Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Б.Соқпақбаев Менің атым Қожа

Б.Соқпақбаев Менің атым Қожа


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Пәннің аты:

әдебиеттік оқу

Мерзімі:

Кабинет: 2

Мұғалім:

Сулейменова А.М.

Сабақтың атауы

Б.Соқпақбаев Менің атым Қожа

Мақсаты

*Оқушыларға мәтіннің мазмұынын баяндай отырып, мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру;
*Ойларын, пікірлерін еркін айтуға, өз көзқарастарын дәлелдей білуге үйрету.
*Мәтінмен жұмыс істеу, көркем шығармаға әдеби талдау дағдыларын дамыту;
*Қожа бейнесі арқылы, жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Жүйелеу, талдау, қайталау
Сабақтың көрнекілігі: Б.Соқпақбаевтың “Менің атым Қожа” кітабы, тірек сызба, суреттер, веен диаграммасы.

Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал









Үй тапсырмасын тексеру


Үлкенге   де  сіз,

Кішіге   де   сіз.

Сәлем  бердік  сіздерге

Құрметпенен  біз



«Оқымысты бала» Мазмұндау



  1. Бердібек Сокпақбаев кім? Ол қандай жазушы? (әңгімелеу)
    “... Алыстан арбалап материал тасымаймын, архивтің шаңын жұтпаймын. Жақыннан өз басымнан кешкенді, өзім байқап-түйгендерімді, өз айналамды дорбалап жинаймын. Бір сөзбен айтсам, өзін жазатын жазушымын. Мінез-құлық жағынан Қожа өзге емес, менің өзіме ұқсайды.”
    2. Жазушының қандай шығармалары бар?
    - «Менің атым Қожа» («Өзім туралы повесть»), «Жекпе-жек», Қайдасың, Гаухар?», «Өлгендер қайтып келмейді», «Аяжан», «Балалық шаққа саяхат», «16 жасар чемпион», «Алыстағы ауылда» т.б.
    3. «Менің атым Қожа» фильмі туралы не білесіңдер?
    Менің атым Қожа
    Жанр: комедия, жанұялық
    Мемлекет : Қазақстан
    Шыққан жылы: 1963
    Режиссер: Абдолла Қарсақбаев
    Әңгіме авторы: Бердібек Сокпақбаев
    Фильм туралы: Барлық мектепке аты шулы "сотқар" Қожа, бар ынтасын салып, жақсы болуға тырысады. Әкесінен жетім қалған Қожаберген, үйлеріне келіп жүретін, Қаратайдан шешесін қызғанады. Досы Сұлтан екеуі неше түрлі қызық оқиғаларды бастарынан кешіп, көрермендерді талай рет қуантады. Ауылда беделі жоғары болған Қадырдың баласы, Қожа, әкесінің абыройын "шелектеп" төктім деп уайымдайды. Дегенмен, Қожа – ашық мінезді, арам пиғылы жоқ, ақкөңіл бала.
    Жаңа сабақты меңгерту

1. . «Менің атым Қожа» фильміне үзінді көрсету

  1. Монолог туралы түсінік беру

  2. Мәтінді мәнерлеп оқу,талдау

  3. Топтар бойынша талдау

  4. Мынау кім?


1. Біреуді біреуге атыстырып, от тастап жүретін қу, сабақ үстінде сыбырлап – сыпсыңдағыш кім? (Жантас)
2. Мен оқулық емес, қант аламын. Сіздің не шаруаңыз бар, қоя беріңіз. (С. Майқанова)
3. Біз екеуміз таныс шығармыз деймін? (С. Майқанова)
4. Мүмкін орныңа барып айтатын шығарсың? (С.Майқанова)
5. Мен сенің әкеңе қарыздар адаммын. Менің мойнымда оның тиыны емес, теңге емес, бақандай бір қарасы жүр. (Мектеп күзетшісі Сәйбек қарт)
6. Келесі сабаққа қайыссың бақа ұстап әкелесіңдер? (Зоология пәнінің мұғалімі Оспанов)
7. “Сен оқуды тастасаң, маған ілесіп тастады деп екеуімізді бірдей қудалап пәле қылады. Оқи бер. Оқудың түбіне сен-ақ жет. Мүмкін кейін дырдай бастықтың бірі болып шығарсың.Сонда маған шапағатың тиер.” (Сұлтан)

Қызығушылықты ояту

Мағынаны тану

Ой толғаныс

Жауап берші, достым!
1.Менің он үш жыл өмірімдегі ең қатігез күн қашан болып еді?
2.Мен үйімде төргі бөлменің есігін жауып алып, кеңес өткізгенімді білесіңдер. Сонда кімнің мәселесін қарадым?
3.Шыбыным, әйтеуір ешкімге тимей, ұрынбай, жайыңа жүр. Тек жүрсең, тоқ жүресің дейді атаң қазақ. Әйтеуір саған айтар ақылым, - тыныш жүр, балам.
Бұл қай сәт?
1.“Төбемнен шатыр етіп жай түскендей болды. Не істерімді білмеген қалпымда орнымнан сүйретіліп түрегеле бердім. Маңдайымнан бұрқ етіп суық терім шығып кетті. Ох, шіркін-ай!”
2.“Есікті аша бергенімде, тынысым мүлде бітіп, жүрегімнің соғуы тоқтап қалғандай болды. Сол кездегі келбетім көлденең көзге тірі аруақ тәрізді қыбырлаған бірдеңеге ұқсар деймін”.
3.“Маңдайымнан буым бұрқырап, есік алдына шықтым. Сәйбек көрінбейді. Омырауымды ағытып, желпініп, ойланып тұрмын. Не деп шешер екен? Мектептен шынымен-ақ шығара ма? ”
“Теріп алу” стратегиясы (Дәптермен жұмыс)
алғыр, пысық, өтірікші, ақылды, сотқар, тентек, мейірімді, қу, зымиян, шыдамсыз, тиянақсыз, әділетті, ақын, әзілқой, арамза, тапқыр, қателіктерін түсіне біледі, жағымсыз
Қожа – алғыр, пысық, ақылды, сотқар, тентек, мейірімді, әділетті, ақын, әзілқой, тапқыр, қателіктерін түсіне біледі.
Жантас – өтірікші, қу, зымиян, шыдамсыз, тиянақсыз, арамза, жағымпаз
1,2-топ Қожаның жағымды жақтары «Дөңгелек стөл» әдісі
Өз ісіне есеп бере алады
Жағымсыз іс-әрекеттерін жөндеуге талаптанады
Өз-өзін тәрбиелейді
Үлкенді сыйлайды
3,4-топ Қожаның жағымсыз жақтары
Тәртіпсіз Аңқау Өтірікші Сотқар

Үйге тапсырма

Мазмұндау

Қожаның суретін салу,фильмді толық көру

Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

скачанные файлы (4) C:\Users\1\Downloads\загруженное (2).jpg

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады




Автор
Дата добавления 15.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров113
Номер материала ДВ-455061
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх