Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Рабочие программы / Буын және оның түрлері

Буын және оның түрлері

  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:



Сабақтың тақырыбы: Буын және оның түрлері
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға фонетиканың бір бөлшегі - буын және оның түрлері туралы түсінік беріп, меңгерту. Буынның өзіне тән ерекшеліктерін, жасалу жолдарын бірнеше мысалдар арқылы дәлелдеу.
Дамытушылығы: Интербелсенді тақтаның мүмкіншілігін пайдалана отырып, фонетикалық талдау дағдысын одан әрі жетілдіру, сөйлеу мәнерін, ойлау қабілетін, белсенділігін ойын арқылы пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелігі: Өнердің құдіретін, ана тілінің байлығын сезініп, құрметтеуге тәрбиелеу. Анаға деген сүйіспеншілік махаббатты арттыру.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді қалыптастыру.(Аналар әлеміне саяхат сабақ)
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, талдау, дәлелдеу, мәнерлеп оқу, ойын түрлері...
Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта, видео - клип, тақта, Ана туралы қанатты сөздер, дидактикалық материалдар т. б.
Пәнаралық байланыс: Әдептану. Әдебиет. Саз өнері. Бейнелеу өнері.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.(Оқушылармен амандасу, түгендеу, жинақтау.)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.
"Ана - ардақты есім"тақырыбында эссе жазу.("Ана ж
үрегі"- клип тыңдау)

ІІІ. Жаңа сабақ
Сабақтың эпиграфы: Дүниеде Ана махаббатынан қасиетті нәрсе жоқ. Оның алдында адамды ынтықтырушы өзге дүниелер әлсіз келеді.
Ендеше, бүгінгі сабағымызды Аналар мерекесіне орай байланыстыра отырып, "Аналар әлеміне саяхат"жасалық.
Түсіндіру әдісі бойынша жаңа сабақ материалдары түсіндіріледі.
Фонетика саласының бір түрі - буын. Сөз бірнеше фонетикалық бөліктерге бөлінеді. Мысалы:"А - на ең ә - де - мі ә - уез - ді сөз"деген қанатты сөйлемде бес сөз бар. Бұл сөйлемдегі сөздер естілуі жағынан бірнеше шағын дыбыс тобына жіктеліп тұр. Әрбір фонетикалық бөлшек буын не бірнеше дыбыстан құралады.
Буын дегеніміз – сөз құрамындағы бір немесе бірнеше дыбыстардың тобынан жасалған фонетикалық бөлшек.

Буынға тән белгілер:
1. Дауысты дыбыссыз буын болмайды.
2. Дауысты дыбыстың бір өзі буын құрай алады. Дауыссыз дыбыстар буын құрай алмайды.
3. Сөздің құрамында қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.
4. Буында мағына болмайды.
5. Тіліміздегі байырғы сөздер, сондай - ақ буындар қатар келген екі дауыссыздан басталмайды. (Сқақ - Ысқақ, Сланов - Сыланов)

Буынның түрлері: Ашық буын, тұйық буын, бітеу буын.
Ашық буын деп - жалғыз дауысты дыбыстан құралған буын.

Мысалы: А - та, и - не, а - ға, е - ре, о - ра, а - па т. б. Дауыссыздан басталып, дауыстыға бітеді. Мысалы: ке - ме, да - на, ба - ға, же - бе, са - ры, кө - ше - де, ме - ре - ке т. б.
Тұйық буын деп - дауыстыдан басталып, дауыссызға бітеді.

Мысалы: ел, от, ер, ит, ар, ес, ұлт, ау, өрт, өс, ін, оқ, ор, ақ, іс, аш т. б.
Бітеу буын деп - дауыссыздан басталып, дауыссызға бітеді.

Мысалы: серт, тон, мек - теп, төрт, сый - лық, нау - рыз, бай - лық, Бек - сұл - тан, Сұл - тан - мах - мұт т. б.
Ана - дүниедегі бірден - бір құдірет. Әдемі сөздердің барлығы да аналарға арналған. Ендеше, Ана тақырыбында қандай қанатты сөздер мен жыр шумақтарын білеміз?
А-на-мыз – жуан буынды сөз
Берілгені: Анамыз
Шешуі: Анамыз сөзінде алты дыбыс бар. Оның үшеуі дауысты дыбыс –

олар: а, а, ы дыбыстары, үш буыннан тұрады. Себебі, бұл дыбыстарды айтқанда өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында ешбір кедергіге ұшырамай,

ауа еркін шығады. Үшеуі – олар: н, м, з дауыссыз дыбыстар. Себебі, бұл дыбыстарды айтқанда өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында түрлі кедергілерге ұшырап, ауа қысылып шығады.

Оқулықпен жұмыс. Жаттығумен жұмыс
296- жаттығу.Тарихи сөздерді тауып,оларды буынға бөліңдер

Садақ ( са-дақ)+(ашық буын-бітеу буын)

Білтелі (біл-те-лі) +(бітеу буын-ашық буын-ашық буын)

Қорамсақ (қо-рам-сақ)+( ашық буын-бітеу буын-бітеу буын)
297- жаттығу Мәтіндегі сөздерді буынға бөліп оқу.


"Асыл сөз маржандары" Тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын ашу.
1.
Ат ізін салмау ха - бар - лас - пау
2. 
Бармағын тістеді ө - кін - ді
3. Жұлдызы оңынан туу жо - лы бо - лу
4. Жігері құм болу шар - шау, жа - сып қа - лу
5. Сөзі мірдің оғындай өт - кір сөз
6. Өрісі кең бі - лім - ді
7. Сіркесі су көтермейді еш - те - ңе - ні кө - ңі - лі жақ - тыр - май - ды
8. Үріп ауызға салғандай сүп - сүй - кім - ді
9. Шырағы сөнді ү - мі - ті ү - зіл - ді
10. Тонның ішкі бауындай ө - те жа - қын, өз а - да - мын - дай

Бүгінгі са
бақтан түйгенім...
Төмендегі сөздерд
і буын түрлерін ажырату;
А
-ла-ша, ант, дос, ой-мақ, тең-ге, же-бе, бу-да, ө-кіл, е-тен-е, жап-қыш, жа-ба, жас-тық-тай, иба-лы, нау-рыз

Сабақты қорытындылау
Анасыздар - Ақ Еділ, Жайықсыздар,
Жүзе алмайды өтінде қайықсыздар.
Маздататын жүректе от лаулатып
Үйге тапсырма:

  1. Ереже жаттау. 2. Аналарға тілек арнау, құрамынан ашық, тұйық, бітеу буын сөздерді талдау.
    Оқушы білімін бағалау





































«№8 жалпы білім беру орта мектебі»КММ














Ашық сабақ

Тақырыбы: «Буын және оның түрлері»






Сыныбы: 5 «Ғ»

Өткізген: қазақ тілі

мен әдебиеті пәні мұғалімі: Эсенязова А.Ч













Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Краткое описание документа:

Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға фонетиканың бір бөлшегі - буын және оның түрлері туралы түсінік беріп, меңгерту. Буынның өзіне тән ерекшеліктерін, жасалу жолдарын бірнеше мысалдар арқылы дәлелдеу.
Дамытушылығы: Интербелсенді тақтаның мүмкіншілігін пайдалана отырып,  фонетикалық талдау дағдысын одан әрі жетілдіру, сөйлеу мәнерін, ойлау қабі
летін, белсенділігін ойын арқылы пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелігі: Өнердің құдіретін, ана тілінің байлығын сезініп, құрметтеуге тәрбиелеу. Анаға деген сүйіспеншілік махаббатты арттыру.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді қалыптастыру.(Аналар әлеміне саяхат сабақ)
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, талдау, дәлелдеу, мәнерлеп оқу, ойын түрлері...
Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта, видео - клип, тақта, Ана туралы қанатты сөздер, дидактикалық материалдар т. б.
Пәнаралық байланыс: Әдептану. Әдебиет. Саз өнері. Бейнелеу өнері.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.(Оқушылармен амандасу, түгендеу, жинақтау.)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.
"Ана - ардақты есім"тақырыбында эссе жазу.("Ана ж
үрегі"- клип тыңдау)

Автор
Дата добавления 13.04.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Рабочие программы
Просмотров418
Номер материала 482408
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх