Инфоурок Технология Конспекты"Бұйымдарды ұлттық өрнекпен өңдеу" тақырыбына сабақ жоспары (6 сынып)

"Бұйымдарды ұлттық өрнекпен өңдеу" тақырыбына сабақ жоспары (6 сынып)

Скачать материал

Выберите документ из архива для просмотра:

Выбранный для просмотра документ Бұйымдарды ұлттық өрнекпен өңдеу.doc

Тақырыбы: Бұйымдарды ұлттық өрнектермен өңдеу.

Мақсаттары:

1.     Ою-өрнек жайлы, даму тарихы жайлы білім беру, жерлесіміз суретші Н. Н.Өтепбаев шығармашылығымен, ою-өрнегімен таныстыру.

2.     Сөздік қорын, дүниетанымын,оюды үйлестіре білу шеберлігін, түстерді шешу қабілеттілігін  дамыту.

3.     Халық өнерін қастерлеуге, ұқыптылыққа, еңбекқорлыққа, үнемшілдікке, әдемілікті сезіне білуге, тәрбиелеу.

 

Көрнекіліктер:  слайдтар, бұйымдар көрмесі,

 

Құрал–жабдықтар: мұғалім үшін: технологиялық  карталар, әрлеу, әшекейлеу үшін қоржын, тұмарша, аяққап дайындамалары, сәйкестендіру карталары

                                оқушылар үшін:қағаз, қарындаш, қайшы, шаблондар, ине, жіптер, тесьмалар т.б.

Барысы:

Сабаққа алдын-ала дайындық : киіз үй ішіне  ұлттық бұйымдар көрмесі бұрышын жасау.

І. Сабаққа психологиялық дайындық.

Киіз үй ішінде, қазақтың қолөнері бұйымдарының ортасында отырып, интерактивті тақтадан Қазақстанның әсем табиғаты жайлы фильмді «Көңіл толқыны» күйін тыңдай отырып тамашалау. Ақырын әуенмен қатар мұғалімнің  өлең жолдарын нақышына келтіре оқуы:

               Таудан аққан өзендер жатыр тасып,

               Барады  қырларың да гүл ап қашып,

               Тоғайда қайың менен қарағайлар

               Өсіпті бір-бірімен құшақтасып

               Анадай мейірімді құшақ ашып,

               Тұрғандай бар табиғат амандасып,

               Киелі топырағың шабыт беріп,

               Барамын болашаққа қадам басып,

               Туған жер неге мұнша болдың ерек,

               Алатын жүрегімде орның бөлек,

               Самалды саяңда өскен туған жерім,

               Келесің рухыңмен мені демеп.

    - Осылайша ақын туған жерінің табиғатын   тамсана, тебірене, шабыттана жырлаған екен, ал сендерге, балалар,  жаңағы бейнебаяннан тамашалаған қазақ жері, оның сазды үндері қалай әсер етті, не сезіндіңдер?

  (Оқушылардың алған әсері жайлы сөздерін тыңдау)

 

 

-Иә, балалар, мен де бір ғажайып күй кештім, қалай ойлайсыңдар, бүгінгі біздің сабағымыз не жайлы  болмақ?

(Тақырыпты оқушылардың өздері табуы)

-      Дұрыс, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Бұйымдарды ұлттық өрнектермен өңдеу», яғни ою-өрнекпен әрлеу, безендіру.

 Балалар, атақты суретші Әбілхан Қастеевтен «ою-өрнекті қайдан, кімнен үйрендің?- деп сұрағанда,

«Таудың бұлағынан,

Қойдың құлағынан

Апамның киізінен

Ешкінің мүйізінен»-деп, халқымыздың өнері де туған табиғаттың сұлулығымен астарлас  екенін меңзей  жауап беріпті. Жаңа, өздерің де оюлар жөнінде айтып кеттіңдер. «Қазақтар ою-өрнек әлемінде өмір сүреді» деп ғұлама ғалым Әлкей Марғұлан айтыпты. Біз де бүгін  ою-өрнек әлемінде отырғандаймыз.   Жан-жақтарыңа қарасаңдар, әсем оюмен безендірілген бұйымдарды көріп отырсыңдар. Бұл бұйымдар - өздеріңдей оқушылар қолынан шыққан дүниелер. Бұл бұйымдар адамның қолынан, сезімінен туған өнер туындылары.Табиғат сұлулығымен сусындаған сезімнен туған бұл бұйымдар - баға жетпес қазына десек болады. Ал ендеше, балалар, сол баға жетпес туындыларды көзбен көріп, қолмен ұстап көрулеріңе болады. Ешбір мұражайда мұндай мүмкіншілік болмайды. Ал бізде бүгін бәрі де болады. Ұстап  көре беріңдер.

Оқушылар ұстап көріп, өздерінің алған әсерлерін, сезімдерін білдіреді. Бүгін сабақта сендер де өз өнер туындыларыңды жасауларыңа  болады. Балалар алдымен, сендерді бүгінгі сабағымызға келген екі қонақпен таныстырғым келеді. Бұл 9 сыныптың оқушылары Айдана және Айгерім. Олар да көптен бері қолөнермен айналысып жүр.Сол туралы өздері айтып берсін.

 

Айгерім,  Айдана өздерінің ғылыми-зерттеу жұмыстары,  қолөнерге деген өз көзқарастарын айтып білдіреді.

-Жақсы мен екеуіне сабағымызда қалып, сендермен  өз тәжірибелерімен бөлісуілерін сұрағым келіп тұр.

-Үлкен қуанышпен бөлісеміз

- Жақсы, ендеше барлықтарыңды да шеберханамызға шақырамын. (Оқушылар үш топқа бөлініп, парталарына отырады.)

-Балалар, ою-өрнек туралы біз өткен сабақтарда оқып білгенбіз. Енді сол білімізді тексеріп жіберейік.

Сәйкестендіру картасы бойынша тексеру (Дұрыс жауабын интерактивтік тақта бойынша тексеріп, өз жауаптарымен салыстыру)

 

Сәкестендіру карта үлгісі:

 

 Оқушының  аты-жөні:-------------------------------------------

 

 

Зооморфтық                                       Жауқазын

 

Өсімдік  типтес оюлар                       Төртүшкіл

 

Космологиялық                                   Қазмойын

 

Геометриялық                                     Шұғыла

 

Аралап жүріп, оюлардың негізгі түрлерін  білетіндіктеріңді дұрыс жауаптарыңнан байқап өткен болатынмын. Енді бұйымды ою-өрнекпен өрнектеу үшін, оларды дұрыс үйлестіріп, белгілі бір ретпен орналастыра білу керек. Оны композиция деп атаймыз. Ою-өрнекте қолданылатын түстерге де ерекше мән берілген.Мысалы, ақ түс тазалықтың, көк –аспанның, еркіндіктің, қызыл- жастықты білдірген. Түстер шешімін де дұрыс үйлестіре алған абзал.Түс үйлесімділігін  колорит деп атаймыз.  Кей бұйымда оюдың бір түрі бірнеше рет қайталана келуі мүмкін, ол- ритм деп аталады. Көптеген оюларда қарама-қарсы жақтары бірдей болып келеді. Оны симметрия заңдылығы деп аталады. Сонымен оюға байланысты осы ұғымдарды есте сақтап қалайық. Еркежан, ол ұғымдарды тақтадан оқып жіберші. (слайдтан оқушы  оқып береді).

Композиция – бір заттың бетіне оюлардың ретпен орналасуы

Симметрия заңы – оюлардың екі жағының бірдей болуы

Колорит – ою-өрнектердегі бояу түрлерінің бір-бірімен үндесіп жарасым табуы

      Ырғақ (ритм) – ою-өрнектерде бір элементтің қайталанып отыруы

     Ою-өрнек тарихы сонау ықылым заманнан бері келе жатса да, ол қазіргі кезде де өз жалғасын табуда. Ол туралы сендерге өзінің зерттеулеріндегі мәліметтермен Айгерім мен Айдана бөліссін. 

 (Оқушылар Өтепбаев туралы, оюлары туралы, жаңа заман оюлары мен бұрынғы ою-өрнек жайында  қысқаша айтып өтеді)

-      Ал балалар, біз енді бұрынғының оюы мен қазіргінің оюын бір сәт салыстырып көрелік. Қандай ұқсастық, қандай айырмашылық байқадыңдар?  (Оқушылар айтады)

-      Қыздарға рахмет айтамыз.  Әжемнің киізінен, ешкінің мүйізінен туған ою - өрнекті біз де жасап көрейік ,  яғни мақсатымыз-бұйымның бетіне дұрыс композиция құрып, тігу, жапсыру, безендіру.

 

 

 

 

 

ІІІ. Сарамандық бөлім. Сонымен, сабақта үш  топқа бөлініп отырсыңдар. (Әр топқа  қазақтың ұлттық бұйымдары беріледі. Олар: қоржын, тұмарша, аяққап. Және де көптеген оюлардың шаблондары беріледі). Сендердің міндеттерің  өздеріңе берілген бұйымдардың бетін оюмен әшекейлеп, әрлеу болып  табылады. Ою таңдап қана қоймай, оны бұйым бетінде дұрыс орналастыра білу,  мата бетіне шаблон бойынша қажет оюды түсіріп, қиып, бұйым бетіне орналастыру керек, түстер шешіміне көңіл аударыңдар. Жұмыс бастамас бұрын техника қауіпсіздік ережелерін есімізге түсіріп алайық.Нұсқау карталарына қарап, біз қандай құралдармен жұмыс жасайтынымызды көріп отырмыз.  

! Қайшымен, инемен,үтікпен  жұмыс кезіндегі техника қауіпсіздік ережелерін қайталау.(Оқушылар өздері айтады, мұғалім толықтырады немесе құптайды)

Жақсы, барлығы да түсінікті болса, іске сәт деп тілейміз.

Тапсырмалар:

1 топ - қоржынды оюлап әрлеу.

2 топ – аяққапты әрлеу.

3 топ – тұмаршаны әрлеп өңдеу

(Мұғалім әр топқа барып, көмек қажет болса, көмек жасайды).

 

Жұмыс соңында әр топ өз жұмыстарын қорғайды. Жарнамалайды.

 

Қорытынды. Мұғалім жұмыс барысына  ризашылығын білдіріп, сабақты қорытындылайды. Наурыз мерекесімен тұстас болғандықтан мерекелік көңіл күй көтеретін ән қойылып, оқушылар өз ойларын, сабақтан не үйреніп, қандай әсер алғанын айтады.

 

Рефлексия. Әр топ өз ойларын  бір ою бөлігіне жазып іледі, төртінші бөлігіне мұғалімнің сабақ туралы ойы жазылып ілінеді. «Наурыз» өрнегі құрастырылады. Сабақ мерекелік көңіл-күймен аяқталады.

 

 

 

                                            

                                    Таратпа  материалдар

 

 

  Оқушының  аты-жөні:-------------------------------------------

 

Сәйкестендір:

 

Зооморфтық                                       Жауқазын

 

Өсімдік  типтес оюлар                       Төртүшкіл

 

Космологиялық                                   Қазмойын

 

Геометриялық                                     Шұғыла          

 

 

 

                                           Технологиялық карта

 

Жасалу реті

Қолданылатын құралдар

Ою таңдау

 

Ою түрлері ,

Бұйым бетіне композиция құру

 

 

Бұйым , ою түрлері

Таңдаған оюды мата бетіне түсіру

 

 

мата ,бұйым , ою түрлері, сызу құралдары.

Түсірілген оюды қайшымен қиып алу

 

 

мата , қайшы

Дайын оюды бұйым бетіне орналастырып жапсыру (Көктеп тігу)

Мата, бұйым, ине, жіп, қайшы, желімді ленталар,

Шетін әшекейлеп,  тесьмамен жүргізу

Тесьма, ине, жіп, қайшы, бұйым

Қосымша әрлеу

Бұйым, қайшы ,ине, жіп, қосымша жабдықтар

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Бұйымдарды ұлттық өрнекпен өңдеу" тақырыбына сабақ жоспары (6 сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Бренд-менеджер

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Выбранный для просмотра документ Ою-өрнек.ppt

Скачать материал ""Бұйымдарды ұлттық өрнекпен өңдеу" тақырыбына сабақ жоспары (6 сынып)"

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • Бұйымдарды ұлттық өрнектермен өңдеуСабақтың тақырыбы:

    1 слайд

    Бұйымдарды ұлттық өрнектермен өңдеу
    Сабақтың тақырыбы:

  •  Ою оя білгеннің
            ойы ұшқыр
                    болады!

    2 слайд

    Ою оя білгеннің
    ойы ұшқыр
    болады!

  • Ою өрнек  дегеніміз –геометриялық  және бейнелеу элементтерінің жүйелі ырғақп...

    3 слайд

    Ою өрнек дегеніміз –геометриялық және бейнелеу элементтерінің жүйелі ырғақпен қайталанып, үйлесімді құрылуы.

  • Ою өрнектің 
негізгі түрлерізооморфтықөсімдіктектескосмогониялықгеометриялық

    4 слайд

    Ою өрнектің
    негізгі түрлері
    зооморфтық
    өсімдіктектес
    космогониялық
    геометриялық

  • 5 слайд

  • 6 слайд

  • 7 слайд

  • 8 слайд

  • 9 слайд

  • 10 слайд

  • 11 слайд

  • 12 слайд

  • 13 слайд

  • 14 слайд

  • 15 слайд

  • Жерлесіміз суретші Нұрбұлан Өтепбаев ою-өрнектің негізгі түрлерін қолдана оты...

    16 слайд

    Жерлесіміз суретші Нұрбұлан Өтепбаев ою-өрнектің негізгі түрлерін қолдана отырып, оларға жаңаша түр, жаңа сипат, жаңа түс қолдана отырып өз оюларын халыққа ұсынған.

  • 17 слайд

  • 18 слайд

  • 19 слайд

  • 20 слайд

  • 21 слайд

  • 22 слайд

  • Композиция – бір заттың бетіне оюлардың ретпен орналасуы
Симметрия заңы – оюл...

    23 слайд

    Композиция – бір заттың бетіне оюлардың ретпен орналасуы
    Симметрия заңы – оюлардың екі жағының бірдей болуы
    Колорит – ою-өрнектердегі бояу түрлерінің бір-бірімен үндесіп жарасым табуы
    Ырғақ (ритм) – ою-өрнектерде бір элементтің қайталанып отыруы

  • Ою оюдың реті:

    24 слайд

    Ою оюдың реті:

  •  Ою оя білгеннің
            ойы ұшқыр
                    болады!

    25 слайд

    Ою оя білгеннің
    ойы ұшқыр
    болады!

  • 26 слайд

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Бүгінгі сабақтың тақырыбы-« Бұйымдарды ұлттық өрнекпен өңдеу». Бұл тақырыпқа тоқталатын болсақ, тақырып өте кең, ауқымды.     Сабақтың мақсаты – оқушыларға  қазақ халқына тән бұйымдарға салынатын ою-өрнектер жайлы мәлімет беру, жерлесіміз  профессор, суретші Нұрбұлан Нұғыманұлы Өтепбаевтың шығармашылығымен, оюларымен таныстыру, оқушылар  өз жерінде жүрген таланттарды тани білу керек деп ойлаймын, сонымен қатар оюларды үйлестіре білуге, түс  шешімін дұрыс таңдауға, яғни, үйлестіре білуге, ұтымды пайдалана білуге үйрету және тәрбиелік жағына келетін болсақ, әдемілікті сезінуге, сүйсіне білуге, ұқыптылыққа, үнемшілдікке тәрбиелеу болып табылады.

     Сабақ типі- жаңа технологияларды қолдана отырып жүргізілген дәстүрлі емес сабақ. Бүкіл сабақ барысы этнопедагогикаға сүйене отырып жасалынды.

 

    Сабақ түрі-аралас сабақ, екінші бөлімі сарамандық жұмыс. 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 146 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.01.2015 3647
    • ZIP 6 мбайт
    • Рейтинг: 1 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шапенова Бакытжан Сагдатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Шапенова Бакытжан Сагдатовна
    Шапенова Бакытжан Сагдатовна
    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 23263
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания технологии с учетом реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 304 человека из 68 регионов

Курс повышения квалификации

Методика инструктажа и обучения в социальном учреждении по вопросам трудовой деятельности

180 ч.

3300 руб. 1650 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы преподавания технологии в условиях реализации ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 235 человек из 59 регионов

Мини-курс

Художественная гимнастика: углубленная физическая подготовка

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Судебные процессы и взыскание убытков: правовые аспекты и процедуры

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

ФАОП: индивидуализированное образование и коррекционная работа

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе