Өскемен қаласы әкімдігінің «Оралхан Бөкей
атындағы №44 мектеп-лицейі» КММ
Мажинова Ч.Т. – оқу ісінің меңгерушісі
және физика пәнінің мұғалімі
ҰБТ – ға дайындаудың тиімді жолдары
Ұлттық бірыңғай тестілеу
– бүкіл мектеп жұмысының, сабақ беретін пән мұғалімдерінің еңбек және оқушы
білімінің қорытынды көрсеткіші, сонымен қатар болашақ мамандығына жолдама
алудың кепілі.Қазіргі кезде елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып,
дәстүрлі емес білім жаңағыртылуда, мемлекеттік тіліміз қарқынды даму үстінде
десек те, әлі де шешуін толық таппаған мәселелер көптен- көп кездеседі . Осы
мәселелері өз іс- тәжірибиебемізге сүйене отырып талдауды, ұсыныстар жасауды,
әдіс- тәсілдермен алмасуды жөн көрдік, өйткені ҰБТ – ға дайындау ерен күш-
жігерді , көп ізденуді, тынымсыз еңбектенуді талап ететін күрделі жұмыс.Біздің
басты мақсатымыз – 11- сынып оқушыларын ҰБТ - ға сапалы дайындау.ҰБТ- ның
мақсаты : Білім алушылардың жетістіктерін , оқу үрдісін ұйымдастырудың
тиімділігін бағалау, оқушылардың бағдарламаға сай алған білімдерін тексеру,
олардың орындалуын қадағалаймыз. Мақсаттарымыз мынадай деп айта аламыз :
* Оқушының әрбір
тақырыпты жан – жақты меңгеруіне жағдай жасау ;
* Оқушының іздену , есте
сақтау дағдыларын қалыптастыру ;
* Тиімді технологияны
қолдану;
ҰБТ- дайындық жүйесін
мынадай деп айтуға болады:
* Оқушылардың мақсатқа
жету нәтижелерін анықтау ;
* Оқу материалдарын
тақырып бойынша дайындау ;
* Бақылау жұмыстарын
дайындау ;
* Тест түрлерін дайындау
;
* Бақылау жұмыстарын
бағалап, білімді толық меңгерген оқушыларды анықтау;
* Тақырыпты толық меңгере
алмаған оқушыларға қосымша материалдар дайындау;
Бұл қойылған мақсат-
талаптарға жету үшін мұғалім үйреншікті «дәстүрлі» сабақ түрлерінен бас тарта
отырып, жас буынға күн талабына сай білім беру жолдарын қарастыру қажет . Бұл
міндеттерді іске асыру мұғалімнің тәжірибесіне , әдіс – тәсілдерін ұтымды қолдану
шеберлігіне тікелей байланысты. Бұл оқушының ойы мен іскерлігін іске қосудан ,
тақырыптық
мәселені бірлесіп шешуден
,олардың белсенді іс- әрекетінен және ой еңбегі мәдениетінің қалыптасуынан
көрінеді. Біз өз тәжирбиемізде қолданып жүрген әдістерді ұсынамыз: сатылай
кешенді талдау ; ұқсас формаларды салыстыра үйрету ; тақырыпқа байланысты
сұрақтарға жауап беру; техникалық құралдарды қолдану , интернет жүйесіндегі
жаңа тест материалдарын қадағалау ; термин сөздермен жұмыс жасау , кесте –
сызба арқылы түсіндіру; үлгерімі нашар оқушылармен жұмыс; тест жинақтарын
пайдалану.Оқушылар сынақты тест түрінде тапсыратын болғандықтан, тест түрлеріне
баса көңіл бөлу қажеттілігі туындап отыр , сондықтан сабақта аталмыш тест
түрлерін: ашық немесе тіке жауап, баламалы, сәйкестендіру , толықтыру, жабық
тесттерді жиі қолданамыз.
Жұмыста қолданатын ҰБТ –
ға дайындықтың ұтымды жұмыс түрлері:
1. Әр пән мұғалімінде
мониторинг дәптерінің болуы, Монторинг дәптеріне сынып бойынша әр оқушының тест
қорытындысы, оның диаграммасы, жіберілген қателер көрсеткіші және жеке
коорекциялық жұмыс нәтижелері белгіленеді.
2. Сыныптағы әр оқушыда
жеке коорекциялық дәптерінің болуы. Коорекциялық жұмыс дәптеріне оқушылар тесте
жіберілген қателерін түзетіп орындайды, олардың дұрыс жауабын есте сақтап
алады.
Мұғалім өткен тақырыптарды қайталау мақсатында оларды бірнеше мәрте сұрап,
бекітіп отырады.
Үлгі: Жеке түзету жұмыс кестесі
3. Оқушылардың тест
тапсырмаларын түсініп, сапалы орындауда топпен жұмыс істеу өте тиімді.
Сондықтан да көп іздену, қосымша әдебиеттерді орынды қолдана білу, оқушыларды
пәнге қызықтыра тәрбиелеу - біздің негізі мақсатымыз. Біз өз іс- тәжірибемізде М.
Жанпейісованың модульдік технологиясындағы топпен жұмыс түрін қолданамыз.
Мысалы: «Өрмекші» ойыны арқылы сыныптағы оқушыларды төрт- төрттен топқа
бөлеміз. Алдымен оқушылар отырған үстелден 3 деңгейдегі сұраққа дайындалып,
үлгергенше жауап жазып қалдырады. 1- ші үстелдің тапсырмасын орындап болған соң(белгілі
уақытта) , келесі үстелге барып, келесі сұрақтарға жоғарыдай жауап жазып
қалдырып, осылай сабақ барысында 4 үстелді айналып, сұрақтарға жауап береді. Әр
үстелдегі тапсырманы орындауға 10 минут беріледі.Соңында жазылған парақшаларды
жинап алып, әр оқушының деңгейін анықтап, оларға жекелей қосымша жұмыс жоспарын
құрып, қадағалаймыз. Оқушылармен жекелей жұмыс барысында олардың тіл салаларына
байланысты термин сөздерді қаншалықты меңгергендіктері тексеріледі. Сонымен
қатар, оқушылардың тест тапсырмаларын дұрыс түсіну үшін тестке қажетті
сөздердің баламасы тексеріледі. Осындай, ҰБТ – ға дайындаудың тиімді жолдары арқылы
оқушыларымыз негізгі сынақ (ҰБТ) жоғарғы көрсеткіштерге жетіп келеді. Мемлекеттік
тілді оқытудың сапасын арттыру – өмір талабы. Ал өмір талабын орындау – барша
ұстаздың міндеті.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.