Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Буын оның түрлері (5-сынып)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

Буын оның түрлері (5-сынып)

библиотека
материалов

Сынып: 5 "а", "ә", "б"

Сабақтың тақырыбы: Буын және оның түрлері. 
Сабақтың мақсаты: 
1.Білімділік: оқушыларға буын туралы түсінік беру,буынның түрлерімен таныстыру және жасалу жолдарын үйрету. 
2.Дамытушылық: оқушылардың есте сақтау қабілеті мен ойлау дәрежелерін дамыту. 
3. Тәрбиелік :жауапкершілік пен ұқыптылыққа тәрбиелеу. 
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту сабағы. 
Көрнекілігі: Сызба,плакат,улестірмелі қағаз. 
Сабақтың әдісі: Проблемалық әдіс,түсіндіру,оқу,сұрақ-жауап. 
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру. 
а) оқушылардың зейінін тұрақтандыру. 
б)оқушылардың психологиялық тұрғыда сабаққа дайындау мақсатында тренинг өткізу. 
(оқушылар қол ұстасып тұрып,бір-біріне сәттілік,жақсы тілектер тілейді.)

I . Үй жұмысы. Үй жұмысына берілген тапсырма сөзжұмбақ жасау (Әр топ бір-бір оқушыдан шығып,сөзжұмбақты шештіреді).

Сабақтың оқушыларға тақырыбы мен мақсат-міндеттерін айту.Бүгін сабақта мына кезеңдер бойынша жұмыс жүргіземіз.

1. Қайталау – оқу анасы. 
2. Кітап- досың , ақылшың. 
3. Білімді мыңды жығар. 
4. Кім тапқыр? Ойыны. 
5. Біліміңді байқап көр. 

1. Қайталау - оқу анасы. 
(оқушылардың бұрыннан білетін білімдерін еске түсіру арқылы буын тақырыбынан өткенді қайталау.) 
а) сұрақ-жауап)
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі. 
Сөз бірнеше фонетикалық бөлікке жіктеледі. Балалар мектепке келді деген сөйлемде үш сөз бар. Осы сөйлемдегі сөздер естілуі жағынан Ба-ла-лар мек-теп-ке кел-ді болып бірнеше шағын дыбыс тобына жіктеліп тұр. Осындай дыбыстық топқа жіктелген сөз ағымының шағын мүшесі буын деп аталады. Буын жеке дауыстыдан және дауысты мен дауыссыз дыбыстардың тіркесінен жасалатын болғандықтан ,оның құрамы үнемі бір қалыпты болмайды.

Буынға тән белгілер:
1. Дауысты дыбыссыз буын болмайды. ба-ла, құ-мырс-қа
2. Дауысты дыбыстың бір өзі буын құрай алады. а-дам, а-та Дауыссыз дыбыстар буын құрай алмайды.
3. Сөздің құрамында қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.
4. Буында мағына болмайды.
5. Тіліміздегі байырғы сөздер, сондай - ақ буындар қатар келген екі дауыссыздан басталмайды.(Сқақ - Ысқақ, Сланов - Сыланов)

Қазақ тілінде буынның үш түрі бар. 
Ашық буын деп - жалғыз дауысты дыбыстан құралған буын. Мысалы: А - та, и - не, а - ға, е - ре, о - ра, а - па т. б. дауыссыздан басталып, дауыстыға бітеді. Мысалы: ке - ме, да - на, ба - ға, же - бе, са - ры, кө - ше - де, ме - ре - ке т. б. Ашық буынның ішіндегі жалғыз дауыстыдан болған буынды жалаң ашық буын дейміз. А-дам, а-ға
Тұйық буын деп - дауыстыдан басталып, дауыссызға бітеді. Мысалы: ел, от, ер, ит, ар, ес, ұлт, ау, өрт, өс, ін, оқ, ор, ақ, іс, аш т. б.
Бітеу буын деп - дауыссыздан басталып, дауыссызға бітеді. Мысалы: серт, тон, мек - теп, төрт, сый - лық, нау - рыз, бай - лық, Бек - сұл - тан, Сұл - тан - мах - мұт т. б.
Сөзді қорды құрайтын түбір сөздердің көбі тұйық және бітеу буынды болып келеді. Ашық буынның өзі өз алдына сөз болуы өте сирек.
Буын мен тасымал екеуі екі бөлек нәрсе.

Ш. Жаңа сабақты бекіту жұмыстары.

2. Кітап – досың, ақылшың. 
а) 302- жаттығу.(ауызша, жазбаша.) 
Ашық,тұйық,бітеу буындарға бөліп жазу. 
Мына сөздерді: ел,жер,көл,құс,жоқ,ер,бала,дана,ата, мал. (3-топқа бөліп беремін) I-ші топ: Ашық. ) ІI-ші топ: Тұйық. ) ІІI-ші топ: Бітеу
б) 305-жаттығу.(жазбаша) 
• Өздерің болашақта қандай маман болуды қалайсыңдар? 
• Пікірлеріңді айтыңдар. 

3. Білімді мыңды жығар. Үш топқа тапсырма беремін.
1-топ: а.б +а.б +а.б. (ша-ға-ла, са-на-ма, қа-ла-ға.) 
б.б +б.б +б.б. (дос-тар-дың, мек-теп-тер.) 
2-топ: б.б +б.б. (қыз-дар, тас-тар.) 
а.б + а.б. (ба-ла, ша-на.) 
3-топ: т.б +б.б. (ұл-дар, ат-тар.) 

а.б +а.б +а.б. (ша-ға-ла, са-на-ма, қа-ла-ға.) 


4.Кім тапқыр?  (Сәйкестендір)

1hello_html_mc39a5d7.gifhello_html_m69017230.gif. Ата ашық а. Ашық

2hello_html_5ffc0f3b.gifhello_html_m4c108369.gifhello_html_m54890853.gifhello_html_36f9d95f.gif. Ат тұйық ә. Бітеу

3hello_html_m52b19856.gif. Бал бітеу б. Тұйық

4hello_html_51eb5210.gif. Тал бітеу

5. Қант бітеу

6. Өрт тұйық

7. Ұл тұйық

8. Қала ашық
5.Біліміңді байқап көр. 

а) Тест. 1-нұсқа
Тестік тапсырмалар (оқушылар жауап кілті арқылы өздерін бағалайды.) 
1.Ашық буынды сөзді тап. 
а) аз. ә) қаз
. б) боса. 
2.Бітеу
буынды сөзді тап. 
а)Оқушы. ә) Дауысты. б) Мектеп. 
3. Бірыңғай ашық буынды сөзді тап. 
а) Тамаша. ә) Еркіндік б) Басылым. 
4.Тұйық буынды сөзді тап. 
а) Анар. ә)Ант. б) Қант. 
5. Буынның неше түрі бар. 
а) Екі ә) Төрт. б)Үш 
6. Буын түрін көрсет. 
А) Қысаң. ә)Бітеу б)Езулік.

ә) Тест. 2-нұсқа

1. Ашық буынды сөзді анықтаңыз. 
а) Даңғыл. ә) Танысу. б) Дәстүр. 

2. Тұйық буынды сөзді анықтаңыз. 
а) Даңғыл.
 ә) Танысу. б) Ер. 

3. Тұйық буын сөздерді көрсетіңіз 

а) Ашық, жабық, қысаң ә) Аң, аш, ар. б) Мереке, той, думан. 

4. Қазақ тіліндегі буын түрлерін белгілеңіз. 
а) Ашық, тұйық, бітеу. ә) Қатаң, ұяң, үнді. б) Ашық, қатаң, үяң. 

5. Тұйық буын қалай жасалатынын анықтаңыз. 
а)
Дауыссыз дыбыстан басталып, дауысты дыбыспен аяқталады. 
ә) Дауысты дыбыстан басталып, дауыссыз дыбыспен аяқталады. 

б) Тек дауыссыз дыбыстан құралады. 
6. Буынға дұрыс бөлінген сөзді анықтаңыз. 
а) Тер-е-зе. ә) Мұғ-а-лім. б) Те-ке-мет. 
IV. Сабақты қорыту кезеңі. 
Не өттік? Не білдік? 
Ү. Үйге тапсырма. Ереже жаттау. 304- жаттығу. (1-топ), 306- жаттығу (2-топ), 307- жаттығу (3-топ);

ҮI. Бағалау. Сабаққа белсене қатысқан оқушыларға бағалау парағы бойынша бағаланады.





Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

Сабақтыңтақырыбы:Буынжәне оныңтүрлері. 
Сабақтың мақсаты: 
1.Білімділік: оқушыларға буын туралы түсінік беру,буынның түрлерімен таныстыру және жасалу жолдарын үйрету. 
2.Дамытушылық: оқушылардың есте сақтау қабілеті мен ойлау дәрежелерін дамыту. 
3. Тәрбиелік :жауапкершілік пен ұқыптылыққа тәрбиелеу. 
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту сабағы. 
Көрнекілігі: Сызба,плакат,улестірмелі қағаз. 
Сабақтың әдісі: Проблемалық әдіс,түсіндіру,оқу,сұрақ-жауап. 
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру. 
а) оқушылардың зейінін тұрақтандыру. 
б)оқушылардың психологиялық тұрғыда сабаққа дайындау мақсатында тренинг өткізу. 

Автор
Дата добавления 04.05.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1380
Номер материала 509787
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх