Инфоурок Дошкольное образование Другие методич. материалы"Бұзықтық жасаған балаға қандай шара қолданамыз?"

"Бұзықтық жасаған балаға қандай шара қолданамыз?"

Скачать материал
Скачать материал ""Бұзықтық жасаған балаға қандай шара қолданамыз?""

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Психолог

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • Бұзықтық жасаған балаға қандай шара қолданамыз?«Баланың ісі-шала», «Бұл бала,...

    1 слайд

    Бұзықтық жасаған балаға қандай шара қолданамыз?
    «Баланың ісі-шала», «Бұл бала, бала емес-бәле» деген құлаққа түрпідей тиетіндей осындай бір мақал-мәтелдерді кейінгі кезде өмірде жиірек ұшырастырып отырамыз, кейде құлағымыз шалып та қалады. Ата-бабаларымыз баланың қыңыр мінезді қырсықтығы мен айтқан тіліңді алмайтын бірбеткей ұнамсыз мінез-құлқына қарап, ренжіп, осы сөздерді айтса керек. Әрине, баланы тәрбиелеу-өте қиын іс. Әйтсе де, әр уақытта аса ыждаһаттылықпен балаға мән берсек, оның іс-әрекетіне әрдайым көңіл-аударсақ, міне, сонда ғана балаға оңын-солын ажыратуға септігіміз тимей қоймасымыз анық әрі тәрбие беру де оңайлай түседі-міс. Алайда, шектен шығып, тентектік жасайтын баланы қалай жөнге салуға болады? Бәлкім, ұрысып, ұрып немесе түрлі жаза да берген дұрыс па, әлде бұрыс па? Бұл сұрақтардың жауабына көпшілік қауым, бірден, міндетті түрде: -Жоқ, болмайды. Керісінше, ұрыспай, ұрмай тәрбиелеу керек. Жәй сөзбен, ақылға салып түсіндіргеннің өзі жеткілікті– дейтіні бізге мәлім. Дегенмен, кейде бала тым агрессивтік қабілет көрсетіп, бойындағы тасып тұрған, жиналған күш-қуатты бәрібір де шығару үшін «бұзықтық» атаулыға барып қоятыны да бар. Бұл – заңды құбылыс және болуы керек те… Сол кезде ата-ананың, ересектердің ашуына соншалықты тиетіні рас. Бірақ та, қабағы кірбің тартып, ит терісін басына қаптатып қайтпек?! Сонда да біздің жауабымыз біреу-ақ: «Асықпай сабырға келіп, жәймен ғана ол нәрсенің болмайтындығын көз жүгіртіп, ақылға салып түсіндіру» — деп ұғынамыз.

  • Десек те, осы бір тығырықтан шығу үшін «аса сабырлы болу керек!»- дейміз де,...

    2 слайд

    Десек те, осы бір тығырықтан шығу үшін «аса сабырлы болу керек!»- дейміз де, ашуға булығып, шыдамымыз таусылып, дұрыс емес болса да шектен шыққан, бұзықтық әрекетке барған баламызды «бірден ұрысып, ұратынымыз, тіптен әр түрлі қорқыту жазаларын да беретініміз де жасырын емес, бүгінде мұндайды аз кездестірмейміз. Міне, бұл-күнделікті өмірде кейбір отбасыларда кездестіретін жәйт. Сонда, бәлкім сіз ойланатын боларсыз, «бұзықтық жасаған баланы еш ұрыспай, ұрмай қалай тәрбиелеуге болады?-деп. Ол үшін алдымен, бұзықтық жасаудың алдын-алу жолын қарастырып көрейік.
    Кішкентай кезінде бала бойында күш-қуат көп, тұнып тұратындықтан, мұнысын ескеріп, бұл күш-қуатты жақсы, пайдалы іске арнаған жөн-ақ. Ол үшін күнделікті жоспар бойынша, ата-ана тізіммен біртіндеп өзінің сүйікті шаруаларына уақыт бөлгізу керек. Мәселен, спортпен шұғылдандыру, ата-анаға қолғабыс ету, түрлі үйірмелерге қатыстыру, кітаптар оқыту, қолөнер, суретке, ән-биге үйрету, шахмат ойнату, құрастырту және белгілі бір аспапта ойнатуға машықтандыру. Әйтеуір, еш бос уақыты қалмайтындай ету керек.
    Адамның бос уақыты тиімді жұмысқа арналса, бос уақыты болмағаннан кейін бұзықтыққа барар жолда алыстайды, тіпті жойылады десек те болады. Әрине, мұны істеу сіз үшін тым ауыр болып яки еріншектікке сіз бой алдыртсаңыз, онда жәй ғана үйде бар, дайын нәрселермен, тапсырма, түрлі шаруаларды (жазу, оқу, т.б.) беріп қою керек. Ал, мұның бірін де істемесеңіз, онда «дайын асқа, тік қасық» дегендей, кейінгі уақытта баланың түрлі бұзықтық әрекетке бармауына тосқауыл қою сізге қиынға соғуы әбден мүмкін.

  • Сонымен, мынадай зиянсыз амал-әдістердің сырын ашпақпын. Бұл әдістер баланың...

    3 слайд

    Сонымен, мынадай зиянсыз амал-әдістердің сырын ашпақпын. Бұл әдістер баланың бойына, мінезіне ешқандай психологиялық ауыртпалық, денесіне ешбір зиян, физикалық күш түсірмейтіндей дәрежеде болғаны дұрыс деп таптым. Бұл әдіс-амалдар аз да болса, көмегін тигізбей қоймас. Алдымен, бұл әдістерді қолданбас бұрын, баланың іс-әрекеті соншалықты жазалайтындай бұзықтыққа жатады ма? Жалпы, мұны қолдану керек пе? Мүмкін, бұзықтығын жәй сөзбен түсіндіруге келер ме? Міне, осыны тез арада ой елегінен өткізіп, таразылап барып, шешім қабылдаған дұрыссырақ.
    1) Бала бұзықтық жасады, жылады немесе тіптен, бір нәрсеге бола сізге көнбейді. Не істеу керек? Баланы бірден құшақтау, жылы сөздер айту.
    2) Тыңдамаса?!… Ең дұрысы-ата-ана ренжіп қалу, онымен сөйлеспей қалу және өзінің бүлдірген затын өзіне істету, сонда түсіне бастайды. Және өзінің жақсы көретін нәрсесін шектеу немесе ата-анасы, туысын «келмейді, саған ол да ренжіді»-деген секілді сөздермен баланы иландыру.
    3) Жәй баппен асықпай, айқайламай, бірақ көзбен (көзқараспен) қорқытып, тік қарап тұрып, қатаң үнмен түсіндіріп сөйлесу.
    4) Ашуыңызға тіптен тиген жағдайда, аса сақтықпен бала қолының бұлшық еті немесе майлы жерінен ғана аздап қысып тұрып, (бірақ күш қолдануға болмайды) құшақтау, сипалау. Сонда бала өзі таңырқап қалып, сабырға келуі мүмкін.

  • Дегенмен, барынша шыдап, дереу тентектігін сол бойда тоқтатып, ашуды тарқатып...

    4 слайд

    Дегенмен, барынша шыдап, дереу тентектігін сол бойда тоқтатып, ашуды тарқатып барып баламен содан соң ғана жәймен сөйлескенге не жетсін!? Әйтпесе, жазалау, ұрысу, ұру, айқайлаудан, яғни тым қатал тәрбиеден бала өзіндік ішкі күйзеліске ұшырап, соның салдарынан ашуланшақ, қатыгез, мейірімсіз немесе өте жасқаншақ, жуас баланың осындай тәрбиеленуден шықпайтынына кім кепіл?!
    Алайда, қатал болмаған дұрыс деп, әрдайым еркіндік беріп, жайбарақаттық танытудың да пайдасынан бөлек, өзіндік келіп-кетер кері әсері де жоқ емес. Мұндай жолмен тәрбиеленген бала да тым ерке, айтқан тілді алмайтын бірбеткей боп кетуі де ғажап емес. Сондықтан ата-аналар, ересектер қауымы аталған әдістердің біреу үшін орасан зор пайдасы тисе, енді біріне кері әсер етуі де әбден мүмкін. Сондықтан, аталған амал-әдістер мен көпшіліктің пікірін салыстырып, бір жақты ой жетегіне кетіп қалмау керек. Керісінше, көпшіліктің кеңесінен өзіңізге лайықты, пайдалы, керектісін ғана іріктеп алып, жан-жақты сараптап барып, бір ғана ойды ғана түйіндеу, әрине, ата-ана сіздің еншіңізде! Өйткені, қазіргі өсіп жатқан ұрпақ –ол жарқын болашақтың үлгі тұтарлық айнасы іспеттес болуы тиіс, себебі ол еліміздің бетке ұстар азаматы мен азаматшасы!!!

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 650 787 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.01.2016 1278
    • PPTX 3.4 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жолаушыбаева Ляззат Аманкельдиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 2
    • Всего просмотров: 29597
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 118 человек из 42 регионов

Курс повышения квалификации

Выстраивание системы психологических взаимодействий дошкольника с компьютером и интернетом

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 32 человека

Курс повышения квалификации

Воспитательный потенциал методики Никитиных на основе идеи необратимого угасания возможностей эффективного развития способностей детей дошкольного возраста

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 46 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности педагога-психолога в организациях дошкольного образования

Педагог-психолог

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 115 человек из 39 регионов
  • Этот курс уже прошли 339 человек

Мини-курс

Основы управления проектами

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Введение в медиакоммуникации

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Развитие и воспитание: ключевые навыки для родителей маленьких детей

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе