Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Доп. образование / Другие методич. материалы / Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар ашық сабақ жоспары 5 сынып

Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар ашық сабақ жоспары 5 сынып


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Доп. образование

Поделитесь материалом с коллегами:

5 сыныбы
Тақырыбы:
1. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар
2. Буын үндестігі

Сілтеме: Қазақ тілі. Авторлары: Г. Қосымова, Ж. Дәулетбекова
Алматы «Атамұра»- 2010ж, интерактивті тақта, көрнекіліктер (стикерлер, маркерлер, карточкалар), бағалау критерийлері.
Сабақтың мақсаты: Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар туралы ақпараттану, жаттығу жұмыстары арқылы түсіну.

Міндеттері: 1. Оқушылардың белсенділігін арттыру.
2. Сабаққа деген қызығушылықтарын тудыру.
3. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларды түсінуде, оқушылар жаттығулармен жұмыс барысында ойландыру, топтық жұмыста еркіндік беру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Әдіс - тәсілдері: Жеке, жұптық, топтық жұмыс, сұрақ - жауап, қорыту, талдау, бекіту, ауызша - жазбаша, сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары ( ой тастау, топтастыру, т. б)
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, әдістемелік құралдар, бағалау критерийлері
Күтілетін нәтиже: 1. Жаңа сабақ материалын меңгереді.
2. Оқушылар қосымшаларды қатыстырып сөйлем, сұрақ қоя алады.
3. Көрген, естігенін өз ойымен еркін жеткізе алады.
4. Бір - біріне сұрақтар қояды.
5. Пікірлерін айтады.
6. Ұжымдасып еңбек етуді үйренеді.
Ұйымдастыру кезеңі 1. Амандасу.
2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру арқылы шеңберге шығып, бір - біріне кенелетін сөздер айту керек. Мысалы: Сен бүгін өте әдемісін т. б.
3. Қиғаш қағаздарды беріп, таратамын. Ол қағаздардың шетіне 4 түрлі түсті бояумен бояулы. Сол 4 түске байланысты 4 топқа бөлінеді.
(2 мин)

Үй жұмысын тексеру (5 мин)
1. Мұғалімнің іс - әрекеті
1. Үй тапсырмасын тексеру: Шеңбер жасау.
Стикерлермен диалог. Әр оқушы өткен тапсырма бойынша сұрағын жазады. Сосын мен ол қағазды араластырып, қайта таратамын. Әр оқушы сол қойылған сұраққа жауап жазады. Әрбір оқушының сұрағының салмағын бақылайды. Өткен сабақты қаншалықты меңгергенін қадағалайды.
2. Жаттығуды тексереді.

Жаңа сабақ (28 мин)
Сабақтың барысы:
2. Мұғалімнің іс - әрекеті
- АКТ. Топпен жұмыс. Оқушылар 322 - жаттығу бойынша Шәкір Әбенов кім? Ол туралы интернеттен іздеп, оқып, слайд дайындайы.
СТО жаңа тақырыпты ашу мақсатында:
– Оқушылар, сендердің мына жерде көмектерін керек болып тұр. Әуезовтің бе, әлде Әуезовтың ба? деп сұрақ қойып ой тастаймын.
СТО Жаңа тақырып ұғындыруда ТВ Шоу бағдарламасы. / буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларды қағазға жазып беремін, яғни бұл жерде оқушылар сұрақ қойғанда осы қосымшаларды қатыстырады және қонақтар осы қосымшаларды қатыстырып айтады / Әр топтан бір оқушы шығып, ортаға жайғасады. Қойылған сұрақтарға жауап береді.
СТО ой тастау, / Балалар, осы шоу арқылы қандай ой келеді?/ жаңа тақырыпты оқушылар өздері ашады.

Жеке жұмыс. 319 - жаттығуды оқушылар орындайды.
(2 мин)
Жұппен жұмыс. 319 - жаттығуды бір - бірінің дәптерлерін ауыстырып тексереді. Мен интерактивті тақтаға ашып, оқушылармен бірлесіп тағы тексеріп шығамын. (2 мин)

Топпен жұмыс. Оқушылар 322 - жаттығу бойынша Шәкір Әбенов кім? Ол туралы интернеттен іздеп, оқып, слайд дайындайды.

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. Бағалау критерийін алдын - ала таратып қоямын, топ басшысы әр тапсырма сайын бағалап отырады.
Талантты және дарынды балаларды анықтауда:
1. Шоу бағдарламасы бойынша анықтау;
2. Үй тапсырмасын орындауда


57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 02.04.2016
Раздел Доп. образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров82
Номер материала ДБ-004474
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх