Инфоурок Другое СтатьиҰБТ- сапалы білім игерудің негізі

ҰБТ- сапалы білім игерудің негізі

Скачать материал

ҰБТ- сапалы білім игерудің негізі


«Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен – тарихтағы ең ұлы істің бірі»,- Жүсіпбек Аймауытов.

Қазіргі таңда мектептің жұмысы ҰБТ көрсеткішімен өлшенеді. ҰБТ-ға дайындаудың басты тұлғасы – мұғалім. Мұғалімге ҰТБ-ға оқушыларды тиімді дайындау мақсатында төмендегі талаптар қойылады:

  • оқушыларға бағыт-беру, пәнге қызығушылығын арттыру, сапалы білім беру;

  • пәндік оқытуды ұйымдастыру;

  • тиімді технологияларды қолдану;

  • ҰБТ-ға дайындаудың басты ерекшеліктерін айқындау.

Мұғалім ең біріншіден, тиімді жұмыс жүйесін құру үшін ҰБТ-ның кемшілігі мен артықшылығын зерттейді.
Кемшілігі:
- Тестік бақылауда оқушылардың шығармашылық қабілетін

бағалай алмаймыз;
- Уақыттың аздығы ;
- Жауап беру кезінде кездейсоқтық болуы мүмкін;
Артықшылығы:
-Стандартты түрде жалпы бірдей білім шкаласының қолданылуы;
-Әділетті, оқушыларға бірдей талап қойылады ;
-Тестік бақылау кең көлемді оқу материалын қамтиды;
-Бағалауы нақты;
-Экономикалық жағынан тиімді (тексеретін адамдар саны ,уақыты);
-Оқушыларды есте сақтау, қайталау, белгілі уақытқа оқып, үлгеру қасиеттеріне тәрбиелейді

Мақсаттарына жету үшін мұғалімге не қажет?

  • ҰЖЫМ

  • ОҚУШЫ

  • АТА-АНА

І. Ұжымнан көмек

1. Мектеп басшыларынан

А) ҰБТ-ға дайындық жұмыстарын жоспарын жүйелі түрде ұйымдастыруы,

Ә) Дайындық кестесің пән мұғалімінің сабағына сәйкес құруы,

Б) Пән мұғалімдерінің сағаттарын толықтыруы

В) Пән мұғалімдеріне жеңілдіктер жасауы,

Г) Сынама тест сараптамалары бойынша ата-аналар мен оқушылармен жұмыс жүргізуі

2. Пән мұғалімдерінен

А) Жекелеген оқушыларға сабақтар беру

Ә) Қиындық келтіретін сұрақтармен талдау жасауға көмек

Б) Тестілер, қосымша тапсырмаларды көбейтуге көмек


3. Сынып жетекшілерден

А) Оқушылардың дайындық сабақтарына толық қатысуын қамтамасыз ету.

Ә) Пән мұғалімдерімен байланыста болу

Б) Жекелеген оқушылардың қосымша сабаққа қатысу кестелерін реттеу.

В) Ай сайын алынған сынама тестердің қорытындысы шығарып, оқушыларды, ата-аналарды таныстыру

ІІ. Оқушы

1. Мұғалімге сенім білдіруі;

2. Оқушылардың дайындық сабақтарына уақытылы қатысуы;

. Қажетті оқу-құралдарының болуы;

4. Тапсырмаларды жауаптылықпен

орындауы.

ІІІ. Ата-ана

1. Мұғалімге және оқушыға қолдау көрсетуі. (мұғалімге сенім білдіруі, кеңестерін орындауы, ескертпелеріне түсіністікпен қарауы кажет)

2. Баласының дайындық сабақтарына жауапкершілікпен қарауы . (баласының үйдегі жағдайын жасауы, бірлесе дайындық жүргізуі)

3. Қажетті оқу-құралдармен, заттармен қамтамасыз етуі

Мұғалім алдына қандай талаптар қоюы керек?

1. Өзіне және өз біліміне деген сенімділік

2. Оқушымен тіл табысып, жақсы қарым-қатынас орнатуы керек.

3. Оқушының өз пәніне деген қызығушылығын ояту қажет

4.Жұмыс жоспарын жасап,тапсырма түрлерін көбейтіп, түрлендіріп, сараптамалар нәтижесін шығарып отыру қажет.

  • Жоспар бөлімдері Ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмыс

  • Педагогикалық ұжыммен жұмыс

  • Оқушылармен жұмыс

  • Ата-аналармен жұмыс

  • Нормативтік құжаттар

  • Психологиялық қызмет

Жұмыс түрлері

  • Жылдық жұмыс жоспарын жасау;

  • Тест жұмыстарын жинақтау, тақырыптар бойынша бақылау тестілері;

  • Бірнеше жауабы бар тест сұрақтарын талдау;

  • Сұрақтармен жұмыс істеуде тиімді тәсілдерді қолдану;
    Күрделі тақырыптар бойынша деңгейлік тапсырмалар;

  • Логикалық сұрақтарды талдау;

  • Топтық және жеке дайындық;

  • Мониторинг.

Топпен жүргізілетін жұмыстар:

  • Аралас топтар: үздіктер, жақсылар, орташалар да бар болатындай етіп топтастыру

  • Талап бәріне бірдей. Топта тек өзін ғана ойлауға болмайды, қасындағыларға да өз білетінін үйретуге міндетті.

  • Берілген тапсырманы топ мүшелері түгел орындап болған жағдайда ғана келесі тапсырмаға көшуге болады.

  • Тапсырманы орындауға байланысты топтарға орын белгіленеді.

БАҚЫЛАУ, БАСҚАРУ

Әкімшілік тарапынан пән мұғалімдердің сабақтарына қатысу- әдістемелік көмек көрсету

Әдістеме бірлестіктердің жұмыс жоспарының бір бөлімі ретінде ҰБТ дайындық

Оқушыларға жеке консультациялар өткізуді

Интернет арқылы қашықтықтан дайындық

Психологиялық қолдау

Байқау сынақтар

ББД тексеру – формулалар,ережелер, тарихы мәліметтер – байқауын өткізу

Байқаудан соң –тақырыптық тестілеу өткізу

Байқау тестілеулерді әр-түрлі жағдайда өткізу/ кабинеттер ауыстыру, уақытын, кезекші мұғалімдер, ата-аналар/

Ата-аналармен кездесу өткізу

Тест қорытындысы бойынша – мадақтау / жоғары балл жинаған оқушыларды құттықтау – тақтада/

Әр пән бойынша салыстырмалы мониторингі шығару, оқушыларды мадақтау

Күтілетін нәтиже:

- мұғалім біліктілігін арттыру

- оқушының білімдегі сапа көрсеткішін көтеру

- ҰБТ бойынша жоғары пайызға жету

ҰБТ-ға дайындаудың негізгі шарттары мынадай төмендегі қызметтерге бөлінді:

Информация – аналитикалық, мақсатты – мотивацилық, жоспарлы – болжамдық, ұйымдастыру- орындаушылық, бақылау- диагностикалық, енгізу- коррекциялау.

Информация – аналитикалық қызметтің тұтастығы ұстаздық мониторинг арқылы іске асады. ҰБТ- ге дайындық жөнінде мына жағдайда толық мағлұмат алуға болады:

Мониторинг жүргізу , технологиялық әдіс – тәсіл т.б информациялық жаңалықтардың сақталуы мен іске асуы жөнінде бағдарлау арқылы ҰБТ дайындығын нәтижелі және тиімді ету, қалыптасқан белгілі уақытта жүргізілетін басшылықтың тығыз араласуы арқылы іске асыру

Мониторинг жүргізудің ең тиімді пайдасы - оқушының жауапкершілігі мен ҰБТ –ға қалай дайындалуларын және оның негізгі пәндерге білімділігін анықтаудың бірден- бір тиімді әдісі болып отыр.

Мониторинг жүргізу - біртұтас ғылыми – білгірлік болжамдарын анықтауға апарар жол. Сонымен қатар ұстаздың жеке жұмыс жүргізуіндегі даусыз әдіскерлік пен сенімді жаңалықтың айнымас куәсі.

Мақсатты – мотивациялық қызмет ету барлық ұжымдық дайындықтың табысты іс- әрекетін көрсетеді. Мотивация оқушының жеке тұлғалық дамуын анықтауға да көмектеседі. Бұған оқушының психологиялық жай күйі ғана емес, арнайы ұйымдасқан білім беру әдіс -тәсілдері де қызмет атқарады.

Мектеп, сонымен бірге, ең маңызды әсер етуші ата-аналарды да ұмытпады. Оларды ең негізгі бір көмекшілерге айналдырды. Олармен бірге міндетті жұмыс түрлері ғана емес, оқушыға психо – педагогикалық демеуші міндетін жүктеді.

Жоспарлы – болжам қызмет етудегі мектеп пен ұстаздар арасындағы қарым – қатынас- болашақтағы күнделікті және сапа көрсеткішін бақылаудың бірден- бір көрсеткіші болып табылады. Осы болжамды – диагностикамен жұмыс жасау әрбір оқушының кез келген материалды диалектикалық тұрғыдан талдай білуге, материалды топтай отырып қорытындылап, түйіндей алуға, ең негізгісі мен маңыздысын ажырата алуға қамтамасыздығын байқадық.

Екінші ерекшелігі- оқушының өз-өзіне баға беруі, істеген істен қорытынды шығаруы, өзін - өзі өзектілендіруі, өзін - өзі бекітуі

Пән мұғалімінің жұмыс бағыттары:

Диагностикалық бағыт

Æ

Жекелеген тақырыпта білім толықсыздығын анықтау

Æ

Тестілеу

Сұхбаттасу

Бақылау үзігі

Практикалық бағыт

Æ

Жаңа білімді толықтыруға жағдай тудыру

Æ

Сабақтар, жеке жұмыстар, өздік жұмыс, қосымша сабақтар

Қадағалау бағыты

Æ

Тақырыпты меңгеру деңгейін қадағалау

Æ

Тестік бақылау

Пән мұғалімдері оқушыларды ҰБТ-ға дайындау барысында төмендегі педагогикалық идеяларды басшылыққа алады:

  • арнайы жекелеп оқыту;

  • дифференциялық оқыту;

  • оқушының интеллектуалдық даму деңгейінің есебі;

  • әр оқушының белсенділігі тану үрдісіне қатыстыру;

  • білім сатысының үздіксіздігі және Оқыту деңгейінің диагностикасы;

  • өзін- өзі көрсетуіне мүмкіншілік беру;

  • жетістікке жағдай тудыру;

  • коммуникативтік дағдыда тәрбиелеу;

  • жеке тұлғалық бағытта оқыту теориясына сүйену.

«Ең ұзақ сөйлемнің де соңына қойылатын нүктесі бар,- деп қазақтың белгілі жазушысы Ғабиден Мұстафин айтқандай мұғалімдер мен оқушылардың білімін сарапқа салатын ең шешуші соңғы нүкте - Ұлттық бірыңғай тестілеу болып отыр. Олай болса, сол қойылар соңғы нүктеміз сәтті сөйлемнің соңынан қойылса деп тілейік. Білім нәрін сеуіп жүрген шәкірттеріңіз биіктерден көрініп, жетістіктерге жетіп, сіздердің мерейлеріңізді арттыра берсін. Құрметті ұстаздар, «Ел болашағы-білімді жастардың қолында», ал сол жастарды білімді етіп тәрбиелеу -біздің қолымызда екенін жадымыздан шығармайық.




Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "ҰБТ- сапалы білім игерудің негізі"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по учету энергопотребления

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 960 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.03.2016 661
    • DOCX 25.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Койшибекова Назгуль Канабекова. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 26118
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Карьерный навигатор: эффективный поиск работы

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 16 регионов

Мини-курс

Музыкальная культура: от истории до современности

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Коррекция нарушений у детей: сна, питания и приучения к туалету

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе