінді толықтырып оқиды.

Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді, 
Саңырауқұлақ тереді. 
Кездесті, міне, керегі: 
Екеуі қайың астынан. 
Біреуі терек қасынан. 
Қанша олар болмақ есепте, 
Тоқылған салса себетке

Бүгін біз қандай әріппен таныстық?
Арыс не суарды?
Асыл мен Ырыс кімдер?
Олар не істеді?

Жаңылтпаш жаттау

Шалшық-

Балшық-

Балшық-

Шалшық-

Балшықтан ал шық

Сабақты бекіту























































Сабақтың тақырыбы: Лл дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты: Л, л дыбысы мен әрпімен таныстыру. Ойын арқылы тілдерін, ой - өрістерін, сөздік қорларын, есте сақтау қабілетін дамыту. Л дыбысы бар сөздерді ойлап табуға, дауысты - дауыссыз дыбыстарды бір - бірінен ажыратуға, баспа түрде жазуға дағдыландыру, ойларын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу.

Түзету: Оқушылардың л дыбыстарын дұрыс айта білуін түзету.

Сабақ барысы

І Ұйымдастыру бөлімі

Психологиялық дайындық

Орманның бiз емшiсiмiз

Тоқ, тоқ, тоқ (Партаны үш рет ұрады)

Құрт бiткендi жоқ етемiз

Жоқ, жоқ, жоқ, (Қимыл көрсетедi)

Тоқ, тоқ, тоқ,

Жоқ, жоқ, жоқ

- Артикуляциялық жаттығулар

- Шарбақ

- күрекше

- сағат

- тосап

- күлімсіру

І Жаңа сабақ Өтілген дыбыстарды еске түсіру.
Ойын «сөз ойла - тез ойла»
Бүгін бізге жол дорба қонаққа келіпті.
Жол дорба бізге қандай сыйлық ала келіпті
Жеті лақ ертегісін ала келіпті.
Сендер лақты көрдіңдер ма?
Лақтың анасының аты кім?
Мен сендерге жол дорбаның әкелген ертегісін оқып берейін.
Лақ сөзін қайталап айтып көрейікші.
Қандай дыбыс естіліп тұр.
Л дыбысын айтып көру

Л дыбысына дыбыстық артикульяция жасау.
Кедергі арқылы айтылған дыбыстарды қандай дыбысқа жатқызамыз.
Л дыбысына байланысты қандай сөздер білеміз?
Жол дорбамен бірігіп тіл жаттықтыру жаттығуын жасайық.
Ра - ра келді ұшып ара
Ла - ла араның үсті ала
Сурет бойынша әңгіме.
Суретке ат қоямыз.
сурет бойынша әңгімелеу

Л дыбысын ауа арқылы жазу.
Л дыбысын баспа түрде жазып үйрену.
Тақтамен жұмыс
Сөздерді оқу.
Ойын «Кім тапқыр»

1 - ші себетке Л дыбысы бар суретті салу.
2 - ші себетке. Л дыбысы кездеспейтін суретті салу
Бүгін бізге кім келді?
Қандай ертегі ала келіпті?
Л - дыбысы қандай дыбысқа жатады?

Армысың аспан ата
Армысың жер ана
Армысың алтын күн
Бәріміз тату болайық
Бәріміз дос болайық
Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз
Ұстаздарды құрметтеп
Бас иеміз біз.

. Т. Н. Р.
Алма, тауық, нан, радио
Жеті лақ ертегісі
Ешкі
Ертегі кейіпкерлерімен танысты.
Л дыбысы
Л дыбысы кедергі арқылы айтылды.
Дауыссыз
Лаура, лақ, балық, гүл
Лаура мен лақ дос.
Дәптерімізді ашайық
Әдемі етіп жазайық.
Л Л Л
Ала, тал, ла, ал.
Тал, алдар көсе, гүл, телефон
Аю, банан т. б.
Жол дорба
Жеті лақ
Дауыссыз дыбыс

Сабақты бекіту







Сабақтың тақырыбы: Рр дыбысы мен әрпі

Сабақтың тақырыбы: балалардың Р р дыбысы мен әрпімен таныстыру. Р р дыбысы бар сөзге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету. Сауат ашу және жазу дәптеріне Р р әрпінің жазылу таңбасын үйрету. Буын туралы түсінігін кеңейту.
Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту, қызығушылығын арттыру, еркін сөйлеуге және сөздерден сөйлем құрай алуға дағдыландыру, сөздік қорын молайту.
Балаларды достыққа, мейірімділікке, тапқырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Түзету: Оқушылардың р дыбыстарын дұрыс айта білуін түзету.

Сабақ барысы

І Ұйымдастыру бөлімі

Психологиялық дайындық

Орнымыздан тұрамыз,

Алақанды ұрамыз.

Бiр отырып, бiр тұрып,

Тез шынығып шығамыз

Балалардың бір - бірлеріне жүрек жылуларын сыйлау.
Темірлан сен ұқыпты баласың. Дарина сен әдепті баласың. Шарапат сен еңбекқор баласың.
Балалардың А, Т, П, Н, Ғ - алдарында таңбалары жазылған әріптерімен шеңбердің ішінде тұрады.
Р әріпі жазылған бала А, Т, П, Н, Ғ таңбалары бар балаларға қосылмақшы болады. Р әрпінің таңбасы жазылған бала шеңберде тұрған балалардан сұрайды, сендер кімсіңдер?
«А» Алма, алмұрт егеміз
Айға сапар шегеміз
Алақай - ау алақай
«А» дыбысын білеміз
Мен «А» әріпімін

Т, П, Н, Ғ бір - бірлерінен сұрайды бізге Р әрпі керек пе? Жоқ керек емес. А әрпі ойланып тұрып неге бізге Р әрпі керек емес? Мысалы: Раушан, ара, тарақ, шар деген сөздерде р әрпі бар. А әрпі дұрыс айтады бізге Р әрпі өте қажет. Қазір біз сол Р әрпімен танысамыз. Балалар орындарына отырады. Р әрпі дауыссыз дыбыс, р әрпін айтқанда тіліміз, тісімізге тиіп р дыбысы шығады. Тісімізге, тілімізге, ернімізге кедергіге ұшырап шығатын дыбыстарды дауыссыз дыбыстар деп атаймыз. Сондықтан Р дыбысын көк текшемен белгілейміз. Қолымызға айнаны алып өзіміз айтып көреміз.
Р әрпі сөздің басында, ортасында, аяғында кезігеді. Р әрпі бар сөздерді

айтамыз. Радио, домбыра, жаңбыр, көгершін т. б
1 - тапсырма: Ара деген сөзге дыбыстық талдау жасайық а - р - а деген сөзде 2 дауысты 1 дауыссыз 3 әріп, 3 дыбыс бар.
2 - тапсырма: Р әрпі бар сөзге сөйлем құрастырайық. Сөйлем бас әріптен басталып, сөздің соңында нүкте қойылады.
Балалар сендер әріптерді өткенде соларға байланысты тақпақтар білесіңдер ме? Кім айтып береді? А, Т, П, Н дыбысына байланысты 3 - 4 бала тақпақ айтады.

6 - тапсырма:
Алдындағы тақтайшаға өткен әріптерді ризинка тарту арқылы жазамыз, оған бүгін өткен р әрпін жазу керек. Р әрпін жоғарыдан төмен таяқша етіп басынан ортасына дейін сопақша етіп жазамыз тақтаға жазып көрсету.

Артикуляциялық жаттығулар

- Шарбақ

- күрекше

- сағат

- тосап

- күлімсіру



Оқулықпен жұмыс

Сөздерді оқыту

Жекелей оқыту

Тізбектей оқыту

Дәптермен жұмыс

Р дыбысы бар сөздермен буын жазғызу.

Дәптерді ұстау ережесін еске түсіру.

Тақтаға жазып көрсету

Үлгі бойынша бастырып жазу.

Рефлексия

  • Р дыбысы қандай дыбыс?

  • Қандай сөздермен таныстық?

ІV. Бағалау.Оқушылардың білімін салыстыра отырып мадақтау
Дидактикалық ойын: Р әрпі бар сөздерді айтқанда қол шапалақтау, р әрпі жоқ сөздерді айтқанда қолдарын тығу.
Қорытындылау:
Бүгін қандай әріппен таныстық. Қандай текшемен белгілейміз?
Р әрпі дауыссыз дыбыс.
Барлық әріп бағалы.
Айтып әділ бағалы.
Әріпсіз сөз болмайды.
Буын онсыз болмайды.
Адам барлық әріпті,
Ардақтайды қолдайды.
А, Т, П, Н, Ғ әріптері бар 1 қызыл, 5 көк шарды аспанға ұшыру











Сабақтың тақырыбы: Ү дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:

1. ү дыбысы туралы түсінік теру, сөздер мен сөйлемдер оқыту.

2.дұрыс сөйлем құрастыруға, ауызша өз ойын жеткізе білу дағдысын арттыру.

3.жинақылыққа , ұқыптылыққа, әдептілікке тәрбиелеу.

Түзету: Оқушылардың ү дыбыстарын дұрыс айта білуін түзету

Сабақтың барысы

1 Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды сабаққа дайындау

Психологиялық дайындық

Ойға толып санамыз

Бестік болып бағамыз

Баласындай бір үйдің

Тату болсын арамыз

2.Өткенді қайталау

Әріп пен дыбыстың айырмашылығы неде?

Қандай дыбыспен таныстық?

Қандай жаңа сөздермен таныстық ?

3.Жаңа сабақ

Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

Үйрек десе –бірінші,

Бүйрек десе- екінші,

Бұл қайсы әріп екенін

Біреу айтып берсінші.

Артикуляциялық жаттығулар

- Шарбақ

- күрекше

- сағат

- тосап

- күлімсіру

Жаңылтпаштар

Үміт түбіт түтті

Түбітті түтіп бітті.

Оқулықпен жұмыс

Сөздермен жұмыс

Оқу, мағынасын түсіндіру

Жұмбақты шешу

Қарлығаш қандай құс

Сергіту сәті

Жел соқты гу-гу

Жаңбыр жауды тырс-тырс

Жаңбыр басылды

Күн ашылды

Дәптермен жұмыс

Ауада жазу

Баспа және жазба түрімен таныстыру

Сөздерді оқу ,жазу

Рефлексия

-Бүгінгі сабақта қандай сөздермен таныстық ?

-Нені үйрендіңдер ?

Бағалау

Оқушыларды салыстыра отырып мадақтау.

Сабақтың тақырыбы : Г дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты :1.Гдыбысы мен әрпі туралы ұғымдарын кеңейту, сөздерді оқуға, жазуға үйрету.

2.Сөздік қорларын молайту, есте сақтау қабілеттерін арттыру.

3. Бірлікке, жинақылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Түзету: Оқушылардың г дыбыстарын дұрысайта білуін түзету

Сабақтың барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды сабаққа дайындау

Психологиялық дайындық

Жолға щықтық бәріміз

Сақта жолдың тәртібін

Сапарымыз сәтті болып

Жолы болсын әркімнің.

  • Өткенді қайталау

-Г қандай дыбыс?

ане ,сөз ойла.

  • Жаңа сабақ

Егіз десек –екінші

Сегіз десек –үшінші

Бұл қайсы әріп екенін

Өзің қарап түсінші.

Г әрпі

«Ойна, тез ойла » ойынын ойнату.

Артикуляциялық жаттығулар

- Шарбақ

- күрекше

- сағат

- тосап

- күлімсіру

.

Сергіту сәті

Кіші көршім оң жақта

Үлкен көршім сол жақта

Тұрушы еді қасымда

Қайда кеткен жан-жаққа

Дәптермен жұмыс

Гдыбысына байланысты сөздік диктантын жазғызу.

Сөздерге дыбыстық талдау жасату.

4.Сабақты қорыту

андай дыбыспен таныстық?

-Неліктен дауыссыз дыбыс?

5.Рефлексия

-Бүгінгі сабақтан не үйрендің?

-Ойыңа не түйдің ?

6.Бағалау Оқушыларды салыстыра отырып мадақтау










Сабақтың тақырыбы: К дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушыларға К к дыбысымен таныстыру оның дауыссыз екенін ажыраттыру. Сөйлем құрау, сөзге дыбыстық талдау жасау. Оқушылардың сөздік қорын байыту, буындап оқуға үйрету. К әрпінің баспа және жазба әріптерін таныту.

Дамытушылық: к дыбысына байланысты сөздер ойлап табу арқылы сөздік қорларын молайту, дұрыс сөйлеу, сөйлем құрай білу дағдысын арттыру.

Тәрбиелік: Жинақылыққа, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Түзету: Оқушылардың к дыбыстарын дұрысайта білуін түзету

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

2. Үй тапсырмасын тексеру. Е е дыбысы мен әрпі.

- Оқушылар, біз қай әріптің ауылында саяхатта жүрміз? (Ее әрпі)

Олай болса,Ее әрпі туралы не білеміз?

Оқушылар тізбектей оқу арқылы 75-76 беттерді оқиды.

Жұмбақ шешу.

Таңмен көзін ашады,

Әлемге нұрын шашады.

(күн)

Қабат-қабат қатталған

Асыл сөзбен апталған.

Парағы бар сөйлейтін,

Ол қазына өлмейтін.

(кітап)

-Күн,кітап сөздері қандай дыбыстан басталып тұр? («К» дыбысынан.)

-Балалар, бүгін бізге қонаққа келген «К» дыбысының ауылына бармақшы.

К к дыбысын балалар хормен үш рет айтып, баспа және жазба түрімен танысады.

Ойын «Сөз ойла,тез ойла».

Оқушылар «К» дыбысына сөз ойлайды және буынға бөліп «К» дыбысының қай буында тұрғанын айтып береді.

Артикуляциялық жаттығулар

- Шарбақ

- күрекше

- сағат

- тосап

- күлімсіру


Дәптермен жұмыс.

А)тақтаға жазу

Ә)ауада жазу

В)дәптерге жазу

Сергіту сәті.

1.Кі-кі-кі

Бұлаңдайды түлкі.

2.Ек-ек-ек

Гүлге қонды көбелек.

3.Ек-ек-ек

Жер қазатын күрек.

- Кк дыбысы туралы не білеміз?

Ойын.

Қай әріпті жоғалттым? –еме тере- мере- -ебеж - есе шеле- бере-е те-емет.

Үйге тапсырма: К к дыбысы мен әрпі. «Кеме» мәтіні.

Рефлексия

  • Қандай дыбыспен таныстық?

  • К дыбысы қандай дыбыс?

  • Сөздің қандай жерлерінде кездеседі?

Бағалау.Оқушылардың білімін салыстыра отырып мадақтау.
























































Сабақтың тақырыбы: И дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Мектеп оқу құралдары жайлы түсінік беру.Сөйлем, сөз құрастыру дағдысын қалыптасыру.

Дамытушылық: Дұрыс сөйлеу, сөйлем құрастыру, ауызша өз ойын толық жеткізу дағдысын арттыру.

Тәрбиелік: Жинақылыққа, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Түзету: Оқушылардың и дыбыстарын дұрысайта білуін түзету

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды сабаққа дайындау

Психологиялық дайындық.

Ойға толып санамыз

Бестік болып бағамыз

Баласындай бір үйдің

Тату болсын арамыз.

Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

ІІ. Жаңа сабақ.

Көрнекілік: Әріп кассасы, суреттер, киіз үй, плакат,сөзжұмбақ т.б.

Сабақты түрі: жаңа сабақ, ертегі сабақ.

Әдістері: сұрақ-жауап, түсіндіру,ойын.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру:

2.Қайталау: кеспе әріптен көрсет: А,Т,Е,О, С, Ә,т.б.

Бүгінгі ертегі сабақ Терек ағашының қартаюы,оған торғайдың көмекке келуі.

Торғаймен біз де дәрігер іздеп көмектесейік.Ол үшін жол бойында барлық тапсырмаларды орындаймыз.

Жұмбақ шешу.

Тиында бар,

Ақшада жоқ

Қиярда бар,

Бақшада жоқ (қандай әріп)

Артикуляциялық жаттығулар

- Шарбақ

- күрекше

- сағат

- тосап

- күлімсіру


Мәнерлеп оқу:

Инемен кесте тіктім мен,

Итім келді жүгіріп.

Инелікті көрді де,

Қуып кетті ол үріп.

Ендеше оқушылар ине, ит, инелік сөздерінің басында қай дыбыс естіледі?

-Бүгінгі өтетін әріп.И .Қалай айтылады? Созылып.Дауысты дыбыс.Буын құрайды,жіңішке ,езулік.Баспаша,жазбаша таңбалары. Сөз ортасында киік, шие, кит, тиін т.б. сөздеріде келеді.

3. Торғай келе жатып, Сауысқанға кездесті.Біз көмектесеміз бе?

Плакатпен жұмыс: Инелік машина, кимешек дыбыстық талдау.

5.Сергіту сәті: Би «Қара жорға»

Дәптермен жұмыс. Мұғалімнің түсіндіруі. Ауада жазу.

Оқушылардың жазуы.

8.Қыран кездесуі:Ойын»Кім тапқыр?»Суретте и әрпі бар сөздерді көрсет.

9.Тоқылдақ кездесуі: Сөз жаз. Ине, ит, инелік.

Схема сыз. Инемен тіктім. Инелік қонды.

И дыбысы қай киіз үйге орналасады?

Рефлекция

Бүгінгі сабақта нені үйрендік?

Ойларыңа не түйдіңдер?

ІV. Бағалау.Оқушылардың білімін салыстыра отырып мадақтау.

10. Үй тапсырмасы: 85-бет оқу. Ит мәтінін жазу.









































Сабақтың тақырыбы: Ғ дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушыларға жаңа әріпті таныстыру, дыбыстық талдау жасату.

Дамытушылық: Дұрыс сөйлеу, сөйлем құрастыру, сөздік қорын байыту, буындап оқуға үйрету.

Тәрбиелік: Оқушыларды жинақылыққа, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Түзету: Оқушылардың ғ дыбыстарын дұрысайта білуін түзету

Сабақтың барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды сабаққа дайындау


Психологиялық дайындық.

Ал қанеки балалар

Қазір сабақ оқимыз

Жақсы оқып сабақты

Санамызға түйеміз.


ІІ. Өткен сабақты бекіту.

  • Біз қандай әріппен таныстық?

  • Ол қандай дыбыс?

  • Сөздің қай жерінде кездеседі?


ІІІ. Жаңа сабақ

  • Аспан әлемінде не бар?

  • Ай, күн, жұлдыз т.б.

  • Аспан әлемін тағы не деп санаймыз?

  • Ғарыш дегенде ойларыңа не келеді?

  • Ғарышкер деп кімді айтамыз?

Ғарыш сөзіне дыбыстық талдау жасау.

Артикуляциялық жаттығулар

- Шарбақ

- күрекше

- сағат

- тосап

- күлімсіру .


Сергіту сәті

Аппақ болып таң атты

Түтін тік боп шығады

Қарлығаштар қанатын

Самғап биік ұшады

Қоюланып қара бұлт

Төкті жаңбыр себелеп

Жапырақты жамылып

Бұға қалды көбелек

Дәптермен жұмыс

Дәптерімізді ашайық

Салақтықтан қашайық

Қолға қалам алайық

Әдемі етіп жазайық.

Дәптерді ұстау ережесін еске түсіру.

Әріп элементтерін ауада жазғызу

Ғ әрпінің жазба, баспа түрімен таныстыру.

Тақтаға жазып көрсету

Үлгі бойынша бастырып жазу.

Рефлексия

  • Қандай дыбыспен таныстық?

  • Ғ дыбысы қандай дыбыс?

ІV. Бағалау.Оқушылардың білімін салыстыра отырып мадақтау.


















































Сабақтың тақырыбы: У дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушыларға У дыбысы мен әрпі туралы дауысты және дауыссыз болуы туралы түсінік беру

Дамытушылық: Дұрыс сөйлеу, сөйлем құрай білу дағдысын арттыру.

Тәрбиелік: Жинақылыққа, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Түзету: Оқушылардың у дыбыстарын дұрысайта білуін түзету

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды сабаққа дайындау

Психологиялық дайындық.

Бір, екі, үш

Сынып тып-тыныш

Жалқаулықты тастаймыз

Сабақты біз бастаймыз

ІІ.Өткен сабақ

  • Л дыбысы сөздің қай жерлерінде кездеседі?

  • Л қандай дыбыс?

ІІІ. Жаңа сабақ

Оқулықтағы тақырыптық сурет бойынша әңгіме құрату

Тау, су, ақ отау, қалың ну, жайлау сөздерін қатыстыру.

Су мен тау сөздерін салыстыру.

У дыбысы әрі дауысты әрі дауыссыз екендігіне талдау жасау.

Артикуляциялық жаттығулар

- Шарбақ

- күрекше

- сағат

- тосап

- күлімсіру

. Дәптермен жұмыс

Жазу жолындағы сөздерді оқыту.

Үлгі бойынша жазғызу


Сергіту сәті

Жалғыз саусақ тіпті де

Ұстай алмас жіпті де

Екі саусақ бірікті

Ине қолға ілікті

Үш саусағым орамды

Жүгіртеді қаламды

Он саусағым өнерлі-ақ

Қала салсақ, жол салсақ.

Сабақты бекіту.

  • У дыбысы неге бірде дауысты, бірде дауыссыз?

Мысалдар келтіру, дәлелдеу.

ІV. Бағалау.Оқушылардың білімін салыстыра отырып мадақтау.










Сабақтың тақырыбы: Ң дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушыларға ң дыбысы мен әрпі туралы түсінік беру. Ол арқылы берілген сөздері оқу мен жазуға үйрету.

Дамытушылық: ң дыбысына байланысты сөздер ойлап табу арқылы сөздік қорларын молайту, дұрыс сөйлеу, сөйлем құрай білу дағдысын арттыру.

Тәрбиелік: Жинақылыққа, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Түзету: Оқушылардың ң дыбыстарын дұрысайта білуін түзету

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды сабаққа дайындау

Оқу құралдарын түгендеу

Назарларын саббаққа аударту

Психологиялық дайындық.

Қайырлы таң достым!

Қайырлы күн болсын!

Сәрсенбінің сәті,

Сәттілікке толсын!

Біздің алар бағымыз,

Кілең бестік болсын

Жаңа сабақ

Ң дыбысы бар сөздерге назар аудару

Дың-дың қоңыраумын

Дың-дың соғыламын

Дың-дың қағыламын

Мектептен табыламын.

Ң дыбысы үнді дауыссыз дыбыс.

Жаңылтпаш айтқызу.

Аңға аттаған аңшылар

Асығып атын қамшылар.

Артикуляциялық жаттығулар

- Шарбақ

- күрекше

- сағат

- тосап

- күлімсіру

.

Дәптермен жұмыс.

Ң әрпінің жазылу элементтерін түсіндіру.

Рефлексия

  • Қандай дыбыспен таныстық?

  • Ң дыбысы қандай дыбыс?

  • Сөздің қандай жерлерінде кездеседі?

Бағалау.Оқушылардың білімін салыстыра отырып мадақтау.






Тақырыбы: Е дыбысы мен әрпі.

Мақсаты:

1. Е дыбысы мен әрпін таныстыру. Е дыбысына байланысты буындар мен сөздерді оқи білуге үйрету. Сөздерге дыбыстық талдау жасауға дағдыландыру. Е дыбысының баспа түрі мен жазбаша түрін таныту. Дыбыстар арасынан Е дыбысын айыра білуге үйрету.

2. Сөздік қорларын байыту, тіл байлықтарын дамыту. Дыбыстардан сөз, сөзден сөйлем құра білуге дағдыландыру.

3. Жинақылыққа, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Түзету: Оқушылардың е дыбыстарын дұрысайта білуін түзету


Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі , сәлемдесу.

( психологиялық дайындық )

2. Өлең (хормен) Кел, балалар, оқылық!

3. Сабақтың мақсаты мен барысымен таныстыру. Бүгінгі сабаққа «Ешкі» қонаққа келді.Оның лақтарын құтқаруға көмектесейік.

Қасқырдың тапсырмалары. (1-ші лақты құтқару)

1. Өткенді қайталау сұрақтары. Дыбыс пен әріптің айырмашылығын айт.

- Дыбысты не істейміз?

- Әріпті не істейміз?

- Дыбыстар нешеге бөлінеді? (2)

- Дауыссыз дыбыстар қандай болады? (қатаң, ұяң, үнді.)

2. Тест. -Дауыссыз қатаң дыбысты тап.

-Дауысты жуан дыбысты тап. (2-ші лақты құтқару)

-Дауыссыз үнді дыбысты тап.

(тақтаға ілу)

Сергіту сәті. « Еңбек»

3. «Адасқан әріптер» (әріптерден сөз құрау)

Ң А Ы Ш --- АҢШЫ (3-ші лақты құтқару)

Р А Ң А Д ----- АҢДАР

Сөздерді буынға бөлгізу, ң дыбысы қай буында?

Сөйлем құрату

4. Жаңа сабақ. Жұмбақ шешу. Басында таяғы бар,

4 аяғы бар, 8 тұяғы бар.

Иегінде сақалы бар. Ол не?

( ЕШКІ)

Қайсысы артық? П Ғ Н 2 Ш Т

Қоян есек аю түлкі ( суреттерін көрсету)

Е Ш К І Е К І Е С Е К сөздерінде 1-ші қай дыбыс естіледі?

Е – Е – Е – Е

- Ендеше бүгін Е әрпімен танысамыз .(жазбаша, баспа түрлерін көрсету)

- Қандай түспен боялған? Қай үйге орналастырамыз? (қызыл)

Е - дауысты жіңішке дыбыс. (хормен) (4-ші лақты босату)

Артикуляциялық жаттығулар

- Шарбақ

- күрекше

- сағат

- тосап

- күлімсіру


5. Буындарды оқу. (тақтада) М Е БЕ ТЕ РЕ СЕ КЕ

Сөздерді оқу. ЕЛ Е СЕН

ЖЕЛ ЕР ЛАН (5-ші лақты босату)

ЖЕР ЕС ТАЙ

--- жекеше ме, көпше ме ?

--- адамның аты-жөні қалай жазылған?

--- адамдарға қандай сұрақ қойылады? (кім? кімдер?)

6. ДЫБЫСТЫҚ талдау. (қызыл, көк дөңгелекшелермен белгілеу)

Е М Е Н --- 2 б, 4 ә, 4 д. (6-шы лақты босату)

неше қызыл дөңгелек? * неше дауысты дыбыс?

.

7.Кітаппен жұмыс.

Мәтінді мұғалім оқиды.

Хормен оқыту (7-ші лақты босату)

Жеке оқушыларға оқыту

Мәтін бойынша сұрақтар қою.

Санау. НЕШЕ? НЕШЕУ?

1 қасқыр қасқыр біреу

1 ешкі ешкі біреу

7 лақ лақ жетеу САНАМАҚ санау

Е дыбысына байланысты ЖАҢЫЛТПАШТАР

Бекіту сұрақтары: -- Қандай дыбыспен таныстық?

- Е қандай дыбыс?

Үйге тапсырма. Емен мәтінін оқу. Сөздер ойлау.

Қорытындылау. Бағалау.

Рефлексия

  • Қандай дыбыспен таныстық?

  • Е дыбысы қандай дыбыс?

  • Сөздің қандай жерлерінде кездеседі?

Бағалау.Оқушылардың білімін салыстыра отырып мадақтау



























Сабақтың тақырыбы: З дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: З дыбысы мен әрпін таныту, ол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға үйрету

Дамытушылық: Дұрыс сөйлеу, сөйлем құрастыру, ауызша өз ойын толық жеткізу дағдысын арттыру.

Тәрбиелік: Жинақылыққа, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Түзету: Оқушылардың з дыбыстарын дұрысайта білуін түзету

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды сабаққа дайындау

Психологиялық дайындық.

Ойға толып санамыз

Бестік болып бағамыз

Баласындай бір үйдің

Тату болсын арамыз.

II Тіл дамыту. Сұрақ – жауап

- Сенің атың кім?

- Сенің фамилияң кім?

- Сен нешінші сыныпта оқисың?

- Сенің жасың нешеде?

III Өткенді қайталау

- Әріп пен дыбыстың айырмашылығы неде?

- Дыбысты естиміз, айтамыз. Әріпті көреміз, жазамыз

Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

Артикуляциялық жаттығулар

- Шарбақ

- күрекше

- сағат

- тосап

- күлімсіру

IV Жаңа сабақ

Жұмбақ жасыру.

Өнерде бар,

Талапта жоқ.

Өрмекте бар,

Оюда жоқ. (Ө)

Құралы әрі ермегі –

Тоқитұғын өрмегі. (Өрмекші)

Өжіңішке, еріндік, ашық, дауысты дыбысты таңбалайтын әріп. Бұл әріп көбінесе сөздің бірінші буынында кездеседі.


Сергіту сәті:

Қолды белге қояйық,

Басты оңға бұрайық,

Басты солға бұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Бір тотырып, бір тұрып.

Біз демалып қалайық.

Дәптермен жұмыс.

Үлгіні басып көрсету үлкен және кіші ө әрпін көрсетіп, таныстыру, Ө әрпінің баспа түрі мен жазба түрін салыстыру.

Дәптерімізді ашайық

Қолға қалам алайық.

Түп-түзу боп отырып,

Көркем етіп жазайық.

Оқылған дауысты дыбыстарды (а,у,о,ы,ұ,е,і,ә,и) еске түсіріп жазу.

Рефлекция

Бүгінгі сабақта нені үйрендік?

Ойларыңа не түйдіңдер?











































Сабақтың тақырыбы: Ө дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ө дыбысы мен әрпін таныту, ол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға үйрету

Дамытушылық:Ө дыбысы қатысты жаңа сөздерді білдіру арқылы оқушылардың жалпы ой- өрісін, тілін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, оны қорғауға тәрбиелеу.

Түзету: Оқушылардың ө дыбыстарын дұрысайта білуін түзету

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды сабаққа дайындау

Оқу құралдарын түгендеу.

Назарларын сабаққа аудару.

Психологиялық дайындық.

Ойға толып санамыз

Бестік болып бағамыз

Баласындай бір үйдің

Тату болсын арамыз.

Артикуляциялық жаттығулар

- Шарбақ

- күрекше

- сағат

- тосап

- күлімсіру


ІІ.Өткен сабақты пысықтау.

за, зы, зе буындарын қатыстырып, ауызша сөз құрастыру.(таза, қозы, Зере, зығыр).

Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Артикуляциялық жаттығулар

- Шарбақ

- күрекше

- сағат

- тосап

- күлімсіру

Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрамыз,

Қолды белге қоямыз.

Бұрыламыз оңға бір,

Бұрыламыз солға бір,

Бір отырып, бір тұрып,

Бір тынығып аламыз.

Алақанды соғамыз,

Орнымызды табамыз.

Дәптермен жұмыс.

Үлгіні басып көрсету үлкен және кіші ө әрпін көрсетіп, таныстыру, Ө әрпінің баспа түрі мен жазба түрін салыстыру.

Дәптерімізді ашайық

Қолға қалам алайық.

Түп-түзу боп отырып,

Көркем етіп жазайық.

Оқылған дауысты дыбыстарды (а,у,о,ы,ұ,е,і,ә,и) еске түсіріп жазу.

Рефлекция

Бүгінгі сабақта нені үйрендік?

Ойларыңа не түйдіңдер?



Сабақтың тақырыбы: Г дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:

1. Г дыбысы мен әрпі туралы түсінік беру.

2.Сауатты ,буындап оқу, жазу дағдысын сөздік қорларын арттыру.

3. Жинақылыққа, ұқыптылыққа ,әдептілікке тәрбиелеу.

Түзету: Оқушылардың г дыбыстарын дұрысайта білуін түзет


Сабақтың барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды сабаққа дайындау

Қайырлы таң достым

Қайырлы күн болсын

Күннің бәрі

Сәттілікке толсын

Біздің алар бағамыз,

Кілең бестік болсын.

Артикуляциялық жаттығулар

- Шарбақ

- күрекше

- сағат

- тосап

- күлімсіру


2.Өткен сабақты еске түсіру

- Балалар біз қандай дыбыспен таныстық ?

дыбысы қандай дыбыс?

- Қандай сөздермен таныстық?

3.Жаңа сабақ

Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

Гүлзарда гүлдер гүлдеді,

Гүлдеген Гүлзарда

Гүжілдеген аралар гуілдеді.

Г дыбысы бар сөздерді ата.

Гдыбысының айтылуына қарай дауыссыз дыбыс екенін дәлелдеу.


Жан Рай

Нұр Ай

Сөздер құратып жазғызу .

Оқулықпен жұмыс

-Гүлді көргенде қандай күйде боласың?

-Оны кімге сыйлайсың?

«Гүл» сөзіне дыбыстық талдау жасату

Сөздерді оқыту мағынасын түсіндіру.

Өлеңді мәнерлеп оқыту мазмұнын түсіндіру.

Сергіту сәті

Жел соқты гу-гу

Жаңбыр жауды тырс-тырс

Жаңбыр басылды.

Күн ашылды.

Дәптермен жұмыс

Г әрпінің элементтерін жазып көрсету.

Баспа және жазба түрімен таныстыру.

4 .Сабақты қорыту

андай дыбыспен таныстық ?

-Сөздер ойлату

-Г дыбысы сөздің қай буындарында кездеседі?

5.Рефлексия

-Бүгін біз не істедік?

-Ойыңа не түйдің?



Сабақтың тақырыбы:Х дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:1.Х дыбысы мен әрпі туралы түсінік беру,сөздерді оқуға ,жазуға үйрету.

2.Өз ойларын толық жеткізе білуге , дұрыс сөйлеуге ,сөйлем құрастыра білуге дағдыландыру.

3.Жинақылыққа ,ұқыптылыққа тазалыққа тәрбиелеу.

Түзету: Оқушылардың х дыбыстарын дұрысайта білуін түзету

Сабақтың барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды сабаққа дайындау.

Психологиялық дайындық.

Ойға толып санамыз

Бестік баға аламыз

Баласындай бір үйдің

Тату болсын арамыз

Артикуляциялық жаттығулар

- Шарбақ

- күрекше

- сағат

- тосап

- күлімсіру


2.Өткен сабақты еске түсіру

- Юдыбысы қандай дыбыс ?

-Бұл дыбыс сөздің қай жерлерінде кездеседі?

3.Жаңа сабақ

Жұмбақ шешкізу

«Қарада»жоқ, «ханда» бар,

«Қағазда» жоқ,хатта бар.

Кәне ойланып көрейік,

Бұл әріпті кім табар?

Х дыбысы

Хан , хат сөзінде неше дыбыс, неше әріп бар екенін анықтау.

Х дыбыс.қандай дыбыс?

Дыбыстап айтып көру, айтылуына қарай қандай дыбыс екенін анықтау.

Х дыбысы бар сөз ойлату

Оқулықпен жұмыс

Суретпен жұмыс

«Кітапхана» мәтінін оқу мазмұнын түсіндіру.

Сөздердің мағынасын ашу.

Дәптермен жұмыс

Х дыбысының жазба және баспа түрімен таныстыру.

Сөздер жазғызу,талдау жасату

Х мен Қ әріптерін салыстырту, айырмашылығын айту.

«Кім жылдам?» ойынын ойнату .

Рефлексия

-Х дыбысына байланысты қандай сөздермен таныстық?

-Бүгінгі сабақта нені үйрендік?














Сабақтың тақырыбы: Һ дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты:

1. Һ дыбысы мен әрпі туралы түсініктер беру.

2.Сауатты ,буындап оқу, жазу дағдысын сөздік қорларын арттыру.

3. Жинақылыққа, ұқыптылыққа ,әдептілікке тәрбиелеу.

Түзету: Оқушылардың һ дыбыстарын дұрысайта білуін түзету

Сабақтың барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды сабаққа дайындау

Қайырлы таң достым,

Қайырлы күн болсын.

Күннің бәрі

Сәттілікке толсын

Біздің алар бағамыз,

Кілең бестік болсын.

Артикуляциялық жаттығулар

- Шарбақ

- күрекше

- сағат

- тосап

- күлімсіру


.2. Өткен сабақты еске түсіру

- Балалар біз қандай дыбыспен таныстық ?

-Х дыбысы қандай дыбыс?

- Қандай сөздермен таныстық?

3, Жаңа сабақ

Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

дыбысы дауыссыз дыбыс екенін дәлелдеу.

Сөздер құрату .. Гауһар, жиһаз, Қаһарман. Һ дыбысы бар сөздерді ата.

Оқулықпен жұмыс

Айдаһарды көргенде қандай ойда боласың?

-Ол туралы қайдан естідің ?

Айдаһар сөзіне дыбыстық талдау жасату.

«Қаһарман» мәтінін оқыту мазмұнын түсіндіру..

Сергіту сәті

Жел соқты гу-гу

Жаңбыр жауды тырс-тырс

Жаңбыр басылды.

Күн ашылды

Дәптермен жұмыс

Һ әріпінің жазылу элементтерін жазғызу. Ауада жазу.

4 .Сабақты қорыту

- Һ қай буындарында кездеседі?

- Һ қандай дыбыс?

5.Рефлексия

-Бүгін біз не істедік?

-Ойыңа не түйдің?














Сабақтың тақырыбы:.В дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты: 1.В дыбысы мен әрпімен таныстыра отырып,оның дауыссыз екенін түсіндіру.

..2.Сөздік қорларын молайту, есте сақтау қабілеттерін арттыру.

3. Бірлікке, жинақылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Түзету: Оқушылардың в дыбыстарын дұрысайта білуін түзету

Сабақтың барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды сабаққа дайындау

Психологиялық дайындық

Жолға щықтық бәріміз

Сақта жолдың тәртібін

Сапарымыз сәтті болып

Жолы болсын әркімнің.

Артикуляциялық жаттығулар

- Шарбақ

- күрекше

- сағат

- тосап

- күлімсіру


2.Өткенді қайталау..

-Һ дыбысы қандай дыбыс?

андай сөздермен таныстық?

3.Жаңа сабақ

Жұмбақ шешкізу

Қосылса 13

Арасы,

Қандай әріп,

Қарашы? (В)

Суретпен жұмыс

-Суретке қарап не айтар едіңдер?.

«Вокзал»мәтінін оқу мазмұнын ашу.

Сөздерге түсінік беру.

Сергіту сәті

Кіші көршім оң жақта

Үлкен көршім сол жақта

Тұрушы еді қасымда

Қайда кеткен жан-жаққа

Дәптермен жұмыс

В әрпінің баспа және жазба түрімен таныстыру..

4.Сабақты қорыту

андай дыбыспен таныстық?

-В дыбысы қандай дыбыс ?

5.Рефлексия

-Бүгінгі сабақтан не үйрендің?

-Ойыңа не түйдің ?















Сабақтың тақырыбы:Ф дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты :

1.Ф дыбысы мен әрпін таныстыру, сөздерді оқып жазуға үйрету

2. Оқушылардың жалпы ой-өрісін ,тілін,танымын дамыту.

3.Табиғатты қорғауға, жинақылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Түзету: Оқушылардың ф дыбыстарын дұрысайта білуін түзету

Сабақтың барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды сабаққа дайындау.

Психологиялық дайындық.

«Қайырлы күн» деп айтамыз

Түсте бірге қайтамыз

Отбасының гүліміз

Көңілді өтер күніміз

Артикуляциялық жаттығулар

- Шарбақ

- күрекше

- сағат

- тосап

- күлімсіру


2.Өткенді қайталау

-Дыбыс және әріп деп нені айтамыз?

-Дауысты дыбыс деп нені айтамыз?

.3.Жаңа сабақ Жұмбақ шешу

Қос бүйірін таянып,тұратын қай әріп ?(Ф)

Ф-ның екі көзі бар,

«Футбол» деген сөзі бар.

Сөз арасынан таныс емес дыбысты табайық. –

Ол қандай дыбыс ?

-Ф дыбысы

Ф дыбысының баспа және жазба түрімен таныстыру.

Ф дыбысы бар сөздерден мысалдар келтіру.

«Футбол» сөзіне дыбыстық талдау

Суретпен жұмыс

Сөздерді оқыту мағынасын түсіндіру.

«Футбол, Әл-Фараби» өлеңін мәнерлеп оқу.

Сергіту жаттығу.

Көжектерім тұршы,беттеріңді жушы

Айнаға қарашы,шашыңды тарашы,

Мектепке қарай жүрші,орныңа отыршы

Сабағыңды оқышы

Дәптермен жұмыс .

Дәптердегі үлгіні жазғызу

Сөздерді жазғызу.

Суретпен жұмыс

Сурет бойынша әңгіме құрату.

«Кім шапшаң?» ойынын ойнату.

Берілген дыбыстардан сөз құрастырту.

4.Сабақты бекіту.

андай дыбыспен таныстық?

-Ф дыбысының ерекшелігі неде?

андай сөздермен таныстыңдар?

5. Рефлексия

Сабақ ұнады ма?







Сабақтың тақырыбы: Түбірдің соңғы дыбысы ұяң немесе үнді болып келуі

Сабақтың мақсаты: Білімділік : дауыссыз ұяң, ұнді дыбыстарды ажырата білуін , білім, білік, дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық: логикалық ойлауын, сөздік қорын , тіл байлығын анық артикуляциялық дұрыс қоюын дамыту

Тәрбиелілік: дауыссыз дыбыстарды ажыратып, оларды анық айтуға тәрбиелеу

Түзету: Оқушылардың дыбысталуы дұрысемес дыбыстарды түзетіп, артикуляциясын дұрыс қою

Сабақтың барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды сабаққа дайындау.

Психологиялық дайындық.

«Қайырлы күн» деп айтамыз

Түсте бірге қайтамыз

Отбасының гүліміз

Көңілді өтер күніміз

Артикуляциялық жаттығулар

- Шарбақ

- күрекше

- сағат

- тосап

- күлімсіру



ІІ Жаңа сабақ

hello_html_111fdcc5.gifhello_html_m15c74a3c.gifДауыссыз дыбыстар


Б,в,г,д,ғ,ж,з р,л,м,н,ң

Ойын «Қателеспей қайтала »

Аз, иж, ағ, ар, ал, аң, нан

Ертегі оқу Дауыстап. Артикуляциясын дұрыс, анық қоюын қадағалау.

Ө.б.ж Сурет бойынша әңгіме құрау Дауыссыз қатаң, ұяң, үнді дыбыстарына аяқталған мысалды дәптерге жазу.

Жаңылтпаш жаттау

Шалғысаптап

Шөп шап

Шөпшапсаң, көп шап

Сабақты бекіту









Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз ұяң және үнді дыбыстарға жаттығулар ды қайталау.

Сабақтың мақсаты: дауыссыз ұяң, ұнді дыбыстарды ажырата білуін , білім, білік, дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық: логикалық ойлауын, сөздік қорын , тіл байлығын анық артикуляциялық дұрыс қоюын дамыту

Тәрбиелілік: дауыссыз дыбыстарды ажыратып, оларды анық айтуға тәрбиелеу

Түзету: Оқушылардың дыбысталуы дұрысемес дыбыстарды түзетіп, артикуляциясын дұрыс қою

Сабақтың барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды сабаққа дайындау.

Психологиялық дайындық.

«Қайырлы күн» деп айтамыз

Түсте бірге қайтамыз

Отбасының гүліміз

Көңілді өтер күніміз

Артикуляциялық жаттығулар

- Шарбақ

- күрекше

- сағат

- тосап

- күлімсір

Жаңа сабақ Жаңылтпаш жаттау



Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy



Краткое описание документа:

Сабақтың тақырыбы: Б-П дыбыстарының емлесі

Сабақтың мақсаты : Білімділік: дыбыстарды ажыратуға

Тәрбиелілік: әдемі, сөйлеуге, анық сөйлеуге тәрбиелеу.

Дамыту: Сөздік қорын , тілбайлығын дамыту.

Түзету: Оқушылардың б-п дыбыстарын дұрысайта білуін түзету.

Сабақ барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Психологиялық дайындық

- Артикуляциялық жаттығулар

  • - Шарбақ
  • - күрекше
  • - сағат
  • - тосап
Автор
Дата добавления 13.05.2015
Раздел Русский язык и литература
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров799
Номер материала 278096
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх