Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / "Біз-ананың гүліміз " атты ертеңгіліктің бағдарламасы

"Біз-ананың гүліміз " атты ертеңгіліктің бағдарламасы

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Күні: 04.03.2015.

Тақырыбы: «Біз-ананың гүліміз».

Мақсаты:Балаларға аналар мерекесі туралы түсінік беру;аналарды,әжелерді

сыйлай білуге баулу.

Балалар қолдарына гүл ұстап залға кіріп,ортада тұрған әдемі вазаға гүл шоқтарын жинайды.Музыка ойнап тұрады.

Жүргізуші: -Армысыздар,ақ жаулықты әжелер,ардақты да аяулы аналар және әріптестерім!

Армысыздар,ару қыздар,абзал ана,

Анаға тең келетін бар ма дана?

Мерекең бүгінгі күн құтты болсын,

Қуанышпен құшағың гүлге толсын!

«8-наурыз-халықаралық әйелдер күні» мерекесі құтты болсын!

Ал бүгінгі өздеріңізге арналған «Аяулы анам» атты мерекелік бағдарламамызды ашық деп жариялаймын.

Хор «Бөбектер» әні орындалады.

Құрметті аналар, балаларыңыздың құттықтау тілектерін қабыл алыңыздар!

Дияр: Көктем күні шуақты,

Көктем күні қуатты.

Ақмарал: Менің әжем мейірбан,

Мені жақсы көреді.

Қажетіне жарасам,

Жас балаша күледі.

Ақшолпан: Мереке күніңмен,

Қарсы алам өзіңді.



Ерасыл: Аналарды сүйеміз,

Сөзін ойға түйеміз.

Әжені де ардақтап,

Әдеппен бас иеміз.

Жанерке: Әже,ана,әпкелер,

Құтты болсын мереке!

Осы келген ортаға,

Тілеймінз біз береке.

Інжу: Біздер доспыз гүлдермен,

Текке оны жұлмаймыз.

Мерекеде бір-бірден,

Аналарға сыйлаймыз.

Амира: Ақ сүтіңнің нәріне,

Тойып өстім,

«Көбелектер» биі.

Орындайтындар: Ақмарал,Адилия,Інжу,Нұршат,Тамирис,Амира,Ақшолпан.

Қимылды жаттығу: «Қарлығаш»

Ендеше балалар әжелерімізбен,аналарымызға арналған тақпақтарымызды айтайық.

Адилия: Әжем менің әлі де,

Ұқсамайды кәріге.

Шай қайнатып береді,

Қажет болса бәріне.

Мейірхан: Ана біздің күніміз,

Ананың біз күніміз.

Дәулет: Көктем қандай көңілді!

Күміс жаңбыр төгілді.



Сезім:Мен гүлдерді жұлмаймын,

Торғайларды қумаймын.

Айтқан сөзді тыңдаймын,

Анашымды сыйлаймын.

«Ақ мамам» әні орындалады.

Орындайтындар:Адилия,Дәулет,Нұршат.

Нұршат: Көктем келді бүгін,

Күнім төкті нұрын.

Сайрап барлық құстар,

Ән салуға құштар.

Ерхан: Мені өсірген әжетай,

Еңбегің зор екен.

Құтты болсын,құтты болсын,

Құтты болсын мерекең.

Нұрқожа: Бал бөбегін баптаған,

Анам үшін мақтанам.

Аялайтын біздерді,

Көп жасасын ақ мамам.

«Батырлар биі» Орындайтындар: Дәулет,Ерасыл,Нұрсұлтан,Ерхан.

Қимылды жаттығу: «Паравоз».

«Бантиктің түстерін ажырат» ойыны:

«Орыс биі» Орындайтындар: Дияр,Сезім,Мейірхан,Жанерке.

Хор «Әжеме» әні.

Жүргізуші: Бақшамызға көп еңбегін сіңірген,

Әр баланың жай-күйіне үңілген.

Бойларында жайдары мінез,жылу бар.

Қуанғаны жүздерінен білінген.

Келесі құттықтау сөз кезегін балабақшамыздың меңгерушісі: Д.Әнуарқызына,психолог:Д.Махметқызына,әдіскер:А.Табылдықызына беріледі.

Жайдары да,ақжарқын аналарымыздың көңілін көтеріп,бір ойын ойнатқым келіп отыр.

Ойын: «Шар жару».

Жүргізуші: Ана көзі күн нұрымен пара-пар,

Тұла бойға қуат болып таралар.

Өміріме шуақ шашып әрқашан,

Көп жасаңдар ақ ниетті әжелер мен аналар!

Құрметті қонақтар,бүгінгі «Біз-ананың гүліміз»тақырыбындағы ертеңгілігіміз аяқталды.Сау болыңыздар!.





















Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Краткое описание документа:

Мақсаты:Балаларға аналар мерекесі туралы түсінік беру; аналарды, әжелерді сыйлай білуге баулу. Балалар қолдарына гүл ұстап залға кіріп, ортада тұрған әдемі вазаға гүл шоқтарын жинайды. Музыка ойнап тұрады. Жүргізуші: -Армысыздар, ақ жаулықты әжелер, ардақты да аяулы аналар және әріптестерім. Армысыздар,ару қыздар,абзал ана, Анаға тең келетін бар ма дана? Мерекең бүгінгі күн құтты болсын, Қуанышпен құшағың гүлге толсын! «8-наурыз-халықаралық әйелдер күні» мерекесі құтты болсын! Ал бүгінгі өздеріңізге арналған«Аяулы анам» атты мерекелік бағдарламамызды ашық деп жариялаймын. 

 

 

Автор
Дата добавления 08.03.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров182
Номер материала 431418
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх