1103905
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
+Добавить материал
и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Дистанционные курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации для педагогов

Дистанционные курсы для педагогов - курсы профессиональной переподготовки от 1.410 руб.;
- курсы повышения квалификации от 430 руб.
Московские документы для аттестации

ВЫБРАТЬ КУРС СО СКИДКОЙ ДО 90%

ВНИМАНИЕ: Скидка действует ТОЛЬКО до конца апреля!

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности №038767 выдана ООО "Столичный учебный центр", г.Москва)

ИнфоурокНачальные классыДругие методич. материалыБір модуль қалай енгізілді?

Бір модуль қалай енгізілді?

библиотека
материалов
Скачать материал целиком можно бесплатно по ссылке внизу страницы.

Даярлық топ мұғалімі Мухамедиярова Шынар Жақсыкелдіқызының тізбектелген сабақтар топтамасына Бағдарламаның бір модулі қалай және неге енгізілгені туралы бір рефлексивтік есеп .





Выготский білім беру моделі оқушының диалог құру нәтижесінде білім алады деп жорамалдайды. Соңдықтан, оқушыны білім деңгейін дамытуға әлеуметтік қолдау көрсетуде мұғалімнің рөлі ерекше. Оқушылардың көбірек білетін басқа адамдармен, әрине, бұл рөлдерде сыныптаста болмақ. Талданатын идеялар оқушы түсінігінің нақты бөлігі болмағанымен, ЖАДА аясында қарастырылғандықтан білім беру табысты болмақ. (1) деген пікірлер ойландыра бастады.

Сол себептен мен мектептегі тәжірибемде көбіне диалогтік оқытуды қолдандым. Әсіресе, белгілі тақырыпты болжау, ашу, қайталау кезендеріне анық байқалды. Сабақ барысы, яғни 30 минуттың 20 минуты диалог арқылы өтті десем, артық болмас. Себебі сабақты бастаған кезден бастап, сабақ соңына дейін оқушы мен оқушы, оқушы мен топ, оқытушы мен оқушы және кері қарым-қатынастар болып жатты. Мысалы, бірінші сабағымды алатын болсақ, тақырыпты ашу үшін, құстар бейнеленген суретті көрсетіп , «Сурет бойынша ойларыңыз қандай?», «Онда не бейнеленген?», біз бүгін не туралы әңгімелесеміз?» деп сабаққа кірістім.

Мерсер және Ходжкинсон (2008) зерттеулері Барнстың ертеректегі жұмысына негізделе құрылып, білім беру барысындағы диалог атқаратын негізгі рөлге назар аударуды мақсат етеді. Қазірдің өзінде сыныптағы оқушылардың бірлескен сұхбаты үлкен пайда келтіретіндігін көрсететін жеткілікті дәлелдер бар. Олар:

  • оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік береді;

  • басқа адамдарда түрлі идеялардың болатындығын оқушылардың түсінулеріне көмектеседі;

  • оқушылардын өз идеяларын дәлелдеуіне көмектеседі;

мұғалімдерге оқушыларға білім беру барысында олардың оқушылары қандай деңгейде екендігін түсінуге көмектеседі. (2)

Жоғарыда айтылып өткен дәлелдер оқушылардың топтық жұмыстарында айқын байқалды. Мысалы, екінші сабағымда оқушылар бір-бірінің идеясын тыңдап, ортақ бір шешімге келіп, өзара келісе білді, және сол идеяларды дәлелдеп, сыныптастарының алдында тек өзінін ойын ғана емес, топтың да ой толғанысын жеткізе білді. Әрине оның бәрі сөз арқылы, яғни диалог арқылы жүзеге асты. Әңгіме , ертегі кездерінде де сұхбат, сұрақ жауап арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын анықтауға болады. Мысалы, бір сабағымда белгілі ертегіні өз беттерімен ата аналарының көмегімен дайындап келуге тапсырдым. Келесі сабақта сол тапсырманы орындағанын және түсінгенін тексеру мақсатында, сұрақ-жауап арқылы «Дәл тауып айт» ойыны түрінде бақылай бастадым. Сонда, оқушылардың үйдегі дайындығы қаншалықты сапалы түрде орындалдалғаны анық көрінді. Себебі, біреулері жауап беріп жатса, екіншілері сол жауапты іздеу барысында болды. Ал, менің күтілетін нәтижем мүлдем басқа болды.

Осы аталып кеткен жұмыс түрлері Барнс пен Мерсердің «зерттеушілік әңгіме» туралы ойларынан да байқауға болады. Олардың айтуы бойынша, зерттеушілік әңгіме барысында оқушылар өз сыныптастарымен шағын топтарда жұмыс істейді. Оларда ортақ проблема болады, бұл мәселе бойынша бірлескен түсінік қалыптастырады; идеялармен пікір алмасып, бір бірінің идеяларын талқылайды, баға береді; ұжымдық білім мен түсінікті қалыптастырады. Басқаша айтқанда, оқушылар бірге ойланады. Оқушылар зерттеушілік әңгімеге тартылғанда, өз ойларын дауыстап, айтады; болжамдар ұсынып, талқылайды. Талқылау кезінде олар «мүмкін», «егер», «бәлкім» деген сияқты сөздерді қолданып, өз идеясын дәлеледеу үшін «сондықтан» деген сөзді пайдаланып, топ тарапынан қолдау қажет болғанда «Солай емес пе?» деген сұраққа сүйенеді депті. (3)





Бағалаудын өзі зерттеушілік әңгіме барысында жүзеге аспайды ма? Мысалы, « Менің отбасым » тақырыбында ой қозғаған кезде «Егер мен отбасым туралы әдемі әңгіме құрасам бес алар едім, бірақ мен өзіме бүгінгі сабағыма төрт қоямын» деп сабаққа белсенді қатысқан оқушы, өзінің біліміне сенімсіздікпен қараса, «Сіздер осы бағамен келісесіздер ме?» деп сыныптастарының пікірін сұраған едім, олар «Келіспейміз, себебі, сен сабақ бойы өзінді көрсете біліп, әрдайым жауап беріп отырдың» деп өздерінің ой тұжырымдарын ортаға салып, пікірлерін айтты. Сол арқылы оқушылар тек қана әңгімелесіп қойған жоқ, олар бірін-бірі ынталандыра түсті. Және бұл жердегі диалог, оқулықтағы диалог үлгісінен қарағанда мың есе артық. Себебі, ол диалогтің өмірмен байланысы басым, яғни жаттанды диалогті күнделікті өмірде қалай қолданам десең, ойынан еркін шығатын диалог түрі оқушыларды өмірге бейімдейді.

Ойлана келе, жеті модульдің негізі диалогтік оқытуда болып отыр деп шештім. Себебі, сабақ барысында сұрақ қоюдың әдісі, дәстүрлі сабақтардағы әдістен анағұрлым ерекшеліктері бар. Сұрақтарды қойғанын өзінде көп ойланып, проблемалық сұрақтар қоюға тырыстым. Мысалы, өлеңді , ертегіні тыңдатып, «Бұл өлеңде, ертегіде қандай сөздер қолданылған?» деп сұрадым. Оқушылардың жауаптарын тыңдай отырып, сызба түрінде көрсетіп және айтқан кезде жауаптарын өзім қайталап отырдым. Жауаптарды қайталаған мақсатым біріншіден сөзді дыбыстауларын түзету және сол жауаптын дұрыстығын дәлеледеу мақсатында қолдандым. Соңында, бірлесе жасаған нәтиже арқылы қайталап, пысықтап шықтық.

Әрине, диалог арқылы тіл дамыту өте күрделі іс. Біріншіден, тіл кедергісі, екіншіден сөздік қорларының жетіспеушіліктері. Ойлана отырып, бала тілімен ойын жеткізу де оңай емес. Бірақ, мектептегі тәжірибемнің нәтижесі бойынша,бұл қөзқарасымды өзгерттім. Қысқа мерзімді тәжірибемде алдыма қойылған мақсаттарыма толықтай қол жеткіздім деп айта алмаймын. Себебі, әлі де толықтыратын, өзгертетін, үйренетін, салыстыратын, ой толғанысынан өткізетін жағдаяттар өте көп.Өйткені менің сыныбым даярлық топ қой .Бірақ даярлық топ болғанына да қуанамын , өйткені Кембридж программасының іргетасын дәл осы жастан бастау керек деген ойдамын . Егер мені екінші бетке-бет кезенінең кейін, тым болмаса бір аптаға мектептегі тәжірибеге жіберсе, онда менің сабақтарым мүлде басқа түрде өтеді деп ойлаймын.



Білім беруді диалогтік тәсілмен дамытудағы сұрақтардың маңызын қарастыратын болсақ, сұрақ қою арқылы мұғалім оқушыларды тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталандырады; оқушылардың шынайы қызығушылығы мен сезімдерін анықтайды; білімге құштарлықты дамытады және зерттеуге ынталандырады; оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына ықпал етеді; оқушыларға білімін қалыптастыруға және вербалдандыруға көмектеседі; білім беруді қиындататын қиындықтар мен түсінбестіктерді анықтайды. Тіл дамыту пәнінде бұрынғы сабақтарда тақырыпты мазмұндай алмаған оқушылар тәжірибе кезінде жетекші сұрақтар арқылы қалай сөйлеп кеткенін өздері де байқамай қалды. Зерттеуге алынған оқушы диалогтік оқытудың нәтижесінде Даяна толық, мазмұнды сұрақ дайындауға үйренді. Ал Айзат өз ойын білдіруде басқа балалармен таласып, ашық мәнді сөйлейтін болды. Аяжан болса тәртіпті болып, сабаққа ұқыптылықпен дайындалып, берілген тапсырма бойынша өз ойын ашық айтып сөйлейтін болды.

Ойсыз - тілдің қажеті жоқ. Тіл қарым-қатынас жасау үшін ең басты құрал. Ал оны білім саласында қарастырсақ, ол оқытуда және оқып-білуде негізгі рөл атқарады.

Мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынас диалог не әңгімелесу ретінде болып табылады. Бразиялық педагог Фриери айтқандай «Әр адам оқу үдерісінде сыни тұрғыда қатысатын, басқа адамдармен диалогтік әңгімелесуге қабілетілігіне негізілденген». Оның пікірі бойынша, мұғалім білімді тауып дамыту арқылы тереңдетуге бағытталған көзқарас тұрғысынан оқушылармен диалогқа түсу ( 20007ред., 43-б). Осы пікірді алғаш рет Л.С.Выготский ұсынып, оқу үдерісінде диалогқа басты рөлді берді. Ол білім беру моделі оқушының диалог құру нәтижесінде білім алады деп жорамалдайды. Әлеуметтік қолдау ретінде мұғалім оқушының білім денгейін дамытуға көп үлес қосады. Оқушы сыныптастары мен мұғаліммен байланыста болып, диалог жүргізу мүмкіндігі болған кезінде, білім беру мен білім алу жеңіл болады. (1)

Солардың пікірлерімен мен де толық келісемін. Қашықтан оқу кезіңдегі тәжірибеме жеті модуль бағдарламасын енгізу және осы практикада өткізілген мұғалімдердің тәжірибесінде де диалогтік оқыту сабақ барысының ең маңызды бөлігі ретінде табылды. Мұғалім мен оқушылардың бір-бірімен сөйлесуі, ұялмай ескертулерді айтуы, өз пікірлерін қысылмай білдіріп, пікір алмасуда өздерін шынайы ашу оған дәлел.



Оқушылардың бірлескен сұхбатында дарынды мен талантты оқушылар топ арасында басқаларға өздерін көмектерін тигізіп, өз идеяларын ортаға салып, білім үдерісін алға жылжытып , нәтижеге жету үшін күшін жұмсады. Пікір алмасып, бірлесе істеген жұмыста басқа ашылмай қалған, тұйық оқушылар да жұмыстан тыс қалмай тең құқылы серіктестер болды. Диалогты оқыту олардың қызығушылығын артады, бір-бірінен үйренуіне ықпал етеді.

Сабақ үдерісінде бағыт бере отырып, сұрақтарға жауап беру үшін ойлануға, өз жауаптарын түзетуге, нақтылауына және оны дайындауға біраз уақыт пен мүмкіндік беріп отырдым.


Қорыта айтқанда оқушылардың білетіндігін және білмейтіндігін анықтау үшін жақсы қарым-қатынастық, тілдік дағдылар және түсіністікпен қарау талап етіледі. Мұғалімдер қолданысындағы оқушылар қысқа жауап беретін сұрақтармен салыстырғанда, диалогтік сұхбаттасу мұғалімдер де, оқушылар да білім алуға қомақты үлес қосатын өзара іс-қимылдың шын мәніндегі тиімді түрі болып табылады.



Сілтемелер:

  1. Сыныптағы диалогтің маңыздылығы. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық.38 бет.

  2. Сыныптағы диалогтің маңыздылығы.Мұғалімдерге арналған нұсқаулық.38-39 бет.

  3. Зерттеушілік әңгіме. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық.40 бет.
















































Краткое описание документа:

Выготский білім беру моделі оқушының диалог құру нәтижесінде білім алады деп жорамалдайды. Соңдықтан, оқушыны білім деңгейін дамытуға әлеуметтік қолдау көрсетуде мұғалімнің рөлі ерекше. Оқушылардың көбірек білетін басқа адамдармен, әрине, бұл рөлдерде сыныптаста болмақ. Талданатын идеялар оқушы түсінігінің нақты бөлігі болмағанымен, ЖАДА аясында қарастырылғандықтан білім беру табысты болмақ. (1) деген пікірлер ойландыра бастады.   

                                                                                                                                                           

Сол себептен мен мектептегі тәжірибемде көбіне диалогтік оқытуды қолдандым. Әсіресе, белгілі тақырыпты болжау, ашу, қайталау кезендеріне анық байқалды. Сабақ барысы, яғни 30 минуттың 20 минуты диалог арқылы өтті десем, артық болмас. Себебі сабақты бастаған кезден бастап, сабақ соңына дейін оқушы мен оқушы, оқушы мен топ, оқытушы мен оқушы және кері қарым-қатынастар болып жатты.                                                                            Мысалы, бірінші сабағымды алатын болсақ, тақырыпты ашу үшін, құстар бейнеленген суретті көрсетіп , «Сурет бойынша ойларыңыз қандай?», «Онда не бейнеленген?», біз бүгін не туралы әңгімелесеміз?» деп сабаққа кірістім.  

                                                            

    Мерсер және Ходжкинсон (2008) зерттеулері Барнстың ертеректегі жұмысына негізделе құрылып, білім беру барысындағы диалог атқаратын негізгі рөлге назар аударуды мақсат етеді. Қазірдің өзінде сыныптағы оқушылардың бірлескен сұхбаты үлкен пайда келтіретіндігін көрсететін  жеткілікті дәлелдер бар. Олар:                                                

·         оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік береді;                                        

·          басқа адамдарда түрлі идеялардың болатындығын оқушылардың түсінулеріне көмектеседі;                                                                                                                     

·         оқушылардын өз идеяларын дәлелдеуіне көмектеседі;                                

 

мұғалімдерге оқушыларға білім беру барысында олардың оқушылары қандай деңгейде екендігін түсінуге көмектеседі. (2)    

Общая информация

Номер материала: 488784

Вам будут интересны эти курсы:

Курс профессиональной переподготовки «Организация образовательного процесса для обучающихся с ограниченными возможностями здоровья»
Курс повышения квалификации «Организация проектно-исследовательской деятельности учащихся в рамках реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Использование мини-проектов в школьном: начальном, основном и среднем общем и среднем профессиональном естественнонаучном образовании в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Воспитание и социализация учащихся в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Профессиональная компетентность педагогов в условиях внедрения ФГОС»
Курс повышения квалификации «Система образовательной организации в начальном общем образовании в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО»
Курс повышения квалификации «Мотивационное сопровождение учебного процесса младших школьников «группы риска» в общеобразовательном учреждении»
Курс повышения квалификации «Содержательные аспекты профессионального и личностного развития педагогических работников в рамках реализации профессионального стандарта»
Курс повышения квалификации «Система работы учителя-дефектолога при обучении и воспитании детей с особыми образовательными потребностями (ООП) в общеобразовательном учреждении»
Курс повышения квалификации «Организация рабочего времени учителя начальных классов с учетом требований ФГОС НОО»
Курс повышения квалификации «Методика преподавания курса «Шахматы» в общеобразовательных организациях в рамках ФГОС НОО»
Курс повышения квалификации «Сурдопедагогика: организация обучения, воспитания, коррекция нарушений развития и социальной адаптации глухих, слабослышащих, позднооглохших обучающихся в условиях реализации программы Ф
Курс повышения квалификации «Формирование и развитие ключевых компетенций школьников в интересах устойчивого развития региона»
Курс профессиональной переподготовки «Музыка: теория и методика преподавания в сфере начального общего, основного общего, среднего общего образования»
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.