Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Школьному психологу / Другие методич. материалы / ҰБТ-ға жақсы көніл күймен барамыз

ҰБТ-ға жақсы көніл күймен барамыз

  • Школьному психологу

Поделитесь материалом с коллегами:

ҰБТ-ге дайындалуда позитивті ойлауды қалыптастырудың бағдарламасы

Құрастырушы: педагог-психолог №16 ЖББ ОМ Л.К.Карипбаева


Әрбір сабақтың ұзақтығы: 45 минут

Мақсаты: позитивті ойлауды қалыптастыру, өмірлік жағымсыз жағдайларды мағыналық жағынан қайта өңдеу.

Міндеттері: 

  • топтың хал-ахуалын жақсарту; жұмысқа деген жағымды ойлауды қалыптастыру;

  • біздің барлығымыз жағымды ойлауды таратушы бола алатындығымызды саналы түсіну.

  1. кезең: Жұмыстың басталуы. Сәлемдесу.

«Қимылды қошемет» (10мин).

Қажетті құралдар: Қошемет сөздер жазылған қағаздар.

Сіздің күлкіңіз өте жағымды екен!

Сіздей кісіні кездестіргеніме қуаныштымын!

Сіз керемет аңғарымпаз екенсіз!

Сізден көп нәрсе үйренуге болады!

Сіздің білімділігіңізге шек жоқ!

Сізбен танысқаныма қуаныштымын!

Сізбен уақытты бірге өткізу өте қызықты!

Сіз әдемісіз және ақылдысыз!

Сізбен әңгімелесу өте қызықты!

Сізден үлгі алып, мақтан тұтуға болады!

Сіз өз ісіңіздің шеберісіз!

Сіз өте сенімді адамсыз, сізге сенім артуға болады!

Сізбен кездескеніме ерекше қуаныштымын!

Сіз сондай әдемісіз, сізді раушан гүліне теңегім келеді.

«Қандай керемет әйелсіз!», («Қандай керемет жігітсіз!»)

Қандай керемет жүріс, қандай керемет көзқарас!

Сіз өзіңіздің көріктілігіңізбен күн сияқты шағылыстырасыз!

Сіз нағыз ханшайымсыз! (Сіз нағыз ханзадасыз!)

Сізге киноға түсуге болады!

Қатысушылар шеңберге отырады. Әр қайсысы қошемет сөз жазылған қағазды алады да қасындағы кісіге көрсетпейді. Қошеметті сөзді өзі ғана оқып, қасындағы көршілес оң жағында отырған кісіге сол сөзді бағыттай отырып мимика қозғалыспен көрсетеді. Осылай шеңбер бойымен қошемет білдіру жаттығуы жалғастырыла береді.


2 - кезең: Ширату.

«Хайуанаттар бағы» (5-мин).

Ойын қатысушылардың көру және есту зейінін дамытуға арналған. Қатысушылар шеңбер бойымен отырады. Әр қайсысы өзіне кез-келген бір аңды, жануарды, құсты таңдайды (арыстан, қасқыр, піл, керік және т.б.). Әрбір қатысушының міндеті – 2 рет шапалақтап, өзі таңдаған жануарды атап, 2 рет тізе үстіне (алдына) соғады және өзіне шақырып отырған адамның таңдаған жануарды атайды. Мысалы Арыстан – арыстан (2 рет алақанмен шапалақтайды), піл - піл (2рет тізе үстіне соғады). Піл әрі қарай ойынды жалғастырады. Жаңылған адам ойыннан шығып отырады.

Кері байланыс.


3 - кезең: Негізгі бөлім

«Пессимист, Оптимист, Әзілқой» жаттығуы (10 мин).

Мақсаты: адамның мәселелік жағдайға тұтастай қатынасының құрылуы, мәселені әртүрлі көзқарас тұрғысынан қарастыру тәжірибесін меңгеру. Оның шешілуі үшін мүмкін болатын жолдарын іздестіру.

Қажетті құралдар: А4 парағы, қалам немесе қарындаш.

Жүргізу барысы: Ойын 6 бөлімнен тұрады.

1.Жүргізуші әрбір қатысушыға оның стресстік жағдайын немесе күшті негативті эмоциясын, немесе жағдайды қабылдауға қиындық тудыратын жағдайды қатысушыға бірнеше сөйлеммен бөлек параққа жазып шығуды ұсынады. Жазылған оқиға ешқандай эмоционалдық тұрғыдан болмауы қажет, тек қана факттер мен іс-әрекеттер баяндалуы қажет. Орындалуы 1-2 мин.

2. Әрі қарай қатысушыларға өздерінің оқиғалары жазылған парақты жүргізушіге кезекті жұмыс үшін тапсырулары қажет.

3. Жүргізуші топтағы стерсстік жағдайдың барлық нұсқасын оқып шығады және топ едәуір типтік, барлығы үшін мәні бар 1 оқиғаны таңдайды.

4. Жүргізуші топта 3 кіші топқа бөлінуді ұсынады және әрбір топ таңдалған оқиғаны қайталап оқып шығады. Кіші топтар үшін берілетін тапсырмалар келесідей болмақ: әрбір топ оқиғаны эмоционалдық мазмұнмен – пессимистік түрде( 1-ші кіші топ үшін), оптимистік ( 2-ші кіші топ үшін) және әзілқойлық мазмұнда ( 3-ші кіші топ үшін) толықтырып, аяқтауы қажет.

5. Әрі қарай ұсынылған кейіпкерлердің атынан әрбір топ стересстік оқиғаның эмоционалдық нұсқасын барлық тыңдаушыларға ұсынады.

6. Содан кейін, барлық топтар өз оқиғаларын топқа көрсеткен соң жүргізуші ойынның нәтижесін талқылауды ұсынады.


4 - кезең: «Көңілді ән!» (3мин).

Қажетті құралдар: Ән мәтіні жазылған парақтар, әрбір топ робот тәрізді, рэп, опера 3 түрлі әуенде айтулары қажет.

Кел бетіңе тамсанам жұлдызбысың аймысың

Бар сұлулық тән саған қалықтаған ай мүсін

Салтанатты әніммен аралаймын гүл бақты

Сүйдім сені жаныммен шырындайсың бал тәтті

Қ-сы:

Аспанға караймын жұлдызды санаймын

Сол жұлдыздың ішінде сен жоқсың Арайлым

Арманы талайдың бағыма балаймын

Мен сені сүйемін мен сені қалаймын.

Кер маралдай елесің жаутаңдаған көзіңнен

Махаббатың кемесін араласам өзіңмен

Келбетіңе тамсанам жұлдызбысың аймысың

Бар сұлулық тән саған қалықтаған ай мүсін.


5. Рефлексия.

Кімге бүгінгі жүргізілген сабақ ұнады 3 рет шапалақтаймыз, кімге ұнаған жоқ лотос бейнесінде отырамыз, көрсетеміз.










Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 19.01.2016
Раздел Школьному психологу
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров130
Номер материала ДВ-355301
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх