Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Русский язык и литература / Рабочие программы / C. Сейфуллин "Ақсақ киік" 5-сынып
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Русский язык и литература

C. Сейфуллин "Ақсақ киік" 5-сынып

библиотека
материалов

hello_html_4c5ae287.gifСабақтың тақырыбы: С.Сейфуллин ,,Ақсақ киік`` өлеңі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: С.Сейфуллиннің өмірі, шығармашылығы «Ақсақ киік» өлеңін Жүсіпов Қуандық Пазылұлының әдісі бойынша теориялық талдау жасау. Бетпақ дала,киік, ақбөкен өсімдіктер туралы ғылыми түсінік алу.

Дамытушылық: өз бетінше тілінің көркемдігіне талдау жасай білу арқылы ойлау қабілетінің дамуына, тіл байлығының артуына ықпал жасау; шығармашылық жұмыстар арқылы түйінді ой,өзіндік пікір қалыптастыруына жол ашу;

Тәрбиелік:Отанын,тіл,сөз өнерін қастерлеуге табиғат пен жан-жануарларды қадірлей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрi: кіріктірілген.

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, баяндау,талдау,түсіндіру, тест сұрақтары, Жүсіпов Қуандық Пазылұлының әдісі бойынша өлеңге теориялық және көркемдік талдау.

Пәнаралық байланыс: тарих, дүниетану,биология,математика.

Көрнекілігі: С.Сейфуллин суреті,слайд, «Ақсақ киік» күйі, , электронды оқулық, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі.

а) Оқушылардың сәлемдесуі, түгелдеу.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

Қане, балалар,өткен сабағымызда қай ақынның өмірі және шығармашылығымен таныстық? Тест арқылы үй жұмысын тексеру

1. М.Жұмабаев қай жылы, қай жерде дүниеге келген?

А) 1893 жылы Солт. Қазақстан обл. Булаев ауд.

Ә) 1983 жылы Торғай обл. Затабол ауданында.

Б) 1890 жылы. Қарағанды обл. Жаңаарқа ауданында.

2. «Қысқы жолда» өлеңі не туралы айтылған

А) Көктемгі қара суық туралы

ә) Аязды, боранды, суық қыс (сурет) мезгілі

б) Туған жер, Отан.

3. Көп нүктенің орнына төмендегі мақалға керекті сөзді қой.

Қыстың қамын ......... ойла.

 А) жаз. Б) ерте ә) қүз

4. Неше жасынан бастап мектепке барды?

А) 6 Ә) 5 Б) 4

5. М. Жұмабаев қандай медреседе оқиды?

А)Көкалташ. Ә) Ахмет- Риза Б) Ғалия.

6. Қай халықтың тарихын жақсы меңгерген?

А) Қытай Ә)Түрік Б) моңғол

7. Ызғарлы жел долданып, екі ішінен дем алып.. үзіндідегі көркемдегіш құралды тап.

А) Кейіптеу Ә) эпитет Б) теңеу.

8. Мағжан неге сенетін?

А) «Табиғаттың өз тілі бар» Ә) «Тілдің құдіреті күшті» Б) «Табиғат сыйқырлы»

9. М.Жұмабаевтің поэмасын көрсет.

А) Шұғаның белгісі Ә) Батыр-Баян Б) Қалқаман-Мамыр.

10.Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты... үзіндіден көркемдегіш құралдың қай түрі кездеседі?

А) Гиперболла Ә) Кейіптеу Б) теңеу.

 III. Жаңа сабаққа

Сабақтың мақсатын қойдыру

-Балалар, үш бәйтерегіміздің бірі -С.Сейфуллин өмірімен "Ақсақ киік "өлеңімен

танысамыз.Оқушылар С.Сейфуллин туралы өз білімдерін ортаға салады.

ІҮ. Өлеңді мәнерлеп оқу.

Өлеңде Жүсіпов Қуандық Пазылұлының әдісі бойынша талдау. Оқушылардың алдына мәтін мен сұрақ беріледі.Оқушылар берілген сұрақтарды мәтіннің ішінен тауып, Сұрақта көрсетілген санмен белгілейді.

С.Сейфуллин «Ақсақ киік»

Арқаның Бетпақ деген даласы бар,

Бетпақ –шөл,ойлы –қырлы панасы бар.

Сол шөлде ел жоқ, күн жоқ өсіп-өнген.

Жәндіктің киік деген баласы бар.


Бетпақта қысы-жазы ел болмайды,

Ел жайлау, өзен яки көл болмайды.

Бұтасы қу баялыш, қара жусан,

Көгала бетегелі бел болмайды.


Бетпақтың көлденеңі сегіз көштік,

Сайланып қыс ішінде талай көштік,

Азамат, ат пен айғыр, атан ғана,

Шыдар деп қоста отырып, талай дестік.


Мергендер дамыл алмай киікті атқан,

Ауылды қан сасытып топырлатқан.

Қазақтың малдарындай қыбырласып,

Әр ойдан топ-топ болып жусан өрген.


Киікті қазақ және дейді бөкен,

Бетпақты бұл бейшара қылған мекен.

Бөкенді атып мерген өлтіргенде,

Жазықсыз жан өлді деп ойлай ма екен?


Бөкеннен сұлу аңды мен көрмедім,

Өзге аңға жануарды тең көрмедім.

Көздері мөлдіреген ақ бөкенді,

Адамның баласынан кем көрмедім.


Қап-қара екі көзі мөлдіреген,

Әдемі екі танау желбіреген.

Елеңдеп . жас балаша жалтаңдайды,

Жел түрткен жусаннан да селдіреген.


Азайды соңғы кезде байғұс бөкен,

Мың-мыңдап баяғыда өреді екен.

Бұл күнде келе жатқан жолаушыға

Кез келді анда санда саяқ-некен.


Кей қазақ әдет қылған киік атып,

Мүйізін пайда қылып, шетке сатып,

Сандалған бір киікке ұшырастым,

Бір жылы Бетпақ шөлде келе жатып.


Бетпақта келе жатты ақсақ киік,

Сандалып қаңғырақтап басын иіп.

Пана іздеп шыбын жанға сүйретіліп,

Мергеннің кеудесіне оғы тиіп.


Тамады қара жерге аққан қаны,

Қиналып ентігеді шыбын жаны.

Боялып ақ денесі қызыл қанға.

Келеді әлі кетіп жығылғалы.


Қиырсыз, Бетпақдала... қуарған шөл...

Жалғыз-ақ сырғаңдайды қоңылтақ жел,

Меңіреу... тірі жан жоқ... жып-жылмағай...

Ел қайда? Ел алыста-шулаған!


Сандалып келе жатты ақсақ киік,

Бір тоқтап, анда-санда әлін жиып...

Ақ бөкен сахараның ботакөзі,

Атты екен қандай мерген көзі қиып?


Келеді қаңғырақтап жалғыз өзі,

Тілі жоқ, құр жүректе айтар сөзі.

Шағады шыбын жанның қиналғанын

Жалғыз-ақ мөлдіреген екі көзі.


Жапанда еш сая жоқ шыбын жанға,

Моншақтап жерге тамған қызыл қанға.

Жапанда басын сүйер тірі жан жоқ.

Әл кетіп сорлы киік жығылғанда!..


Бота көз сахарада қына терген,

Кім екен жапан түзде сені көрген?

Аяныш сезімі жоқ бір қазақ-ау,

Дәл көздеп жүрегіне атқан мерген.


Өлеңді талдауға арналған сұрақ тапсырмалар

  1. Киіктің әдемілігін танытатын сөздер мен сөз тіркестерін жаз.

  2. Киіктің әсем әрекетін, қимылын білдіретін сөздер?

  3. Киіктің бір кезде көп болғанын көрсететін сөз?

  4. Табиғат қиындығын, онда өмір сүру ауыртпалығын көрсететін жолдар?

  5. Киікті көп атуын көрсететін сөздер?

  6. Киіктің қиналуын, қанның көп ағуын?..

  7. Киік азапталуының басқа да түрлері?..

  8. Лирикалық қаһарманның, сол арқылы ақынның киік қиналысына, өліміне аяныш білдіруін?..

  9. Эпитет

  10. Теңеу

  11. Кейіптеу.

  12. Өсімдік түрлері.

  13. Ұзындық өлшемі.

V.Слайд арқылы оқушылар көптеген материалмен танысады.

Өлең ішіндегі түсініксіз сөздерді атап, түсіндірмесін интерактивті тақтадан таныстыру.

-Таңы-жануардың сұлу мүсіні.

-Қос-шатыр,күрке.

-Бетеге- шөп атауы.

-Киік –аталық жануар.

-Бөкен-ананлық жануар.

-Шөл-суға тапшы аймақ.

-Бетпақдала-Арқаның шөл дала

-Сегіз көштік-ұзындық өлшемі.

-Ғылыми атауы-Saiga tatarisa

-Төлі-Құралай

Мүйізінен ,,Пантокрин” дәрі жасайды.

Еті-деликотес саналады.

Терісінен-аса бағалы былғары жасала

Жауы – қасқыр,түлкі,шибөрілер,бүркіт,қыран.

Адамдар еті, мүйізі үшін аяусыз атады. 

Пантокрин-Марал,бұғының қатаймаған мүйізінен дайындалатын спирт қосылған сұйықтық.

Деликатесқолданыстағы көптеген тамақ өнімдерінен ерекше, сирек кездесетін өнімдер тобы. Мысалы, бізде ананас деликатес болса, Латын Америкасында ол жай өнім болып саналады.


hello_html_7d87732c.jpg

Баялыш алабұталар тұқымдасының сораң туысына жататын бұта. Қазақстанда Каспий, Арал теңіздері маңында, Маңғыстауда, Бетпақдалада, Қызылқұмда, Мойынқұмда, Қаратауда кездеседі.

Биіктігі 40 – 100 см. Ақшыл сұр қабықты, ретсіз бұтақтанған сабағы бар.

Шілдеқыркүйек айларында гүлдейді.

Баялыш шөлді аймақтарда мал азығы және отын ретінде пайдаланылады.




hello_html_75a1ed6c.png

Жусан –күрделігүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдіктер. Қазақстанның барлық жерінде – шөл-шөлейтті далада, таулы жерлерде өсетін 81 түрі бар..

Жемісі – тұқымша. Жусанның 17 түрі – сирек кездесетін эндемик түрге жатады, ал Қазақстанда ғана өсетін бір түрі – дәрмененің дәрілік шөп ретінде ерекше. Жусан – құнарлы мал азығы, дәрілік, бояуыш, тағамдық, эфир майлы өсімдік.



hello_html_m31f207ed.png




Бетеге — астық тұқымдасына өсімдіктер.

Далалық, шалғындық жерлерде, тау бөктерлерінде өседі. Сабағында жапырағы сирек орналасқан, ұзынша, жылтыр .Қазақстанда 20 түрі бар, Жапырақтары жіңішке, жіпше тәрізді. Мамырмаусым айларында гүлдейді. Кәдімгі бетегенің 100 кг пішенінде 50-ден астам азық өлшемі,

5 кг сіңімді протеин болады.

Оны жылқы, қой, ешкі сүйсініп жейді.

Су бетегесі — биіктігі 30 — 100 см, сирек түпті өсімдік.

VІ Бекіту: Электрондық оқулықтан тапсырмалар орындату.

1.Берілген үзіндідегі көп нүктенің орнына сөз қою.

2.Эссе жазу «Ақ бөкен» тақырыбында.

3. «Ақсақ киік» өлеңінің тақырыбы.

VII Қорытынды: Өлеңнің тақырыбы, идеясы не?Өлең қалай аяқталады деп болжам жасайсың? Бүгінгі сабақтан қандай ой түйдің? Сабақ мақсатына жетті ме?

ХІІІ. Үйге тапсырма:

1.Өлеңді мәнерлеп оқу,ұнаған шумақты жаттау.

2.Оқиға желісіне байланысты сурет салу.
ІХ.Бағалау:












































С.Сатыбалдин атындағы орта мектеп






(5-сынып)


Eva%20Klebelsberg5



Өткізген: Тогтасын Ж.





2015жыл, Қызылқоғам ауылы


Краткое описание документа:

 5-сынып әдебиеті.  С.Сейфуллиннің  "Ақсақ киік" поэмасын  Жүсіпов Қуандық Пазылұлының әдісі бойынша   өлеңге жан-жақты теориялық талдау жасау арқылы өлеңнің тақырыбын, идеясын ашып, өлеңнің әрбір жолындағы киіктің әдемілігін, қиналысын, көптігін,қимыл әрекеттерін ашатын сөз тіркестері мен сөздерге тоқталу.Сонымен қатар, көркемдегіш құралдарға да ерекше көңіл аудару. Сұрақтарды әр баланың алдына таратып беріп мәтіннен сол  сұрақтың қай жолда қандай сөз ашып тұрғанын тауып, берілген реттік санын қасына қояды. Поэмадағы түсініксіз сөздерге де тоқталып өтеміз.  Және мәтінде кездесетін өсімдік атауларына ғылыми түсінік беріледі. 

 

Автор
Дата добавления 04.02.2015
Раздел Русский язык и литература
Подраздел Рабочие программы
Просмотров913
Номер материала 363062
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх