Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Бір уыс мақта. Мектепалды даярлық тобы

Бір уыс мақта. Мектепалды даярлық тобы



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Батыс Қазақстан облысы,

Бөрлі ауданы,

Ақсай қаласы ЖББ№3ОМ

Мектепалды даярлық

тобының тәрбиешісі

Әжіғалиева Марал Сатханқызы







Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру саласы: Қатынас.

Батыс Қазақстан облысы,

Бөрлі ауданы,

Ақсай қаласы ЖББ№3ОМ

Мектепалды даярлық

тобының тәрбиешісі

Әжіғалиева Марал Сатханқызы

Бөлімі: Тіл дамыту.

Тақырыбы: Бір уыс мақта

Мақсаты: Ыбырай Алтынсаринмен таныстыру. Автордың әңгімелерімен таныстыру. Оқылған шығарма мазмұнын әңгімелеуге, мәнеріне келтіре айта білуге үйрету. Есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздік қорларын молайтып, байланыстыра сөйлеуге дағдыландыру. Адалдыққа, имандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік: Ы.Алтынсариннің портреті,Әңгіме мазмұнына салынған суреттер.

Сөздік жұмыс: Педагог, немере қызы.

Әдіс-тәсілдер: көрсету, әңгімелеу, саусақпен жаттығу.


Оқу іс-әрекетінің барысы:

1. Шаттық шеңбері:

Қайырлы күн!

Қайырлы күн!....

Қайырлы күн, аспан!

Қайырлы күн, барлық жақсылық өзімізге!


2. Қызығушылықты ояту.

Өрнектерді шешу арқылы жаңа сөздерді шығару.


1+1= 2 (ә)

2+1= 3 (ң)

3+1=4 (г)

4+1=5 (і)

5+1=6 (м)

6+1=7 (е)

7+1=8 (л)

8+1=9 (е)

9+1=10 (р)



3. Кіріспе

hello_html_m4480c38d.pngЫбырай Алтынсарин (шын аты — Ибраһим, 1841—1889) — қазіргі Қостанай облысы, Қостанай ауданында дүниеге келеді. Үш-төрт жасында әкесі Алтынсары қайтыс болып, атасы Балғожаның қолында өсіп, тәрбиеленеді. Балаларға арналған көптеген ертегілер, әңгімелер жазып қалдырған жазушы.


Әңгімелері

Қарға мен құрт; Сауысқанмен қарға;

Өрмеші, құмырсқа, қарлығаш;

Асыл шөп;

Бақша ағаштары; Мейірімді бала;

Түлкі мен ешкі. т. б.


Жаңа сабақ

«Бір уыс мақта»


Сөздік жұмыс

Бір – сан

Уыс – екі алақанды қосқандағы өлшем

Мақта – өсімдік


Мақта

hello_html_1c6345e8.png


Топтастыру


Мақта

Мал азығы

Отын

Мата

Жіп

Діәрілік мақта


Әңгімені мәнерлеп оқып беру

Бiр кiшкентай қыз әкесiнiң шапанын жамап отыр екен, шешесi қасына отырып, ақыл айтты:

- Балам, дүниедегi жаратылған жанды - жансыздардың ешқайсысының да керексiз болып, жерде қалатыны болмайды, – деп. Сол сөздi айтып отырғанда, қыз бала киiмiн жамап болып, жердегi мақтаның қиқымын терезеден лақтырып, далаға тастады:

Әже, осы қиқымның еш нәрсеге керегi бола қалмас, – деп.

Шешесi: – Балам, сол да жерде қалмайды, – дедi. Осылайша сөйлесiп, терезеден қарап отырса, манағы мақтаны жел көтерiп ұшырды, мұны бiр торғай көрiп қуып барып, мақтаны тұмсығына тiстеп қана алып, ұшып кеттi. Қыз әжесiнен:

Манағы мақтаның қиқымын бiр торғай алып кеттi, оны неғылады? – деп сұрады. Әжесi айтты:

Көрдiң бе, балам, күн айналмай манағы айтқан сөздiң келгенiн. Ол кiшкентай мақтаны торғай ұясына төсеп, жас балапандарына мамық етедi, – дедi.


Сұрақ қою:

- Әңгіме не туралы?

- Қыз бала не істейді?

- Торғайдың іс - әрекеті қандай болды?

- Әңгіме немен аяқталады?


Сергіту сәті


Орнымыздан тұрайық,

Алақанды соғайық,

Иілеміз оңға бір,

Иілеміз солға бір.

Орнымызды табайық.





Сөздік жұмыс

Шапан – астарына жүннен мақта салып, сырып тігілетін бас киім.


Қиқым - бір нәрсенің майда, ұсақ қалдығы. Мақтаның қиқымы.


Мамық – құстың үлпілдеген жұмсақ жүні.


hello_html_m17b78224.pnghello_html_23c910b0.png



Дидактикалық ойын:

«Кім тапқыр»

Ойынның шарты: өлеңді оқи отыра, торғай деген сөзді естігенде шапалақ ұру.

Торғай, торғай, торғайсың

Ұшып, қонып қорғайсың.

Сен өзің қандайсың?

Қарғаға да ұқсамайсың

Өзің кіші торғайсың,

Түсің қоңыр торғайсың,

Ұяңа мамық тасып ап,

Өзің сондай торғайсың.


Оқу іс-әрекетін қорытындылау

А) Бір уыс мақта әңгімесін айтқызу

Ә) Әңгіменің тәрбиелік мәніне тоқтала келе қорытындылау





















57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Краткое описание документа:

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру саласы: Қатынас.

Батыс Қазақстан облысы,

Бөрлі ауданы,

Ақсай қаласы ЖББ№3ОМ

Мектепалды даярлық

тобының тәрбиешісі

Әжіғалиева Марал Сатханқызы

Бөлімі: Тіл дамыту.

Тақырыбы: Бір уыс мақта

Мақсаты: Ыбырай Алтынсаринмен таныстыру. Автордың әңгімелерімен таныстыру. Оқылған шығарма мазмұнын әңгімелеуге, мәнеріне келтіре айта білуге үйрету. Есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздік қорларын молайтып, байланыстыра сөйлеуге дағдыландыру. Адалдыққа, имандылыққа тәрбиелеу.

 Көрнекілік: Ы.Алтынсариннің портреті,Әңгіме мазмұнына салынған суреттер.

Сөздік жұмыс: Педагог, немере қызы.

Әдіс-тәсілдер: көрсету, әңгімелеу, саусақпен жаттығу.

 

Оқу іс-әрекетінің барысы:

1. Шаттық шеңбері:

Қайырлы күн!

Қайырлы күн!....

Қайырлы күн, аспан!

Қайырлы күн, барлық жақсылық өзімізге!

 

2. Қызығушылықты ояту.

Өрнектерді шешу арқылы  жаңа сөздерді шығару.


1+1= 2 (ә)

2+1= 3 (ң)

3+1=4 (г)

4+1=5 (і)

5+1=6 (м)

6+1=7 (е)

7+1=8 (л)

8+1=9 (е)

9+1=10 (р)


 

3. Кіріспе        

 Ыбырай Алтынсарин (шын аты — Ибраһим, 1841—1889) — қазіргі Қостанай облысы, Қостанай ауданында дүниеге келеді. Үш-төрт жасында әкесі Алтынсары қайтыс болып, атасы Балғожаның қолында өсіп, тәрбиеленеді. Балаларға арналған көптеген ертегілер, әңгімелер жазып қалдырған жазушы.

 

Әңгімелері

Қарға мен құрт; Сауысқанмен қарға;

Өрмеші, құмырсқа, қарлығаш;

Асыл шөп;

Бақша ағаштары; Мейірімді бала;

Түлкі мен ешкі. т. б.

 

Жаңа сабақ

«Бір уыс мақта»

 

Сөздік жұмыс

Бір – сан

Уыс – екі алақанды қосқандағы өлшем

Мақта – өсімдік

 

 Мақта

 

 

Топтастыру


Мақта

Мал азығы

Отын

Мата

Жіп

Діәрілік мақта


 

Әңгімені мәнерлеп оқып беру

Бiр кiшкентай қыз әкесiнiң шапанын жамап отыр екен, шешесi қасына отырып, ақыл айтты:

- Балам, дүниедегi жаратылған жанды - жансыздардың ешқайсысының да керексiз болып, жерде қалатыны болмайды, – деп. Сол сөздi айтып отырғанда, қыз бала киiмiн жамап болып, жердегi мақтаның қиқымын терезеден лақтырып, далаға тастады:

– Әже, осы қиқымның еш нәрсеге керегi бола қалмас, – деп.

Шешесi: – Балам, сол да жерде қалмайды, – дедi. Осылайша сөйлесiп, терезеден қарап отырса, манағы мақтаны жел көтерiп ұшырды, мұны бiр торғай көрiп қуып барып, мақтаны тұмсығына тiстеп қана алып, ұшып кеттi. Қыз әжесiнен:

– Манағы мақтаның қиқымын бiр торғай алып кеттi, оны неғылады? – деп сұрады. Әжесi айтты:

– Көрдiң бе, балам, күн айналмай манағы айтқан сөздiң келгенiн. Ол кiшкентай мақтаны торғай ұясына төсеп, жас балапандарына мамық етедi, – дедi.

 

Сұрақ қою:

- Әңгіме не туралы?

- Қыз бала не істейді?

- Торғайдың іс - әрекеті қандай     болды?

- Әңгіме немен аяқталады?

 

 Сергіту сәті

 

Орнымыздан тұрайық,

Алақанды соғайық,

Иілеміз оңға бір,

 Иілеміз солға бір.

Орнымызды табайық.

 

 

 

 

Сөздік жұмыс

Шапан – астарына жүннен мақта салып, сырып тігілетін бас киім.

 

Қиқым - бір нәрсенің майда, ұсақ қалдығы. Мақтаның қиқымы.

 

Мамық – құстың үлпілдеген жұмсақ жүні.

 

          

 

 

Дидактикалық ойын:

«Кім тапқыр»

 Ойынның шарты: өлеңді оқи отыра, торғай деген сөзді естігенде шапалақ ұру.

Торғай, торғай, торғайсың

Ұшып, қонып қорғайсың.

Сен өзің қандайсың?

Қарғаға да ұқсамайсың

Өзің кіші торғайсың,

Түсің қоңыр торғайсың,

Ұяңа мамық тасып ап,

Өзің сондай торғайсың.

 

Оқу іс-әрекетін қорытындылау

А) Бір уыс мақта әңгімесін айтқызу

Ә) Әңгіменің тәрбиелік мәніне тоқтала келе қорытындылау

 

 

 

 

 

Автор
Дата добавления 28.05.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров739
Номер материала 548487
Получить свидетельство о публикации

Комментарии:

1 год назад

Шығармашылық табыс тілеймін!


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх