Инфоурок / Физика / Другие методич. материалы / ҰБТ-ға дайындалуда мұғалімның диагностикалық әрекеті.
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

ҰБТ-ға дайындалуда мұғалімның диагностикалық әрекеті.

Такого ещё не было!
Скидка 70% на курсы повышения квалификации

Количество мест со скидкой ограничено!
Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок"

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности № 5201 выдана ООО "Инфоурок" 20 мая 2016 г. бессрочно).


Список курсов, на которые распространяется скидка 70%:

Курсы повышения квалификации (144 часа, 1800 рублей):

Курсы повышения квалификации (108 часов, 1500 рублей):

Курсы повышения квалификации (72 часа, 1200 рублей):
библиотека
материалов

110 З Хусанов атындағы жалпы орта мектеп.





Баяндама:

ҰБТ-ға дайындалуда мұғалімның диагностикалық әрекеті.























Физика пәні мұғалімі: Д.Муллашикова












Физика пәнінен ҰБТ-ға даярлауда тест тапсырмаларын қолдану іс-тәжірибемнен”


Ұлттық бірыңғай тестілеу – орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім беретін білім беру ұйымдарына түсу емтихандарымен біріктірілетін, жалпы орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттау нысандарының бірі.

(ҚР-ның“Білім туралы”заңынан)

Бүгінгі таңда мектептегі білімнің сапалық деңгейін қамтамасыз ету күтілетін нәтижелерді сипаттау арқылы танылады.
Білім сапасын сипаттаудың аталған сыртқы тәуелсіз бағалау жүйелері енгізілгеннен бері жеткен нәтижелерге сүйеніп, тестке дайындық жұмыстарына қатысты іс-тәжірибеде көзіміз жеткен, күнделікті жүргізіп отырған жұмыстарымыздың бағыт-бағдарын ортаға салуды жөн көріп отырмын.
ҰБТ – ге түлектерді дайындау әрбір пән мұғалімінің міндеті және жұмысының нәтижесі ҰБТ қорытындысынан көрінетін болғандықтан мұғалім дайындық жұмысын жоспарлы және жүйелі түрде жүргізу керек.


ҰБТ-ға дайындық жұмыстарының мақсаты мен міндеттері

Мақсаты:
оқушы мүмкіндігіне қарай білім сапасын көтеру
Міндеттері:
- оқушыларға ҰБТ туралы түсінік жұмыстарын жүргізу;
- оқушыларға пән бойынша бағдарлама материалын игерту;
- оқушының өткен оқу материалдары бойынша тараулық,
тақырыптық, курстық білімдерін жүйелі тексеріп, мониторинг жасап, талдау;
- тестілеу әдісі бойынша жұмыстану жолдарын меңгерту;
- оқушыны педагогикалық-психологиялық тұрғыда дайындау;
- оқытушылардың шығармашылық шеберліктерін ұштау,
біліктіліктерін арттыру;
- кәсіби білім беру мазмұнын қалыптастыру.


ҰБТ-ға жүйелі түрде дайындаудағы әдістемелік қызмет мазмұны

- күнтізбелік, күнделікті жоспарларды, әдістемелік ұстанымдарды білім
стандартына сай жоспарлау;
- дайындықты әр пән қай сыныптан бастап енгізіледі, оқушының білім деңгейінің артуын сол күннен-ақ қадағалау;
- мұғалімнің теориялық білімін арттыру, озық тәжірибе алмасу, мұғалімдердің өзара

шығармашылық ынтымақтастығын жетілдіру (пән бірлестігіндегі мұғалімдер арасында,

белгілі технологияны қолдану негізінде құрылған шығармашылық топ мүшелерінің арасында);
- пәнаралық байланысты нығайта отырып;
- оқушылардың білімін, іскерлігін, білік-дағдысын бағалау мақсатында әділдікке, шыншылдыққа үйрететін әдістер пайдалану (тест, диагностика, сынақ, мониторинг);
- баланың жас ерекшеліктерін басты назарда ұстай отырып, баланың жеке қабілетін дамытып, танымдық қабілетін қалыптастыратын жұмыстарға көбірек көңіл бөлу;
- сабақтың жаңа педагогикалық технология негізінде өтілуіне баса назар аудару;
- пәндер бойынша тест тапсырмаларының қорын жасақтау;
- электронды оқулықтар, техникалық олимпиада, интернет желісіндегі тестілік тапсырмалар арқылы оқушылармен жұмыстану;
- жауап парақтарын толтыру дағдысын жетілдіруге бағытталған оқыту тренингтерін жүргізу (айына 1 рет);
- мұғалім – оқушы – ата-ана ынтымақтастығын нығайту
(семинар, жиналыс);

ҰБТ-ға сапалы дайындау бойынша негізгі бағыттар мен ұсыныстар


ҰБТ жалпы білім беретін мектеп оқушыларының және түлектерінің білім сапасын бірыңғай бағалау материалдары арқылы мемлекеттік аттестациядан өткізуді жүзеге асыруға көмектеседі. Түлектердің оқу жетістіктерін бағалау және білім беру мекемесінің шынайы рейтингін анықтау үшін бақылау жүргізіледі. Алайда күтілген нәтиже мен алынған ҰБТ нәтижесінің айырмашылығы білім бөлімдерінің жұмыс жүйесінің төмендеуін, осыған орай білім сапасын арттыруда жасалған жұмыстардың жеткіліксіз екендігін көрсетеді.

Емтихан материалдарының құпиялылығы сақталатындықтан оқу жоспары бойынша пәндерден неліктен төмен дәреже көрсеткендігін анықтау қиындық тудырады да, орта мектептердің педагог қызметкерлері кінәлі болып табылады.

Сондықтан ҰБТ нәтижесіне бәрінен бұрын педагогтардың сапалық құрамы, жүргізілетін жұмыс жүйесі, таңдаған пән бойынша уақытылы бағытталған жұмыс, жекелеп оқыту технологиясын тиімді қолдану және білім беру үрдісінде оқушының қызығушылығын қалыптастыру әсер етеді.

Мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін арттыру бойынша жұмыс жасағанда пәнді жүргізу әдісіне уақыт талабына сай көңіл аудару қажет: білімді, өздігінен ойланатын, пәнді таңдағанда бағытталуға қабілетті жекелеп оқыту әдісін қолдануды күшейту тестілеу технологиясы сияқты маңызды.

Мемлекеттік тексеруге дайындалу - бұл педагогтардың кәсіби құзіреттілігі және пәндерді әр буындар бойынша сәйкестендіре жүргізуі, жалпы педагогикалық ұжымның жоспарлы және жүйелі қызметін ҰБТ-ға дайындалу технологиясын жоспарлы түрде орта буыннан бастау.

ҰБТ-ға дайындау барысында білім беру ұйымының материалдық және ғылыми- әдістемелік қамтамасыз етілуі ерекше орын алады.


Оқушыларды ҰБТ-ға дайындау бойынша қызметті жоспарлау барысы төмендегі кезеңдерден тұрады:


І. Диагностиалық кезең:

1. Жеке тақырыптар бойынша «төмендеуді» анықтау мақсатында сынама тестерінің қорытындысын талдау.

2. Әр аптадағы жекеше жұмыс:

А)пән бойынша кеңес беру;

Б)әңгімелесуhttp://ramochky.narod.ru/mal/ram37.jpg

І І.Практикалық кезең:

А) тест жинақтарымен жұмыс

Б)электрондық тесттермен жұмыс

В)таңдау курсы және факультатив бойынша жекелеген сабақтарға баруы;

Г) сынама ҰБТ таспыруы

І І І. Бақылау кезеңі.

А) тақырыптар бойынша бақылау тесті

Б)түзету жұмыстарын жүргізу

Үш деңгей бойынша оқушылармен қажетті жұмыстар жүргізіледі: дарынды балалармен,

  • орташа

  • екпінділермен;

  • оқушыларды психологиялық күйзеліс жағдайынан шығару;

  • оқушыларды ҰБТ комиссиясына апелляциялық тексеруге беру формасымен таныстыру;


ҰБТ-ға даярлаудың сапасын жетілдіру тенденциясы.

Оқытушылардың ҰБТ-ға дайындау сапасын арттырудағы өзекті мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлеу және талқылау (әңгімелесу, дөңгелек үстел, мектептің әдістемелік бірлестігінің отырысы, семинарлар және.т.б.)

  • ҰБТ-ға дайындау жүйесіне инновациялық технологияны енгізу және іс-тәжірибе алмасу.

  • ҰБТ-ға жеке-дара дайындау сапасын жоғарылату жүйесін үлгілеу бойынша әдістемелік нұсқаулар әзірлеу. ҰБТ-ға дайындық сапасына бақылауды іске асыру және пәндерді оқытудағы нақты аспектілерін реттейтін жадынама әзірлеу және апробациядан өткізу.

  • Даярлауға бағытталған, оқу курстарын әзірлеу.

  • Пәндер бойынша ҰБТ-ға даярлаудың проблемалары бойынша оқу материалдарын қалыптастыру.

  • Пән мұғалімдеріне ақпараттық қолдау жасау.

Ұйымдастыру жұмысының нәтижелілігіне және сапасына талдау жасау, жоғарғы буын оқушыларын, яғни мектеп бітірушілерді қорытынды мемлекеттік аттестацияға даярлау бойынша білім беру ұйымдарының жұмысында қалыптасқан бағыттар туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

Білім бөлімімен бірыңғай ұлттық тестілеу қорытындысына әсер ететін, ұстап тұратын факторлардың шеңбері анықталды:

  • Сабақ уақытында бағдарлама материалдарын қайталауды тиімсіз ұйымдастыру;

  • Мұғалімдердің қызметіндегі өнімді әдістемелік оқытудың басымдылығы;http://ramochky.narod.ru/mal/ram37.jpg

  • Қойылған бағаның әділетсіздігі;

  • ҰБТ-ға даярлау кезінде оқушыларға дифференциалды қатынас, оқушымен жекеше жұмыстың жеткілікті ұйымдастырылмауы;

  • Үлгерімі төмен және дарынды балалармен жұмыста мұғалімдердің ғылыми-теориялық білім деңгейінің жеткіліксіздігі;

  • Оқушылардың белгілі бір категориясында ББД қалыптасу деңгейінің, оқу әрекеті тәсілдерінің жеткіліксіздігі;

  • Педагогттардың аналитикалық мәдениетінің әлсіздігі;

  • «Үздік куәлік» және «Алтын белгі» жалпы орта білім беру аттестатын алуға үміткерді бірыңғай ұлттық тестке даярлау бойынша педагогтардың жекеше жұмыстарының жеткіліксіздігі;

Білім беру мекемелеріндегі төмен сапа көрсетуінің себебі болып табылатын:

  • Оқуға оңды көзқарастағы оқушылармен жұмыс нәтижесінің жоқтығы;

  • Мұғалімдердің оқушы білімін объективті бағаламауынан сапа көрсеткішінің жоғарылауы;

  • Оқушылармен жекеше жұмыс ұйымдастырудың жеткіліксіздігі.




Физика пәнінен ҰБТ жоспары


р/с

Тақырыптар

Сағат

саны

Мерзімі

Физика және астрономия – табиғат туралы ғылымдар. Заттың құрылысы. 10 сағат

1

1

Физикалық шамалар. Өлшемдердің метрлік жүйесі

1

 

2

2

Заттың күйлері және оларды молекулалы кинетикалық көзқарас негізінде түсіндіру

1

 

3/4

3/4

Жол және орын ауыстыру. Жылдамдық. Уақыт. Масса және күш.

2

 

5/6

5/6

Дененің массасы. Заттың тығыздығы. Күш. Деформация. Гук заңы.

2

 

7

7

Қысым. Паскаль заңы.

1

 

8

8

Қуат. Энергия. Дененің потенциалдық және кинетикалық энергиясы

1

 

9/10

9/10

Күш моменті. Механиканың алтын ережесі

2

 

Жылу құбылыстары. 10 сағат

11/12

1/2

Жылу мөлшері. Заттың меншікті жылусыйымдылығы

2

 

13/14

3/4

Отынның энергиясы. Отынның меншікті жану жылуы

2

 

15

5

Меншікті балқу жылуы. Булану және конденсация

1

 

16/17

6/7

Ауаның ылғалдылығы. Қайнау. Меншікті булану жылуы

2

 

18

8

Термодинамиканың 1-ші және 2-ші заңдары

1

 

19/20

9/10

Жылу қозғалтқыштары. Жылу қозғалтқышының ПӘК – і

2

 

Электр құбылыстары. 11 сағат

21

1

Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы

1

 

22

2

Атом құрылысы. Элементар электр заряды. Кулон заңы

1

 

23

3

Потенциал және потенциалдар айырымы. Конденсаторлар

1

 

24

4

Электр тогы. Ток көздері

1

 

25/26

5/6

Ток күші. Амперметр. Электр кернеуі. Вольтметр.

2

 

27

7

Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы. Электр кедергісі

1

 

28/29

8/9

Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль – Ленц заңы

2

 

30

10

Металдардағы электр тогы. Электролиз заңы

1

 

31

11

Шалаөткізгіштер және олардың электрлік қасиеттері

1

 

Электромагниттік құбылыстар. 5 сағат

32

1

Тұрақты магниттер. Жердің магнит өрісі

1

 

33

2

Электрқозғалтқыш. Электрөлшеуші аспаптар

1

 

34

3

Заттың магниттік қасиеттері

1

 

35

4

Электромагниттік индукция

1

 

36

5

Генераторлар. Трансформаторлар

1

 

Жарық құбылыстары. 7 сағат

37

1

Жарық. Жарық жылдамдығы

1

 

38

2

Жарықтың шағылу заңдары

1

 

39

3

Жарықтың сыну заңдары

1

 

40

4

Ақ жарықтың спектірге жіктелуі. Денелердің түстері

1

 

41

5

Линзалар. Линзалардың оптикалық күші

1

 

42/43

6/7

Жұқа линзаның формуласы. Оптикалық аспаптар

2

 

Механика. Кинематика және динамика негіздері. 15 сағат

44/45

1/2

Ньютонның 1,2,3 – ші заңдары.

2

 

46/47

3/4

Бүкіләлемдік тартылыс зағы. Дененің салмағы

2

 

48

5

Дененің импульсі. Энергия

1

 

49/50

6/7

Тербелмелі қозғалыс. Резонанс. Электромагниттік тербелістер

2

 

51/52

8/9

Толқындық қозғалыс. Дыбыс. Ультрадыбыстар. Электромагниттік толқындар. Радиобайланыс

2

 

53

10

Стефан – Больцман заңы. Жарық кванты

1

 

54

11

Фотоэффект. Рентген сәулелері

1

 

55/56

12/13

Радиактивтілік. Резерфорд тәжірибесі. Атом ядросының құрамы. Бор постулаттары

2

 

57/58

14/15

Раддиактивті ыдырау заңы. Ядролық реактор. Радиактивті изотоптар. Сәулелену

2

 

Молекулалық физика. 10 сағат

59/60

1/2

Идеал газ . Менделеев – Клапейрон теңдеуі

2

 

61/62

3/4

Нақты газдар. Ван- дер – Ваальс теңдеуі

2

 

63/64

5/6

Ішкі энергия. Ішкі энергияны өзгерту тәсілдері

2

 

65/66

7/8

Термодинамиканың 1- ші заңын изопроцесстерде қолдану. Адиабаталық процесс

2

 

67/68

9/10

Будың қасиеттері. Қайнау. Заттың кризистік күйі

2

 



ҰБТ-ға қалай дайындалу керек?


«Уақытты босқа кетірме» Сен білетін материалды қоя тұр да қиындарынан бастап оқы. Содан кейін қалған уақыттың бөлігінде білетініңді қайта бір қарап шығып біліміңді бекітіп ал.

«Уақытты тиімді пайдалан». Жаңа және қиын материалды миың тыныққан соң барып оқы.

Бір нәрсені есте сақтау үшін берілген материалды жатар алдында кешке бір қарап шық та таңертең кайта бір қарап шық.

Нәтижелі есте сақтау үшін барлық әдістерді пайдалану керек: дауыстап та, көзбен де тиіпті қимыл іс әрекеттермен де байланыстырып оқып көру керек. Әрқайсысына өз әдісін тауып алуға болады.

«Ойша жоспар». Тақырыпқа жоспар құрып оқу жаттағаннан әлдеқайда тиімді. Дайындық кезінде әрқалай оқуға болады. Егер емтихан ауызша болса онда топпен дайындалған жақсы, егер жазбаша болса сұрақтармен жұмыс істеу пайдалы.

Әрқашан денсаулығыңды бағала. Денсаулықтан маңызды ештеңе жоқ. Әрқашан уақытында тамақтан. Таза ауада серуендеуді ұмытпа. Жақсылап дем алу керек, ұйқыңды қандыр. Ешқашан емтихан алдында түнге дейін отырмаңыз.

Міне,сен аудитория есігінің алдындасың. Сабыр сақта! «Бәрі жақсы болады! Менің қолымнан келеді» деп ішіңнен бірнеше рет қайтала. Дем алуды ұмытпа,жайласып отыр,мұрын арқылы терең дем ал (4-6секунд),деміңді ұста(2-3секунд).


Мектеп бойынша 15-20 күнде бір рет арнайы кесте бойынша кезекшілер тағайындала отырылып, байқау тест алынады. Қорытындысы пән мұғалімі- оқу ісі меңгерушісі, пән мұғалімдері – оқушы,оқушы - оқу ісі меңгерушісі бағытында талданып,кеткен кемшілік, білімнен кеткен олқылықтар сараланып, ары қарай меңгерілмеген тақырыптарды арнайы кстк бойынша жетілдіруге бағыт-бағдар беріледі. Мектеп бітірушілердің көпшілігі берілген уақытта үлгірмедік деген уажды көп айтатындықтан , әр пәнге кететін уақытты есептеу мақсатында байқау тест алып , сараладық. Төменде бір үлгісін беріп отырмын.





11 А сыныбы

Орташа мәні

Математика


Қазақ тілі


Орыс тілі


Қазақстан тарихы

Таңдау пәні

Физика

Биология

География

Кеткен уақыт

43-55

13,5

20,5

18,7


39

23

10,5

Балл

22

23

19

21

19 /6 оқушы/

19,6 /5оқушы/

23 /2 оқушы/

Баға

4,9

5

4,9

4,7

4,5

4,4

5



Тест қорытындысына тоқталсақ, 3,5 сағат/210 минут/ 5 пәнге 42 минуттан кетеді

деп есептесек,оқушылардың көпшілігі математика пәніне 55 минуттан 43 минутқа

дейін 11 оқушы тиісті уақыттан артық пайдаланған. Ал, қазақ тіліне орташа 13,5минут,

орыс тіліне 20,5 минут, қазақстан тарихына 18,7 минут, физикаға 39 минут,

биологияға 23 минут, географияға 10,5 минут. Саралай келе математикадан

43-55 минут , физикадан 47-54 минут пайдаланған оқушылардың математика,

физика пәндерінен дайындығын күшейтуді қажет етеді. Сонымен бірге таблицаға

көңіл бөлсек, төмендегі оқушыларға көрсеткіштері негізінде көп дайындық керек

екендігі негізделеді.


http://ramochky.narod.ru/mal/ram37.jpg














р/с

Оқушының аты-жөні

Пән аты

Пайдаланған уақыты

Балл саны

Бағасы

1

Хадиметова Нигора

математика

52

19

4

2

Ашурметова Сурайё

математика

51

19

4

3

Эралиева Шоира

физика

48

15

4

4

Хайтметов Жахонгир

физика

50

14

4

5

Шасидикова Севинч

қаз тарихы

18

20

4

6

Шасидикова Севинч

орыс тілі

20

14

4

Жоғарыдағы таблица бойынша уақытты көп жіберіп, төмен балл жинаған оқушы

лармен қандай тақырыптардың меңгерілмей қалғандығын анықтай отырып,

қосымша теориялық білімдерін жетілдіру бағытында жұмыс істелуі қажет



«Физика және астрономия –табиғат туралы ғылымдар»



1. Қайсысы физикалық дене?

  1. Автомобиль

  2. Ауа

  3. Килограмм

  4. Қайнау

2. Қайсысы зат болып табылады?

  1. Ай

  2. Жарық

  3. Мыс

  4. Грамм

3. Дыбыс құбылысына сәйкес құбылысты тап?

  1. Шардың қозғалысы

  2. Қоңыраудың сыңғыры

  3. Таңның атуы

  4. Қардың еруі

4. Заттың үш күйде болуының себебі неге байланысты?

  1. Молекулалардың сұлбасына

  2. Молекулалардың өлшеміне

  3. Атомдардың санына

  4. Молекулалардың орналасуына

5. Аспан денесін көрсет:

  1. Тікұшақ

  2. Ағаш

  3. Комета

  4. Ауа

6. Дененің қозғалысына байланысты құбылыстарды қай теория зерттейді?

  1. Электродинамика

  2. Термодинамика

  3. Классикалық механика

  4. Молекула –кинетикалық теория

7. Физикалық шаманы көрсет:

  1. Жылдамдық

  2. Метр

  3. Найзағайдың ойнауы

  4. телескоп

8. Жылдамдықтың өлшем бірлігін көрсет:

  1. км, см, м

  2. км/сағ, м/с, см/с.

  3. м3, см3, мм3

  4. сағат, минут, секунд

9. Аспап шкаласының бөлік құнын қалай табамыз?

  1. Аспап шкаласындағы кез-келген екі мәннің қосындысын сол мәндердің арасындағы бөліктерінің санына көбейтеміз.

  2. Аспап шкаласындағы санның өзін жазамыз

  3. Аспап шкаласындағы кез-келген екі мәннің айырмасын сол мәндердің арасындағы бөліктерінің санына бөлеміз.

  4. Аспап шкаласындағы кез-келген екі мәннің қосындысын сол мәндердің арасындағы бөліктерінің санына бөлеміз.

10. Өлшеудің ең үлкен қателігі неге тең?

  1. Аспап бөліктерінің құнының жартысына тең.

  2. Аспап бөліктерінің құнына тең

  3. Аспап бөліктерінің құнының ¼ бөлігіне тең.

  4. Аспап бөліктерінің құнын екіге көбейткенге тең.

11. Ұсақ бөлшектердің ауа мен сұйықтағы еркін қозғалуы қандай қозғалыс

  1. Механикалық

  2. Броундық

  3. Бірқалыпты

  4. Планеталардың қозғалысы

12. Жарық күннен Жерге қанша уақытта жетеді?

  1. 1 мин

  2. 8 сағат

  3. 8 мин

  4. 8 секунд

13. Жарықтың жылдамдығын көрсет:

  1. 300 000 км/с

  2. 3000 км/с

  3. 30  км/сағ

  4. 3 м/с

14. Әл-Фараби қай жылдары, қай қалада өмір сүрген

  1. Отырар қаласында, 870-950 жыл

  2. Қызылорда, 810-920 жыл

  3. Тараз қаласында, 850-970 жыл

  4. Ташкент қаласында, 830- 950 жыл

15. Күн жүйесіндегі 8планетаны Күннен қашықтауына қарай ретімен көрсет.

  1. Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун, Меркурий, Шолпан.

  2. Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун, .

  3. Жер, Юпитер, Марс, Сатурн, Нептун, Уран, Меркурий, Шолпан.

  4. Меркурий, Юпитер, Жер, Шолпан, Марс, Сатурн, Уран, Нептун,

16. Күн бетіндегі температура неше градус?

  1. 65000С

  2. 24000С

  3. 60000С

  4. 7200 0С

17. Жай қайтарғышты ойлап тапқан кім?

  1. М. В. Ломоносов

  2. Г. В. Рихман

  3. В. В. Франклин

  4. С. Аристотель


18. Жүрілген жолдың өлшем бірлігін көрсет:

  1. км, см, м

  2. км/сағ, м/с, см/с.

  3. м3, см3, мм3

  4. сағат, минут, секунд

19. Күн жүйесінде неше планета бар

  1. 8

  2. 9

  3. 12

  4. 6

20. Күнге жақын орналасқан планета:

  1. Плутон

  2. Сатурн

  3. Жер

  4. Меркурий

21. Жер Күнді қанша уақытта бір айналып шығады:

  1. 365 тәулік

  2. 24 сағат

  3. 365 минут

  4. 12 сағат

22. Молекулалық –кинетикалық теорияның негізгі қағидаларын қорытындылаған ғалым:

  1. Аристотель

  2. Демокрит

  3. Ломоносов

  4. Ньютон

23. Ай бетінде бірінші рет барған кім, және қай елдің астронавты?

  1. Гагарин, Ресей

  2. Әубәкіров, Қазақстан

  3. Армстронг, Америка

  4. Мұсабаев, Қазақстан


24. Мына сандарды стандарт түрде жазылуын көрсет: 6000; 0,00003; 9250000

  1. 6∙103, 3∙105, 925∙104

  2. 6∙10-3, 3∙10-5, 925∙104

  3. 6∙103, 3∙10-5, 925∙104

  4. 6∙103, 3∙10-5, 925∙10-4

25. Күн мен түннің ауысуы

  1. Жердің өз осінен айналуына байланысты

  2. Жердің Күнді айналуына байланысты

  3. Айдың Жерді айналуына байланысты

  4. Жер мен Айдың Күнді айналуына байланысты






























Пайдаланған әдебиеттер:



  1. (Білім беру мекемелерінің басшыларына 2015 жылғы ҰБТ – ға даярлауға және өткізуге арналған нұсқаулық)

(Рекомендации руководителям организаций образования при подготовке и проведении

ЕНТ-2015)

  1. Физикадан күрделі тест тапсырмаларын шығару тәсілдері. 1-2-бөлім Ә.Ж.Көшеров




Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-171312

Похожие материалы