Инфоурок Физика Другие методич. материалыCабақ жоспары "Үйкекліс күші"

Cабақ жоспары "Үйкекліс күші"

Скачать материал

Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы, Мәдениет ауылы «Мыңбұлақ» жалпы орта мектебі мемлекеттік коммуналдық мекемесінің физика пәнінің мұғалімі

Тажибай Наргиза

 

 

Сабақтың  тақырыбы:  Үйкеліс күші

Сабақтың  мақсаты:

1.        Білімділік: Оқушыларға үйкеліс күшінің қандай күш екенін, түрлерін және оның табиғат заңдарындағы маңызын, өмірмен байланыстырып түсіндіру.

2.        Дамытушылық:   Мысалдар келтіре отырып, оқушылардың ой-өрісін ғылыми ой қорытындыларын жетілдіру, өз ойларын сөзбен жеткізуге дамыту.

3.        Тәрбиелік: Оқушыларды топта жұмыс жасау арқылы бірін-бірі сыйлауға, бір-бірінің пікірін тыңдай білуге тәрбиелеу

Сабақтың  түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Сабақтың  көрнекілігі:  слайд, карточка, бейне баян

Техникалық құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор.

  Сабақтың  барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. (2 мин)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.    (8 мин)

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру. (15 мин)

ІV. Жаңа  тақырыпты  меңгерту  тапсырмалары. (17 мин)

V. Бағалау. (2 мин)

VІ. Үйге тапсырма. (1 мин)

Сабақтың  құрылымы:

І.  Ұйымдастыру кезеңі.

Сынып жағдайын тексеру, оқушылардың назарын сабаққа аудару, оқушыларды түгелдеу, оқушыларды топқа бөлу (атом және молекула суреттері қиылып жасырылады, оқушылар суреттерді таңдап оны құрастырады және сурет бойынша топқа бөлінеді. Суреттің артында өткен тақырыптар бойынша сұрақтар беріледі де оқушылар сол сұрақтарға жауап береді)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.   

«Доп лақтыру» ойыны арқылы оқушылар алдынғы сабақтан бір-біріне сұрақ қояды.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Жаңа сабақтың тақырыбын ашу мақсатында оқушыларға сөзжұмбақ жасырылады:

 

СӨЗЖҰМБАҚ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сұрақтары:

1.      Денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын физикалық шама (күш)

2.      Жердің табиғи серігі (Ай)

3.      Дененің салмағы қандай шама? (векторлық)

4.      Күшті өлшеуге арналған құрал (динамометр)

5.      Заттың химиялық қасиеттерін бойына сақтаған оның ең кіші бөлігі (молекула)

6.      Күштің әрекеті тоқтағаннан кейін дененің бастапқы пішіні мен өлшемі қайтадан қалпына келетін деформация түрі (серпімді)

7.      Денелердің инерттілігінің өлшемі (масса)

8.      Серпімділік күшін ашқан ғалым (Гук)

9.      Грекше «гелиос» қандай мағынаны береді? (күн)

10.  «Атомос» - сөзі қай тілден алынған? (грекше)

11.  Тарихта Аристотель қаншаншы ұстаз атанды? (бірінші)

 

Шананы қара жолмен сүйрегеннен гөрі мұз бетімен, қар үстімен сүйреген ыңғайлы. Тетік - бөлшектері майланбаған велосипедті тебу де, тұрмыстық жиһаздарды еден бетімен жылжыту да қиынға түседі. Жол бойымен келе жатқан машинаның қозғалтқышын  жүргізуші өшіргеннен кейін ол тоқтайды. Мұз айдынында коньки теуіп жүрген бала да, төбешіктен сырғанап түскен шана да, домалап келе жатқан доп та біраздан соң тоқтайтын болады. Бұл тәжірибелер бір дене екінші дененің бетімен қозғалған кезде қозғалыс жылдамдығына қарама – қарсы бағытталған және дененің қозғалысына кедергі жасайтын күш  пайда  болатынын  көрсетеді  (бейне  баян).

Бір дене екінші дененің бетімен қозғалған кезде пайда болатын күш үйкеліс   күші  деп  аталады.  Үйкеліс  күшін   F   әрпімен  белгілейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сырғанау үйкеліс күші. Өте жақсы өңделген екі бірдей металл кубты алып, оларды әр түрлі беттерге қояйық, біреуін кішкене кедірлі – бұдырлы бетке, ал екіншісін жылтыр бетке. Бет аздап кедірлі – бұдырлы болғанда дененің оңай сырғанайтынын байқаймыз. Ал керсінше екі өте жақсы тегістеліп өңделген беттің бір – біріне сырғымайтынын көреміз. Себебі мұндай беттердің бөлшектері бір – біріне өте жақын орналасады екен, олардың арасындағы үлкен тартылыс күштердің салдарынан олар бір – біріне жабысып қалады екен. Конькидің жүзі мұзға қысым түсіреді де оның ермеуіне әсер етеді, конькидің астында пайда болған су қозғалысты жеңілдетеді, қысым түсіру тоқталса су бірден қатып қалады. Неліктен сұйық үйкелісті азайтады? Сұйық қабаттары жанасқан беттерге жабысады да бір – бірімен тайғанауға әкеледі. Сұйықтардың қозғалысы да белгілі тұтқырлық деп аталатын кедергіге әкеледі, бірақ оның шамасы қатты беттердің арасындағы кедергіден әлдеқайда аз болады (бейне баян).

Тыныштық үйкеліс күші. Бұл бір жағынан дененің қозғалуына кедергі жасайтын күш, ал кейде тыныштық үйкелісі қозғалыстың басталуына себеп бола алады. Мысалы: жүргенде аяқ киім табаны жолмен өзара әсерлесе отырып, үйкеліс нәтижесінде пайда болған тыныштық үйкелісі адамның аяғына үдеу береді, сөйтіп адам жолды аяғымен итеріп оны кері қарай қозғалуға мәжбүр етеді. Өзіміздің тәжірибемізге сүйене отырып, біз мұздың үстінен жайлап абайлап жүреміз де, онда ақырындап жылжимыз. Мұздағы тыныштық үйкелісінің аздығы сондай, адам табаны тиесімен сырғып кетеді. Бұл тайғанауға әкеледі де, жүруге кедергі жасайды  (бейне баян).

Дененің өзі жанасып тұрған бетке (жанасу бетіне перпендикуляр) түсіретін күшін нормаль қысым күші деп атайды. Оны N  әрпімен белгілейді.   
                                                               N=mg

Үйкеліс күші қысым күшіне тура пропорционал:  F=μN

 Әр түрлі материалдар жұбы үшін сырғанау үйкеліс коэффициентінің мәндері:

Үйкелісетін денелер

Үйкеліс коэффициенті

Ағаш мұз бетімен

0,0035

Болат мұз бетімен

0,015

Ағаш ағаш бетімен

0,07-0,50

Металл ағаш бетімен

0,1

Металл металл бетімен

0,15-0,20

Техникада үйкеліс әрекетін ескеру

Үйкелетін денелер

Үйкеліс коэффициенті

Құрғақ асфальтта

0,6

Ылғал асфальтта

0,4

Құрғақ бетонда

0,95

Ылғал бетонда

0,85

Қара жолда

0,5 (0,3)

Құм төсеніште

0,7 (0,5)

Мұздақ жолда

0,15

 

ІV. Жаңа  тақырыпты  меңгерту  тапсырмалары       

А) Оқулықпен жұмыс: 14-жаттығу

  1. Неліктен ауыр дорба көтеріп келе жатқанда, тайғанақ жолда жүру оңайырақ?

2.      Жалпы массасы 1т болатын жүгі бар шананы ат мұзбен сүйретіп келеді. Шана табаны мен мұз арасындағы үйкеліс коэффициенті 0,05. Ат арбаны қандай күшпен тартып келеді?

3.      Массасы 70 кг шкафты орнынан жылжыту үшін қандай күш жұмсау керек? Үйкеліс коэффициенті µ=0,3.

 

Б) Деңгейлік есептер.

1 - деңгей.

Массасы  50кг денені орнынан жылжыту үшін қандай күш жұмсау керек? Үйкеліс коэффициенті  0,3

2 - деңгей.

а) Дененің нормаль қысым күші 600 Н сол дене  240 Н үйкеліс күш әсерінен  бірқалыпты қозғалып келеді. Үйкеліс коэффициентін тап.

б) Шананы қар үстімен сүйрегенде жұмсалатын ең үлкен күш 0,5 кН болады.
Үйкеліс коэффициенті 0,1. Осы күштің әрекетінен бірқалыпты қозғалатын жүк тиелген шананың массасын тап.

3 - деңгей.

Көлемі 2 дм тіктөртбұрышты ағаш білеушені орнынын қозғалту үшін қандай үйкеліс күшпен итеру керек? Үйкеліс коэффициенті 0,5

 

            В) Сапалық  есептер

1. Көктайғақта жолға неге құм себеді?

2. Футболшы киетін аяқ киімнің табанына үшкір шегелер қағылады. Оның қажеті не?

3. Неліктен тірі балықты ұстап тұру қиын?

4. Бәтеңкенің жібек бауы, мақта бауға қарағанда оңай шешіліп қалады. Неге?

5. Неге жаңбыр тамшылары үй шатараның көлбеу бетімен төмен оңай сырғанайды, ал қар шатырда қалың қабат жасап жиналып қалады?

 

V. Бағалау (топтар бірін-бірі бармақ әдісімен және смайлик арқылы бағалайды, соңында мұғалім өзі оқушыларды бағалайды). 

VІ. Үйге тапсырма:   «Масса және күш»  тарауын қайталау

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Cабақ жоспары "Үйкекліс күші""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Инструктор по туризму

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 697 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.02.2016 419
    • DOCX 670.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Тажибай Наргиза Мирзакаримовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 23366
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Физика")

Учитель физики

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 37 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы преподавания физики в школе в условиях реализации ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 209 человек из 62 регионов
  • Этот курс уже прошли 998 человек

Курс повышения квалификации

ЕГЭ по физике: методика решения задач

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 116 человек из 44 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 117 человек

Мини-курс

Технологии и анализ в медиакоммуникациях

7 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Инклюзивное образование: нормативное регулирование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективное продвижение и организация проектов в сфере искусства

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
Сейчас в эфире

Совместимость современных ценностей и классической поэзии

Перейти к трансляции