Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Бұрымды қыз сайысы тәрбиелік іс-шара
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Другое

Бұрымды қыз сайысы тәрбиелік іс-шара

библиотека
материалов

«Бұрымды қыз» байқауы


Өткізілетін орны

Уақыты

Мақсаты: Қыздарға ұмыт болуға айналған ұлттық төл мәдениетіміз бен өнерімізді қайта тірілтіп, салт-дәстүрді жаңғырту, әсіресе қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру арқылы әділеттікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу. Ақылды да ажарлы, дарынды да талантты, бұрымды қыздарды елге таныстыру.Шаштарын үнемі күтіп ұстауға, тазалыққа,тәрбиелеу.


Музыкалық номер

І жүргізуші:

- Қош, келдіңіздер, құрметті көрермендер!

Армысыздар, ардақты аналар,ару қыздар, ұстаздар,студенттер!

Міне, бүгін өздеріңізбен тағы бір мерекеге жиналып отырмыз. Сіздер өздеріңіздің ізеттіліктеріңізбен, сыпайылықтарыңызбен өмірді шуақтандырып, жақындарыңыз бен туыстарыңызға жылу сыйлайсыздар. Әлемде нәрестеге өмір сыйлап, оны алғашқы қадам басуға үйрететін қасиеттеріңізге тең келер нәрсе жоқ. Сіздердің төзімділіктеріңіз бен махаббаттарыңызға алғысымыз шексіз!


ІІ жүргізуші:

- Жылда сағына қарсы алатын, бүгінде келіп жеткен 22 наурыз Ұлыстың ұлы күнімен шын жүректен құттықтай отырып, шынайы көңілден шыққан ең ізгі тілектерімізді жолдаймыз.Осынау жарқын мерекенің біздің барлық үміттеріміз бен армандарымызды тығыз байланыстыратын көктемнің алғашқы айының басында келуі, жақсылықтың нышаны болса керек. Қашаннан бергі дәстүріміз бойынша біз бұл күні сіздерге – аналарымыз бен апа – сіңілерімізге, қыздарымызға ең ыстық құттықтауларымыз бен  ең ізгі тілектерімізді жолдаймыз. Сіздерге шынайы көңілден зор денсаулық, баянды бақыт, отбасыларыңызға береке – бірлік, еңбектеріңізге табыс тілейміз!

Музыкалық номер


І жүргізуші:

-Ата-бабамыз сонау ықылым заманнан бері өздерінің ару қыздарын аялай, құрметтей білген. Қыз тәрбиесіне аса ыждағаттылық пен көңіл бөлген. «Анасын көріп, қызын ал, аяғын көріп асын іш», «Қызы бар үйдің жеңгесі сүйкімді», «Күнсіз гүл өспес, күтусіз қыз өспес» деген қанатты сөздер осыдан қалса керек.



ІІ жүргізуші:

-Байқауды ұйымдастырудағы мақсат ұмыт болуға айналған ұлттық төл мәдениетіміз бен өнерімізді қайта тірілтіп,салт-дәстүрді жаңғырту, әсіресе қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру арқылы әділеттікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу. Ақылды да ажарлы, дарын ды да талантты, бұрымды қыздарды елге таныстыру. Ендеше байқауға қош келдіңіздер!


Байқауымызды бастамас бұрын байқаудың шарттарын естеріңізге түсіріп кетейік!


Байқаудың шарттары

1.«Мен қазақтың қызымын».

(Әрбір қатысушы өз өскен ортасын, ата-анасын және өзіне қатысты басқа нәреселер жөнінде өздерін таныстырып өтулері керек)



2. «Ұлттық үлгідегі киім мен шаш үлгісінің үйлесуі» Шаш өру формуласы. (Қатысушылар бір-бірінің шашын өреді. Қалай өрілген, қандай өрім. Өрімнің қысқаша тарихына шолу жасайды)



3.«Мен болашақта…». Өзіңнің  ойыңдағы колледж формасы мен өзің ұсынатын студент қыздардың шаш үлгісі. (түсіндіріп өтеді)



4.«Зерделінің ойы озық». (Шаш күтімі туралы сұрақтарға жауап беру).



5.«Қыз еркем – шашымен көркем». (Бұл кезеңде әр ару қыз өзінің ас пісіру, кесте тігу, үй жинау кезіндегі шаш қою үлгісін көрсетіп, түсіндіреді)



І жүргізуші:


Келесі кезекте осы сайысқа әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік:


1.

2.

3.







ІІ жүргізуші:


Ашуланып қайттың неге ерке гүл                                

Қыз баланың бұрым деген сәні еді,

Мектебіңе кетіп едің ерте бір                                       

 Болады оның әлі талай әлегі

Тортаңдайсың ата жауың сияқты                                  

Қыз бұрымға маза бермей жүретін

Бантигіңді шешіп кеткен ерке ұл.                                 

Балалықтың ойыны бар әдемі.


Ендеше сайысымыздың «Мен қазақтың қызымын» атты 1 кезеңін бастауға рұқсат етіңіздер.


(Сахнаға қатысушылар кезекпен шыға бастайды)


Музыкалық номер:


І жүргізуші:

-Келесі кезекте 2 кезең «Ұлттық үлгідегі киім мен шаш үлгісінің үйлесуі» Шаш өру формуласы. Қатысушылар бір-бірінің шашын өреді. Қалай өрілген, қандай өрім. Өрімнің қысқаша тарихына шолу жасайды. Аруларымызды қарсы алайық!

Бұрым – бұлақ таудан ақын құлатқан                     

Ашуланба ол бір ойын талайғы

Бұрым – арман, қол жетпеген ұнатқан                       

Адамдардан әр ұрпаққа тарайды

Момақан боп жүрген бүгін әкең де, 

Ақылды бол, сол бұрымның бір талы

Талай қызды шаштан тартып жылатқан.     

Тентектерді құрықтауға жарайды.


Музыкалық номер:


ІІ жүргізуші:


-  Келесі 3-кезеңіміз «Мен болашақта…» Өзіңнің  ойыңдағы колледж формасы мен өзің ұсынатын студент қыздардың шаш үлгісі.

(түсіндіріп өтеді)






І жүргізуші:

-Қыздарды сыйлау қазақтардың  бар тілегі
Сол қыздарды сынайық біз бүгінгі
Нұрға толы көздері мен қыз жанарды
Қыз сыны, қыз әдебі, қыз өнері
Тал бойына жарасқан күлкі әдемі
Бір көргеннен болмай-ақ сахнада,
Өмірде сақталсыншы ұлт әдебі

- деп қыздарды әнге қоспаған ақындар кемде кем болар, келесі кезекте

4-кезең «Зерделінің ойы озық» (Шаш күтімі туралы сұрақтарға жауап беру).Аруларымызды ортаға шақырайық!

(шаш күтімі туралы сұрақтар)



ІІ жүргізуші:

- Міне, байқаудың соңғы 5 кезеңі де кеп қалды ол - «Қыз еркем – шашымен көркем» деп аталады. Бүгінгі сайысымыз ерекше болмақшы,  арамызда шашы ұзын қыздар да, шашы қысқа қыздар да бар. Бірақ оны күтіп, өсіріп немесе жинақы ұстау жеткіліксіз. Қазақтың салтына қарай әр қыз бала, әр ару қыз өзінің ас пісіру, кесте тігу, үй жинау кезіндегі шаш қою үлгісін көрсетіп, түсіндіреді.


І жүргізуші:

-Әділқазылар алқасы байқауға қатысушылардың әділ бағасын әзірлегенше, келесі кезекті әнге берейік


Музыкалық номер:


ІІ жүргізуші:


  • Рахмет, өнерің өрге жүзсін! Қазақ халқы әйелдердің сұлу шашын ертеден-ақ жоғары бағалаған. Осыған байланысты әдет-ғұрыптар, тыйымдар туған. Шашыңды отқа тастама, шашыңды жайма, шашыңды қима деген тыйымдар бар. Жас әйелдің шашын маңдайдан айырып, екі бұрым етіп өрген соң оның арасын бір сүйемдей етіп ұшынан бір-біріне жалғайды, бұл «жұбымыз жазылмасын» деген ақ тілек белгісі. Ал, қыздар бұрымын дара өреді, бір-біріне жалғамайды.Қыздарға Алтыншаш, Қарашаш, Сұлушаш деген ат қоюдың өзі шаш қасиетін көрсетеді емес пе?

 І жүргізуші:


  • Қазіргі қыздар өзіне жарасса да, жараспаса да шашты жайып жүргісі келеді. Ал, ол шашты жайып жүру колледжде рұқсат етілмейді. Білім ордасы болған соң, бұл жердің тәртібіне бас иесіз. Шашты жаймай күнделікті жинап жүру керек, колледждің талабы сақталуы тиіс, заманның ағымына қарай мода қуғымыз келеді,  ал бірақ біз қазақтың қара көз қыздары екенімізді ұмытпауымыз керек. Қазақ қашанда қыздарын еркелеткен, төрінен орын берген. Біздің бүгінгі сайысымыз қыздар бойынан, ізгіліктің, қарапайымдылықтың, сонымен қатар талғампаздықтың  үлгісін көрсете білді. Ендеше қазақ қызына лайық «Бұрымды қыз» кімдер екен? Сөз кезегін әділқазылар алқасына берейік!

 ІІ жүргізуші:

- « Білектей арқасында өрген бұрым,

Шолпысы сылдыр қағып, жүрсе ақырын.

Камшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты,

Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін?» деп Абай атамыз жырлағандай ортаға бүгінгі сайыскерлерімізді шақырамыз!


І жүргізуші:


  • Сөз кезегі әділқазылар сіздерде



 ІІ жүргізуші:


- Осымен сайысымыз аяқталды. Көріп, тамашалағандарыңызға үлкен

алғысымызды білдіреміз! Сау-саламатта болыңыздар!




















БЕКІТЕМІН

Директордың әлеуметтік және

тәрбие ісі жөніндегі орынбасары __________ Б.Ж.Бахтиярова

«____» наурыз 2016ж


Р.Байсеитов атындағы Семей қаржы- экономикалық колледжінің студенттер жатақханасы қыздарының арасында өтетін

«Бұрымды қыз» байқауының ережесі


Мақсаты: Қыздарға ұмыт болуға айналған ұлттық төл мәдениетіміз бен өнерімізді қайта тірілтіп, салт-дәстүрді жаңғырту, әсіресе қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру арқылы әділеттікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу. Ақылды да ажарлы, дарынды да талантты, бұрымды қыздарды елге таныстыру.Шаштарын үнемі күтіп ұстауға, тазалыққа,тәрбиелеу.

Байқаудың шарттары

1.«Мен қазақтың қызымын».

(Әрбір қатысушы өз өскен ортасын, ата-анасын және өзіне қатысты басқа нәреселер жөнінде өздерін таныстырып өтулері керек)



2. «Ұлттық үлгідегі киім мен шаш үлгісінің үйлесуі» Шаш өру формуласы. (Қатысушылар бір-бірінің шашын өреді. Қалай өрілген, қандай өрім. Өрімнің қысқаша тарихына шолу жасайды)



3.«Мен болашақта…». Өзіңнің  ойыңдағы колледж формасы мен өзің ұсынатын студент қыздардың шаш үлгісі. (түсіндіріп өтеді)



4.«Зерделінің ойы озық». (Шаш күтімі туралы сұрақтарға жауап беру).



5.«Қыз еркем – шашымен көркем». (Бұл кезеңде әр ару қыз өзінің ас пісіру, кесте тігу, үй жинау кезіндегі шаш қою үлгісін көрсетіп, түсіндіреді)



Ұйымдастырушылар: «Қазақ қызы» клубының жетекшісі Хусайнова Ж.Х.

Жатакхана тәрбиешісі Абдрахманова Б.Қ.

Байланыс телефондары: 8775 2046367; 87754079296



















«Бұрымды қыз» байқауының бағалау парағы

Қатысушының

аты-жөні

топ

1.«Мен қазақтың қызымын». (Әрбір қатысушы өз өскен ортасын, ата-анасын және өзіне қатысты басқа нәреселер жөнінде өздерін таныстырып өтулері керек

2. «Ұлттық үлгідегі киім мен шаш үлгісі

нің үйлесуі» (Қат/лар бір-бірінің шашын өреді. Қалай өрілген,қандай өрім,қысқаша тарихына шолу жасайды)

3.«Мен болашақта…».

Өзіңнің  ойыңдағы колледж формасы мен өзің ұсынатын студент қыздардың шаш үлгісі. (түсіндіріп өтеді)


4.«Зерделінің ойы озық». (Шаш күтімі туралы сұрақтарға жауап беру).


5.«Қыз еркем – шашымен көркем». (Бұл кезеңде әр ару қыз өзінің ас пісіру, кесте тігу, үй жинау кезіндегі шаш қою үлгісін көрсетіп, түсіндіреді)


Жалпы

ұпай

Орын



1











2











3











4











5











6






















Әділқазы _______________________________________

Автор
Дата добавления 31.05.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров181
Номер материала ДБ-105263
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх