Инфоурок Биология Другие методич. материалыБунақденелілердің шөп қоректі, жыртқыш,паразиттік өкілдері. Олардың биоценоздық және практикалық маңызы

Бунақденелілердің шөп қоректі, жыртқыш,паразиттік өкілдері. Олардың биоценоздық және практикалық маңызы

Скачать материал

Сынып 7                          Күні 17.01. 17               Пәні:биология          Бекітемін

 

Сабақ тақырыбы: Бунақденелердің шөп қоректі,жыртқыш,паразиттік өкілдері. Олардың биоценоздық және практикалық маңызы.

 

Сабақтың мақсаты:

           

Білімділігі: Оқушыларға бунақденелілердің табиғаттағы пайдалы және зиянды әрекеттерін жан-жақты түсіндіру.

Дамытушылық: Оқушылардың  есте сақтау және ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өсімдіктерді күтіп баптауға, жәндіктерді қорғауға тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: баяндама

Көрнекілік: плакаттар

 

Сабақтың барысы:

           

1.Ұйымдастыру:

А. Оқушылармен сәлемдесу.

В. Оқушыларды түгендеу.

С. Сынып тазалығына көңіл бөлу.

 

II. Үй тапсырмасын тексеру кезең

           

Төменде берілген әрбір пікірді оқып шығыңыздар, қаншалықты осы пікірдің сіз үшін дұрыс екендігін анықтаңыз. Егер дұрыс болса номерге қарсы “+” белгісін, ал дұрыс емес болса “-” белгісін қойыңыз.

 

1.Бунақденелілерді зерттейтін ғылым этология деп аталады.

2.Буынаяқтылар типінің 3 класы бар.

3.Бунақденелілердің басқа буынаяқтылардан негізгі ерекшелігі – денесі екі бөліктен тұрады.

4.Бунақденелілердің барлығы алты аяқты болады.

5.Бунақденелілердің дамуы үш кезеңнен тұрады.

6.    Имаго деп- дернәсілді айтамыз.

7.Тура даму қанатты бунақденелілерге тән.

8.Инелік, бұзаубас, қандала, дәуіт толық түрленіп дамиды.

9.Шыбынның  аузы шаншып соруға бейімделген.

10.Жаушоғыл түзетін қанатсыз дернәсілдер көкқасқа шегіртке деп аталады.

 

 “Кілтпен”сәйкес келетін жауаптарды есептейміз.                                  

  10-9 дұрыс жауапқа «5»                                   

  8- 7 дұрыс жауапқа  «4»

  6-5 дұрыс жауапқа «3»                                   

  4-1 дұрыс жауапқа  «2»

 

III үй тапсырмасын бекіту:

Бунақденелілер қанша жолмен дамиды?

Тура даму мен толық дамудың айырмашылығы неде?

Көкқасқа шегірткке неге өте қауіпті? 

    

 

 

 

 IV. Жаңа сабақ

                                            

 1.Сұрақ                Мөлдір жарғақ тәрізді екі жұп қанаттары бар отряд қалай аталады?                                                   (жарғаққанаттылар) 

2.Жұмбақ

Тыру — тыру тырналар,

Тауға қарай жорғалар.

(Ара)                                         3.   Екі басы жұдырықтай,

                                                    Ортасы қылдырықтай.

                                                                         (Құмырсқа)

        

 

        Әлемде құмырсқаның 10 мыңдай түрі бар. Олар достық қарым-қатынаста  қауымдасып тіршілік етеді. Құмырсқалар  нағыз еңбекқор жәндіктердің бірі. Әрбір құмырсқа өзінің салмағынан 150 есе ауыр нәрсені илеуіне әкеле алады екен. Олардың еңбекқорлығын жастарға үлгі ете отырып, халқымыздың аса көрнекті ақыны Дулат Бабатайұлы бабамыз /1/:

Сендер түгіл құмырсқа

Ісін қойып дұрысқа,

илеуін сап жабылып,

жемін тасып сабылып,

Бір орыннан табылып,

Бір-біріне бағынып,-деп жастарды еңбексүйгіштікке баули білген.

         Құмырсқалар  топтасып (10-100 мыңы бірігіп), арнайы илеу жасап, тіршілік етеді. Құмырсқа илеуінің жер үстінде көрініп жатқан төмпешігі (илеуі) ұяның бір бөлігі ғана.Төмпешікте ұяның ішіне кіретін бірнеше тесіктері бар. Илеуді төмпешік сияқты етіп жасауының өзінде үлкен мән бар: жаңбыр суы тез ағып кетеді,күн  сәулесі тез қыздырады. Әрбір илеудегі құмырсқа топтарының бір-бірімен қарым-қатынасы, негізінен, өздерінен бөлетін ерекше химиялық заттар –феромондар арқылы реттеледі. Олардың иіс, дәм сезуі өте жақсы жетілген. Құмырсқалар илеуін қураған өсімдік сабақтары мен жапырақтарының қалдықтарынан жасайды. Тропиктік аймақтарда илеу жасамай жеке дара тіршілік ететін құмырсқалардың түрлері де бар. Негізгі қорегі басқа жәндіктер, олардың дернәсілдері және өсімдіктердің жапырақтары мен тұқымдары, шырындары. Бір илеудегі құмырсқалар тәулігіне 10 мыңнан 30 мыңға дейін жәндіктерді жояды /2/.

          Әрбір илеуде аталық, аналық, “жұмысшы” және “жауынгер” құмырсқалар болады. Жұмысшы құмырсқаларда қанат болмайды. Олар илеудегі дернәсілдерді, аналық құмырсқаларды қоректендіреді, ауаның алмасуын, ылғалдың бір қалыпты болуын қамтамасыз етеді. Аталық құмырсқалар мен аналық құмырсқалардың қанаттары болады. Аспанда ұшып жүріп  шағылысып болғаннан кейін аталық және біраз аналық құмырсқалар өледі. Қалған  аналық құмырсқалар жерге түсіп, қанаттарын өздері жұлып алып тастайды немесе жұмысшы құмырсқалар кеміріп тастайды. Сөйтіп аналық құмырсқалар жаңадан ұяшық жасап, жұмыртқа салып ұрпақ  жалғастырады. Дернәсілдерін өзінің сілекейімен немесе артық жұмыртқаларымен қоректендіреді, ал өзі қоректенбейді. Аналық құмырсқаның дене тұрқы ірі болады. Олардың аралардан айырмашылығы- құмырсқа илеуінде бірнеше аналық болады.

Құмырсқалардың тіршілігіндегі құпия сырлар

        Құмырсқалар туылғанынан бастап, өлгеніне дейін әркім өз жұмысын қалтқысыз жасап өмір сүреді екен. Енді ғана туылған құмырсқаларды арнайы питомниктерде бағып-қағады екен. Оларды илеуден таза ауаға шығарып, қадағалап жүретін кәсіби “тәрбиешілер”, жекелеген балабақша да болады екен. Ал ауруға шалдыққан құмырсқаларға өз ісінің шебері – “дәрігерлері” қарайды. Олар күнделікті профилактикалық қадағалау жұмыстарын жүргізіп отырады және қажет болған жағдайда ауруларды алшақтатып, тіпті хирургиялық операциялар жасауға мүмкіндіктері бар. Мысалы, мертіккен аяқтарын кесіп тастау секілді. Ал Оңтүстік Америкада фермер-құмырсқалар мекендейді. Олар ағаш бұтақтарындағы жарықшаларын жерден топырақпен толтырып, жаңа егін “алаңдарында” әркелкі дақылдарды өсіретін көрінеді. Ал құмырсқаның бір түрлері илеудің айналасына еге береді. Ал егісті құмырсқалар қауымдастығының барлық мүшелері жинайды. Егістен жиналған дақылдар азық болады да олардан қалған масақ құрылыс материалы ретінде пайдаланыла береді екен.

         Орталық Американы мекен ететін кейбір құмырсқалар илеуден азық алатын жерге дейін нағыз жол да салады. Оның ұзақтығы кейде 1,5 шақырымға дейін созылады. Ал егер қандай да бір себеппен жолда бір кедергі пайда болса, құрылысшы-құмырсқалар жұмысын тоқтатып, күтеді. Біраз уақыт өткен соң ол жерге полицай-құмырсқалар барып, тәртіп орнатып кетеді екен. Илеуге дабыл қалай қағылатынын осы күнге дейін түсініксіз. Тіпті, телепатия болуы да мүмкін дейді білетіндер.

        Құмырсқалардың өлгендерін жерлеу салты  да адамдардыкі сияқты арнайы ритуалмен шығарып салады: Өлген құмырсқаның денесінен»өлім иісі» феромоны бөлінеді. Оны сезген жұмысшы құмырсқалар  өлген құмырсқаны илеуден аулағырақтағы жерленетін мазарға жеткізсе, “көрқазарлар” оның денесін 2-2,5 сантиметр қазылған жерге тапсырады екен. Мұны ғалымдар қарапайым тәжірибе жасау арқылы дәлелдеген. Олар өлген құмырсқа феромонын тірі құмырсқаларға жағып, оларды илеуде қалдырған. Мұны сезген жүмысшы құмырсқалар өлген құмырсқа феромоны жағылған тірі құмырсқаны, қарсылық білдіруіне қарамай, илеуден алысқа апарып тастаған. Өлген иіс феромоны жағылған құмырсқа қайта илеуге жетуге асыққан, бірақ оны жолда ұстап алған жұмысшы құмырсқалар қайтадан оны өлген құмырсқалардың арасына апарып тастаған. Осындай жерлеу рәсімі әлгі құмырсқаның денесіндегі «өлім»ферамонының иісі жоғалғанша жалғаса берген.

       Құмырсқалардың адам денсаулығына пайдасын көп халықтар ерте кездерден-ақ білген. Аяғы ауыратындар кей жағдайларда құмырсқа илеуіне аяғын салып құмырсқаға шақтырған. Мысалы, Қытайда бұдан 5 мың жыл бұрын жазылған “Бың Цау Гаң Му” кітабында құмырсқаның қасиеті туралы қызықты деректер келтірілген. Құмырсқа денесінде 70-тен астам микроэлемент, 20-дан астам амин қышқылы, витаминдер бар. Қазіргі кезде Қытайда құмырсқадан аса бағалы азықтық, дәрілік қасиеті бар препараттар дайындалады. Құмырсқаларға жүргізілген зерттеулер нәтижесінде олардың жұқпалы аурулармен ауырмайтындығы анықталған. Құмырсқадан алынатын дәрілер буын ауруларын, қант диабетін емдеуде, қан қысымын реттеуде қолданылады. Оңтүстік Азия елдеріМексика тұрғындары құмырсқаны тағам ретінде де пайдаланады. Құмырсқалар жүрген іздерінде құмырсқа қышқылынан тамшы қалдырады, сол иіс бойынша адаспай табады. Орманда тіршілік ететін құмырсқалар ағашқа өрмелегенде де бірінің артынан бірі тізіліп жорғалайды, мұнда да құмырсқа қышқылы көмектеседі. Құмырсқалардың 5000-ға жуық түрі бар. Қазақстанда көбірек кездесетіні жерден ін қазатын, үйлерде болатын өте ұсақ — үй құмырсқалары, орманда көбірек кездесетін — жирен құмырсқалар, қара құмырсқалар т.б. Құмырсқалар пайдалы, орманда тіршілік ететін жирен құмырсқаларды жыртқыштар деуге болады. Ол зиянды жұлдыз құрттармен, жауын құрттармен және жалаңаш шырыштармен қоректенеді. Ағаштардағы зиянды жәндіктерді құртып, пайда келтіреді.

Аралардың мүлтіксіз тәртібі

        Ұядағы әрбір ара өзінің қызметі мен міндеттерін жақсы біледі және оны мүлтіксіз орындайды. Бір маусымда  ара ұясы 100-200 келі бал жинайды. Яғни дала кезіп тынымсыз сірне таситын жұмысшы ересек ара аптасына 6-7 келі балды қорға қосады. Аса шебер Алла тағала өз құдыретімен араның ауыз қуысын бал жасау үдерісінің алғашқы буыны өтетін кішігірім «цех» етіп қойған.

         Ондағы қалыпты жылу деңгейі ауыз қуысындағы шырындардың біртіндеп балға айналуының алғашқы әрекеттеріне жағдай жасайды. Құдды бір ұшып жүрген тірі зауыт. Ал ұяда жас аралар сірнені тор көзшелерге салып, желдетіп, артық ылғалын жояды. Олар жұмыртқадан жаңа шыққан ұрпақты қоректендіреді, ұяшықтардың тазалығын, ауа алмасуын қадағалайды. Көзшелер балға толғаннан кейін, оны балауыз қақпақшамен жабады.

         Зер салып қарасаңыз, бал құйылатын ұя клеткаларының алты бұрышты екенін және әрбір қабырғасы мен бұрыштарының өлшемі бір-бірімен керемет үйлесімділікпен дәл келетінін байқайсыз. Бұндай дәлдікті аралар кімнен үйренді? Неге ол үш бұрыш немесе бес бұрыш емес?

          Тор клеткалар бір-біріне үйлесімділікпен жабысатын балауызға бал сыйымдылығы молырақ болатынын қайдан білді? Қазіргі заманауи құрал-жабдықтармен жарақтанған құрылысшылар миллиметрлік дәлдікпен алты бұрышты үйлерді жапсарлап сала алар ма еді?

        Жаратушының түйсіктеріне салуының арқасында бал аралары шырынды гүл мен шүйгінді шөп атаулыны тез-ақ табады. Және оны өз қауымдастығындағы өзге араларға жедел хабарлайды. Шуақты күндері ауа райы аяқ асты бұзылып жаңбыр жауып, құбыла қалу біздің таулы аймақта қалыпты жағдай. Осындай күндердің бірінде әкем ара ұясы тұрған жердегі ілініп тұрған шойын темірді қатты затпен бір ұрып қоятын. Әлгінің үні біразға дейін гуілдеп тұратын. Сөйтсек, жаңбырдың астында, тұманда қалған аралар осы дыбыс арқылы өз ұясын табатын көрінеді.

         Аралар және олардың балының емдік қасиеті туралы адамдар ертеден білген. Біздің дәуірімізге дейінгі төртінші мыңжылдықта адамдар араның ұясына ұқсас қолдан қа­лыптар жасап, оған жабайы араларды отырғызып, балын алып, түрлі ауруларға ем ретінде қолданып келген. Жалпы, әлемдегі қай халық немесе қай дін болмасын араларға жақсы жағынан қараған. Өйткені, аралар адамның жаны деген түсінік берік қалыптасқан.

           Аралардың  маңызды қызметі. Ал ара уынан бірнеше дәрі-дәрмектер жасауға болады. Бәрінен де бұрын аралардың мәдени өсімдіктерді тозаңдандыруда алатын орны зор. Осы уақытқа дейін ара өсірушілер олардың не үшін билейтінінің сырын аша алмай келген. Жуырда мұның сыры да ашылғандай болыпты. Яғни гүлдер көп орын ұяға жақын болса, аралар шеңбер жасап ұшады екен. Ал бұл би барлық араларды сол жаққа шақырғаны, сондай-ақ сегіздік жасап ұшатын болса, азықтық орынның алыс екенін көрсеткені болып табылады екен.

           Осы жуырда ғана зерттеушілер араларды контрабанда мен лаңкестікке қарсы күресте, есірткі саудасында қолдануға болатынын анықтады. Өйткені, өзіне жағымды иісті сезген аралар тілдерін шығарып, шәрбәт нәрін іздей бастайды. Сондықтан қажет етілген иіске араларды өте жеңіл үйретуге болады. Ол үшін аралар бірнеше иіс араластырылып жіберілген бөлмеге қамалады. Осында ол өзіне қажет еткен иісті ажыратып, тауып ала-алады. Осындай жолмен араларды жарылғыш заттарды және есірткілерді, тағы басқа да нәрселерді тауып алуға үйретуге болады.

         Оқыс қимыл жасадың дегенше, шабуылға ұшырадым дей бер. Мұнда ұшып жүрген бәленбай мың ара саған келіп жабысады. Бұл – араға тән құбылыс.Дүние есігін ашқан ара 5–6 ай  өмір сүреді екен.

V.Бекіту

1.Бунақденелердің мінез қылықтарындағы күнделікті немен дәлелдеуге болады?

2.Бунақденелдің табиғаттағы және адам өміріндегі пайда зианы қандай?

3.Бунақденердің түрінің сан алуандығына мысал келтіріңдер?

 

VI.Үйге тапсырма         §36       АВС тапсырмасы

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Бунақденелілердің шөп қоректі, жыртқыш,паразиттік өкілдері. Олардың биоценоздық және практикалық маңызы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Техник-конструктор

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 343 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.01.2017 1063
    • DOCX 24.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Булегенова Ғалия Сейткасымовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 12923
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Инновационные технологии обучения биологии как основа реализации ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 137 человек из 48 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 513 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету «Биология» в условиях реализации ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 46 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 392 человека

Курс профессиональной переподготовки

Биология и химия: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель биологии и химии

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 46 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 57 человек

Мини-курс

Прощение и трансформация: освобождение от родовых программ и травм

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 173 человека из 56 регионов
  • Этот курс уже прошли 33 человека

Мини-курс

Фундаментальные принципы здоровья и двигательной активности

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологические механизмы и стратегии: сохранения психологического равновесия

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 12 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек