Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Брошюра на тему "Менің елім-Қазақстан"

Брошюра на тему "Менің елім-Қазақстан"

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:











































hello_html_m16ac9fee.gif




hello_html_m5cd04d83.gif



hello_html_53e72a29.png




Қазақстан Республикасының

әкімшілік – аумақтық құрылымы




hello_html_7d67ec75.png























































































hello_html_m57ef46e0.png





ЕГЕМЕНДІ ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗ

ҚАЗАҚСТАН

ҮШІНШІ МЫҢЖЫЛДЫҚТЫҢ

БАСЫНДА

Қазақстан Республикасы – Евразия деп аталатын құрлылықтар кеіңстігінің дәл ортаңғы бөлігінде орналасқан ел. Оның батыс аймақтары Европа құрлығының жерінде жатыр. Қазақтар жайық деп атайтын Орал зені – Европа мн Азияны бөліп тұратын шекара. Ал еліміздің солтүстігі, шығысы мен оңтүстігі Азия құрлығында орналасқан. Қазақтан Республикасының аумағы – 2 миллион 724 мың шаршы километрді құрайды. Жерінің аумағы жөнінен ол бүкіл дүниежүзінде 9- орында тұр. Мұндай жерге Франция сияқты 5 мемелекеті сыйғызып жіберуге болады. Елдің климаты мейілінше континентті. Солтүстігі орташа температура қыстүгіні Цельсий бойынша 20-25 градус болса, кей жылдары бұл 40-45 градуска дейін төмендейді. Жаздыгүні солтүстігі температура 18, оңтүстігі темпераура 35-40 градус болады.

1999 жылғы ресми санақ бойынша Қазақстанда 15 миллион шамасында халық тұрады. Жыл өткен сайын бұл цифр ұлғая түсуде. Елімізде халықтың 53,4 пайызн құрайты байырғы халық қазақтардан басқа ұлттардың да өкілдері тұрады. Шамамен ағанда, орыстар – 30, украиндер – 3,7, өзбектер – 2,5 пайызды құрайды. Сондай – ақ елімізде немістер, ұйғырлар, кәрітер, дұнғандар, түріктер және басқа халықтардың өкілдері бар.

Елдің емлекеттік тілі – қазақ, ресми тілі – оры тілі болып табылады. Қазақстан Республикасының астанасы 1998 жылы Алматы қаласынан Астана қаласына көшірілген. Қазақстан Республикасы – халықтың зі басқаратын демократиялық, зайырлы (азаматтық), біртұтас (бөлінбейтін) президенттік басқару нысанындағы мемлекет.






































































Ел басшысы – Нұрсұлтан Әбішұлы

Назарбаев

hello_html_6d961352.png


1999 жылы бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде сайланған Президент. Қазақстан республикасының негізгі заңы Конституцияда Президент халық мүддесін қолдау үшін халық атынан әрекет етеді деп жазылған.

Қазақстан Республикасында 14 облыс, 159 аудан, 85 қала, 195 кент, 2150 ауылдық және селолық округтер бар. Еліміздің Еділ өзенінің төменгі ағысынан Алтай тауына дейінгі ұзындығы 3000 километрдей болса, Батыс Сібір жазығынан Іле Алатауына дейінгі аралығы мың жарым километрден астам. Ал Қазақстан шекарасының жалпы ұзындығы 15 мың километрге жетеді. Еліміз батысы мен солтүстігінде Ресей Федерациясымен, оңтүстігінде Түркіменстан, Өзбекстан және Қырғызстан республикалырымен, ал шығысында Қытай Халық Республикасымен шекараласады. Азаттық үшін болған екі жарым ғасырдан астам уақыт күрестен кейін қазақ халқы тәуелсіздікке 1991 жылдың 16 желтоқсанында қол жеткізді. Сондықтан да жыл сайын 16 желтоқсан Қазақстан Республикасыны тәуелсіздік мерекесі ретінде ресми аталып өтеді. Қазақстан – Біріккен Ұлттар Ұйымының тең құқықты мүшесі. ХХІ ғасырға тәуелсіз мемелекет болып аяқ аттаған біздің отанымыз Қазақстан Республикасы міне, осындай.







БІЗДІҢ ПРЕЗИДЕНТІМІЗ


Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940 жылды 6- шілдесінде Алматы облысы, Қарасай ауданындағы Шамалғай ауылында өмірге келді. Ол қарапайым балқытушыдан бастап, Елбасына дейінгі қиын да ызықты өмір жолын жүріп өткен.

Біздің Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлі Назарбаев – тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш ПРЕЗИДЕНТІ. Оның еліміз бен халқымыздың алдында сіңірген еңбегі орасан зор. Оның басшылығы кезінде халқымыз азаттық алып, Қазақстан егеменділікке, сосын тәуелсіздікке қол жеткізді.

1958 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін Н.Ә. Назарбаев Днепродержинск қаласындағы №8 техникалық училищесіне оқуға түседі де, оны 1960 жылы бітіріп шығады. 1960 жылдың мамыр айында ол Теміртау қаласындағы “Казметаллургстрой” тресінің “Доменстрой” құрылыс басқармасында қара жұмысшы болып еңбек жолын бастаған. Ал осы жылдың шілдесінен бастап Қарағанды металлургия зауытының балқыту цехында шойын құюшы болып жұмыс істейді.

1964 жылдың ақпанынан 1965 тамызына дейін Қарағанды политехникалық институтының студенті болған ол балқыту цехның дисптчері, балқыту пешінің газовщигі және балқыту цехының аға газовщигі болып істеді. 1969 жылдың шілде айынан Теміртау қалалық партия комитетінің өндіріс және көлік бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарады да, осы жылдың желтоқсанынан бастап Теміртау қалалық комсомол комитетінің бірінші хатшысы болып істейді.




































































1971 жылдың маусымында Теміртау қалалық партия комитетінің екнші хатшысы, ал 1973 жылдың қазанынан Қарағанды металлургия коминаты партия комитетінің екінші хатшысы болған. 1977 жылдың наурызынан Қарағанды облыстық партия комитетінің екінші хатшысы. 1979 жылдың желтоқсанынан Қазақстан Компартиясы ОҚ-ның хатшысы.

1984 жылдың наурызында Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы болған ол 1989 жылдың маусымынан Қазақстан Компартиясы ОК – ның біріші хатшысы.

1990 жылдың ақпанында Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің төрағасы. 1990 жылдың сәуірінен Қазақ КСР – ның, 1991 жылдың желтоқсанынан Қазақстан Республикасының Президенті.

Біздің Президентіміз – іргелі ғалым, экономика ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Ресей Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі. Ол “Қазақстанның құрыш келбеті” (Алматы, 1984), “Нұрсұлтан Назарбаев: оңшыл және солшылдарсыз” (Москва, 1991), “Егемен мемлекет ретіндегі Қазақстан дамуының стратегиясы” (Алматы, 1992), “Ресус сақтау стратегиясы және нарықа өту”(Москва, 1992), “Қоғамның идеялық шоғырлануы – Қазақстан прогресінің шарты”(Алматы, 1994), “Жаңарған Қазақстанға реформаны тереңдету, жалпы Ұлттық келісім арқылы”(Алматы, 1994), “Нарық және әлеуметтік – эконмикалық даму”(Москва,1994), “Ғасырлар тоғысында”(Алматы,1996), “Тарих ағымында”(Аматы, 1999) және т.б. кітаптардың авторы.




hello_html_5506127d.png



Қазақстан Республикасы Президентінің

жеке белгісі

hello_html_m30f10d23.png







hello_html_m78a72b2.png

Президенттің кабинеті









Президенттің Астанадағы резиденциясы



























































ПАРЛАМЕНТ

hello_html_ff88bed.png

Қазақстан Парламенті 1995 жылдың 30 тамызындағы бүілхалықтық референдумда қабылданған еліміздің Конституиясына сәйкес заң шығару міндеттерін жүзеге асыратын ең жоғары өкілеттік орган болып табылады.

Парламент ел негізгі өмір сүретін заңдарды талқылап, қабылдайды. Оның құрылымы қос палаталы: жоғарығы палата Сенат болса, төменгісі – Мәжіліс. Сенатқа әр облыстан, республикалық мәні бар қалалардан (Алматы) және Қаақстан Республкасының астанасынан (Астана) екі адамамнан депутатыққа сайланады.

Сенаттың жеті депутатын республика Президенті тағайындайды.

hello_html_m5caf03e2.png

Мәжіліс жетпіс жеті дауыстан тұрады. Алпыс алты депутат сайлаушылар саны бірдей мөлшерде болып кететін әкімшіліктік – аумақтық белгілері бойынша құрылатын бір мандатты округтерде сайланады. Қаған он депутат пропорционалдық өкілеттік жүйе бойынша және біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша сайланады. Әр палатаның өз өкілеттігі мен міндеттері бар.



hello_html_5a82e061.png

ҮКІМЕТ


Үкімет дегеніміз – мемлееттік атқару билігінің ең жоғары органы. Үкіметке министрліктер, агенттіктер, комитеттер, облыстық, аудандық және қалалық әкімшіліктер бағынады. Үкіметті ең басты министр – Премьер – Министр басқарады. Оныы бұл лауазымға Парламенттің мақылдауымен ел Президенті тағайындайды.Үкімет үкімет мүшелері мен министрлерден тұрады. Үкімет мемлекеттің негізгі әлеуметтік – экономикалық даму бағыттарын айқындап, қорғаныс қабілеті мен қауіпсіздігін, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп отырады. Әр жыл сайын ел бюджетінің жобасын Парламентті талқылауы мен бекітуіне ұсынып, Мәжіліске заң жобаларын енгізеді. Мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастырып, сыртқы саясатты жүргізу жөнінде шаралар қабылдайды.





































































ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

РӘМІЗДЕРІ



hello_html_1b60de54.png


Қазақстан Республикасының Туы




hello_html_m40ee6d07.png


Қазақстан Республикасының

Елтаңбасы







ҚАЗАҚСТАН РСПУБЛИКАСЫНЫҢ

МЕМЛЕКЕТТІК ӘНҰРАНЫ


Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімиденов

Нұрсұлтан Назарбаев

Музыкасын жазған: Шәмші Қалдаяқов


Алтын күн аспаны,

Алтын дән даласы,

Ерліктің дастаны,

Еліме қарашы!

Ежелден ер деген,

Даңқымыз шықты ғой.

Намысын бермеген,

Қазағым мықты ғой!

Менің елім, менің елім,

Гүлің болып егілемін,

Жырың болып төгілемін, елім!

Туған жерім менің- Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан,

Кең байтақ жерім бар.

Бірлігі жарасқан,

Тәуелсіз елім бар.

Қарсы алған уақытты,

Мәңгілік досыңдай.

Біздің ел бақытты,

Біздің ел осындай!

Менің елім, менің елім,

Гүлің болып егілемін,

Жырың болып төгілемін, елім!

Туған жерім менің- Қазақстаным!





































































МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР БОЛЫП ТАБЫЛАТЫН МЫНАДАЙ ОРНДЕНДЕР МЕН МЕДАЛЬДАР БАР


Жоғары деңгейдегі айырым белгілері


hello_html_m2e5a4fbf.pnghello_html_m5092cacd.png

Алтын Қыран” “Халық қаһарманы


hello_html_m3a542ddb.pnghello_html_31f23806.png

Даңқ” “Достық”


hello_html_m34e78b96.png


Отан” “Құрмет” “Парасат”



ТЕҢГЕ - ҰЛТТЫҚ АҚША


hello_html_7d9c754b.png


hello_html_m16ad0f1f.png

Қазақстан Республикасының ұлттық ақшасы пайдалануға 1993 жылдың қарашасында енгізілді. Ақша белгілерін – теңге мен тиындардың түрлерін Қазақстанның ең таңдаулы суретшілерін қатыстыра отырып, Ұлттық банк жасаған болатын.





ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ (Негізгі заңы)


hello_html_m5921b133.png

Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің тұңғыш Конституциясы 1993 жылдың 28 қаңтарында қабылданды. Тәуелсіздік алған 1991 жылға дейін Қазақстан Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы деген атпен бұрынғы кеңестік Социалисті Республикалар Одағының құрамында болып келеді. КСРО дегеніміз – құрамында 15 одақтас республика, ұлттық республикалар, ұлттық өлкелер, автономиялық облыстар мен аудандар кіретін алып социалистік империя болатын. Ол 1991 жылдың желоқсанында саяси




































































және экономикалық дағдарыстың салдарынан ыдырап кетті де, одақтас республикалар өз тәуелсіздіктерін алды. Кеңес империясының ыдырауына саяси және экономикалық дағдаыстан басқа ұлттық аймақтардағы азаматтық, егемендік және тәуелсіздік үшін болған күрестер де әсер етті.

1993 жылғы алғашқы Конституция қабылданғанға дейін Қазақстан азаматтары Қазақ КСР Конституциясын пайдаланып келді. Тәуелсіздік жағдайында ол моральдық және саяси тұрғыдан ескіріп қалған болатын. Конституция (Негізгі Заң) бәрінен бұрын мемлекеттің саяси құрылымы туралы басты құжат болып табылады. Басқа заңдар соның негізінде туындайды. Аталған Конситуция 1993 және 1995 жылдардағы өтпелі кезеңде Қазақстан Республикасының жаңа тәуелсіз ел ретінде қалыптасуында елеулі рөл атқарады. Өтпелі кезең жағайынан кейін қоғамдық өмір жаңа Конситуцияның қабылдануына алып келді. Сөйтіп ол 1995 жылдың 30 тамызы еспубликалық бүкілхалықтық референдумда қабылданып, бүгінгі таңда қолданыста жүр. Конситуция бойынша Қазақстан Республикасы демократиялық, зайырлы және құқықтық мемлекет болып саналады. Мемлекеттің жоғары құндылықтары адам, оның өмірі құқықтары мен бостандықтары болып табылады. Қазақстан Республикасы Президентік басқару нысанындағы бөлінбейтін біртұтас мемлекет. Мемлекеттің биліктің біздің еліміздегі бірден – бір қайнар көзі - халық. Біздің Конситуциямызда 9 бөлім, 98 бап бар.Қажет болған жағдайда еліміздің жоғарғы заң шығарушы органы парламент баптарға өзгертуле мен толықтырулар енгізе алады. Конституция (Негізгі Заң) – еліміздің басты құжаты. Бұл біздің құқықтарымыз бен мүмкіндіктеріміз жайындағы байыпты да парасатты кітап. Конституцияны мұқият оқып – үйренген жөн.




ЭКОНОМИКАСЫ


Қазақстан Республикасында өндірістік бұйымдар шығаратын 2700 – дей кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Оларда 812 мың адам еңбек етеді. Еліміздің жер қойнауы пайдалы қазбаларға бай. Бізде мыстың, қоғасынның, мырыштың, кадмийдің, бір сөзбен айтқанда, пеиодтық кестедегі барлық элементтердің мол қоры бар. Хром кендері жөнінен Қазақстан дүниежүзінде бірінші орынға ие. Хром қоры 430 млн тоннаны құрайды. Ал 10 млн тонна қоры бар марганец кені жөнінен біз әлемдегі үшінші орынға иеміз. Сондай – ақ Қазақстандағы мыс көздері 10 мыңнан астам. Мыс өндіру жөнінде дүниежүзінде алдыңғы қатарға иеміз. Өндірістің жетекші салалары – түсті және қара металлургия. Қазақстан вольфрам қоры жөнінде де әлемде бірінші орынға ие.

Бүгінгі таңа 1800 – де астам алтын – күміс кеніштері белгілі. Қазақстан энергетика және минералды шикізаттың барлық қорына ие. Қазіргі таңа елімізде жыл сайын 32 млн тонна мұнай өндіріледі. Дүнежүзі бойынша бұл 26-шы орында екенімізді көрсетеді. Қазақстанда тас көмір қоры да мол. Геологтар барлаған оның қоры 185 млрд тоннаны құрап отыр. Көмір өндіретін ең ірі аудандар – Қарағанды мен Екібастұз. Көмірді ашық әдіспен өніретін орасан зор “Богатырь” Көмір разрезі дүниежүзіне белгілі. Еліміздің эконмикасында нарықтық қатынастардың енуіне байланысты өндірістік компаниялар белсенді түрде жұмыс істеуде. Олардағы мемлекетік капиталдың үлесі шектеулі ғана. Көптеген комбинатар, завод – фабрикалар жеке иеліктерге






































































берілген. Бұл қадам Қазақстан экономикасына шетел қажыгерлері үшін жол ашты. Бұнің өзі түптеп келгенде,

республика экономикасының нығайып, дамуына, бәсекелі отаның қалыптасуына қызмет етеді. Қазіргі таңда еліміздің жеке меншік бөлігінде жалпы тұтыну өнімінің 70 пайызы өндірілді. Жеке ұйымдар мен шетел капиталына уақытша пайдалануға ірі өндіріс объектілері берілген. Мемлекет бақылауына темір және автомобиль жолдары туба – құбыр көлігі, электр қуаты, іргелі ғылым, бастауыш, рта және жоғары білім, денсаулық сақтау, сондай – ақ, қорғаныс өнеркәсібі қалып отыр.Экономика және әлеуметтік өмірдің маңызды салаларында мемлекеттік саясатты жүргізу үшін “Қазақойл”, “ҚазТрансойл”, “Кегок”, “Қазақстан теміржолы” сияқты ірі ұлттық компаниялар құрылған.Жеңіл өнеркәсіпте тоқыма, тігін, былғары аяқ – киім саласы жатады.

Тамақ өнеркәсібі өңдеу өнеркәсібінің үштен бірін қамтиды. Бұл сала халықтың негізгі азық – түлік өнімдері – ет, сүт, нан, ұн, жарма өнімдеріне деген сұранысын қамамасыз етеді.

Конитер бұйымдарын шығару жөнінде елімізге мейілінше танымал фирмаларға “Рахат” АҚ- ы, “Тұлпар” АҚ-ы, жатады.

2000 жылдың 1 қаңтарына қарай Қазақстанда екі мыңдай шетелдік және біріккен кәсіпорындар жұмыс істейді. Олардың 1004-і біріккен және 861 – і шетел кәсіпорындары болады. Оларды құруға 92 елдің өкілдері қатысан екен. Қазақстан Азия, Европа, Америка және Африка елдермен жасған келісім шарттарға сәйкес жер бетіндегі барлық құрлықтармен сауда қарым – қатынас орнатқан.





hello_html_1e61a284.png


hello_html_5cc03da4.png

Қарағанды “Богатырь”

металлургия кенішінің көмір

hello_html_653637d2.png

hello_html_m52e413bf.png

комбинаты қабаты









Қазақмыс” өнімдері Соколов – Сарыбай

hello_html_6b292626.png

hello_html_m27d6f665.png

кен орны










Казтрансойл Атыраубалық







































































ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІ

hello_html_40ac3e2f.png

hello_html_7da9f463.png

hello_html_m23ffbc23.png


hello_html_7ac71f45.png

КСРО таратылғаннан кейін 1991 жылы Қазақстан республикасының аумағында оңтүстік – шығыс шекараларды қорғауға тиісті құрамында 200 мыңдай

адамы бар әскери топтар қалды. Осы әскери күштерді басқару үшін ел Президентінің жарлығымен қауіпсіздік кеңесі ұйымдастырылып, кейінірек ол Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі болып қайта құрылды. 1992 жылдың 7 мамыры күні Қазақстан Республикасының Қарулы күштерін құру туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл күн егеменді Қазақстан армиясының туған күні болып саналады. Қазақстан Республкасының армиясы корпустар мен дивзиялардан, соның ішінде танк және авияция корпусынан, әуе қорғанысы корпусынан, радио және радиотехникалық барлау бөлімдерінен, Байқоңыр ғарыш айлағын қамтамасыз ету бөлімдерінен, сынақ орталықтары мен полигондарынан тұрады. Қазақстанда екі жүз мыңнан астам әскерилер қызмет етеді. 1992 жылдың 22 қыркүйегінде “Қазақстан Республикасының қорғанысы және қарулы күштері туралы” Заң, ал 1993 жылдың 19 қаңтарында “Жалпыға бірдей әскери міндеттер және әскери міндетер және әскери қызмет туралы” Заң қабылданды.




БАЙҚОҢЫР – ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ

ҒАРЫШ АЙЛАҒЫ

hello_html_5b4384b.png


Қазақстан Республикасының ғарышты игеруге қатысуы біздің ғылымымыздың салмақты екендігін, ең күрделі ғылыми - техникалық міндеттерді өз ғалымдарымыз да шеше алатындығын дәлелдеді. Біз әлемдік деңгейдегі ең күрделі технологияларды жасай аламыз. 80-жылдардың ортасынан бастап “Протон” зымырантастағышының базасында ғарыш кемелерінің жаңа буындарын ұшыратын бағдарлама жүргізіле бастады. Енді орбитаға 20 тоннаға дейінгі пайдалы жүкті шгығаруға болады. 1982 жылдың 31 наурызында Жер манындағы орбитаға әлемі бірінші “Квант” астофизикалық модулі шығарылды. Ол “Мир” орбиталық станциясымен түйілісті.

Байқоңыр – бүгінгі таңда халықаралық ғарыш айлағы

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Краткое описание документа:

ЕГЕМЕНДІ ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗ

ҚАЗАҚСТАН

ҮШІНШІ МЫҢЖЫЛДЫҚТЫҢ

БАСЫНДА

Қазақстан Республикасы – Евразия деп аталатын құрлылықтар кеіңстігінің дәл ортаңғы бөлігінде орналасқан ел. Оның батыс аймақтары Европа құрлығының жерінде жатыр. Қазақтар жайық деп атайтын Орал зені – Европа мн Азияны бөліп тұратын шекара. Ал еліміздің солтүстігі, шығысы мен оңтүстігі Азия құрлығында орналасқан. Қазақтан Республикасының аумағы – 2 миллион 724 мың шаршы километрді құрайды. Жерінің аумағы жөнінен ол бүкіл дүниежүзінде 9- орында тұр. Мұндай жерге Франция сияқты 5 мемелекеті сыйғызып жіберуге болады. Елдің климаты мейілінше континентті. Солтүстігі орташа температура қыстүгіні Цельсий бойынша 20-25 градус болса, кей жылдары бұл 40-45 градуска дейін төмендейді. Жаздыгүні солтүстігі температура 18, оңтүстігі темпераура 35-40 градус болады.

1999 жылғы ресми санақ бойынша Қазақстанда 15 миллион шамасында халық тұрады. Жыл өткен сайын бұл цифр ұлғая түсуде. Елімізде халықтың 53,4 пайызн құрайты байырғы халық қазақтардан басқа ұлттардың да өкілдері тұрады. Шамамен ағанда, орыстар – 30, украиндер
Автор
Дата добавления 25.04.2015
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров269
Номер материала 253571
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх