Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Математика / Другие методич. материалы / Брошюра ,как результат проекта " Қазақстан математиктерінің жетістіктері"8 класс
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Математика

Брошюра ,как результат проекта " Қазақстан математиктерінің жетістіктері"8 класс

библиотека
материалов

hello_html_41bf757c.gifhello_html_718f56ba.gifhello_html_m7b4e5bb.gifhello_html_m1f9d9f71.gifhello_html_72b05fcf.gifhello_html_m78ba6caa.gifhello_html_m3edf426d.gifСолтүстік Қазақстан облысы

Айыртау ауданы

«Рудный орта мектебі» КММ
























Дайындаған 8-ші сынып оқушысы:Салимова Саним


Новоукраинка селосы

2015 жыл

Дайындаған 8 сынып оқушысы: Салимова Саним

Тексерген математика пәнінің мұғалімі:

Баймагамбетова С.С.


Бұл кітапшада тарихи ғұлама қайраткерлерге құрмет. Қазақстан мемлекетінің әлемдік дәрежеде танылуына математиктердің қосқан үлесі. Тарих толқынында есімі елге танымал болған математиктердің өмірі және шығармашылығы туралы айтылған. Бұл кітапша 7-11сынып оқушыларына арналған.
























Жалпы мәлімет


Қазақстантану- бұл қазақты тану. Әуелі алдымен өзімізді тану.

Әрине Қазақ елін әлемге таныту, абыройын асқақтату Елбасымыздың жүргізген саясаты тарихта қас қағым сәт болып саналатын тәуелсіздіктің жиырма жыл ішінде өз нәтижесін жоғары деңгейде көрсетіп, әлемнің алпауыттарын мойындатып иық теңестіруге мүмкіндік берді. Осындай салиқалы саясаттың арқасында Қазақстан ғылымы да, ғалымдары да айға ауыз білеген әлем ғалымдарын мойындатып, қазақ ғылымы әлемдік деңгейде ойып тұрып өз орынын алды. Өскелен ұрпақтың ғылымға деген қызығушылықтың арқасында әлемді мойындатар Қазақстан ғалымдарының қатары көбеймесіне кім кепіл? Қазіргі жаһандану заманында жарнамалықтың орны өзгеден өзгеше болып тұр. Бұл жерде Қазақстан ғылымын да, ғалымдарын да тақташаға іліп,жарнамалауды айтып отырғаным жоқ. Өскелең ұрпақтың санасын оятып, қазақ ғылымының қаймағы болар, әлем ғалымдарын тізе бүктіре мойындатар, біртуар қыз- ұлдары болу үшін осы ерлікті жасаған аға буындарын және де өткен тарихымыздың алып тұлғаларын саналарына сіңіруіміз абзал.






Қазақстандағы математика ғалымдарының жетістігі

Нобель саңлақтарының тісі батпаған есепті шешкен қазақ ғалымы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атанып отыр

АСТАНА. Қарашаның 26-сы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгінгі таңда Қазақстанның математика ғылымы саласындағы жетістіктері туралы көптеп айтылуда. Еліміздің жас математиктері көптеген халықаралық білім сайыстарында жоғары жетістіктермен көзге түссе, көш бастаған профессор-ғалымдарымыз тың ғылыми жаңалықтарымен барша әлемдік қауымдастықты таңғалдырып, қазақ халқын қуантып жүр. Солардың бірі -  Американың математикалық қоғамының жоғарыдәрежелі «Мур» сыйлығының иегері, Қазақстан Республикасы білім саласының құрметті қызметкері,Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Алгебра және геометрия кафедрасының меңгерушісі, профессор Уалбай Үтмаханбетұлы Өмірбаев.

       1972 жылы жапонның атақты ғалымы Нагата құрастырған есепке Уалбай Өмірбаев 80-жылдардың соңында білек сыбана кірісіп, он жылдың ішінде аталған математикалық проблеманың түйінін тарқатты. Бас кезінде ғалым қатты қуанды. Бірақ оның қуанышы ұзаққа созылмады. Себебі  оның тапқан жауабы қарама-қайшылыққа толы болды. Есептің шешімін қайта-қайта тексергеннен кейін, жауаптың дұрыс емес екендігіне көзі жетті.  Алайда  бетінен қайтпады. У.Өмірбаев бойындағы сабырлығы пен еңбекқорлығы арқасында айналасы екі жылдың ішінде-ақ Нагата есебінің толық шешімін табады. Ал үш жылдан соң, яғни 2004 жылы белгілі математик-ғалым Кон проблемасын шешудің жолын жазып шықты. Осы мәселелерге арналған еңбектері үшін қазақстандық ғалым 2007 жылы Американың математикалық қоғамының жоғары дәрежелі «Мур» сыйлығына ие болды.

       «Нагата есебі шешілді!» дегенді естіген кезде шетелдік ғалымдардың көбісі сенбеді. Ал «Нагата есебін шешкен қазақтың жас ғалымы!» деген сөзге мүлдем құлақ асқан жоқ. Осыдан кейін Уалбай Өмірбаев өзінің ұстазы Шестаков екеуі саналуан халықаралық конференциялар мен ғылыми мәжілістерде өз жұмыстарын қорғауға кірісті. Гонконгте өткен  ғылыми форумда  Уалбай Өмірбаев бірнеше сағат бойы аяғынан тік тұрып, өз шешімін дәлелдесе де, шетелдік әріптестері міз бақпады. Бір жыл өткеннен кейін ғана қазақ ғалымы Уалбай Өмірбаев тапқан Нагата жұмбағының шешімін барша әлем мойындады. Оның осы саладағы зерттеу еңбегіне арналған ғалымдардың пікірі 50 бетке дейін барып, математика саласындағы беделді халықаралық басылымдардың бірі - Американың математикалық қоғамының арнайы жұрналында жарық көрді.









Ұлтымыздың маңдайына біткен бағы болар, қазақ халқынан шыққан даналар мен дарындар көп. Сондай ғұлама ғалымның бірі – Мұхтарбай Өтелбаев. Алты алашқа ғана емес, алыс-жақын шет елге де танымал Асқар Жұмаділдаев деген математиктің бағалауы бойынша «қазақтың нөмірі бірінші математигі» – Мұхтарбай Өтелбаев ағамыз.  

Мұхтарбай Өтелбаев. 1969 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің механика-математика факультетін тәмамдаған. 1972 жылы физика-математика ғылымдарының кандидаты, ал 1978 жылы физика-математика ғылымдарының докторы дәрежесін алу үшін жазған диссертациясын Мәскеудің жоғары мәртебелі кеңесінде қорғаған. 1989 жылдан ҚазССР Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі. 2004 жылдан Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі. 2007 жылы ҚР Ғылым мен техникалар саласына тағайындалатын мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атанды. Бұл тізімді жалғастыра берсек, мақаламыздың жартысын толтырып, оқырманды жалықтырып алатынымыз белгілі. Сондықтан осы арадан бір қайырып қоялық. Бір сөзбен айтқанда, Өтелбаевсыз Қазақстан математикасын көзге елестетудің өзі қиын.
Мұхаң – әйгілі Штурм-Лиувилл операторының әмбебап формуласының шешімін тауып, әлемге аты жайылған адам. Мамандардың айтуынша, математикалық көптеген теңдеулерді осы Штурм-Лиувилл формуласымен шешетін болса, әрі қарай есеп шығару оңай көрінеді. Ал бұл теңдеуді әлемнің талай ғалымдары бастарын қатырып шеше алмай жүргенде, оның түйінін өзіміздің Мұхтарбай ағамыз тарқатып, дүние жүзі ғалымдарын тәнті етеді. Сонымен қатар ағамыз аталмыш теңдеуге “q*- Өтел¬баев функциясы” деген функция енгізеді. Мұны қазір әлем ғалымдары осылай ағамыздың атымен атайды. Бұл жайында әзірбайжандық ғалым Алиевтің: «Мұхтарбай осы есептерді шешті де, спекторлық теорияны мұсылмандардың теориясы болғызды», – дегені бар.
Математика дейтұғын күрделі ғылымның жілігін шағып, майын ішкен Мұқаң 1942 жылы Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қаракемер ауылында дүниеге келген. Соғыстан кейінгі сұрапыл жылдардың салқынынан болар, ағамыз 10 жасында мектеп табалдырығын аттайды. Оның өзінде 7-сыныпқа дейін ғана оқушы атанып жүруге мүмкіндік алады. Одан кейін тіршіліктің тынымсыз ағысымен бірге жүзіп, колхозда тракторшы болады. Оқуға деген ерекше ынтасының арқасында трактор құлағында жүрсе де, бір қолынан кітабы түспеген болашақ ғалым сырттай емтихан тапсырып, аттестатқа да қол жеткізеді. Одан әрі қарай жоғары білім алсам деген балаң жігіттің арманы Алматыға келгенімен орындала қоймайды. ҚазМУ-ге оқуға түсе алмаған талапкердің ізденісі мұнымен шектелген жоқ. Ол ақырында Бішкекке барып жоғары оқу орнының шәкірті атанады. Бірақ бір қызығы студент болғанына екі ай толғанда әскер қатарына шақырылып, Отан қорғауға аттанады. Бұл қызық па, бұдан да өткен адам таңғалатын жағдай, ол әскердің қатаң режимінде жүрсе де, оқуын өз бетінше жалғастыра беріпті. Армиядан келген бетте қатарынан үш курстың емтиханын тапсырып, жақсы нәтиже көрсетеді де, сырттай бөлімнің 4-курсына ауысады. «Талапты ерге нұр жауар» дегендей мұнымен шектелетін Мұхаң ба? Ол одан әрі ізденіп, М.Ломоносов атындағы ММУ-дің 4-курсынан бір-ақ шығады. Осылайша сөзіміздің басында айтқанымыздай дала даналарының бүгінгі жұрнағы, асылдың сынығындай алтын басты ағамыз Мәскеуде жүріп, қазақ деген халықтың талантын өзгелерге мойындатады.
Өтелбаевтың өмірі – өнегемен өрілген, өзгелерге үлгі болатындай өмір. Қазақстандағы математиктердің 80 пайыздайы осы кісінің тәлім-тәрбиесін көрген. Математика ғылымдарының докторы Оспанов Қордан: «Мен де осыдан 40 жыл бұрын ол кісіге адамды жатырқамай тілдесетін, ерекше ілтипатты мінезін сыйлап шәкірт болсам деп келгенмін. Қателеспеген екенмін. Ол кісі өнерлі жастарды өте жақсы бағалайды. Маған бір тақырып белгілеп, ғылыми бағыт-бағдар беретіндігін айтты да, көпке дейін қолы тимей жүрді. Содан бір мерекеде барлық шәкірттері бар, 30-40 адам бас қосып қалдық. Әлгі жиында мен домбырамен бір ән айтып едім, Мұхтарбай аға: «Қазақтың осындай азаматтарына көмектесу керек», – деп орнынан ұшып тұрды. Содан бір жігіт тұрып: «Сіз бұл жігітке есеп бермей жүрсіз ғой», – деді.
Сонда ағамыз «А, солай ма, ертең кел, мен саған есеп берейін» деді. Сөйтіп теңесіп кеттік», – дейді қазір алпысқа аяқ басқан, азулы математик.
Академик шамамен 210-ға тақау ғылыми мақала жариялаған. Олардың 70-тен астамы шетелдік жоғарғы рейтингке ие журналдарда әр түрлі тілдерге аударылып басылған. Шәкірттерінің 70-тен астамы кандидаттық диссертация қорғаған. Олардың 12-сі ғылым докторы атанды. Екі монографиясы Мәскеудің «Ғылым» баспасынан жарық көрген. Ғылыми жетістіктері Б.Левитан мен И.Саргсян және А.Костюченко сияқты ғалымдардың монографияларына жеке тарау ретінде енгізілген. Мамандар жалпы ғылым саласында екі адамды бір-бірімен салыстырып, бағалау қиын дейді. Себебі әр түрлі саланың өзіндік ерекшелігі мен жетістігі, жеке мәселесі бар. Ал қазіргі таңда қандай ғалымды мықты ғалым дейміз дегенде, дүние жүзіне белгілі журналдарда мақалалары жиі жарияланған адамдар білікті саналады. Сондай-ақ әлемдік ғалымдардың осы кісінің еңбегіне сүйеніп сілтеме жасауы жоғары көрсеткіш болып есептеледі. Бұл критерии бойынша ағамыз алдыңғы шепте көрінеді. Шет елдің ең атақты ғылыми журналдарында «Өтелбаев функциясын» зерттеп жазған ғылыми материалдар да біршама бар екен. 2007 жылы ағамыз мемлекеттік сыйлық аларда математика саласының шетелдік бірнеше ғалымы ол кісінің ғылыми потенциалын өте жоғары бағалап рецензия берді.
Ал тума талантымен талайды мойындатқан, тек ғылым үшін деп күн кешкен осындай «алтын басты» біздің қоғам қалай бағалайды? Ол кісі жайлы неге қоғамда жиі сөз болмайды? Қолда бар алтынның қадірін толық сезініп отырмыз ба? Шәкірттерінің сөз ләмінен түйгеніміз, ағамыз жарқ-жұрқ еткен жарнамаға жақын емес. Бұл өмірге тек қана ғылым үшін келген адам, бар ынтасымен сол салаға бет бұрған. Еткен еңбегінің бодауын сұрап, жоғары-төменге жүгіру ол кісі үшін жат қылық көрінеді. Ал академик Асқар Жұмаділдаев болса: «Қазақта ол кісіден көп шәкірт тәрбиелеген адам жоқ. Ал біз ол кісінің бағасын толық беріп отырмыз ба, жоқ па? Ол жағын нақты білмеймін. Мәселен, кеше Олипиадада штанг көтерген спортшыларымызды сонша мадақтап, сый-сыяпат жасадық. Оған қуануға негіз бар. Ал сонымен қатар әлемді ауызына қаратып, ғылымда жаңалық ашу деген де оңай емес қой. Оңай болса, екінің бірі неге жаңалық аша бермейді. Ал Мұхаңның еңбегі де сол чемпиондар еңбегінен бірде-бір кем емес. Сондықтан ғылымды, парасатты мойындайтын жұрт болсақ, оны да ескеруіміз қажет» – деп ағынан жарылды.
Қазақтың тағы бір мықты ғалымы, Мұхаңның әріптесі академик Тынысбек Кәлменов: “Мұхтарбай Өтелбаев – Қазақстан матема-тиктері пір тұтатын адам” – деп тұжырым жасапты. Біз де осы бағалаудан асырып ештеңе айта алмаймыз. Шетелдіктер мойындаған, қазақстандықтар пір тұтатын, жүрегі мейірімге, өне бойы ақылға толған ғалымның өз ортамыздан өсіп шыққанына шүкір делік. Ұстаздың ұлы мұраты – шәкірттерін топтан озған жүйрік етіп тәрбиелеу болса, бұл майданда да оның ұпайы түгел. Ақылдың кеніндей болған ақ басты академиктің арамызда аман жүргенін тіледік.

Қайрат САҚ, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ Журналистика және саясаттану факультетінің деканы, Бейбіт ТОҚТАРБА

Өмірбаяны


Математик-ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы (1961), профессор (1963), Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі (1962), КСРО Оқу ағарту ісінің үздігі

Биография

Тайманов Асан Дабысұлы

(1917-1990)

Қазіргі Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданында туған. Ұлы Отан соғысына қатысқан. А.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (қазіргі Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті), В.Ленин атындағы Мәскеу педагогикалық институтының аспирантурасын бітірген. 

1936-1938 жылдары - Орал педагогикалық институты кафедрасының ассистенті. 1938-1941, 1945-1947 жылдары - Мәскеу педагогикалық институтының аспиранты. 1947-1954 жылдары - Қызылорда педагогикалық институтының оқытушысы, кафедра меңгерушісі. 1954-1956 жылдары Шуя институтының доценті. 1956-1960 - жылдары Иваново тоқыма институтының доценті. 1960-1968 жылдары - КСРО Ғылым академиясының Сібір бөлімшесі Математика институтының аға ғылыми қызметкері, Новосібір мемлекеттік университетінің кафедра меңгерушісі. 1968-1970 жылдары - Қазақ КСР Ғылым академиясы физика-математика бөлімшесінің академик хатшысы. 1970-1971 жылдары - Қазақ КСР Ғылым академиясы Математика және механика институтының директоры. 1971-1990 жылдары КСРО Ғылым академиясының Математика институтының аға ғылыми қызметкері қызметтерін атқарған.  
Ғалымның негізгі еңбектері теориялық жиынтық топологиясына, үздіксіз бейнелеудің таралуына, борель жиынтығына, модельдер теориясына, эвклид кеңістігі элементтер теориясын зерттеуге, математикалық логикаға арналған. 

Тайманов Асан Дабысұлы Қазақстанда математикалық логика ғылымының дамуына сүбелі үлес қосқан. Ол оқытушылар мен студентерге арнап математикадан ғылыми семинарлар ұйымдастырып, математикалық конкурстар мен кештерді өткізуді енгізген. 1951 жылы тұңғыш рет республикада ғалымның ұсынысымен оқушылардың қалалық және облыстық математикалық олимпиадалары ұйымдастырылған. 
оооооооооооооооооо

Асан Дабысұлы Қазақстанда математикалық ғылымды дамытуда көптеген еңбек сіңірді. Ғалымның бастамасымен Қазақ мемлекеттік университетінде (әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті) алгебра және математикалық логика кафедрасы, Математика және механика институтында алгебра және математикалық логика зертханасы мен қолданбалы бағыттағы зертханалар, Республикалық физика-математика мектебі ашылған. КСРО Оқу ағарту министрлігі жанындағы Ғылыми-әдістемелік кеңесі Президиумының мүшесі және көптеген ғылыми кеңестердің мүшесі болып сайланып, математикалық логикадан Бүкілодақтық конференцияның ұйымдастыру комитетінің мүшесі болған. 
рррррррррррррррррррррррррррррррррррррррр

Асан Дабысұлы Тайманов Кеңес Одағы мен Қазақстан атынан Ниццада математика, Ганновердегі логика, әдістемелік және философия ғылымдары бойынша өткен Халықаралық конгресске, модельдер теориясы жөніндегі көптеген Халықаралық конференцияларға қатысқан. 1973-1984 жылдары үш дүркін шетел университеттеріне барып, математикадан дәрістер оқыған. 

Ғалымның 50-ден астам ғылыми еңбегі жарық көрген 

І дәрежелі Отан соғысы орденімен, екі мәрте «Еңбек Қызыл Ту» орденімен, көптеген медальдармен және КСРО Оқу ағарту министрлігінің «КСРО оқу ағарту ісінің үздігі» құрметті белгісімен марапатталған. 
оррорррррррр

Батыс Қазақстан облысында Асан Тайманов атындағы облыстық техникалық олимпиада өткізіліп келеді. Орал қаласындағы бір көшеге академиктің есімі берілген. 

2010 жылдың 23 сәуірінде Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде физика-математика ғылымдарының докторы, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі Асан Дабысұлы Таймановты еске алуға арналған «Тайманов оқулары - 2010» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.


ЖӘУТІКОВ ОРЫНБЕК АХМЕТБЕКҰЛЫ


 Жәутіков Орынбек Ахметбекұлы (1911-1989) - ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылыми және техника қайраткері, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының Қызыларай ауылында дүниеге келген.

1920-1930 жылдары ауылдық мектепте, кейіннен Қарқаралы қаласындағы мектепте оқыған. 1934 жылы Қазақ педагогикалық институтының (Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті) физика-математика факультетін үздік бітіріп, Ленинград мемлекеттік университетінің (Санкт-Петербор мемлекеттік университеті) аспирантурасын тамамдаған. 1934-1951 жылдар аралығында Қазақ педагогикалық институтында ассисент, аға оқытушы, доцент, декан, директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, кафедра меңгерушісі болған. 1945 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясында Математика және механика секторы ашылып, кейіннен Математика және механика институты құрылған.

О.Жәутіков 1945-1965 жылдар аралығында Қазақстан Ғылым академиясының Математика және механика секторында аға ғылыми қызметкер, сектор меңгерушісі, 1965-1969 жылдар аралығында Қазақстан Ғылым академиясының Математика және механика институтының директорының орынбасары, зертхана меңгерушісі, 1969-1989 жылдар аралығында Қазақстан Ғылым академиясы Президиумының мүшесі, Физика-математика ғылымдары бөлімшесінің академик-хатшысы қызметтерін атқарған. 1985-1989 жылдары Қазақстан Ғылым академиясының Математика және механика институтында зертхана меңгерушісі болған.

Негізгі ғылыми еңбектері қозғалыстың орнықтылық теориясына, математика, физика теңдеулеріне, дифференциалдық теңдеулердің шексіз жүйелеріне, теориялық және қолданбалы механикаға, математика тарихы мен оның методологиясына арналған.

О.Жәутіков - республикалық физика-математика мектебін ұйымдастырушылардың бірі. Бұл мектеп қазір Орынбек Жәутіковтің есімімен аталады. Ол республикамызда математик ғалымдарды дайындауда және математиканы насихаттауда көп еңбек сіңіріп, отандық математиктер мектебін қалыптастырды. 1958 жылы академик О.Жәутіков алғаш рет қазақ тілінде математикалық талдау туралы оқулығын шығарған. Ол 200 ден астам ғылыми еңбектердің, ғылыми-танымдық кітаптардың, методикалық жұмыстардың, көптеген оқулықтардың авторы. Белгілі ғалымдар А.Ляпуновтың, С.Ковалевскийдің, Н.Лобачевскийдің, С.Соболевтің, М.Лаврентьевтің, К.Персидскийдің, Қ.Сәтпаевтің, тағы басқалардың өмірі мен шығармашылық қызметтері туралы зерттеулерін ғылыми-танымдық кітаптары мен мақалаларында жариялаған.

Академик О.Жәутіков Кеңес Одағы мен шетелдерде өткен осы замандағы математика және механика проблемаларына арналған көптеген съездер, конгрестер мен конференцияларға, симпозиумдарға қатысқан.

Орынбек Ахметбекұлы Алматы қаласында оқушылардың Кіші ғылымдар академиясын ұйымдастырып, академияның көп жылдар бойы Құрметті президенті болды.  

О.Жәутіков математика ғылымын дамытуға және физика-математика білімдерін жетілдіруде зор үлес қосып, ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлағаны үшін Октябрь революциясы, 2 рет «Құрмет Белгісі» ордендерімен, көптеген медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Құрмет грамоталарымен марапатталған.

Қазақстанның еңбек сіңірген ғылыми және техника қайраткері, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты академик-ғалым Орынбек Жәутіков 16 мамыр күні 1989 жылы қайтыс болды.

Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің қаулысымен академик-ғалым О.Жәутіковті мәңгі есте сақтау мақсатында Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі мен Қарқаралы қаласындағы №1 орта мектебіне есімі берілген.

Әль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде үздік оқыған студенттерге арналып О.Жәутіков атындағы стипендия тағайындалған. Алматы қаласында ғалым О.Жәутіков тұрған үйдің қабырғасына мемориалдық тақта орнатылға

Нұрлан Темірғалиұлы Темірғалиев

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Нұрлан Темірғалиұлы Темірғалиев (1947 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы,Тайпақ ауданы) – қазақстандық ғалым-математик, физика-математика ғылымдарының докторы, Жоғары мектеп Халықаралық ғылым академиясының академигі, ҚР білім озаты.

Білімі, ғылыми дәрежесі мен атағы

  • 1969 жылы ҚазМУ-ды «Математика» мамандығы бойынша тәмамдаған.

  • 1969-1972 жж. КСРО ҒА В.А. Стеклов атындағы математика институтында аспирантурада оқыған (Мәскеу қаласы).

  • Физика-математика ғылымдарының кандидаты (МИЖМА, 1973 ж.)

  • 1987-1989 жж. - «Об эффективности алгоритмов численного интегрирования и восстановления функции многих переменных» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 50-ден астам ғылыми жарияланымның авторы. [1]

Мансап

  • Қазақстан ҒА-ның Математика және механика институтында кіші ғылыми қызметкер (1972–1974).

  • ҚазҰУ-да аға оқытушы, доцент, профессор, кафедра меңгерушісі (1974–1997) болды.

  • 1997 жылдан Еуразия ұлттық унверситетінде кафедра меңгерушісі қызметін атқарады.

Қазіргі таңда Теориялық математика және ғылыми есептеулер институтының директоры.


Ғылымға қосқан үлесі

Ғылым жолындағы уақыт аралығында елу шақты ғылыми еңбек жазып, бес ғылым кандидатын даярлады. Қазір он аспирантқа жетекші (1996 жыл). Оның докторлық диссертациясы «Об эффективности алгоритмов численного интегрирования и восстановления функций многих переменных» деп аталады. Оны жас ғалым Москвадағы Стеклов атындағы математикалық институтта қорғады. Сенімшілері: физика-математика ғылымдарының докторлары, профессорлар В. Н. Тепляков, М. М. Сктиганов, Н. А. Бобылевтар. Олар Нұрлан Темірғалиұлының дүниежүзі математиктерінің ширек ғасырдан бері шеше алмай келе жатқан проблеманы шешкендігін бір ауыздан мойындады. Бұл мәселемен орыс математигі Н. М. Коробуов, Қытай Ғылым Академиясының вице-президенті Хуа Ло-Кен, неміс математигі Э. Хлавка айналысқандығын көпшілікке паш ете отырып, Нұрлан Темірғалиұлы, бұл мәселені Америкада шығатын «Қазіргі математика» журналының сандық интегралдаудың өзекті мәселесі екендігін есептегенін, өзінің соны шешкендігін мақтан етеді. 1995 жылы Назарбай Блиев бастаған топ Сергей Михайлович Никольскийдің тоқсан жылдығын тойлауға келгенде, көпшілік алдында Қазақстан математикасының жетістіктерін атай келіп, Нұрлан Темірғалиұлын «ұлы математик» екендігін өз аузынан айтты. Бұған Қазақстан математиктері де қуанады. Ғалымның нәтижелері есептеу математикасында қолданылатындығы оның өміршеңдігін дәлелдейді. Нұрлан Темірғалиев Қазақстандағы математикалық білімді жетілдіруге бар күш-жігерін салып, сол үшін күресуде. Ол ауық-ауық газет-журнал беттерінде бұл туралы пікірін айтып, оны дәлелдейді. Ол кейінгі жылдары кадрларды даярлау сапасы республика бойынша төмендеп, оқу-құралдары жетіспей, оқыту мазмұнына біріңғай талап қойылмайды деген өз дәлелдерін айтады. Математикалық білімді жақсартудың бір жолы ретінде ғалым үш томдық «Математикалық анализін» жазды. Оның бірінші томы 1987 жылы «Рауан» баспасынан, екінші томы «Ана тілі» баспасынан 1991 жылы, үшінші томы «Білім» баспасынан 1996 жылы шықты. Бұлар математикалық анализден жазылған кейінгі жылдардағы қомақты еңбек. Онда дәстүрлік материалдар мен жаңа теориялар байланыстырыла, әдістемелік жағынан ұстамды жазылған оқулық. Математикалық терминологияны жасаудың халықаралық тәжірибесін қатаң ұстанған автор өз кемшілігін түзетуден қорықпайды. Адамгершілігі мол, қарапайым да әңгімешіл ғалым, ескі тарихты қазіргімен байланыстырудыжақтайды. Шәкірттеріне жағдай жасап, олардың хал жағдайын білгісі келіп, бірге жүреді.

Марапаттар мен жетістіктер

2002 жылы «Қазақстанныі білім озаты» белгісімен марапатталған. Халықаралық Зерттеу Комитеті мен Американдық Биографиялық институтының шешімімен «Жыл адамы - 2003» атағы берілген. 2004 жылы Қазақстанның ЖОО Қауымдастығы басқармасының шешімімен мемлекеттік тілдегі «Математикалық талдау» іргелі үш томдық курс үшін және жараталысытану пәндер бойынша сұранысқа ие оқулық ретінде білім берудің барлық стандарттарына жауап беретін өскелең ұрпаққа мирас боп қалатын оқу құралы үшін А. Байтұрсынов атындағы күміс медальмен марапатталған. «Ең үздік оқытушы - 2010» грантының иегері. 2011 жылы Халықаралық Сократ комитетінің ұсынысымен (Оксфорд, Ұлыбритания) үздік ғылыми жұмыстары үшін «The Name in Science» арнайы сыйақысының иегері атанды. Ғалымның есімі «Ғылымға қосқан үлесі үшін» белгісімен Дүниежүзілік ХХІ ғасырдың аса көрнекті ғалымы тізіліміне енген.

Боқаев Сәдуақас Хасенұлы
Боқаев Сәдуақас Хасенұлы (1907-1942) - физика-математика ғылымдары бойынша қазақтан шыққан тұңғыш ғалым, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің негізін қалаушылардың бірі, физика- математика факультетінің бірінші деканы. Семей қаласында туған.
Боқаев Садуақас Хасенұлы - дарынды математик, өзінің қысқа, бірақ жарқын да мазмұнды өмірінде қазақстандық математиктердің, педагогтардың, инженерлердің, экономистердің, сондай-ақ еліміздің мектептері мен жоғары оқу орындары оқытушыларының жаңа әрі жас толқынын дайындауға баға жетпес үлес қосқан ғалым.
1937 жылы 30 жасында репрессияға ұшырап, түрмеде улап өлтірілді деген дерек бар.
Жетістіктері :
1932 жылы Мәскеу университетін бітіріп, сол жылы аталмыш университеттің аспирантурасына түсті.
1932-1936 жылдары Қазақ педагогикалық институтының ассистенті, кафедра меңгерушісі, деканы, профессоры,
Қазақ мемлекеттік университетінің кафедра меңгерушісі қызметтерін атарып, студенттерге математиканың арнаулы салаларынан дәріс оқыды.
Жас ғалым 1935 жылы 28 жасында Мәскеу мемлекеттік университеті жанындағы математика және механика ғылыми-зерттеу институтында кандидаттық диссертация қорғады.
Жүз жыл құрметіне :
2007 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің физика-математика факультетінде Сәдуақас Боқаевтың туғанына 100 жыл толу құрметіне «Физика-математика пәнін оқытудың әдістемесі мен теориясы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция және Семей қаласындағы педагогикалық институттың оқушылары арасында олимпиада өтті.


Әлімхан Ермеков
Әлімхан Ермеков — Алаш қозғалы-сы-ның жас та, алғыр, іскер қайраткері. Алашорда үкіметінің мүшесі, табиғатынан зерек тұлға, математика ғылымдарынан тұң-ғыш қазақ профессоры.1896 жылы 25 мамырда Семей облысы, Қарқаралы уезі, Темірші болысының № 1 ауылында дәулетті отбасында туған. Әкесі Әбеу Темірші болысы болған. Жергілікті патша әкімшіліктерінен талай мақтау алып, шекпен де киген.
1929-1930 жылдары бір топ қазақ зиялылары абақтыға алынып, тергеуге түскенде, Ә.Ерме-ковті де
түрмеге қоса қамайды. Алайда 1937 жылғы қара бұлт Ә.Ер-мековтің басына тағы да үйіріліп, 1939 жылы сотталып, 1947 жылға дейін түрмеде отырып шығады. Түрмеден шыққаннан кейін жаламен қайта ұсталып, 1958
жылы босайды. 1957 жылы 26 қарашада толық ақталып, 1970 жылы қайтыс болады.
Жетістіктері :Бала Әлімхан алғашында Қарқаралыдағы училищеде оқып, 1905 жылы Семей ерлер гимназиясына түсіп, 1912 жылы алтын медальмен бітіріп шығады.
Гимназия бітірген соң, аса зерек балалар оқитын Томск технология институтына оқуға 1912 жылы түседі.
Сондықтан да ол 1917 жылдары 5-курсты кешігіп оқып, аласапыран басталып, оқуын дер кезінде бітіруге мүмкіндік болмайды. (Себебі : 1913/14 оқу жылдары ол қан аздығы мен созылмалы бронхымен ауырып, оқи алмаған сияқты. Ол туралы дәрігерлік анықтама да сақталынған. )
Тек 1920 жылы Халық ағарту комиссары А.Байтұрсыновтың арнайы мандатымен Томдағы оқуын жалғастырып, бітіріп шығады.
1917 жылы 27 сәуір, 7 мамыр аралығында өткен Семей облыстық қазақ съезіне қатысады.
1917 жылы 8-17 қазанда 1-Сібір облыс-тық съезіне, делегаттар жиналысы атынан қатысады да, оның президиумына Семей облысынан кіреді.
Осы орайда ол 1920 жылы 17 тамызда В.И.Лениннің төрағалығымен өткен қазақ өкілдері қатысқан Халық комиссарлары кеңесінің мәжілісінде Қазақ автономиясы туралы мәселе қаралғанда, Қазақстанның жағдайы туралы Ә.Ермеков баяндама жасайды.
«Ұлы математика курсы» 1-бөлім (1935), «қазақ тілінің математика терминдері» (1936) атты оқулық, кітаптарды жарыққа шығарады.

Семейдегі физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушылары әлем бойынша өткен SAT тестілеуіне қатысып, үздік жасөспірім математиктер атанды.


Бұл тестілеу жаһанның 175 мемлекетінің 1000-нан аса жоғары сынып оқушылары арасында өткен-ді. Оған зияткерлік мектебінен 7 оқушы қатысыпты. Араларынан Айнұр Мәшпиеваның бағы жанды. Ол қойылған 50 сұраққа 100 пайыз дұрыс жауап беріп, максималды 800 балл жинады. Оның құрбысы Ақгүл Кенжешева 710 балл алды. Бұл да жоғары көрсеткіш. Себебі, барлық қатысушылардың тек 10 пайызы ғана үздіктер қатарына ілінген.
Ағылшын тілінде өткен тестілеуге қос оқушыны математика пәнінің мұғалімі Майкл Малучи дайындапты.
- Тест сұрақтары АҚШ-тан хат арқылы келеді. Емтихан күні ғана ашамыз. Яғни, тестілеу әлемнің 175 елінде бір күн, бір сағатта өткізіледі, – дейді Айнұр мен Ақгүлдің бапкері.
Бұл жеңіс әсіресе Айнұр үшін жаңа мүмкіндіктер ашып отыр. Ол енді әлемнің таңдаулы оқу орындары грантының иегері. Таңдауы бойынша Гарвард, Оксфорд пен Кембриджде білім ала алады. Бұл жайындағы сұрағымызға Айнұр:
- Болашақта инженерлік сала бойынша білім алғым келеді. Себебі, бүгінде елімізде инженерлік сала мамандарына сұраныс жоғары. Ал әзірге таңдаған оқу орыным – Астанадағы Назарбаев университеті. Бұл білім ордасы да әлем бойынша алдыңғы қатарда. Өз елімде білім алып, Отанымның дамуына үлес қоссам деймін, – дейді.
Ақгүл де осы университет студенті атануды көздеп отыр. Себебі, «шетелдік үздік оқу орындарының айтулы профессорлары осында білім береді. Әрі халықаралық стандартқа сай, сапалы білім алуға толық мүмкіндік бар» деген пікірде.
Айта кетелік, өткен жылы Семейдегі Назарбаев Зияткерлік мектебінде халықаралық SAT тестілеу орталығы ашылған-ды. Бұған дейін мұндай орталық тек Астана мен Алматы қалаларында ғана болған. Енді Павлодар, Өскемен мен аудандардан келетін оқушылар алысқа ат сабылтпай Семейде тапсыра алады. Бұл жолғы шара алғаш рет өткізілді.
Ал қай салада болмасын шетелде жұмыс істегісі келетіндер SAT емтиханын тапсыруы міндетті. Себебі, Еуропа елдерінде жұмысқа қабылдану үшін халықаралық тестілеудің осы түрінен өту және алған баллдың жоғарылығы талап етіледі.

Мен оқып жүрген мектептен де талай математиктер шығатынына күмәнім жоқ. Өйткені былтыр Табулдин Ақан деген оқушы ҰБТ-ны математика пәнінен 5-ке берді. Ол оқушы математика пәнінен талай олимпиадаларға қатысып 1 орынға ие болған.

Елеусизова Альмира ,Елеусизов Дамир, Сапов Роман,Алибекова Диана деген оқушылар да халықаралық және мемлекеттік олимпиадаларға қатысып жүлделі орындарға ие болған. Салим Лаура «Кенгуру- барлығы үшін» интеллектуалдық ойынының жеңімпазы атанып, жолдама алып Алматыда бір жұма дем алып келді.





Сауалнама

1.Қазіргі математика ғылымының жетістігі қандай деңгейде?

2.Қазақ математиктерінен кімдерді білеміз?

3.Математика ғылымы қанша салаға бөлінеді?

4.Математика ғылымының жетістігінің мәні?

5.Жас қазақ математиктерінің жетістіктері?


Оқушылардың ұлы математиктер және Қазақстан математиктерін білу диаграммасы


hello_html_7a4554ea.gif














Қорытынды


Қортындылай келгенде ұлы математиктер математиканы дамытуда адамзатты ғажайып жаңалықтармен әлі талай қуантады.

Ғылым тарихына көз салғанда адамзаттың асыл перезенттері ашқан ұлы жаңалықтарға тоқталмай өте алмаймыз, өйткені басқалар мен салыстырғанда бұлардың ойлары орасан зор. Таланттары ерекше биік тұрады. Бұлардың ғылыми идеялары болашаққа өзінің нұрын шашады.



Мазмұны



1.Жалпы мәлімет 2

2. У.Ү.Өмірбаевтың жетістіктері 3

3. М.Өтелбаев 4

4. А.Д.Тайманов 9

5. О.А.Жаутіков 11

6. Н.Т. Темірғалиев 14

7.С.Х.Боқаев 16

8.Әлімхан Ермеков 17

9.SATтестілеуіне қатысушылар 19

10.Өз мектебім туралы 21

11. Диаграмма ,Анкета 22

12. Қорытынды 22


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 25.12.2015
Раздел Математика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров278
Номер материала ДВ-286743
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх