Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Обществознание / Статьи / "ҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдары"

"ҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдары"

  • Обществознание

Поделитесь материалом с коллегами:

Алматы облысы

Қарасай ауданы

Үшқоңыр ауылы

«М.Әуезов атындағы орта мектебі» кмм

Биология пәнінің мұғалімі

Шамшаева Гулзине Казбековна


ҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдары


Жазушы Ғабиден Мустафин айтқандай: «Ең ұзақ сөйлемнің де соңынан қойылатын нүктесі бар» дегендей, қазіргі таңда мұғалімдер мен оқушылар үшін ең шешуші соңғы нүкте- Бірыңғай ұлттық тестілеу көрсеткіші болып отыр.

Сондықтан ҰБТ-ға оқушыларды дайындау тиімді әдіс-тәсілдер арқылы жүйелі түрде жұмыс атқаруда ғана іске асады.

Мен өз іс-тәжірибемде тестіге дайындық интербелсенді әдістер , ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыстар, сыни тұрғысынан оқыту технологиялары арқылы іске асатынын, сонымен қатар «Өзара қарым-қатынас» әдісінің ерекшелігі де- оқушының өзгелермен араласу барысында ашыла түсетініне ерекше әсер ететінін байқадым. Интербелсенді әдіспен оқытқан кезде оқушылар мәліметті жақсы қабылдап, пікірталас кезінде айтылған жайттарды жылдам ұғады. Сонымен қатар оқушылар арасында ерекше бәсекелестік тудыра отыра тапсырмаларды орындатса, тақырып бойынша оқушы тестіні өзі құрастырса, бірлесе жұмыс жасаса ғана терең білім қалыптасады.Ал бірлескен оқу үдерісінің сипаттамалары мынадай:

1.Оқу оқушылар ақпаратты игеретін және өздері игерген мәліметті бұған дейін меңгерген білімдерімен байланыстыратын белсенді үдеріс болып отыр.

2.Оқу тапсырмаларды орындау үшін механикалық есте сақтау мен қайталауды емес, құрдастардың белсенді қатысып, ақпараттарды өңдеуі және қорытуын қамтиды.

3. Оқу оқушылардың әңгімелесу кезіндегі әлеуметтік ортасы жағдайында жетіледі.Осындай зияткерлік жаттығу кезінде оқушылар ой-пайымдарының негізін құрап, мәнін ұғады.

4.Оқытудың ынтымақтастық ортасында әлеуметтік және эмоционалдық тұрғыдан да дами түседі, өйткені олар түрлі көзқарастарды тыңдап, өз идеяларын айтуға және қорғауға мәжбүр болады. Осылайша ынтымақтастық оқу жағдайында оқушылар құрбы-құрдастарымен қарым қатынас жасауға, идеяларды ұсынуға, басқа тұжырымдамаларға күмәнмен қарауға және оған белсенді қатысуға мүмкіндік алады.

Яғни оқушыларды тестіге дайындаудағы нағыз табыс критерийлері немесе нәтижелі дайындық 3 кезеңнен оқыту деп ойлаймын.

Биология пәні бойынша дайындық 6 сыныптан басталады. Әр тарау бойынша оқулықтағы ешбір тақырыпты қалдырмай оқытылады.

1 кезең: Әр тарау бойынша оқулықпен анықтау, іздеу, түртіп алу,деңгейлі тапсырманы орындау жұмысы.

2 кезең: Пікір- талас, өзара талдау, өзара сұрақ қою және өздері тест даярлайды.

3 кезең: Тарау бойынша тест жұмысын орындау. Осы 3 кезең бойынша оқытуда қолданылатын жұмыс түрлері:

-оқулықпен жұмыс

-сызба кестемен жұмыс

-термин жұмыс

-сәйкестендіру тест

-ашық тест

-жабық тест

-толықтыруды қажет ететін тест.


Оқушы білімді меңгеріп қана қоймай, оны іс-жүзінде қолдана алуы керек. Осы себептен ҰБТ-ға оқушыларды дайындауда тиімді әдістер мен тәсілдерді үнемі іріктеп отыру қажет. Құрметті «Ұстаздар қауымы, «Ел болашағы – білімді жастардың қолында», ал сол жастарды білімді етіп тәрбиелеу- біздің қолымызда екенін жадымыздан шығармайық. Білім нәрін сеуіп жүрген шәкірттеріңіз биіктерден көріне берсін.

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 19.03.2016
Раздел Обществознание
Подраздел Статьи
Просмотров93
Номер материала ДВ-538161
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх