Инфоурок Классному руководителю Научные работыБуклет на тему "Амандасу салты"

Буклет на тему "Амандасу салты"

Скачать материал

hello_html_m25481bb.gifhello_html_15be03be.gifhello_html_m43bc0c7f.gifhello_html_m555d72b1.gifhello_html_75ad741e.gifhello_html_2b1bc831.gifhello_html_68182d1a.gifhello_html_f559e27.gifhello_html_m706c145d.gifhello_html_4b2aec5c.gifАмандасу (Сәлемдесу)



Амандасу (Сәлемдесу)-инабаттылық пен әдепке қатысты қатынас нормасы. Байырғы қазақ дәстүрі амандасулардың әлеуметтік тегінен, байлығынан және жалпы өмірдегі алатын орнынан белгі беретін болған. Ертеде хан немесе ірі сұлтандарға төменгі таптағы адам екі қолын кеудесіне қойып және төмен қарай иілмесе, оларға жақындай алмаған. Ал егер ол қайырым ретінде оған қолын созса, онда ол бір тізерлеп жерге отырып, оның қолын екі қолымен қысады. Әлеуметтік дәрежесі орташа адам өзінің әміршісіне қолын кеудесіне қыспай, бірақ, басын иіп келген. Хан немесе күшті әмірші, өзінің қарауындағылардың сәлеміне жауап ретінде оның иығына қолын қойып, сыйластығы болса қолын қысып амандасатын болған. Егер ханды жолай кезіктірсе, онда жолда тоқтап тұрып, оның өтіп кетуін күтуі керек, әрі басын иіп, қолын кеудесіне қойып дауыстап сәлем беруі шарт. Қараша халық өкілі сұлтандарға сәлемдескенде тізесін бүгіп көбіне «Алдияр тақсыр!» деп сәлем берген. Билігі жоқ төрелер мен сұлтандардың сыртынан болса да ізеттілік көрсету өз дәрежесінде болмағанымен, әмірі күштілер алдында ізеттілік шаралары қатаң сақталды.

Дәрежесі тең, бірақ, жақын таныс емес адамдар бір-бірінің бір қолын алып қана амандасқан; ал таныстар (ер адамдар) бір-біріне екі қолдарын береді және сонан соң, екі жаққа алма кезек иық тірестіріп құшақтасады немесе керісінше бір-бірін кеуделеріне қысып құшақтайды. Мұндай қимылдар кездесу кезінде жасалады. Әйелдер де кездескенде жалпы қабылданған әдетті сақтаулары тиіс. Әлеуметтік жағдайлары тең әйелдер кезіккенде қол алыспайды (еш уақытта сүйіспейді), тек бірі екіншісіне жәй ғана иіледі. Егер аға сұлтанның әйелдерімен қарапайым әйелдер кезігіп қалса, қарапайым әйелдер жанарларын төмен түсіріп, ізет көрсетіп иіледі. Бірақ, ханша немесе белгілі сұлтан әйелін кездестіргенде қараша өкілі жанарын төмен түсіріп, иіліп, бетін сипап сәлемдесуі керек. Жас әйел жасы үлкен туыстарының алдында бір тізесін бүгіп, иіліп сәлем салады.



Қазақтар бір-бірімен жолыққанда бір-бірімен мал-жан аман ба? - деп сұрасқан. Мал аман ба? - деп сұрауы олардың тұрмыс-тіршілігі күнкөріс өзегі, шаруашылық қатынастарының негізгі құралы саналған төрт түлікпен тікелей қатысты болуына байланысты малды және отбасы туралы жөн сұрасу қалыптасқан нормаға айналған. Осылай сәлемдескенінен кейін ризашылықпен кішіден: «Мал-жаның аман ба?», - деп сәлем береді. Оған қалыптасқан дағдылы жауап: «Құдайға шүкір, өзіңіздің мал-жаныңыз аман ба?» — деп жауап береді. Қазақ «Жақсы сөз, жарым ырыс», деп ырымдап, әрқашанда «жақсы» деген. Ерлер арасында мұндай амандасу сөздер әйелдерге қатысты қолданылмайды, оларға тек «Сәлеметсіз бе?», — деп амандасады. Далада бір топ қазақтар екіншісімен ат үстінде кездесіп қалса, «Ассалаумағалейкүм» деп, оң қолын созып амандасып, сол қолын амандасушының оң иығына қояды. «Уағалейкүмсалам» деп аманын қабыл алып, қол алысады. Қазақтар қонаққа барғанда, киіз үйдің жанына жақындағанда аттан түседі, ал үй иесі қолғанат ересек балалары қарсы алып, аман-саулық сұрайды. Осы кезде әйел адамдар үй-ішін реттеп, кілем-сырмақтарын төр көрпешелерін төсейді. Келген мейманның өзі киіз үйге енгенде «Ассалаумағалейкүм» деп жалпыға сәлем беріп кіреді. Тіпті, баспанада адамдар жоқ болса да немесе әйелдер отырған жағдайда да «Ассалаумағалейкүм» деп шаңырққа сәлем беру әдет қалыптасқан. Сырдарияның төменгі бойы қазақтарында амандасудың да өзіндік дәстүрге бағынған рәсімі бар. Арал, Қазалы өңірінде ер бала, қыз бала да өзінен үлкендерге дауыстап сәлем бердік дейді. Келіннің беті ашылып, босаға аттаған күннен бастап, келін күйеуінің ағайындарына көрген кезде екі қолын алдына бір-біріне айқастырып қойып «Сәлем бердік», - деп дауыстап, өзі иіледі. Күйеуінің ағайындары жол-жөнекей кездескен күнде де осылай сәлем салады. Үлкендер келіннің сәлеміне «Көп жаса! Бақытты бол!» -деп жауап қайтарады. Бұл дәстүр келіндердің күйеуінің ағайындарына деген ізеттілігін білдіреді.



Жаман ырым болып саналғандықтан, ауылға алыстан атпен шауып келуге болмайды. Ауылға қонақ келгенде міндетті түрде аяңдап келіп, үй сыртына жақындағанда «сөйлес» деп дауыстайды. Үш қайталаудан кейін жауап болмауы қонақты қабыл алмағандығын білдіреді. Үй иесі немесе үй иесінің әйеліне қонақ «құдайы қонақ» деп жауап береді. Бұдан кейін үй иесінің шақыруымен үйге кіреді және келген қонақ әйел болса үйдің сол жағына, еркек болса оң жағына отырады. Егер, үй иесі өз қонағынан жасы үлкен болса, онда бірінші болып: «Амансыз ба?» деп сәлемдеседі, қонақ сұрағына жауап беріп, үй иесінен «Мал-жаныңыз аман ба?» деп сұрайды. Содан соң қонақ үйде отырғандардың барлығын аралап шығады. Ал әйел адамдарға жұмсағырақ: «Есенсіз бе?» - дейді, бұл «Деніңіз сау ма?» - дегенді білдіреді. Ал қыздарға айтқанда; «Қарағым», «шырағым» - деген сөздерді қосады.



Ұзақ уақыт көріспеген жандар немесе ұзақ сапардан келген адамның амандығымен қоса, жөншілігін сұрап, егжей-тегжейлі сұрасады. Алыстан келген адамға «алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы адам барып сәлем береді» деген ереже бар. Дегенмен, жасы мен жолы үлкен адамдарға сапардан келген адам өзі әдейілеп барып, сәлем беруі тиіс. Мұндай ізеттіліктің бірі сол әулеттің ертеден келе жатқан қара шаңырағына соғу міндет.[1]

Әлем елдері қалай сәлемдеседі?



Ресейде бірінші болып ер адам қол ұсынады, Англияда керісінше келеді. Жігіт қолынан қолғабын шешу керек, ал әйелдерге шешпеуге рұқсат етіледі.

Тәжікстанда отағасы келген қонақтың қолын екі қолымен қысады.

Ирандықтар бір-бірінің қолын алып болғаннан кейін, оң қолдарын жүрек тұсына қояды.

Конгода көрісіп қалған адамдар қол беріседі де, түйіскен жерді үрлей бастайды.

Африкалық масай тайпасында амандаспас бұрын қолдарына түкіріп алады.

Орталық Шығыста қолдарын кеуде тұсқа жинап (оң қол сол қолдың үстіне қойылады), бастарын төмен түсіреді.

Замбезияда отыра қалып, қол шапалақтайды.

Тайландта біріккен алақанды басқа немесе кеуде тұсына көтеріп амандасады да "вай" деген сөзді айтады.

Жаңа Зеландияның жергілікті тұрғындары да тілді шығарып, көздерін тасыраңдатады. Оның алдында алақандарын белге ұрып, аяқтарын тарсылдатады да, тізелерін бүгеді.

Аустралияның жергілікті тұрғындары билеп қарсы алады.

Амандасу – әр халық мәдениетінің қайнар бұлағы десек, артық айтқандық емес. Әр елдің әдет-ғұрпы мен тұрмыс-тіршілігіне, салт-дәстүріне байланысты сәлемдесу түрлері де өзгеше болып келеді. Мысалы, үнді халықтары қос қолын біріктіріп, маңдайына тигізіп тағзым етсе, жапондықтар бір жерде қалшиып тұрып,қолын беліне, одан кейін иіліп тізесіне қойып жылы жүзбен күлімсірейді. Ал латын американдықтар бір-бірімен құшақтасса, орталық Азия мен Африканың мұсылман халықтары оң қолын жүректерінің тұсына апарып, тағзым жасайтын көрінеді.Өз еліміздің дәстүрі бойынша жасы кіші үлкенге бірінші болып, таныс немесе бейтаныстығына қарамай амандасу міндет болып саналады. Еліміздің амандық салты ер азаматтар арасында алдымен егде адамға қос қол ұсынып “Ассалаумағалейкүм!” деген сөзбен басталған, сәлем алушы “Уағалейкүмассалам!”деп оң қолын ұсынады. Одан кейін “Деніңіз сау ма?”, “Мал-жан аман ба?” деп аман-саулық сұрасқан.Ислам дінінде де сәлемдесу әдептіліктің белгісі екендігі айтылып, қасиетті Құран Кәрімде: “Егер сіздерге біреу амандасса, сәлемін одан да асыра не дәл солай қабыл алыңыздар”, – делінген, себебі, амандасу өзара сыпайылық пен татулыққа, мәдениеттілік пен парасаттылыққа апарар жол емес пе?!Тағы бір айта кетерлік жайт, қазақ келіншектері ата-енелеріне, қайнағалары мен абысындарына ерекше ілтипатпен, кішіпейілдікпен сыпайы түрде иіліп сәлем берген. Ал үлкендер жағы болса, “Айналайын, жамандық көрме!”, “Үбірлі-шүбірлі бол!”, “Көп жаса, балам!” деп жылы лебіздерін білдіріп, баталарын берген. Ал қыздар мен жігіттер болса жылы шыраймен ымдасып күлімдескен, кей кезде ақырын үнмен “Сәлем” деп амандасса, қыз-келіншектер бір-бірімен көріскенде құшақтасу әдебінің шегінен шықпаған. Ал бүгінгі қоғамда, біз, қалай амандасып жүрміз?Әрине, көпке топырақ шашудан аулақпын, дегенмен “Ассалаумағалейкүм!” деп бірен-саран ақсақалдарымыз амандаспаса, кейінгі уақытта тіпті оны естуден қалғандаймыз. Қырық-елуді алқымдаған кейбір ағаларымыз “Қал жағдайың қалай? Жұмысың орынша ма?” деп саулық сұрасып жатса, жастар жағы “Қалай жағдай?” деп қол берісіп, шапалақты шарт еткізулері әдептілік емес. Қол берісу кезінде бір-бірінің қолын қысып, оны ауырту да әдетке айналып кеткен. Қазір жас жігіттердің үлкен адамдарға бір қолын ұсынуы да көңілге кір келтіретіні рас.Бұл осы ма, жастар шетелдің киноларын көріп, соған еліктеушіліктен бе, әйтеуір бір-бірімізбен “Привет” деп бетімізден сүюді шығардық, қыздар болса тіпті еріндерінен сүйіп амандасатын кейіпке жетті.Сондай-ақ, мектептегі оқушылар немесе университет студенттері сабақтан нашар баға алып қалса, әлгі пәнді оқытатын мұғаліммен амандаспай, оны өтірік көрмегенситіндер де кездесіп жатады. Соңғы уақытта бір-бірін жек көретін адамдар амандаспай жүре беретін болып кетті. Бір-бірімізден амандық сұрап, сыпайы сөйлеуден қалып бара жатқандаймыз. Ал бұл біздің халқымыздың әдебіне жат қылықтардың бірі.Мұндай тұрпайы жайттар қазағымның данагөй қариялары мен ес білген азаматтарына, намысты қолдан бермес жігіттері мен ибалы қыздарына жараспай-ақ тұр. Дамыған елу елдің қатарына қосылып, жаһандану көшіне ілесеміз деп жүрген де салт-дәстүрімізден ада болып қалмайық, ағайын! Келешегімізді бүгіннен бастап ойланайық! Болашақ жастардың қолында, өсіп келе жатқан бүлдіршіндердің тәрбие бесігі – отбасы мен мектеп. Ендеше, оларды ата-аналары әдепті етіп тәрбиелеп, ұстаздар қауымы әдептілік жайында арнайы сабақтар жүргізіп, пайдалы мағлұмат беруден тайынбасын дегім келеді. Аманшылық амандасудан басталады, одан жаңылуға да, жалығуға да хақымыз жоқ!

Орал гуманитарлық техникалық колледжі.





«Амандасу салты»









Орындаған:Ахатова Р.М.







Орал 2015ж.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Буклет на тему "Амандасу салты""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Интернет-маркетолог

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 455 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.03.2016 2326
    • DOCX 376 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ахатова Раушан Мухтаровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ахатова Раушан Мухтаровна
    Ахатова Раушан Мухтаровна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7163
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Медиаграмотность как форма работы с современным родителем

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 22 регионов

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы профориентационной работы в деятельности педагога

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 88 человек из 34 регионов

Курс повышения квалификации

Организация работы с молодежью

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 78 человек из 33 регионов

Мини-курс

Психологические исследования и поддержка психического здоровья

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Занимательное обучение русскому языку: основы орфоэпии и тайны русской орфографии

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 22 регионов

Мини-курс

Карьера и развитие в современном мире

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
Сейчас в эфире

Восстановительные и медиативные практики в профилактике кибербуллинга

Перейти к трансляции