Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / ҰБТ-ҒА ОҚУШЫЛАРДЫ ДАЙЫНДАУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІСТЕРІ МЕН ТӘСІЛДЕРІ.
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

ҰБТ-ҒА ОҚУШЫЛАРДЫ ДАЙЫНДАУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІСТЕРІ МЕН ТӘСІЛДЕРІ.

библиотека
материалов

hello_html_6d525860.gif8 орта мектеп



















Тақырыбы: ҰБТ-ҒА ОҚУШЫЛАРДЫ ДАЙЫНДАУДЫҢ ТИІМДІ

ӘДІСТЕРІ МЕН ТӘСІЛДЕРІ.











Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Ұ. Сапарғалиева

















Талдықорған қаласы, 2013 жыл

ҰБТ-ҒА ОҚУШЫЛАРДЫ ДАЙЫНДАУДЫҢ ТИІМДІ

ӘДІСТЕРІ МЕН ТӘСІЛДЕРІ.



ҰБТ дегеніміз – мемлекеттің, қоғамның және тұлғаның қажеттілігіне сәйкес келетін бүгінгі білім сапасын көтеру және басты бағыт.

Ұлттық бірыңғай тестілеу - жалпы орта білім беру ұйымдарында оқушылардың қорытынды аттестаттауының бір түрі. Аттестаттауды жақсы тапсыру үшін оған сапалы дайындық қажет. Оқушы білімді меңгеріп қана қоймай, оны іс-жүзінде қолдана алуы керек. Осы себептен ҰБТ-ға оқушыларды дайындауда тиімді әдістер мен тәсілдерді үнемі іріктеп отыру қажет. Қазіргі кезде өзге ұлт өкілдерін қазақ тілінен дайындап шығару мұғалімнің шығармашылығына, жауапкершілігіне, ізденушілігіне байланысты.

ҰБТ өткізудің қажеттілігі:

білім беру ұйымдарын объективті бағалау, олардың нақты рейтингісін көрсету, оқушылардың және мұғалімдердің білім алудағы жоғары нәтижелеріне талпынысын тудыруға ынталандыру.

ҰБТ-ның мақсаты:

ҰБТ- жоғары білім алуға барлық бітірушілердің тең дәрежеде қол жеткізуі, білім берудің сыртқы тәуелсіз бағалау жүйесін құру.

ҰБТ-ның жоғары нәтижесі 11-сыныпта ғана пайда болмайды. Қазіргі мектепте мұғалімнің өз еңбегінің нәтижесіне деген жауапкершілігі қалыптасқан. ҰБТ-ға дайындаудың басты тұлғасы – оқытушы. Мұғалімге қойылатын талаптар :

- Оқушылардың білім алу себептерін айқындау,

- Пәндік оқытуды ұйымдастыру

- Тиімді технологияларды қолдану.

Кемшілігі:

- Тест қорытындысында кемшіліктер анықталады

- Тестік бақылауда оқушылардың шығармашылық қабілетін бағалай алмаймыз

- Уақыттың аздығына байланысты кемшілік болады

- Жауап беру кезінде кездейсоқтық болуы әбден мүмкін

Артықшылығы:

- Білім беруші мекемеге тәуелсіз бақылау жүйесі,

- Білім мазмұнына жалпыға бірдей білімді бағалау шкаласының қолданылуы,

- Әр оқушының білімі мен әр мұғалімнің біліктілік деңгейін шынайы айқындап, оларға талап қою арқылы сапалы білім беруге қолайлы жағдайдың жасалуы.

Ерекшелігі:

- Стандартты түрде жалпы білім тексеріледі

- Әділетті,оқушылар бірдей жағдайға қойылады, тікелей сабақ беретін мұғалім

қатыспайды, оқушының мектебі тұратын орны ешқандай ерекшелік белгісін алмайды.

- Тестік бақылау кең көлемді оқу материалын қамтиды

- Бағалауы нақты

- Экономикалық жағынан тиімді (тексеретін адамдар саны ,уақыты)

- Оқушыларды есте сақтау, қайталау, белгілі уақытқа оқып, үлгіру қасиеттеріне тәрбиелейді.


Сонымен мұғалім ҰБТ-ға дайындалуда қандай мақсат қоюға тиіс?

Мақсаттар:

1. Оқушылар сабақта алған білімдерін өмірде қолдана білуге тиіс;

2. ҰБТ-ға сапалы дайындық ұйымдастыру;

3. Оқушыларды 100 пайыз оқу үлгеріміне талаптандыру;

4. ҰБТ-ның сапасын және орташа ұпайын жоғарылату.


Жылдық жоспар дайындап алу

Фонетика Дауысты және дауыссыз дыбыстар. Буын. Тасымал.Екпін.

Үндестік заңы. Дыбыс үндестігі.

Лексика Синоним, антоним, омоним сөздер; мақал-мәтелдер; фразеологизмдер; сөз құрамы; сөзжасам; қос сөздер.

Морфология Жай септеу; тәуелдік септеу.Күрделі зат есім.Көмекші есімдер.Тәуелдік жалғауы; жіктік жалғауының көпше түрі.

Етістердің түрлері.

Септеулік шылаулардың қолданылу ерекшеліктері.

Етістіктің шақтары,грамматикалық формалары.

Түбір мен қосымша. Сөз тудырушы жұрнақтармен сөз түрлендіруші жұрнақтардың айырмашылығы.

Синтаксис Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі.

Күрделі бастауыш пен күрделі баяндауыш.

Бастауыштан кейін қойылатын сызықша.

Сөйлемнің бірыңғай мүшелері , тыныс белгілері. Салалас құрмалас сөйлем,тыныс белгілері.

Сабақтас құрмалас сөйлем,тыныс белгілері.

Іс-қағаздардың үлгілерін сауатты толтыра білу амалдары мен тәсілдері.


ҰБТ нәтижесіне нелер әсер етеді?

- Күнделікті жүйелі жұмыс ұйымдастыру;

- Интерактивті технологияларды қолдану,

- Жеке тұлғаның даралығын дамыту;

- Оқушылардың білім алу себептерін қалыптастыру.

Мұғалімнің жұмысында көп қиындық тудыратын орташа оқитын оқушы емес, потенциалды және қауіп тудыратын балалар, өйткені тест сұрақтары орташа оқитын оқушыларға бағытталған. Оқушылардың жеке ерекшеліктерін және білім сапасын көтеру жұмыстарын келесі кезеңдерден көруге болады.

1-кезең. Диагностикалық:

- Бақылау жұмыстарын өткізу арқылы оқушылардың білім деңгейлерін анықтау,

- Өткен жылдағы ҰБТ нәтижесі мен байқау тестілердің сараптамаларын жасау арқыы қиындық тудыратын мәселелерді анықтау;

- ҰБТ-ны өткізу ережелерімен және ұсыныстарымен танысу.

2-кезең. Практикалық:

- Тест жинақтарымен жұмыс;

-Күрделі тақырыптар бойынша деңгейлік тапсырмалар;

-Топтық және жеке дайындық;

-Тестпен жұмыс істеуде тиімді тәсілдерді қолдану.

3-кезең. Синтетикалық (анықтаушылық):

- Тақырыптар бойынша бақылау тестілері,

- Мониторинг;

- Қатемен жұмыс парағын жүргізу;

- Психологиялық тренинг ұйымдастыру және өткізу.

Үш кезең бойынша өткізілетін жұмыстар оқушыларды үш топқа бөлінетінін анықтайды: 1-топ үнемі 20 ұпайдан жоғары алатын оқушылар , 2-топ 15 ұпайдан 20 ұпайға дейін алатын оқушылар, 3-топ 15 ұпайдан төмен алатындар.

Менің өзімнің бірнеше жылдық жұмыс тәжірибемде 11 сыныптармен көп жұмыс жасадым. Жұмысты неден бастадым?

Алдын-ала өзім бақылау тест –«Кіріспе тест» өткіздім. Сыныпқа жеке папка дайындадым. Оның ішінде: ҰБТ нәтижелерінің жеке парағы, қателерді талдау парағы , сонымен қатар әр оқушының жеке ереже дәптері бар.

Бірінші, әр оқушы мониторинг парағын алғаннан соң, өзіне мақсат қояды.Тест нәтижелерін белгілегеннен соң қатемен жұмыс жасалады.Қатемен жұмыс парағы бойынша түрлі жұмыс жасауға болады

Мысалы:

-грамматикалық ережелерді аудару,жаттау;

-ережелерін еске түсіріп жазу;

-мысалдар келтіру;

-бірін-бірі тексеру;

-өзін тексеру.

Мектепішілік байқау –тестілеу нәтижелерінің мониторингі өткізіледі. Оқушылардың ұпайлары салыстырылып отырады.

Оқушыларға психологиялық көмек:

  • ҰБТ-мен қорқытуға болмайды

Оқушы өз күшін және өз мүмкіндігін нақты білуі керек

Алдына мақсат қою

Қате жібермеуден қорықпау

Тест тапсыру техникасына үйрету

Өз уақытын бақылауға үйрету

Тапсырма қиындықтарын жеңе білу


11-сынып оқушыларын ҰБТ-ға дайындау бойынша жүргізілетін жұмыс түрлері:

1. 11-сынып бағдарламасы бойынша әр тарауды қамтыған 25 сұрақтан тест құрастырылады

2. Әр тарауды оқып бітіргеннен кейін тест өткізіледі. Тест тапсырмалары қазақ тілі бойынша Мемлекеттік білім беру стандартына сай құрылады.

3. Білімде қалып қоюшылық анықталған тақырыптар бойынша қосымша сабақтар өткізіледі.

Келесі кезеңде жекелеген сұрақтарды қалай тез орындауға болатынын талдап түсіндіру:

-сұрақты асықпай, түсіне оқу

-сұраққа қатысты грамматикалық материалды еске түсіндіру.

Мысалы: «Салалас құрмалас сөйлемді табыңыз» деген тапсырма берілсе , дұрыс жауапты қалай тез табуға болады?

1-қадам: жалғаулық шылауы бар сөйлемді іздеу;

2-қадам: жалғаулық шылауы бар сөйлем жоқ болса , бірінші жай сөйлемнің баяндауышына қараймыз, ол тиянақты формада тұруы керек.

«Сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз » деген тапсырма берілсе, дұрыс жауапты қалай тез табуға болады?

1-қадам: жай сөйлемдерді алып тастаймыз;

2-қадам: баяндауышы тиянақты сөйлемдерді алып тастаймыз, себебі бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз формада тұрады.

Тест оқушылардың білімін салыстыруға, білім беру жүйесінде оқушылармен бірге жеке жұмыс жүргізуге мүмкіндік туғызады. Бағдарламалық материалдан тыс ауық-ауық өткізіліп отыратын осындай жұмыстар оқушылардың қазақ тілі бойынша сауаттылығын арттыруға біршама септігін тигізеді.

Қорытындылай келе, мынаны айтқым келеді. Әлемдік тәжірибеде ТМД елдерінде тестілеу әдісінен артық тәсіл әзірше жоқ екен. ҰБТ-орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім беретін білім беру ұйымдарына түсу емтиханымен біріктірілетін жалпы орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттау нысандарының бірі.

ҰБТ тиімділігі мынада деп көрсеткім келеді:

1. Барлық мектеп бітірушілердің біліміне ортақ талап қояды.

2. Мектептердің білім сапсына нақты баға беріледі.

3. Адамның араласуынсыз білімді бағалауды әділетті жүргізуге жұртшылықтың көзін жеткізеді.

4. Тестілеу арқылы бағдарламадағы білім мазмұнын қамту жоғары деңгейге жетуде.

Сондықтан ұстаздар қауымы, ел болашағы - білімді жастардың қолында, сол себепті білімді ұрпақ тәрбилеу біздің ең басты мақсатымыз болсын!


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 09.08.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров564
Номер материала ДA-002893
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх