Инфоурок Другое Другие методич. материалы"Бухгалтерлік баланс" тақырыбында сабақ жоспары

"Бухгалтерлік баланс" тақырыбында сабақ жоспары

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы:   «Бухгалтерлік баланс»

Білімділік мақсаты: Бухгалтерлік баланстың маңызымен танысып,шаруашылық операцияларын дұрыс жіктеуге,сауатты жазып,қатесіз есептеуге үйрету.

Тәрбиелік мақсаты: Бухгалтерлік балансты ұқыпты,дер кезінде толтыруға тәрбиелеу.

Дамытушылық мақсаты: Теориялық білімдерін практикалық тапсырмалармен ұштастырып дамыту және проблемалық ситуация туғызу арқылы біліктілігін арттыру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Пән аралық байланыс: математика,информатика, арнайы пәндер.

Көрнекті құралдар: Компьютер, слайд, интерактивті тақта.

 

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру бөлімі: Оқушылардың көмегімен сыныпты түгендеу, сабаққа дайындықтарын тексеру.

2.Үй тапсырмасын фронтальды тексеру. Дайындалған сұрақтар арқылы.

3.Жаңа сабақ. Жаңа сабақты түсіндіріп, тапсырма бойынша есеп шығару.

4.Жаңа сабақты бекіту.Тапсырма бойынша бухгалтерлік баланстың дұрыстығын тексеру, сөзжұмбақты шешу.

5.Үйге тапсырма: Конспект бойынша «Бухгалтерлік

баланс» тақырыбын оқып, есеп шығарып келу.

Үй тапсырмасын тексеруге арналған сұрақтар:

1. Бухгалтерлік есептің  басты  міндеті ?

2. Бухгалтерлік  есеп  пәні дегеніміз   не  ?

3. Бухгалтерлік  есеп  пәнінің негізгі  мақсаты ?

4. Бухгалтерлік  есептің  басты  ерекшелігі ?

5. Өндіріске қатысатын  үш элемент ?

6. Шаруашылық  есепте қолданылатын есеп  өлшеуіштерінің  түрі ?

7. Бухгалтерлік есептің неше түрі  бар ?

8. Бухгалтерлік  есеп дегеніміз не?

9. Бухгалтерлік  есепте  қоғамдық  өнімді өндіруде қатысатын сала ?

     Өндірістік  ж/е өндірістік  емес сала дегеніміз  не ж/е  олрға нелер  жатады?

10. Бухгалтерлік  есеп  әдістері  дегеніміз  не?

11. Бухгалтерлік есеп  әдістерінің неше  түрі бар  атаңдар 

12. Бухгалтерлік  құжат  дегеніміз  не ?

13. Құжат  айналымы дегеніміз  не?

14. Құжат  айналымы  неше  кезеңнен  тұрады ?

15. Есеп  регестрлары  дегеніміз  не?

16. Олар  қалай  жіктеледі ?

17. Бухгалтерлік  есеп  құжаттарында кеткен қатені

      Қандай  тәсілдермен  түзетуге болады ?

18. Кариктуралық  тәсіл  дегеніміз не?

19. Қосымша жазу  тәсілі  дегеніміз  не?

20. Азайтып  жазу  н/е  қызыл  түзетпе  дегеніміз не? 

 

                        Сұрақтардың жауаптары :

1.Кәсіпорындармен ұйымдардағы барлық үрдістерді бақылап,атқарылған жұмыстармен өндірілген өнімдерді сандық өлшемдерге айналдырып, арнаулы құжаттарда реттеп тіркеу.

2.Кәсіпорыннан қаржы шаруашылық қызметі туралы ақпараттық мәліметтерді жинақтау бухгалтерлік есеп пәні болып табылады.

3.Бухгалтерлік есептің негізгі мақсаты барлық кәсіпорындарда орындалатын операциялардың уақытында есепке алынып,олардың қазіргі күнгі уақыт талаптарына сәйкес орындалуға бақылау жасау.

4.Бухгалтерлік есептің басты ерекшелігі ол тек қана бастапқы және арнайы құжаттарға жазылып, тіркелген нақтылық көрсеткіштер түрінде жүргізіледі.

5.Еңбек,Еңбек бұйымдары,Еңбек құралдары.

6.Натуралдық өлшеуіш,Еңбек өлшеуіші,Ақшалай өлшеуіш.

7.Шапшаң есеп,Бухгалтерлік есеп,Статистикалық есеп.

8Бухгалтерлік есеп дегеніміз ұйымның қаржылық ақпаратын белгілі бір әдістермен тәсілдері бойынша есептейтін,өлшейтін және өңдеп тасымалдайтын жүйе.9.Қоғамдық өнімді өндіруде 2 сала қатысады:  1.Өндірістік 2.Өндірістік емес.

Өндірістік салаға сол шаруашылықтың материалдық өнімдерін өндіретін және тұтынушыларға жеткізумен айналысатын салалар жатады.

Өндірістік емес салаға халыққа қызмет ету,денсаулық сақтау,халық ағарту,мәдениет,қорғаныс т.б жатады.

10.Бухгалтерлік есеп әдістері дегеніміз-жаппай үздіксіз өзара байланысты дұрыс экономикалық жинақтап, ақшалай түрде көрсететін әртүрлі әдістер жүйесі.

11.Құжаттау,бағалау,шоттар,бухгалтерлік баланс, түгендеу,калькуляциялау,екі жақты жазу,есеп беру.

12.Қандайда болмасын кәсіпорында болған өзгерісті және оқиғаны куәләндіратын қағаз.

13.Құжаттау әдісі дегеніміз- шаруашылықта болатын барлық өзгерістерді құжат арқылы көрсетіп отыру.

14.Құжат айналымы дегеніміз-құжаттың жасалған уақытынан архивке тапсырғанға дейінгі жолы немесе  мерзімі.

15.Құжат айналымы 4кезеңнен тұрады:     

1.Операция болған жерінде құжатты тапсыру.

2.Бухгалтерияда құжатты қабылдау және өңдеу.

3.Құжаттағы мәліметтерді бухгалтерлік жүйеде көрсету.

4.Құжаттарды архивке тапсыру.

16.Есеп регисторлары дегеніміз-алғашқы ақпараттар  көрсетілген шаруашылық операциялары жөніндегі мәліметтерді топтастыруға арналған арнайы әдістер.                                                                                       Олар сыртқы түріне қарай,мазмұнының көлеміне қарай,құрылымына қарай жіктеледі.

17.Бухгалтерлік есепте кеткен қатені 3тәсілмен түзетуге болады: 1.Корректуралық 2.Қосымша жазу 3.Азайтып жазу немесе қызыл түзетпе.

18.Корректуралық тәсілмен құжаттарда кеткен қатені  түзеткенде арифметикалық қателер түзетіледі.Ол үшін кеткен қатені бір сызып,дұрыс жазу жазылады да қол қойылады.

19.Қосымша жазу тәсілі шоттардың корреспонденциясы және көрсетілген сомасы дұрыс сомадан аз болған жағдайда қолданылады.

20.Азайтып жазу немесе қызыл түзетпе дегеніміз оны шоттардың корреспонденциясында артық жазылған соманы түзеткен кезде қолданады, бұл жағдайда артық жазылған сома қызыл сиямен жазылады да  сандарды қосқанда қызыл сиямен жазылған жазу алынып тасталынады.

Жаңа сабақ :

Бухгалтерлік есептің негізгі және басты міндетінің, атқаратын қызметі мен функциясының бірі – пайдаланушыларға кәсіпорынның мүлкі мен қаржылық жағдайы туралы ақпараттық мәліметтерді дер кезінде, уақтылы жеткізіп беріп отыру.Осындай ақпараттық мәліметтердің негізгі қайнар көзі болып – бухгалтерлік баланс табылады.

Прямоугольник: скругленные углы: Қаржылар,заттай және ақшалай түрдегі мүліктер, шығындар Прямоугольник: скругленные углы: Ұйымның қорлану көздері
 

 

 

 


 

Жалпы бухгалтерлік есепте шаруашылық операцияларын баланс баптарының сомасына әсер етуіне қарай төрт түрге бөледі.

1-түрі: Кәсіпорынның банктегі есеп айырысу шотынан жұмысшы-қызметкерлерге еңбек ақы төлеу үшін кассаға 500мың тенге алынды. Бұл жағдайда есеп айырысу шоты бабындағы сома 500теңгеге азайса,касса бабының сомасы 500мың теңгеге артады. Баланстың активі мен пассиві арасындағы теңдік өзгермейді. А – А+

2- түрі: Ұйым өзінің жабдықтаушы алдындағы 700мың теңге қарызын банк мекемесінен алынған несие арқылы қайтарды делік. Бұл уақытта кәсіпорынның бухгалтерлік балансындағы жабдықтаушылармен есеп айырысу бабындағы сома 700мың теңгеге азайып, ал банк несиесі бабындағы сома 700мың теңгеге артады.Ал баланстың активі мен пассиві арасындағы теңдік өзгермейді.           П – П+

3-түрі: Жабдықтаушы кәсіпорынға 200мың теңгенің материалдары келіп түсті. Бұл уақытта ұйымның бухгалтерлік балансындағы жабдықтаушылармен есеп айырысу деп аталатын бабындағы сома және материалдар деп аталатын бабындағы сома бір уақытта 200мың теңгеге көбейеді.Яғни кәсіпорынның материалдарының артуына сәйкес жабдықтаушыларға қарыз да көбейеді. Сонымен қатар баланстың сомасы да 200мың теңгеге өседі. А+П+

4-түрі: Баланс баптарының сомасына әсер ететін шаруашылық операцияларының төртінші түрі үшінші түріне жатқызылатын операцияларға ұқсас келеді. Бұл уақытта баланстың активі мен пассиві жанындағы баптары бір уақытта бірдей сомаға өзгереді.                     

  Айырмашылығы – үшінші түрге жататын операциялар барысында баланстың жиынтық сомасы белгілі бір сомаға көбейсе, төртінші түрге жататын операциялар әсерінен актив пен пассив бөлімдері, баланстың жиынтық сомасы қандайда бір сомаға кемиді.         А – П -

 

 Сөзжұмбақтың  сұрақтары :

Тігінен:1.Пайдаланушыларға кәсіпорынның мүлкі және  қаржы жағдайы туралы ақпараттық мәліметтердің қайнар көзі.  «Баланс» 

Көлденеңнен:2.Өнім өндіруге және қызмет көрсетуге жұмсалынған жұмыс уақытын өлшеуге арналған өлшем.          «Еңбек»   

3.Баланстың сол жақ бөлігі. «Актив»  

4.Кәсіпорындағы мүліктердің және міндеттемелердің  құнын ақшалай өлшемге айналдырып есептеу әдісі. «Бағалау»

5.Кәсіпорынның қорытынды табысы. «Пайда»   

6.Есеп берілгендерін нақты берілгендермен салыстыру. «Түгендеу»

7.Баланстың оң жақ бөлігі. «Пассив»       

 

Сөзжұмбақ

           1

                         2

 

 

 

 

 

 

                                                  3

 

 

 

 

 

  4

 

 

 

 

 

 

 

 

                                      5

 

 

 

 

 

 

6

 

 

 

 

 

 

 

 

               7

 

 

 

 

 

 

 

 

Тапсырма  3

Төмендегі берілген шаруашылық операциялары бойынша айдың басына баланс құру.

Шаруашылық операциясының мазмұны

Соммасы

Түрі

1

Ауылшаруашылық өнімдері                    

      19426

   А

2

Жарғылық қор                                          

    264904

   П

3

Арнаулы қор                                                 

       4262

   П

4

Өсімдегі және бордақылаудағы малдар    

     15714

   А

5

Негізгі құралдар                                         

   249512

   А

6

Негізгі құралдардың тозуы

    10794

   П

7

Касса

          16

   А

8

Жұмысшы-н және қызмет-н есеп айыр-у

      6975

   П

9

Шикізат және материалдар

      1784

   А

10

Есепберетін адамд-н есеп айырысу                 

          12

   А

11

Қысқа мерзімді банк несиесі                          

      3000

   П

12

Арзан бағалы тез тозатын бұйымдар                         

      7006

   А

13

Амортизациялық қор

    12744

   П

14

Арзан бағалы т.т. заттардың тозуы

      3504

   П

15

Құрылыс материалдары

      1448

   А

16

Есеп айырысу шоты

     18911

   А

17

Қосалқы бөлшектер

       4916

   А

18

Пайда

     12228

   П

19

Отын

         767

   А

20

Бюджетпен есеп айырысу

         425

   П

21

Алдағы кезең шығындары

         647

   А

22

Алдағы төлемнің резерві

         898

   П

23

Әлеуметтік қауіпсіздендіру бойынша есептесу 

         427

   П

24

               Б А Р Л Ы Ғ Ы   

    640320

 

 

                                                     

Баланс статьялары

Соммасы

Баланс статьялары

Соммасы

1

А/ш өнімдері                        

    19426

Жарғылық қор

264904

2

Ө/б малдар

     15714

Арнаулы қор

     4262

3

Негізгі құралдар

   249512

Н/қ тозуы     

  10794

4

Касса

            16

Ж/қ есеп айырысу

    6975

5

Шикізат ж/е материалдар

       1784

Қысқа мерз. Банк несие

    3000

6

Есеп беретін адамд.е. а.

           12

Амортизация.қор

  12744

7

Арзан бағалы т.т. бұйымд.

       7006

А.Б.Т.Т бұйымд.тозуы

    3504

8

Құрылыс материалдары

       1448

Пайда

  12228

9

Есеп айырысу шоты

     18911

Бюджетпен е.а.

      425

10

Қосалқы бөлшектер

       4916

Алдағы төлем резерві

      898

11

Отын

         767

Әлеум.қауіпс.бой.есепт.

      427

12

Алдағы кезең шығындары

         647

 

 

 

  Б А Р Л Ы Ғ Ы

320160

 Б А Р Л Ы Ғ Ы     

320160

 

                                                     Т Е С Т

1.Шаруашылық қаржыларын ақшалай өлшем түрімен құралу негіздері бойынша  белгіленген мерзімде экономикалық топтастырып көрсету.

                  а/ Екі жақты жазу

                  ә/ Бухгалтерлік баланс             *

                  б/ Түгендеу

                  в/ Құжаттау

2.Шаруашылық қаржыларының түрі мен орналасуын көрсетеді.

                  а/ Актив                                  *

                  ә/ Пассив

                  б/ Дебет

                  в/ Кредит

3.Меншікті капитал мен міндеттемелерді көрсетеді.

                   а/ Пассив                           *

                   ә/ Актив

                   б/ Кредит

                   в/ Дебет

4. Шаруашылық операциясы. «Кассаға есеп айырысу шотынан жалақы төлеу  үшін ақша қаражаты түсті» өзгерістің қандай түріне жатады.

                   а/ А+ А+                              *

                   ә/ П+ П+

                   б/ А+ П+

                   в/ А- П-

5. Шаруашылық операциясы. «Қысқа мерзімді несие есебінен жабдықтаушы  шоты төленді»  өзгерістің қай түріне жатады.

                   а/ П +  П+                               *

                   ә/ А +  А+

                   б/ А +  П+

                   в/ А – П -     

6. Шаруашылық  операциясы. «Жабдықтаушылармен есеп айырысуда алынбаған сомаға материалдар алынды»   өзгерістің қандай түріне жатады.

                   а/ А+   П+                                 *

                   ә/ А -  П –

                   б/ А+    А+

                   в/ П +   П +

7.Негізгі қорлар баланстың қай бөлімінде есепке алынады.

                   а/ Актив

                   ә/ Пассив                                   *

                   б/ Дебет

                   в/ Кредит                                                                                                                                                                         

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Бухгалтерлік баланс" тақырыбында сабақ жоспары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по связям с общественностью

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 653 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.05.2016 2820
    • DOCX 48.2 кбайт
    • 11 скачиваний
    • Рейтинг: 3 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Асанова Ақерке Еркінқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Асанова Ақерке Еркінқызы
    Асанова Ақерке Еркінқызы
    • На сайте: 7 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 19686
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 282 человека из 66 регионов

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 40 человек из 19 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегии B2C маркетинга: от анализа до взаимодействия с клиентом

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегии и инструменты для эффективного привлечения и удержания клиентов

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Идеи эпохи Просвещения: педагогическое значение для современности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе