Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Директору, завучу / Другие методич. материалы / Бяндама"Мұғалімдердің кәсіби біліктілігін көтере отырып оқушылардың білім сапасын арттыру"

Бяндама"Мұғалімдердің кәсіби біліктілігін көтере отырып оқушылардың білім сапасын арттыру"

  • Директору, завучу

Поделитесь материалом с коллегами:

Білім – адамзаттың терең және үйлесімді дамуын бекітетін құралдардың бірі, прогрестік, әлеуметтік тұрақтылық пен ұлттық қауіпсіздіктің маңызды факторы. Қазіргі білім беру үрдісі адамның ішкі табиғи мүмкіндіктерін ашып, әр адамның өзінің «Менің» сезінуге, толықтыруға көмектесетіндей, сыртқы әлеммен әлеуметтік қарым-қатынастарда өз орнын табуға, өзін шығармашылықпен өзгертуге белсенділік танытуға ықпал етуі тиіс. Бүгінгі таңдағы қоғам кәсіби білімі жетік, құзіретті, бәсекеге қабілетті мамандарды талап етеді. Білікті ұстаз, білімді маман болу үшін - әрбір мұғалім өз білімін үздіксіз көтеріп отыруы тиіс. Білімін тұрақты көтеріп отыру – мұғалімдердің құқықтары әрі міндеттері, білім беру жүйесінің тұрақты дамуының кепілі, Мемлекеттің дамуының құралы болып табылады.

Сондықтан мен « Мұғалімдердің кәсіби біліктілігін көтере отырып оқушылардың білім сапасын арттыру» тақырыбына баяндама жасағанды жөн көрдім. Слайд 1.

Біздің мектебіміздің мақсаты: Мұғалімнің кәсіби біліктілігін арттыруға, мұғалімдер мен оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуға жағдайлар жасау; педагогикалық технологияларды тиімді қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын көтеру. Слайд 2.

Алға қойған міндеттеріміз:

1. Педагогикалық үрдіске қатысушылардың шығармашылық және кәсіби белсенділігі дамуының педагогикалық жағдайларына талдау жасау.

2. Мұғалімдердің әдістемелік құзырлығы мен өз бетімен білім алуының арттыру жүйесін жетілдіру.

3. Ақпараттық технологиялар негізінде жаңа білім беру ортасын әрі қарай дамуын қамтамасыз ету.

4. Пән мұғалімдеріне жаңа әдістемелерін қолдану және білім сапасын көтеру үшін жұмыстарына жаңа педагогикалық технологияларын енгізу.

5. Қазіргі заман талаптарына сәйкес білім деңгейін қамтамасыз ету.

6. Оқушылардың өз бетімен білім алу және өзін-өзі дамыту дербестігін өркендету.

7. Үлгерімі төмен және дарынды оқушылармен саралап деңгейлеп оқыту жұмысын жетілдіру. Слайд 3.

Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, 
ал оқуды, ізденуді тоқтатқан да оның мұғалімдігі де жойылады»

К.Д.Ушинский

Слайд 4.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Слайд5.

Біздің мектепте мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру екі бағытта жүргізіледі:
1. Мұғалімнің кәсіптік жұмысының мәнін үйлесімді өзгерту, яғни басты қызметтік нұсқауды орындау емес, күтетін нәтижеге жету үшін оқу үрдісін шығармашылықпен үйлестіру.
2. Білім беру арасында мұғалімнің зерттеушілік бағыттағы қызметін күшейтуге байланысты мұғалімнен кәсіптілікті кеңейтуді талап ету. Слайд6.


Біліктілікті арттырудың негізгі аспектілері:
1. Қызметтік (Мақсаты,міндеті,жұмыс мазмұны, формасы, әдістер және нәтижесі).
2. Мазмұндық (Әдістемелік ғылыми-теориялық білімді практикада қолдана білуге жағдай туғызу.)
3. Басқарушылық (Талдау, жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, танып-білу.)
Осы 3 аспект бойынша біліктілігін жетілдірген маман өз қызметіне талап деңгейінде қарайтыны белгілі. Слайд7.

Біліктілік арттыру жүйесінде педагогтардың оқу қажеттіліктері нақты білімнің мәнін түсінуге, соның нәтижесінде өзіндік іс- әрекетке енуге және жеке өміріндегі тәжірибені жетілдіру мақсаттарына байланысты қалыптасады. Осы заманғы мұғалім оқуға үлкен потенциалдық мүмкіндіктермен келеді. Ежелгі грек материалисі, философ Демокрит айтқандай, «Еңбек үздіксіз үйренгендіктің арқасында жеңілдей түседі».

Слайд 8 / біліктілік арттыру курстары мониторинг 3-4 жыл/

Тәуелсіздік алғалы Қазақстан білікті мамандар даярлау мен білім саласын әлемдік стандарттарға сай реформалау мәселесіне баса назар аударып, осы салаға барынша назар аударуда. «Қазақстанның адам капиталының сапалық өсімінің басты кепілі - білім беру мен денсаулық сақтау. Білім беру жүйесін жаңғырту жолында біз келесідей шараларды атқаруымыз керек: білім беру үдерісіне заманауи технологиялар мен әдістерді енгізу қажет», - деп Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев қазақстандық білім беру жүйесін әлемдік деңгейде жетілдіруге ықпал жасауда. Cоған байланысты Қазақстанда қазіргі қызмет етіп жүрген мұғалімдердің біліктілігін көтеру жүйесі түбірімен қайта қарастырылды. Осы бағытта әлем елдерінің білім беру тәжірибесінің озық үлгілерінің бірі Англияның Кембридж университетінің тәсілдеріне негізделген оқытудың «Кембридж тәсілі» елімізде "Өрлеу" Біліктілікті арттыру Ұлттық орталығының мұғалімдерге арналған 3 айлық курстары арқылы бұл мәселені шешуде.Біздің мектепте өткен Зеннат Муратовна өз іс-тәжірибесімен басқа мұғалімдермен бөліседі.

Слайд 9/ фото сабақтардаң/.

Ұстаздар үздіксіз ізденіп, өз білімін үнемі жетілдіріп жаңа педогогикалық әдіс-тәсілдерді қолданып отырса ғана өзінің кәсіби шеберлігін арттырады. «Мұғалім-өзі де оқуы керек...» - деп П.Ф.Каптеров айтқан еді.
Мұғалім — біздің тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын қалап жатқан маман. Өйткені ел болашағының кілті – бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Жас ұрпақтың тағдыры олардың бойына білім мен ізгілік нұрын себуші – ұстаздардың қолында. 
Елбасы атап көрсеткеніндей, “Тек жоғары сауатты, дарынды, дана әрі отансүйгіш мұғалім ғана лайықты ұрпақ тәрбиелеп шығара алады. Бүгінде, мұғалім балаларға білімдер жиынтығын беріп қана қоймай, сонымен бірге, ең бастысы – оларды өмір бойы үйренуге үйретулері керек”.

Мұғалімдерді оқу-тәрбие жұмысын жүргізуде мынадай топтарға бөлдім: 
Бірінші, бірқатар мұғалімдердің бірер пәнді оқытуды жақсы меңгеріп, сабақта ұтымды әдістер арқылы елеулі нәтижеге қолы жетіп жүрсе, бірқатары барлық пәндерден солай. Осылардың қайсысы да өз жұмысына сын көзбен қарап, оқығанын, білгенін, көргенін творчестволықпен дамыта, оқушы білімінің деңгейіне, даму дәрежесіне қарай жетілдіре қолданады. Слайд 10
Екінші, бір топ мұғалімдерге басыпасөзде жарияланып, баспалардан шығып жататын методикалық еңбектерді саралап, өз лабораториясында қорытып – қолдану белсенділігі жетіспейді олардың біразына жаңалыққа тосырқай қараушылық, кейде жете мән бермеушілік психологиясы тән. Слайд 11/ мониторинг/

Үшіншіден, мұғалімдердің енді бір тобы өздерінің жұмыстарына теориялық жағынан да, методикалық жағынан да талдау жасай білмегендіктен, өзінің де, өзгенің де творчестволық өсу деңгейін мөлшерлей алмайды. Мұғалімнің өз ізденісі, толғанысы, іштей ширығуы болмаған соң, бойдағы беленділік келіп, тың пікір тумайды.мұғалімдердің шығармашылық жұмыстарнан. Слайд 12 / мониторинг/
Мұғалімінің пәндік-теориялық және әдіснамалық білім негіздері жоғарғы оқу орнында қалыптасады, ал, әдістемелік және технологиялық білім-біліктері, көбінесе, педагогикалық тәжірибеде қалыптасады, Г.Галилей : «Адамды бірнәрсені қайталауға үйреткеннен гөрі, оған жаңалық ашуға көмектескен жөн»- дегендей мұғалім осы бағытта жұмыс істегенде ғана, ойлау мен шығармашылық қабілеті қалыптасқан, құзырлы тұлға қалыптастыра алады.
Кəсіби қызметінің барысында барша мамандар өз педагогикалық шеберлігін арнайы курстарда, семинарларда, біліктілік көтеру мекемелерінде жетілдіріп баруы міндетті. Слайд 13. /Мониторинг семинарларға қатысу/

Бұл мақсатта келесідей іс-шаралар ұйымдастырылуы мүмкін: - негізгі жұмыс орнында үзіліссіз өткізілетін қысқа мерзімді тақырыптық оқулар (соңғы емтихан, сынақ не нақты кəсіби қызмет мəселесіне орай реферат қорғаумен бітеді); - сала, ұйым, мекеме деңгейінде жүргізілетін тақырыптық не проблемді орташа мерзімді семинарлар (жұмыстан үзіліссіз); - мамандардың кəсіби қызмет бағытында біліктілік көтеру мекемесінде ұзақ мерзімді оқуы.Слайд 14./Семинарлардан үзінді/

Жаңа бағдарламалар бойынша қосымша білім жəне ептіліктер игеру жəне кəсіби қызметке орай жаңа мазмұн мен соны технологияларды меңгеру үшін кəсіби қайта дайындық (екінші мамандық алу) оқулары ұйымдастырылады. Шағын жинақталған мектеп болғандықтан даярлық курстардың ықпалымен және заман талабына сай мектепте екінші мамндық алған мұғалімдер бар.Слайд15./ мониторинг 2 мамандық алған мұғалімдер/

Бiлiм берудi ақпараттандыру процесi пән мұғалiмдерiне, әдiскерлерге, бiлiм мекемелерiн басқарушыларға жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтерiне жан-жақты пайдалану саласына үлкен талап қояды.
Тәжiрибе жүзiнде дәлелденгенiндей, кез келген мұғалiм мен әкiмшiлiктiң өз қызметтерiне компьютердi пайдалануы олардың әлемдiк ақпараттық кеңiстiкке енуде ақпараттық мәдениетiнiң қалыптасатынымен өлшенедi. Сонымен бiрге, бұл жағдайда, инновациялық әдiстер мен құралдарды оқу процесiне пайдалану оқушылардың мектеп пәндерiн игеруде қызығушылықтарын арттыруда.  Слайд 16./АҚТ қолдану/
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу-тәрбие процесiне пайдалану оның келесi педагогикалық мүмкiндiктердi жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi:
– оқушының дайындық деңгейiн, ынтасын және қабылдау жылдамдығын ескеру арқылы жаңа материалды меңгертуге байланысты оқытуды ұйымдастыру және оқыту процесiне жаңа ақпараттық технологияның мүмкiндiктерiн пайдалану;– проблемалық, зерттеу, аналитикалық және модельдеу әдiстерiн қолдану арқылы классикалық әдiстердi жетiлдiру;
– жаңа ақпараттық технология құралдарын пайдалану арқылы оқу процесiнiң материалдық-техникалық базасын жетiлдiру.
– оқу процесi мен ғылыми-әдiстемелiк жұмыстарға жаңа ақпараттық технологияны қолдану негiзiнде олардың озық тәжiрибелерiн тарату. Слайд17./Озық тәжірибелерін тарату/

Білім беруде кәсіби маман иесіне жеткен деп мамандығы бойынша өз пәнін жетік білетін, оқушының шығармашылығы мен дарындылығының дамуына жағдай жасай алатын, тұлғалық- ізгілілік бағыттылығы жоғары, педагогикалық шеберлік пен өзінің іс- қимылын жүйелілікпен атқаруға қабілетті, оқытудың жаңа технологияларын толық меңгерген және білімдік мониторинг негізінде ақпараттарды тауып, оларды таңдап сараптай алатын, отандық және шетелдік тәжірибелерді шығармашылықпен қолдана білетін кәсіби маман педагогті айтамыз. Слайд18.

Мұғалім сабақта әдіс - тісілдерді пайдалана отырып, балалардың ұсыныс - пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отыру қажет. Әдіс – тәсілдер арқылы өткізген әрбір сабақ оқушылардың ойлануына және қиялына негізделіп келеді, баланың тереңде жатқан ойын дамытып оларды сөйлетуге үйретеді. Түрлі әдістемелік тәсілдер пайдалану арқылы қабілеті әртүрлі балардың ортасынан қабілеті жоғары баланы іздеп, онымен жұмыс жасау, оны жан - жақты тануды ойлап, оқушылардың шығармашылық деңгейін бақылау әрбір мұғалімнің міндеті.

Осы бағытта мектеп мұғалімдері атқарған жұмыстарының нәтижесі, оқушылардың білім сапасыныың арттыруы. Слайд 19/ мониторинг/.

Осындай атқарылған істер барысында тәжірибелік істердің ілгері басқанын байқадық және мына нәтижелерге қол жеткіздік:

  • білім деңгейі мен білім сапасының артуына;

  • логикалық ойлау деңгейі мен тілдік қарым-қатынас деңгейлерінің өсуіне;

  • кез-келген ортада өзін-өзі ұстау мәдениетінің жоғарлауына;

  • қазіргі ортаға бейім, саналық та, тәрбиелік дәрежесінің оң өзгерістерінің сипат алғанына көз жеткіздік.


Слайд 20. Ұлы ойшыл Плутарх кезінде былай депті: “…Көптеген табиғи талант дарынсыз ұстаздардың кесірінен жойылып кетеді. Олар дарынның табиғи құбылысына терең бойлай алмай, тұлпарды есекке айналдырып құртып тынады”. Міне, ұстаз осындай келеңсіздікке жол бермеуі керек.

Шәріптоғай негізгі мектебінің ұстаздар мынандай мәселелерге баса назар аударады:

  1. Пән сабақтарында шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды іріктеу, орындау, талдау жұмыстарын жүйелі жүргізуге;

  2. Дарынды оқушылардың білім деңгейі мен олардың өз мүмкіндіктерін пайдалану көрсеткішін арнайы әдістемелер бойынша жүйелі түрде тексеріп отыруға;

  3. Сабақтан тыс мезгілде жүргізілетін жұмыстарға - пәндік олимпиада, ғылыми конференцияға, интеллектуалдық турнирлер мен шығармашылық байқауларға дайындық жұмыстарын жыл бойы жоспарлы жүргізуге;

Ал енді бұл мақсаттармен міндетттердің нәтижесі дарынды оқушымен жұмыстағы өткізілетін пән олимпиада жетістіктерінен байқалатыны белгілі. Біздің мектепте дарынды балалармен жұмыс жоспарлы жүргізіледі.

Слайд21 ,22,23,24,25 /оқушылардың жетістіктері/.

Оқушылардың білім сапасын арттырудың басты бағыттарының бірі –белсенді оқыту мен әдістерін жетілдіру. Слайд 26 / сабақтардан үзінді/ .

Ушинскийдің «Бала балқытылған алтын, оны қандай қалыпқа құйып, қандай мүсін жасаймын десе де мұғалімнің қолында» деген сөзі аталған міндетті жүзеге асыру жолында ұстазды үлкен асуларға жетелейді, жауапкершілігін арттырады. Біздің басты мақсатымыз – оқушылардың өз бетінше білім алатын шығармашылық деңгейін көтеру. Бұл мақсатты жүзеге асыруда әрбір мұғалім білім стандарты талабына сәйкес инновациялық негізде еңбек етуге тиісті. 
Мектеп ұжымы сапалы білім үшін осындай іргелі мәселелерді талап дәрежесіне қойып, білім жүйесінде оқытуды биік сапалы дәрежеге көтеру үшін еңбек етуде. Мектепішілік іс-шаралар, ұжымдық,шығармашылық істер - мектеп өмірінің ең қажетті бөлігі. Слайд 27 /.
Кез келген мектептің білім сапасын арттырудағы туындайтын кейбір проблемалардан шығу үшін: нәтижеге бағытталған жалпы орта білім беруде мұғалімнің кәсіби біліктілігін дамытуды талап етеді. Әрбір мұғалімнің кәсіби дайындық сапасына қойылатын талап немесе кәсіби теориялық білімі мен практикалық біліктілігі – кәсіби шеберлігінің сапасы ретінде қаралады.

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі. Слайд28,29/ мұғалімдердің жетістіктері /.

Слайд 30.Елбасы Н.Назарбаев өзінің «Қазақстан – 2030» жолдауында: «оқушыларды қазақстандық патриотизм мен шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу аса қажет... ұлттық мінез-құлық, биік талғампаздық, тәкәппарлық, тектілік, білімділік, биік талғам, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыруымыз керек» дегені мәлім. Елбасының осы алға қойған зор міндеттерін іске асырушылар - әрине, жастар. Олай болса, сол жастарға сапалы білім мен салауатты тәрбие беру қажет. Ал, білім сапасын арттыру, оның деңгейін әлемдік білім кеңістігіндегі стандарттарға сай келтіру түптеп келгенде, мұғалімге, оның кәсіби құзырлығына, әдістемелік біліктілігі мен шеберлігіне тікелей байланысты.

          Әрине, артқарылған істер аз емес. Дегенмен, әлі де болса бізді ойландыратын, толғандыратын істер жетерлік. Атап айтқанда, олар – білім сапасын арттыру, оқушылардың біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп  оқыту, ғылыми-ізденіс қабілеттерін қалыптастыру, т.с.с. Өйткені, ХХІ ғасыр- білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.




7


Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 01.01.2016
Раздел Директору, завучу
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров646
Номер материала ДВ-300285
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх