Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Школьному психологу / Другие методич. материалы / ҰБТ-ға позитивтік көніл күй трненингі

ҰБТ-ға позитивтік көніл күй трненингі


  • Школьному психологу

Поделитесь материалом с коллегами:

ҰБТ-ге дайындалуда позитивті ойлауды қалыптастырудың бағдарламасы

Құрастырушы: педагог-психолог №16 ЖББ ОМ Л.К.Карипбаева


Әрбір сабақтың ұзақтығы: 45 минут

Мақсаты: позитивті ойлауды қалыптастыру, өмірлік жағымсыз жағдайларды мағыналық жағынан қайта өңдеу.

Міндеттері: 

  • топтың хал-ахуалын жақсарту; жұмысқа деген жағымды ойлауды қалыптастыру;

  • біздің барлығымыз жағымды ойлауды таратушы бола алатындығымызды саналы түсіну.

  1. кезең: Жұмыстың басталуы. Сәлемдесу.

Мен бүгін міне- мынандаймын! (5-7 мин.)

Мақсаты. Эмоционалды серпіліс, өзінің эмоционалдық күйін түсініп, сөздік және қимыл әрекетері арқылы көрсетуі.

Сипаттамасы. Қатысушылар шеңбермен тұрады. Әрбір қатысушы кезекпен "Сәлеметсіздер ме? Менің атым ... (өз есімін айтады) Мен бүгін міне - мынандаймын" - деп өзінің көңіл-күйін қимыл-әрекетпен көрсетеді. Қалған тыңдаушылар "Сәлеметсің бе, (жүргізушінің-есімін атайды), Сен бүгін осындайсың – деп барлығы айтып, кейін бәрі бірге көрген іс-әрекетті қайталайды. Сөйтіп соңғы ойыншыға жеткенше ойын жаттығуы жалғаса береді.

Кері байланыс. Ойын барысын бірнеше сұрақ қою арқылы талдауға болады.

- Өзіңнің көңіл-күйіңді көрсету оңай болды ма?

- Қасыңдағы әріптесіңнің қимыл іс-әрекетін қайталау оңай болды ма?

- Сіздің қимыл іс-әрекетіңізді басқалар қайталағанда жағымды әсер етті ме?

- Есіміңізді қайталап айтқаны сізге ұнады ма?


2 - кезең: Ширату.

«Дәліз» ойыны (4-5 мин).

Ойынның бірінші бөлімі: Қатысушылар екі қатарға бөлініп, бір-біріне қарама қарсы тұрады. Бастаушы осы екі қатардың ортасымен өтуі қажет, ал қалғандары осы өтіп бара жатқан қатысушыға қошемет көрсетіп қолдарын соғады. Бірнеше мадақтау сөздерін айтады. Осы ретпен барлық қатысушы құрылған екі қатардың ортасымен өтіп шығады. (Қошемет көрсету барысында қол алысып, оған «Сен-кереметсің!», «Сен әдемісің» және т.б. қошемет сөздер айтып тұрады).

3 - кезең: Негізгі бөлім

Ойынның екінші бөлімі: Қатысушылар алдыңғы бөлімдегідей тағы да екі қатарға бір-біріне қарама қарсы тұрады да, екі қолын алдыға созып, қайшы қозғалысын орындайды. Бастаушы осы екі қатардың ортасымен кедергілерге қарамай өтуі қажет, ал қалғандары осы өтіп бара жатқан қатысушыға кедергі келтіріп, қолдарын үздіксіз қайшылап тұрады. Сөйтіп қатарда тұрған қатысушылардың барлығы дәлізден өтіп біткенше ойын жалғаса береді.

Бұл жаттығу арқылы кез-келген адам өмірінде шарықтау мен құлдырау болатынын көрсету басты мақсат болатын. Біз болған әр түрлі жағдайларды бақылауда ұстауымызға болады. Бұл да маңызды емес! Маңыздысы сол сізде бұл өмірде бәрі де алмасп тұратынын түсіне білуіңізде! Әр құлдыраудың артында жаңа шарықтау күтіп тұрғанын естен шығармаңыз!


«Арқадағы жазулар» ( 5 мин).

Қажетті құралдар: «қол саусақтары», «адамның көздері» деген сөздер жазылған парақтар.

Қатысушылар 2 топқа бөлінеді, бір-бірінің артына тұрып, жүргізуші топтың алдында тұрған қатысушыға саусақпен алдында тұрған адамның арқасына суртеін салатын сөзді көрсетеді. Әрқайсысы өзінің серігінің арқасына оларға түсінікті затты салады. Топтың соңындағы адам арқасына салған суретті дұрыс тапса, жеңімпаз болып табылады.

Бұл жаттығу сенім артушы достық қатынастың дамуына көмегін тигізеді, сондай-ақ қатысушылар басқа адамдар тұрғысынан сонымен қатар, назары мен қолдау көрсетуін көре отырып, өз-өзіне сенімділігіне ие болу үшін септігін тигізеді.

Тыныштық сәті: «Нұрға бөлену» (5мин).

Қажетті құралдар: арнайы музыка баяу қойылады.

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ–қолдарыңызды айқастырмаңыздар. Қолдарыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады.

Көздеріңізді жұмып елестетіп көріңіздер: күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан.Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызбен тілек–қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің көзін ашады.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Енді нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналады. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы сөздерді ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөзбен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен тек жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте –бірте күшейе бастайды, сіздің денеңізден тарап, жан –жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан –жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын…Ғаламның барлық түкпір- түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз «Мен нұрлымын..Нұр менің ішімде..Мен нұрмын…» Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз…


  1. Рефлексия. ( 3 мин.)

Қажетті құралдар: Әр қатысушыға арналған балықтың суреті бейнеленген парақша.

Бүгінгі жүргізілген сабақты 5-баллдық жүйемен бағалаңыз, яғни балл жазылған шаршыны бояңыз








Автор
Дата добавления 19.01.2016
Раздел Школьному психологу
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров101
Номер материала ДВ-355288
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх