Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / Бәрі де ана, бір өзіңнен басталады.
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Воспитательная работа

Бәрі де ана, бір өзіңнен басталады.

библиотека
материалов

8-Наурыз
Салтанатты жиын: «Бәрі де ана, бір өзіңнен басталады»

1-жүргізуші: Бәрі де ана бір өзіңнен басталады,
Сен деп жазды алғашқы әнді,
Қуандым да, өзің бар деп шаттандым,

Жанарыңнан көрдім алғашқы аспанды,
Еркелесем бір өзіңе еркелеп,
Бір өзіңмен шаттанам.


Қош, келдіңіздер! Аяулы аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі ұстаздар!

Сіздерді 8-Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз! Сіздерге шын жүректен зор денсаулық, бақыт пен қуаныш тілейміз! Жылдың әр күні Сіздерге тек қана жақсылық пен игілік әкелсін!


2-жүргізуші: Бүгін наурыздың сегізі,
Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөз – адамның
Анаға айтар лебізі.


2- жүргізуші:

Ана дейміз бәріміз де аңқылдап

Ана дейді жас сәби де жарқылдап

Ана деген – бәйтерегі өмірдің,

Ана деген – алтын қазық, алтын бақ!

1-жүргізуші:

О, аналар осындайсың бәрің де,

Осындайсың жасың-дағы кәрің де,

Сыйынатын осы өмірде құдірет,

Сыйынар ем ана деген тәңірге...

Өз басым әйелді осылай деп бағалаймын. Өйткені, адамзатты жарататын - әйел, ұлтын көбейтетін - әйел, ұрпақты ұластыратын - әйел, еркекті Ер ететін - әйел. Бір сөзбен айтқанда, дүниенің тірегі -әйел. Махаббаттың асыл нұры - әйел. Өмір деген алтын сарай есігінің күміс кілті - әйел махаббаты.

2-жүргізуші: Керемет айттың! Ананың қадірін онан сайын сезіне түсіну үшін бір әдемі бір ән тыңдап алайық:


10 сынып «Аяулы ана»


Олай болса салатнатты жиынымызды ашуды оқушыларымыздың жыр шумақтарына береміз

Алмас: Мәпелейсің мені анам,
Қолыңдағы құсыңдай.
Құлпыра өсіп дем алам.
Құшағыңда қысылмай.
Үмітіңдей көзіме
Көп қарайсың үңіліп.
Еркелеген сөзіме
Ертеңіңіз тұр күліп.

Назерке: Жүре берсем қасыңда,
Әйбат, анам, ай анам.
«Ботам» деген даусыңнан
Мен мәз болып оянам.
Кір түсірмей жағама,
Шашымды да тарайсың.
Мектебіме барарда
Мейірлене қарайсың.


Мұғалім: Бүгін ана мерекесі,

Бүгін әже мерекесі,

Бүгін апа мерекесі,

Аналар ел еркесі.

Мерекеге шуақты біз әкелейік,

Бар жылулықпен махаббатты анаға берейік!

5 сынып қыздары «Қазақша би»

Аңсар: О, періште Анам!
Келді көктем күнің,
Күлімдейді гүлің –
Алтын ойлы Анам,
Мерекеңіз бүгін!
Жұмақ-кұшак панам,
Күндей нұрлы санаң!
Қызығын көр ұл-кыз,
Еңбек сүйгіш Анам!
Жыртылмастан жағаң,
Шарықтасын жаңа ән!
Арманыңа жетші,
О, періште Анам!

Айым: Кетті қысқы ызғар,
Еріп жатыр мұздар.
Мерекеңіз бүгін,
Қызғалдақтай қыздар!
Болса да өзге жүрек,
Адамға адам – тірек.
Сіздерге айтар мынау,
Мерекелік тілек:
Карау жүрсін қашық,
Алшы тұрсын асық.
Берекесін берсін,
Сіздер еткен кәсіп!
Әр таңдарың атқан,
Бақыт берсін батпан.
Кұрастырсын құдай,
Табысынды тапқан!

  1. жүргізуші: Мерекесі бүгін
    Алтын анамның,
    Сыйлайыншы гүлін,
    Жарқын даламның.
    Күлімдеген көзі,
    Күннің нұрындай,
    Ұлым деген сөзі,
    Ақын жырындай.

7 сынып Өлең

Қуат: Раушан гүлін сыйлаймын,
Мейрамыңмен құттықтап.
Өзгеге сені қимаймын,
Сенімен жаным жыр ұқпақ.
Жаныңда сенің тең келмес,
Әсемдігі гүлдің де.
Мейрамыңда тілеймін,
Шаттықпен күліп жүр күнде.

Ақпейл: Әйел – сұлу, әйел – Ана, жалғаушы,
Бала өсіріп, тәрбиелеп барлаушы.
Мейрамыңыз құтты болсын, бақ берсін,
Отбасының жайын ойлап қамдаушы.
Әйел – сұлу, әйел – Ана, жалғаушы,
Арманымен әлем шарлап самғаушы.
Қанаттарың ешқашанда талмасын,
Көркемдіктің көрмесіндей тандаушы.

Дильназ: Ана өмірдің қуанышы тірегі
Бала оның жұбанышы жүрегі
Ана алдында ел жауы да бас иген
Олар дайым тыныштықты тіледі.

  1. жүргізуші: Айналайын ана, мерекеңмен!

Сыйлайыншы саған дала гүлін мен.

Мерекелі күнің қандай тамаша

Кеудеңдегі гүлің, қалды жараса!
8 сынып Өлең

  1. жүргізуші: Табаны жерге тимейді

Біздің балалар ғажап билейді,

Би сұлулық, әсемдік

Сымбаттылық бұл дейді – ендігі кезекті биге берейік.

6 сынып ұлдары «Би»

(аналарға сыйлықтар сыйлау)

Ұстаздарға арнайы тілектер:

Алмас: Үйретіп әріп сырын төзім бердің,
Тәрбиеңді дарыған өзім көрдім.
Еңбегің зейнет болсын, асыл ұстаз,
Қазіргінің батыры өзің дермін.
Білім – бұлақ бастауын сенен алдым,
Білмегенді үйретіп демеп алдың.
Мерекең құтты болсын, мерейлі ұстаз,
Қадаған тамыры терең терек – талдың.

Назерке: Үлгілі ұстазымды мақтан тұтам,
Өзінен білім нәрін алып жұтам.
Шәкіртке бар жылуын сыйлар ұстаз,
Бойына біткен тәлім, биік ұстам.

Дарытып білім бойыма,
Үйреткен әріп ұстазым.
Қуанған әрбір тойыма,
Көңілімде мәңгі қыстадың.

Аңсар: Басымнан сипап мейіріммен,
Білімнің сырын үйреткен.
Тамаша көңіл – күйімен,
Жаманның жолын күйреткен.
Ұстазым, аспаныңыз ашық болсын,
Мерекеңіз үстем болып асып – толсын!
Саулығыңыз сыр бермей 100 жас жасап,
Жамандық 6 қырдан қашық болсын!

1-жүргізуші: Жыл басы - Наурыз мереке,
Ақ нұрға әсем боянды,
Аналар тойы береке,
Тіршілік жаңа оянды.

9 сынып ӘН:

Айым: Белестерден белге от,
Өзендерден көлге өт.
Қызыққа толсын өмірің,
Бақыты қонған жерге жет!
Достарың мың сан болсын!
Өмірің гүл – сән болсын!
Мерекеде мерейлі,
Салғаның шатты ән болсын!

Қуат: Арманым асып белестен,
Үйрендім сізден білімді.
Аман жүр әркез, ұстазым,
Сыйлаймын әсем гүлімді.

Есейіп қазір қалсамда,
Шәкіртпін әлі сіз үшін.
Қартайма, асыл ұстазым,
Биіксіз мәңгі біз үшін.

Ақпейл: Сарп еткен бізге бар күшін,
Арнаған күзін, жаз, қысын.
Еңбегің берген өлшеусіз,
Соғамын саған сом мүсін.
Саф алтыннан мүсіндеуге лайықты,
Ұлағатты, ұстам биік, ұстазым.
Ескегі боп көмектесер қайықтың,
Жарқын жүрек, алтын тірек, ұстазым.

2 - жүргізу : Дүниенің ең қымбаты ана екен,
Ананың ең тәттісі бала екен.
Түн ұйқысын төрт бөліп тәрбиелеген,
Ананың орыны бөлек дара екен
Балаға ана еңбегі парыз деймін,
Еңбегін өтеу бізге қарыз деймін.
Меккеге апарса да өтелмеген,
Ұрпаққа бұл өсиет аңыз деймін,
Ана мерекесі құтты болсын!


(ұстаздарға сыйлық сыйлау)


СҰРАҚТАР ҚОЙЫЛАДЫ.

1. Орман дәрігері (тоқылдақ)

2. Күндіз көрмейтін құс(жапалақ)

3. Мемлекеттік тіл (қазақ тілі)

4. Басты байлық – (денсаулық )

5. Қазақстан Р.валютасы (теңге)

6. Абылайдың шын аты кім?(Әбілмансұр)

7. Бір жұмыртқа 5 минут піссе 3 жұм. ше минутта піседі?

8. Жүз жыл (ғасыр)


6 сынып қыздары Ұстаздарға арналған «Үнді би»

1-жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар, қадірлі, аяулы аналар!!!

2-жүргізуші: Сіздерді бүгінгі аналар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.

2-жүргізуші: Кейін шегініп, қалың тарихтың бір парағына көз салсақ, қасқайған Нью-Йорк қаласы мен сол алып, батыр қаланың әділеттілікті талап еткен нәзік жандыларын көреміз. 1857 жылдың 8 наурызында тігін және аяқ киім фабрикасының жұмысшы әйелдері үміттерін үкілеп, ереуілге шығады. Бұл күні тәулігіне 16 сағат жұмыс істеп, шағын ғана айлық алатын жұмысшы әйелдер басшылықтан 10 сағаттық жұмыс күнін, жарық әрі таза жұмыс орны мен еңбекақыларының ер-азаматтардың жалақысымен бірдей болуын талап етеді. Нью-Йорктың жан-жағынан көтерілген әйелдердің өз үні бейнебір толқын іспетті жан-жақтан естіліп, қоғамдағы әйелдердің орнын нақтылағандай болды. Осы күннен кейін алғаш рет әйелдердің қоғамдық ұйымдары құрылып, олар өз құқықтарын қорғауды қолға алды.  

1-жүргізуші: 1910 жылы Копенгагенде жұмысшы әйелдердің қатысуымен II халықаралық конференция өтті. Социал-демократ партиясының әйелдер тобының көшбасшысы Клара Цеткин 8 наурыз халықаралық әйелдер күнін жыл сайын белгілі бір күнде тойлау керектігі туралы ойын ортаға тастады. Оның бұл ұсынысын өз құқықтары үшін күресуге бел буған қалың әйелдер тобы іліп әкетіп, келесі жылы-ақ, яғни 1911 жылдан бастап, Австрия, Дания, Германия мен Швейцарияда 8 наурыз мейрам ретінде тойланды.

2-жүргізуші: Наурыз айының басында біздің еліміздің көп аймағында әлі де қар жатады. Қыстағыдай ызғарлы, бірақ көңілімізді көктемнің алғашқы мерекесі жылындырады. Бұл мерекенің жылдың басқа мезгілінде болуы қисынға келмейтіндей, себебі, көктем секілді әйелдер де адамзатқа өмір, жылылық пен әсемдік сыйлайды емес пе?

1-жүргізуші: Барлықтарыңызды айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймыз! Жер-дүниенің жаңаруын, оның сәні мен мәнін паш етіп келе жатқан тамаша көктемнің мерекесі қарсаңында Сіздерге және отбасыларыңызға мол береке, бақыт, шаттық, мызғымас денсаулық, болашаққа зор сенім, көтеріңкі көңіл-күй тілейміз! Барша туған-туыстарыңызды жылы жүрегіңіздің мейірімділігі мен ыстық ықыласына бөлеуден шаршамаңыздар! Жылдан-жылға табиғаттың тамаша мерзімі – көктемдей құлпырып, жасара беріңіздер!

Ортада 5 сынып оқушылары «Астапурай»

2-жүргізуші:

Біз ғана емес,

Қадір тұтқан бабалар

Ана деген – тіршіліктің тірегі,

Мерекеңмен, қасиетті Аналар!

1-жүргізуші:

Ана – жұмақ, мен – шуақ, саябағы,

Ана – шырақ, мен – мен сұрақ санадағы.

Ана – теңіз, мен – қайық тербетілген,

Ана – бұлақ, мен – құрақ жағадағы.


7 сынып оқушылары: Породия

2- жүргізуші:

Ана дейміз бәріміз де аңқылдап

Ана дейді жас сәби де жарқылдап

Ана деген – бәйтерегі өмірдің,

Ана деген – алтын қазық, алтын бақ!


8 сынып: Көрініс



1 - ші жүргізуші:
Өмірдің иесі сен, Ғазиз ана
Келтірген дүниеге нелер дана
Анасыз батыр да жоқ, ақын да жоқ
Өмірдің алтын кілті сенде ғана
Аналар – ау менің шалқар көлдерім
Көлдерім мен асқар - асқар белдерім
Мына өмірде қуанышты жүргенім
Сенің арқаң мына өмірге келгенім

10 сынып: Көрініс


1 - ші жүргізіші
Көз алдыңа қыз десең гүл келеді,
Гүлсіз дала әлбетте сұр келеді,
Табиғаттың оларсыз еш сәні жоқ,
Гүлмен ғана дала әсем түрге енеді.
Көз алдыңа қыз десең, гүл келеді,
Жайқалады жер үсті, күллі әлемі
Соларменен қызықты мынау өмір
Лықсып - лықсып жүрекке жыр келеді.

9 сынып: Ән
Мұғалім: Демеңіздер біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Қош болып тұрыңыздар көріскенше

Осыменен шағын салтанатымыз аяқталды.





Автор
Дата добавления 14.04.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров93
Номер материала ДБ-030808
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх