«Мәңгілік
Ел» философиясымен қарулану Тәуелсіз ел ұландарының бойындағы басты көрсеткіш
Тәуелсіздік
күніне орай Көкжыра ауылындағы М.Әуезов атындағы орта мектебінде көптеген
игі істер мен тәрбиелік шаралар өткізілді.Сондай мағыналы да,әсерлі болып өткен
тәрбие шарасының бірі- 8 А сыныбында сынып жетекшісі Сапаргүл Ахмадиева мен
мектеп кітапханашысы Күлзия Сүйесіновамен бірігіп «Мәңгілік Елдің ұлы толғауы»
тақырыбында өткізген ашық тәрбие сағатын үлгі ретінде айтуға болады.Тәрбие
сағатының барысында оқушылар Елбасымыздың 2014 жылы Тәуелсіздік күніне арнаған
«Мәңгілік Елдің ұлы толғауы» атты құттықтау сөзіндегі өте құнды мәліметтер
жайлы,Тәуелсіздік толғауы жайлы толғана отырып әңгімеледі.Олар өз сөздерінде
«Мәңгілік Ел» ұғымын және оның философиялық мәнін қалай түсінетіндіктері туралы
баяндады.Тәуелсіздіктің өмірлік философиясы – Мәңгілік Ел!Мәңгілік Ел- бұл
біздің көпұлтты,ынтымақты Қазақстан елінің бірлігінің қуаттылығының қайнар
көзі.Мәңгілік Ел-бұл біздің барша Қазақстандықтарды біріктіретін,Тәуелсіздігіміздің
сенімді,рухани тірегі екендігі және жас ұрпақ санасында қалыптасатын басты
құндылық екендігі туралы мақтанышпен айтып,өз білгендерін,өз елінің
жетістіктері жайлы сезімдерін толғана ортаға салып бөлісті.
Тәрбие сағатының екінші бөлімінде сынып оқушыларына жетекші топпен жұмыс
жүргізулеріне ұсыныс жасалды.Оқушылар төрт топқа бөлінді:1-топ Патриот тобы,
2-топ:Мәңгілік
Ел тобы,3- топ Болашақтағы менің ауылым 4-топ Мәңгілік Елдің жастары
деген
тақырыпта постер қорғады.Постер қорғау барысында сынып оқушылары Тәуелсіздік
шежіресінен нақты дәлелдер келтіре отырып,пікірлерін терең тебіреніспен айтып,шығармашылықпен
жұмыстар атқарды.Әр топ жұмыстарын өлең жолдарымен қорытындылап,өздерінің
Тәуелсіз ел ұландары болғанын зор мақтаныш сезімімен сезінетіндіктерін
білдірді.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.