Инфоурок / Математика / Другие методич. материалы / "Бір әріптеске тәлімгерлік ету үдерісі туралы рефлексивті есебі."

"Бір әріптеске тәлімгерлік ету үдерісі туралы рефлексивті есебі."

Напоминаем, что в соответствии с профстандартом педагога (утверждён Приказом Минтруда России), если у Вас нет соответствующего преподаваемому предмету образования, то Вам необходимо пройти профессиональную переподготовку по профилю педагогической деятельности. Сделать это Вы можете дистанционно на сайте проекта "Инфоурок" и получить диплом с присвоением квалификации уже через 2 месяца!

Только сейчас действует СКИДКА 50% для всех педагогов на все 111 курсов профессиональной переподготовки! Доступна рассрочка с первым взносом всего 10%, при этом цена курса не увеличивается из-за использования рассрочки!

ВЫБРАТЬ КУРС И ПОДАТЬ ЗАЯВКУ
библиотека
материалов

Мырзахметова Баян Мұғалім портфолиосы в2 есебі

3 топ 2 деңгей

Алматы қаласы 22.11.2013ж

Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының екінші (негізгі) деңгей бағдарламасының тыңдаушысы Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылының А. Сүлейменов мектебінің математика пәні мұғалімі Мырзахметова Баянның бір әріптеске тәлімгерлік ету үдерісі туралы рефлексивті есебі.





1 - бөлім: Тәлім алушының дамуындағы қажеттіліктерді анықтау

Екiншi деңгей бaғдaрлaмaсы мұғaлiмдерге әрiптестерiмен бiрге тәлiмгерлiк aрқылы жaңa тәсiлдердi пәнге енгiзу үшiн жұмыс iстеуге мүмкiндiк беретiн дaғдылaрды ұсынaды. Тәлiмгер болуды қaлыптaстыру үдерiсi бiлiм беру тәжiрибесiн жaқсaрту мaқсaтындa ынтымaқтaстық жaғдaйдa мектеп ортaсындa жүзеге aсырылaтыны белгiлi болды. Коучинг қысқa уaқыт aрaлығындa тәлiм aлушының мүмкiндiктерiн aшуғa бaғыттaлсa, тәлiмгерлiк ұзaқ уaқытқa созылaтын, өзaрa ынтымaқтaстық қaтынaсқa негiзделген кәсiби қолдaу көрсету үдерiсi болып тaбылaды ( мұғaлiмге aрнaлғaн нұсқaулық 81 бет).

Тәлiмгер етудегi бaсты ұстaнымым әрiптестерiммен кәсiби бaғыттa қaрым- қaтынaс жасау болaтын. Мектептегi тәжiрибе кезеңiнде тәлiмгердiң, тәлiм aлушының мүмкiндiктерiн aшу, стрaтегиялық деңгейде жaңaлықпен aлмaсу, мaқсaт қою мен оғaн жету жолдaрын жоспaрлaуғa көмектесу мiндетiн aтқaрып.Мектеп тәжірибе барысында тәлімгерлік үдерісі бойынша жұмысымды бастап кеттім. Тәлім алушыны таңдау үшін әріптестеріммен ақылдастым,жаңалықты қабылдағысы келгендер 3 мұғалім болды.Соның ішінен ақылдаса келе Избаева Салтанат Ералиевна тоқталды.Себебі,тәлім алушым жаңалыққа жаны құмар,мектептегі өзгерістерді қажет деп санайтын жас ұстаздардың бірі.

Менің тәлім алушым – Избаева Салтанат

Тәлімгерлік етуді естігенде Салтанат есіме түсіп, хабарласқанымда,бірден қуана келісті.

Салтанаттың жеке өтініші және мектеп әкімшілігінің ұсынысы бойынша, мектептегі тәжірибе кезеңінде ол менің тәлім алушым болып бекітілді.

Тәлімгерлік жұмысымның мақсаты:

Бағдарлама негізінде 7 модуль аясында тәлім алушымен жаңа сабақ технологиялары туралы біліммен бөлісу, барлық жұмыстарды (коучинг, менторинг) бірлесіп атқару.

Соның нәтижесінде тәлім алушы өз іс-әрекеттерінде бағдарлама негізінде 7 модуль аясында сабақтар беру, жоспарлар құру, дамуы және болашақта жұмыс істеуі.

Тәлімгерлік іс-тәжірибемдегі алғашқы қадам-тәлім алушыммен ашық сөйлесіп, сабақ барысында кездесетін қиындықтары, өзінің проблемалары туралы сұрадым. Оның ең басты проблемасы-оқушылардың тарих пәніне деген қызығушылықтарын, сөздік қорын байыту,өзі жұмыс істейтін сыныптарда білім сапасын көтеру жолдары екен. C:\Users\Uswe\Desktop\Баян\201309\101020135720.jpg

Оның сабақ беру әдістері туралы түсінігімді қалыптастыру үшін Салтанаттың өтінішімен оның күнделікті дәстүрлі сабағына қатыстым. Тәлім алушы Сақтар деген тақырыпта сабақ көрсетті.Тәлім алушымның сабақ барысын бейнежазбаға түсіріп алдым. Сабақ соңында тәлім алушымен бейнежазбаны қарап, сабақ жоспарымен танысып, сұхбат жүргізіп отырдым. Сұхбат барысында оқушылардың белсенділігі, мұғалімнің сабақ беру әдісі, атқарылған жұмыстар түрлері жайында талдау жасадық. Бұл сабақта мұғалімнің алдына қойған мақсаты-оқушыларға Сақтар туралы білім беру. Сабақтың түрі-дәстүрлі, қолданылған әдіс-тәсілдер,сұрақ-жауап, әңгімелесу, деңгейлік тапсырмалар. Тәлім алушымның дәстүрлі сабағында сақтар туралы слайд көрсетілді.

Дәстүрлі сабақ барысында орындалған тапсырмалар:

Теория: Сақтар қашан өмір сүрді?

Сақтар қай жерді мекендеді?

САҚ ПАТШАЙЫМЫН АТА?.

Негізгі сауалдарға бағыт бере отырып, оқушылардың өздеріне сұрақ қойғызу арқылы қайталатты.

Практикалық тапсырмалар ҚАРАСТЫРЫЛДЫ.

Дәстүрлі сабақ барысында оқушылар тақырып көлемінде жан-жақты білім алды. Балалар жеке-жеке, класс болып жауап берді. Мұғалім қалыпты күнделікті бағалау түрін қолданды. Сабақты көбіне мұғалім басшылыққа алды. Ал оқушылар мұғалімнің айтқанымен жұмыс істеді. Сабақ қажетті деңгейде өтті. Сабақ соңында тәлім алушыға өзінің өткізген сабағына талдау жасауын сұрадым. Ол сабағының дәстүрлі болса да, мақсатына жеткенін, бірақ дегенмен, болашақтағы сабақтарын оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерімен түрлендіріп, қызықты өткізгісі келетіндігін айтты.

Алдағы уақытта мен оған оқытудың тиімді әдіс-тәсілерін қолдануға , оның ішінде міндетті түрде «7-модульді» енгізуге кеңес бердім. Сөйтіп, Салтанатпен келесі сабағын бірге отырып жоспарладық. Ол сабақта біз, сын тұрғысынан ойлау стратегияларын, топтық жұмысты,диалогтік оқыту, сергіту сәтін алу арқылы сабағымызды түрлендірдік. Тәлім алушыма орта мерзімді, қысқа мерзімді сабақ жоспарларын Блум таксономиясына негіздей отырып құруды үйреттім. Сабаққа қолданылатын ресурстарды, соның ішінде түрлі-түсті күлдіргілер, қима қағаздар, бағалауға қолданатын жұлдызшалар, постер құрауға қажетті құралдар беріп, мұғалімнің сабаққа деген қызығушылығын арттыра түстім.

Тәлім алушым Салтанаттың жұмысына араласып, өзім өтіп жатқан курстың Бағдарлама идеяларымен таныстырдым. Оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері, оның ішінде 7-модульге ерекше тоқталып өтіп, өзінің алдағы жұмысында мұғалімге арналған нұсқаулықты негізге алуын, сұрақтары немесе түсінбеген жерлері болса, қысылмай сұрауына жағдай жасадым. Сабаққа дайындалу барысында менің сабақтарыма қатысуын ұсындым. Жалпы күнделікті сабаққа 7-модульді тиімді енгізіп, жаңашылдыққа бет бұруына әрекет жасадым.. Менің бірнеше де іс-әрекеттегі зерттеу кіріктірілген жаңа сабақтарыма қатысты.Түсінбегендерін сұрап, өзіне белгілеп жазып алып отырды. Әріптестерінің сабақтарына талдау жасай отырып, өзіне қорытынды шығарды.

САЛТАНАТТЫҢ сыныбында өткізген 4 сабағына қатыстым. Сабаққа қатысу барысында оқытудың жаңа әдіс-тәсілдеріне көңіл бөлдім. Мұғалім және оқушы қарым-қатынасына, мұғалімнің ақпаратты-коммуникациялық технологияны жақсы меңгергеніне назар аудардым. Бұл сыныптың жалпы психологиялық ахуалы жақсы, оқушылар білуге талпынады, ізденеді, тәртіптері де үлгілі. Бақылау барысындағы өз ойларымды жазып алып , тәлім алушыма жұмыс барысындағы кемшіліктерін айтып отырдым. Тәлім алушымның келесі сабақ жоспарын құруына көмектестім. Сөйтіп, мұғалімнің екінші сабағының тақырыбы: «Ғұндар». Сабақтың мақсаты-ғұндар туралы мағлұмат, түсінік қалыптастыру. Мұғалім сыныпты санау арқылы төрт топқа бөліп алды: Оқушыларды жаңа сабаққа проблемалық сұрақтар қою арқылы қызықтырды:

1Ғұндар жайлы алғашқы деректер?

2.Ғұндар қай жерді мекендеді?

3.Ғұндардың әлеуметтік қоғамын атаңыз?

деген сұрақтар қойып 3 топқа өз ой-пікірлерін қорғау (тапсырмаға 7 минут уақыт берілді). Топтық тапсырманы сынып оқушылары жақсы деңгейде орындап шықты, бір-бірін үлкен ықыласпен тыңдады. ( Видеоролик)

Тәлім алушымның бұл сабағында мұғалім дәстүрлі сабақтағыдай өзі айтып,өзі түсіндіргеннен гөрі,оқушыларды жетектеуші сұрақтар қою арқылы сабақтың мазмұны мен тақырыбын өздеріне ашқызды.

Ғұн билеушісінің титулын ата?

проблемалық-бағыттаушы сұрақтар ұсынды.

1.Ғұндардың алғашқы билеушісін ата?

Мөде кім? Бұл жерден байқағаным бұрынғы дәстүрлі сабақта күнделікті жауап беретін 5-6 бала ғана сабақта көрініп ,қалған оқушылар бұйығы,тұйық күйінде қалып қоюшы еді,ал топқа бөлінгенде жалпы оқушылардың сабаққа белсенді қатысқанын байқадым. Оған себеп,топтық жұмыс жасау арқасында бір-бірімен ынтымақтасудың дәлелі дегім келеді.Оқығандары бойынша білімдерін пайдалана отырып, берілген сұрақтарға жауап берді.Мысалдар келтіре отырып

дәлелдеді
Ал сабақтың ең сәтті өткен тұсы- оқушыларға мәтіндегі маңызды тұстарына назар аудартып,шығармашылықпен жұмыстануға жетеледі..Тәлім алушы оқушылардың танымдық аймағына әсер ете білді..Әрине бұл жерде топ мүшелерінің барлығы да бірдей жоғары деңгейде жұмыс жасай алды деп айта алмаймын.Дегенмен,шамалары келгенше өз ойларын ортаға салып, топ мүшелері қызығушылықпен жұмыстанды деп айтсам қателеспеймін.

Сабаққа оқушылардың бәрі белсене қатысқанымен өз ойларын ашық жеткізе алмаған оқушылар болды.Бірақ ол оқушылар өздерінің шығармашылық ойларын бөлісуде ерекше қызығушылықпен жұмыс жасады,тыс қалған оқушы болмады. Жинақтау кезеңінде,тәлім алушы жаңа сабақты өткен сабақпен байланыстыра білді,салыстыра отырып айырмашылықтарын анықтады.

Кері байланыс парағын толтыртып, сабақ соңында сынып өз-өздерін бағалау парақтары арқылы бағалады. Тәлімгерлік кезінде бақылайтын мәселем өзгерген жоқ. Бақылау барысындағы өз ойларымды арнайы дәптерге жазып отырдым, сабақ соңында тәлім алушыммен сөйлесіп, бағыт-бағдар беруге, жаңашылдыққа ұмтылдыруға тырыстым. Тәлім алушы әріптесіме қысқа мерзімді сабақ жоспарын жасауды үйреттім.

Әрине, әр бақылаудан кейін алдағы жұмысыма да мақсат қойып отырдым. Бірінші сабақтан кейін тәлім алушының сабағына енгізген өзгерісім- сабақта СТО стратегияларының элементтері мен топтық жұмыс түрлерін тиімді қолдану болса, келесі сабаққа-Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу, Талантты және дарынды балаларды оқыту модульдерінің элементтерін тиімді пайдалану арқылы оқушыларды белсендіру болды.Тәлім алушымның сабағын жоспарлау барысында топтық жұмысты ұйымдастыруға көңіл бөлдік. Салтанатқа сабақтың осы бөлігіне байланысты талдау критерийлерін анықтап алуды үйреттім. Әрине, әр сабақтан кейін не сәтті өтті, қай жерде қиындықтар болғаны туралы тәлім алушыммен сөйлесіп отырдым: C:\Users\Uswe\Desktop\Youcam\Snapshot_20131017_1.JPG

Мен: -Салтанат бүгінгі сабағыңның мақсатына жеттің бе?

Салтанат.: -Иә, сабағымның мақсатына жеттім.

Мен: -Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдануда қандай қиындықтар болды?

Салтанат.: - бірінші- топтық жұмыс барысында оқушылардың өз уақыттарын тиімді пайдалана алмауы; екіншісі мен үшін ең қиыны- балалардың дауыстарын қатты шығарып сөйлеп, өз ойларымен бөлісуі(мұғалім сабақ барысында қатаң тәртіпті талап етеді), оқушылардың күбірлеп сөйлесіп отыруына енді үйреніп келемін.

Мен: -Тағы қандай кедергілер болды?

Салтанат: Топ мүшелерінің арасында бір жақты отырып қалғаны, лидер оқушылардың белсенділік көрсетіп кетуі байқалды. Сабақтың бір 45 минутында көп әрі мағыналы, ойлы сауалдарға жауап ала білу үшін әлі де көп ізденіс, шығармашылық фантазия қажет болатынын анықтадым.

Мен: - Ал сізге бүгінгі сабақтың ұнаған тұстарын атап кетсеңіз.

Салтанат. Маған екі жақты диалог, екі жұлдыз бір тілек, кері байланыс әдістері жақсы ұнады. Бұндай жұмыстар бұрын да жүргізілетін, тек ол белгілі бір тәртіппен, оқушының өзіндік еркіндігіне көп жол бере бермейтін тәсілде жүргізілетін. Әрі оқушы сенің ойыңнан шығатын пікір айтуға талпынып тұратын. Ал топта оның өз бойындағы бар, өзіне ұнайтын жұмысты атқаруына мүмкіндік беретіндігі.

Өз тәжірибемде тиімді тәлімгерлік туралы көп нәрсені зерделедім: өзгені үйрете отырып, өзім де үйрендім. Курстың 1-ші «Бетпе-бет» кезінде оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін үйрендім, оқыдым, теориялық білімімді толықтырдым десем де, осы үдеріс бойынша менің де тәжірибем аз. Сондықтан Салтанаттың сабағына кірмес бұрын, оған кеңес немесе нұсқаулық бермес бұрын өзімнің Мұғалімге арналған нұсқаC:\Users\Uswe\Desktop\Баян\201309\101020135719.jpg C:\Users\Uswe\Desktop\Баян\201309\111020135758.jpg

улықты, Бағдарламаны қарап шығуым әдетке айналды.

Салтанат екеуміздің қарым-қатынасымыз жақсы, сондықтан оған оқыту әдістемесіндегі жаңалықтың бәрі қызық, талпынысы жақсы, көп біліп, үйренгісі, оқыту әдістемесін терең меңгергісі келеді. Жаңашылдыққа талпынысын тәжірибе кезіндегі өзінің берген сабақтарымен дәлелдеп шықты. Өйткені мұғалімнің алғашқы сабағымен соңғы сабақтарының айырмашылықтары бар, оны тәлім алушының өзі де байқаған.Алдағы уақыттағы сабақтарын да осылай өткіземін деп жоспарлап отыр. Салтанат сабақ беретін сынып оқушылары да сабаққа бар ынталарымен, қызығушылықпен қатысатын болды. Сабақта үндемей қалатын оқушы болған жоқ, тым болмаса өз ойын бір-екі сөзбен айтуға талпыныс пайда болды емес пе? Ал бұл әрбір мұғалім үшін үлкен жетістік. Мектептегі осы тәлімгерлік тәжірибем барысында мен өз әріптестеріме жеті модуль мәнмәтінінде жұмыс жасауды: оқушының белсенділігін арттыру, сыни тұрғыдан ойлау және кері байланысты естен шығармауды басты назарға қойдым.

Болашақта өзімнің тәлім алушыммен байланысымды үзбеймін, оның кәсіби шеберлігін шыңдай түсуіне ықпалымды тигізуге тырысамын: топқа бөлу жұмыстарын түрлендіріп, сабақта сын тұрғысынан ойлау стратегияларын енгізу.

Мен үшін тәлімгерлек тәжірибемнің ең маңызды сәттері-тәлім алушыммен сұхбат. Себебі, осы сұхбаттасу барысында екеуміз тәжірибедегі қиындықтар мен кедергілерді болдырмауға тырысып, алдағы уақытқа жоспар құрып отырдық.

Мұғалімнің мұғалім ретінде қалыптасуында үлкен рөл атқаратын қызмет-тәлімгерлік. Мен еңбек ететін мектепте бұл үдеріс жақсы жолға қойылған. Жаңадан келген жас маманға қолдау көрсетіледі, тәлімгер ұстаз бекітіледі. Жұмыс барысында пайда болатын сұрақтарға жауапты, толғандырып жүрген мәселелерінің шешімін табуда тәлімгерлері көмектеседі.

Тәлімгермен тәлім алушының қарым-қатынасы міндетті түрде мына қасиеттермен белгіленеді: сенімділік, ортақтастық, шынайылылық, адалдық, жасөспірімді тәрбиелеуге деген талпыныс. Мектепте тәлімгерлік жұмысымды жүйелі түрде жүргізу арқылы менің еңбегімнің жемісі көп күттірмейтініне сенімдімін.

Менің тәлімгерім өз тәжірибесіне өзгеріс енгізе бастауы, мектепте әріптестері арасында қолдау табуы, өзіне деген сенімділікті, бірлесіп атқаратын топтық жұмысқа деген үлкен қызығушылықты көрсетті.Тәлім алушыма бағыт-бағдар беру барысында өзімнің де танымдық деңгейімнің өскендігін байқадым. Бұл тәлімгер ретінде менің де, тәлім алушы ретінде Салтанаттың да, тіпті тәлім алушым сабақ беретін оқушылардың да өзгергендігі деп түсінемін.

Тәлімгер ретінде өзгергендігім:

Өзіме сенімділігім артты;

Оқытудың 7модулін игердім, тәлім алушыма элементтерін үйреттім;

Тәлім алушыммен жүйелі жұмыс жоспарын құрып, орындадым;

Үйрете отырып, өзім үйрендім;

ОүБ іс-тәжірибемде жүйелі әрі тиімді қолдана білдім.



Пaйдaлaнылғaн әдебиеттер:

Мұғалімге арналған нұсқаулық;

Мұғалімге арналған ресурстар.


Бір әріптеске тәлімгерлік ету үдерісі туралы сараптамалық есеп

Тарих 5 сынып













Краткое описание документа:

Екiншi деңгей бaғдaрлaмaсы мұғaлiмдерге әрiптестерiмен бiрге тәлiмгерлiк aрқылы жaңa тәсiлдердi пәнге енгiзу үшiн жұмыс iстеуге мүмкiндiк беретiн дaғдылaрды ұсынaды. Тәлiмгер болуды  қaлыптaстыру үдерiсi  бiлiм беру тәжiрибесiн жaқсaрту мaқсaтындa  ынтымaқтaстық жaғдaйдa  мектеп ортaсындa жүзеге aсырылaтыны белгiлi болды. Коучинг қысқa уaқыт aрaлығындa тәлiм aлушының мүмкiндiктерiн aшуғa бaғыттaлсa, тәлiмгерлiк ұзaқ уaқытқa созылaтын, өзaрa ынтымaқтaстық қaтынaсқa негiзделген кәсiби қолдaу көрсету үдерiсi болып тaбылaды ( мұғaлiмге aрнaлғaн нұсқaулық 81 бет).

Тәлiмгер етудегi бaсты ұстaнымым әрiптестерiммен кәсiби бaғыттa қaрым- қaтынaс жасау болaтын. Мектептегi тәжiрибе кезеңiнде тәлiмгердiң, тәлiм aлушының мүмкiндiктерiн aшу, стрaтегиялық деңгейде жaңaлықпен aлмaсу, мaқсaт қою мен оғaн жету жолдaрын жоспaрлaуғa көмектесу мiндетiн aтқaрып.Мектеп тәжірибе барысында тәлімгерлік үдерісі бойынша жұмысымды бастап кеттім. Тәлім алушыны таңдау үшін әріптестеріммен ақылдастым,жаңалықты қабылдағысы келгендер 3 мұғалім болды.Соның ішінен ақылдаса келе Избаева Салтанат Ералиевна тоқталды.Себебі,тәлім алушым жаңалыққа жаны құмар,мектептегі өзгерістерді қажет деп санайтын жас ұстаздардың бірі.

Общая информация

Номер материала: 168215

Похожие материалы