Инфоурок Другое Другие методич. материалы"Бұрымды қыз - 2016жыл"

"Бұрымды қыз - 2016жыл"

Скачать материал

БҰРЫМДЫ ҚЫЗ 2016жыл

 

 

Жоспар:

 

1.  «Мен қазақтың қызымын». (Әрбір қатысушы өз өскен ортасын,ата-анасын және өзіне қатысты басқа нәрселер жөнінде өздерін таныстырып өтулері керек)

2. «Қыз еркем – кестесімен көркем». (Бұл кезеңде әр ар-у қыз өзінің қолынан келетін бір ісмерлік өнерін көрсетеді және қалай жасалғаны туралы әңгімелейді

3. Шаш өру формуласы. «Ұлттық үлгідегі киім мен шаш үлгісінің үйлесуі» (өзінің өрілген шашы жөнінде айтып өтеді. Қалай өрілген, қандай өрім. Өрімнің қысқаша тарихына шолу жасайды)

4. «Мен болашақта…».   Эссе жазу.  Сурет сызбазын көрсетіп. Өзіңнің  ойыңдағы мектеп формасы мен өзің ұсынатын мектеп оқушы қыздарының шаш үлгісі. (Болашақтағы өзінің ойындағы мектеп формасы мен оқушы қыздардың шаш үлгісі жөнінде түсіндіріп өтеді)

5. «Зерделінің ойы озық». (Лездік сұрақтарға жауап беру).

6.  Фотосессия

Қорытындылау

 

 

Мақсаты: Байқауды ұйымдастырудағы мақсат ұмыт болуға айналған ұлттық төл мәдениетіміз бен өнерімізді қайта тірілтіп,салт-дәстүрді жаңғырту, әсіресе қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру арқылы әділеттікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу.  Ақылды да ажарлы, дарын да талантты, бұрымды қыздарды  елге  таныстыру.

1-жүргізуші: «Қыз өссе елдің көркі»деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам - дей отырып
Құрметті ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі «Бұрымды қыз» атты байқауға қош келіпсіздер!

Олай болса! Шық аруым жарысқа,
Бір - біріңнен қалыспа.
Өнерінді байқасын,
Мына отырған халық та - демекші бүгінгі мектепшілік байқауымыздың аруларын ортаға шақырамыз. (арулар ортаға кезекпен шығады).
Уа, арулар, арулар,
Ешкімің жоқ алалар,
Ару болу үлкен сын.
Оны қазың бағалар,- деп қазылар алқасымен таныстырамыз.
Сайысымызды бастамас бұрын  жоспармен таныстырып өтейік, сонан соң тәртіп бойынша жереби арқылы әр қатысушы  ортаға шығу тәртібін анықтайды.

Жоспар:
1. «Мен қазақтың қызымын». (Әрбір қатысушы өз өскен ортасын,ата-анасын және өзіне қатысты басқа нәрселер жөнінде өздерін таныстырып өтулері керек)

«Қыз еркем – кестесімен көркем». (Бұл кезеңде әр ару қыз өзінің қолынан келетін бір ісмерлік өнерін көрсетеді және қалай жасалғаны туралы әңгімелейді)

Шаш өру формуласы. «Ұлттық үлгідегі киім мен шаш үлгісінің үйлесуі» (өзінің өрілген шашы жөнінде айтып өтеді. Қалай өрілген, қандай өрім. Өрімнің қысқаша тарихына шолу жасайды)

«Мен  болашақта…».   Эссе жазу.  Сурет сызбазын көрсетіп. Өзіңнің  ойыңдағы мектеп формасы мен өзің ұсынатын мектеп оқушы қыздарының шаш үлгісі. (Болашақтағы өзінің ойындағы мектеп формасы мен оқушы қыздардың шаш үлгісі жөнінде түсіндіріп өтеді)

«Зерделінің ойы озық». (Лездік сұрақтарға жауап беру).

 Фотосессия

Қорытындылау

 Жүргізуші: Білектей арқасында өрген бұрым,
Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын,
Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты,
Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін, деп - Абай атамыз жырлағандай, байқауымыздың І бөліміне кезек берейік. Бұл бөлімде
Әрбір қатысушы өз өскен ортасын,ата-анасын және өзіне қатысты басқа нәрселер жөнінде өздерін таныстырып өтулері керек)

Бойжеткен арулар келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға
Жаймен басып сахнаға келіп жетті.
Әдеппен, ізетпен танысуға,- демекші
 Жүргізуші:

 «Мен қазақтың қызымын дара туған» таныстыру. Рет бойынша арулар өздерін таныстырып шықсын.

Кедеймін деп қысылма.
Өнерің болса қолында.
Өнерлінің ырысы.
Жарқырап жатыр жолында келесі сайысымыз 
«Қыз еркем – кестесімен көркем». (Бұл кезеңде әр ару қыз өзінің қолынан келетін бір ісмерлік өнерін көрсетеді және қалай жасалғаны туралы әңгімелейді)

Жүргізуші:

Байқауды ұйымдастырудағы мақсат ұмыт болуға айналған ұлттық төл мәдениетіміз бен өнерімізді қайта тірілтіп,салт-дәстүрді жаңғырту, әсіресе қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру арқылы әділеттікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу. Ақылды да ажарлы,дарын да талантты,бұрымды қыздарды елге таныстыру. Бұл бөлімде  Шаш өру формуласы. «Ұлттық үлгідегі киім мен шаш үлгісінің үйлесуі» (өзінің өрілген шашы жөнінде айтып өтеді. Қалай өрілген, қандай өрім. Өрімнің қысқаша тарихына шолу жасайды)

Жүргізуші:  Келесі сайысымыз

«Мен  болашақта…».   Эссе жазу.  Сурет сызбазын көрсетіп. Өзіңнің  ойыңдағы мектеп формасы мен өзің ұсынатын мектеп оқушы қыздарының шаш үлгісі. (Болашақтағы өзінің ойындағы мектеп формасы мен оқушы қыздардың шаш үлгісі жөнінде түсіндіріп өтеді)

2.     Жүргізуші:  Келесі сайысымыз  «Зерделінің ойы озық». (Лездік сұрақтарға жауап беру).

Салт - дәстүрге байланысты сұрақтар.
ІІ - жүргізуші: «Халқын сүйген – халқының салтын сүйеді» дей келе келесі сайысымыз сұрақ - жауап, қыздарымыз сұрақтарға жауап береді.
1 – сұрақ.
1. Бес қару: (мылтық, садақ, найза, қылыш, айбалта )
2. Жеті қазынаны атаңыз.
(Ер жігіт, сұлу әйел, ілім - білім, жүйрік ат, құмай тазы, қыран бүркіт, берен мылтық.)
2 – сұрақ.
1. Үш арсыз: (тамақ, ұйқы, күлкі)
2. Қыздар туралы мақал - мәтелдер. (қызға қырық үйден тию, Дәулетіңнің қадірін ұлың өскенде білерсің, Абыройыңның қадірін қызың өскенде білерсің)
3 – сұрақ.
1. Жеті ата: ( ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене )
2. Бес дұшпан (Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекермал шашпақ).
4 – сұрақ.
1. Үш даусыз: (мінез, кәрілік, ажал)
2. Үш биді атаңыз.(Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би).
5 – сұрақ.
1. Үш мақсат: (жол мақсаты – жету қыз мақсаты - кету, сауда мақсаты - ұту)
2. Қазақ халқының өнердегі ұлттық байлығының бірін ата? (қазақ халқының өнердегі ұлттық байлығының бірі – ою - өрнек)
6 – сұрақ.
1. Қазақ салты бойынша ұзатылған қыз үйіне бір жылдан кейін барған. Қалай аталады? (Төркіндеу)
2. Үш байлық (Денсаулық, ақ жаулық, он саулық)
(Кеш қорытындысын әділқазылар алқасы шығарады. Сайыскерлерге

Логикалық сұрақтар:

Миға шабуыл
1)    Қоян жаңбыр жауып тұрғанда қандай ағаштың асында отырады? (сулы ағаштың)
2)    Судың  астында қандай тас болмайды?  (құрғақ)
3)     Жабық көзбен не көруге болады? (түс)
4)    31 ақпан күні не болды? (31 ақпан болмайды)
5)    Жаңбыр 2 күн қатарынан жауып тұруы мүмкін бе? (жоқ, себебі, 2 күнді түн бөліп тұрады)

1.Шашты қалай күтіп ұстауға болады.

2.Жарнамада қандай шампуньдердерді көрдіңдер.

3.Қандай шампуньдерді білесіңдер.

4.Шашы ұзын қандай танымал әншілерді білесіңдер.

5.Мода дегеніміз не?

6.Сіздер жеңіліп қалсаңыздар, ренжейсіздер ме ? , көніл күйлеріңіз түсіп кете ме ?

Осымен сайысымызды аяқтап сөзді әділқазылар алқасына берелік.

Жүргізуші:Қазағымның салт - дәстүрін сақтаған,
Осындай бар қыздар үшін мақтанам.
Жарасып тұр шашбау таққан бұрымы,
Көргенді ғой сені өсірген ақ мамаң.

Жүргізуші:Сау болыңдар, көргенше,
Қайта айналып келгенше.
Жиі келіп тұрыңдар,
Қоштасайық ендеше!
«Бұрымды қыз»

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Бұрымды қыз - 2016жыл""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 6 месяцев

Ректор

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 651 494 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.04.2016 917
    • DOCX 20.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Альжанова Шынар Шаймовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Альжанова Шынар Шаймовна
    Альжанова Шынар Шаймовна
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5655
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой