Инфоурок Начальные классы КонспектыCабақтың тақырыбы: Табиғаттың жеке бөлшектерін салу.

Cабақтың тақырыбы: Табиғаттың жеке бөлшектерін салу.

Скачать материал

 

 

 

Бейнелеу өнері

Алматы

«Атамұра»

2010 жыл

34 сағат

Сабақ жоспарлары

 

 

 

 

 Сабақ: №1

Сабақтың тақырыбы:      

Жылы және суық түстер жайлы не білесің?

 

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік:                      Бояу түстері жайлы терең мағлұмат беру, оқушылардың

                                            білімдерін қалыптастыру.

 

ә) Дамытушылық:             Түстерді бір-бірінен ажырата білуге жаттықтыру. Сурет       

                                             салғанда бояуды дұрыс қолдана білуге үйрету.

 

б) Тәрбиелілік:                  Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты

                                            түсіне білу. 

 

Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар:     Түсті бояулар жайлы көрнекілік құралдар. Бояу түрлері, түрлі қарындаштар, көркем суретті альбомдар, дидактикалық құралдар.

    Негізгі бояу түсі:

-         қызыл,

-         көк,

-         сары.

                           

Сабақтың өту барысы:

1.     Ұйымдастыру кезеңі.

2.     Үйге берілген тапсырманы тексеру.

3.     Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4.     Тапсырмаларды орындау.

5.     Сабақты бекіту.

6.     Үйге тапсырма.    

 

Сабақтың барысы:

    Мына жұмыстарға мұқият қара. Олар салған жылы және суық түстер жайлы білетініңді есіңе түсіруіңе көмектеседі.

 

 

 

 

 


    Жылы және суық түстер арқылы суретшілер ауа райын, жыл мен тәулік мезгілдерін ғана емес, сонымен қатар көңіл күйді де бере алады.

1.       Мына жұмыстардың қайсысына жылы, салқын, ыстық, суық, көңілді, мұңды, қуанышты және мазасыз деген анықтаулар сәйкес келеді?

2.       Бұл шығармаларды қарағанда сен қандай сезімде боласың?

3.      


Саған қандай түс ұнайды? Жылы ма, әлде суық па?

 

    Жылы және суық түстердің құпия-сырлары өте көп. Мына екі шеңберге зер салып қара.

Шеңбердің қайсысы саған үлкендеу болып көрінеді? Әрине, сен қызыл түсті шеңбер деп айтасың. Расында да қызыл шеңбер жасыл шеңберден үлкен болып көрінеді. Ал негізінде бұлар бірдей өлшемдегі шеңберлер.

    Өз бетіңмен тәжірибе жасап көр: сары және күлгін (не қызғылт сары және көк) түсті қағаздардан өлшемдері бірдей екі шеңбер қиып ал. Оларды бір-біріне беттестіріп бірдейлігін тексер. Сонан соң шеңберлерді өлшемі бірдей қара немесе сұр шаршылардың үстіне қой.

 

 

Үйге тапсырма беру:  Жылы түсте табиғат көрінісін бейнелеу.

 

 

 

Сабақ: №2

Сабақтың тақырыбы:

Түспен көңіл күйді көрсету. Жақын түстер.

 

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік:                      Пән бойынша білім-білік дағдыларын

                                            қалыптастыру.

 

ә) Дамытушылық:             Жалпы қабілеттілікті дамыту.

 

б) Тәрбиелілік:                  Адамгершілік тәрбиесін беру.

 

Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Плакаттар, түрлі-түсті қарындаштар, ақ қағаз, және тағы басқа, түсті бояулар жайлы көрнекілік құралдар, ояу түрлері, түрлі қарындаштар, көркем суретті альбомдар, дидактикалық құралдар.

 

 Сабақтың өту барысы:

1.     Ұйымдастыру кезеңі.

2.     Үйге берілген тапсырманы тексеру.

3.     Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4.     Тапсырмаларды орындау.

5.     Сабақты бекіту.

6.     Үйге тапсырма.    

                            

Сабақтың барысы:

    Сабақты оқушыларға бірнеше сұрақтар қою арқылы бастаймын:

1.       Мына шығармалардың көңіл күйін қалай сипаттар едің? Тандап алынған гамма шығарманың көңіл күйіне калай әсер еткен?

2.       I. Жансүгіровтің мына өлең жолдары қай шығармаға дәл келеді?

Жазыла есінеп жапан қыр,
Маужырап сұлап, балбырап.
Даладан, таудан көшті нұр,
Салбырап, сам жамырап.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    Мына шығармаларды салыстыр. Мұндағы түстер гаммасы әр түрлі. Тыныштық әсерін туғызатын жүмысты жазарда пайдаланған түстер мен реңктер жақын түстер деп аталады. Ал мерекелі, қарбалас сәтті немесе көтеріңкі көңіл күйді білдіретін шығармалардағы түстерді қарама-қарсы деп атайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

             Өзіңе таныс түстер шеңберіне назар аудар. Онда қатар орналасқан түстер бір-біріне ұқсайды. Қызыл түс сәл күлгінге және қызғылт сарыға, ал қызғылт сары түс сарыға ұқсас. Бүл кездейсоқ емес, себебі қызғылт сары мен күлгін құрама түстер және олардың құрамында қызыл түс бар. Ал жасыл сарыға да, көкке де ұқсайды. Жасыл түс қандай түстерден құралғанын есіңе түсір. Түстер шеңберінде қатар орналасқан түстер бір-біріне ұқсас болады. Сондықтан оларды жақын түстер дейді. Жақын түстердің байланысын түстер реңкі (нюанс) деп те атайды.

 

 

   Үйге тапсырма беру: Суық және жылы түстерді қолдана отырып шығармашылық жұмыс орындау.

 

 

 

Сабақ: №3

Сабақтың тақырыбы:      

Қарама-қарсы контраст (контраст) түстер. Қарама-қарсы түстердің ерекшеліктері.

 

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік:                      Бояу түстері жайлы терең мағлұмат беру, оқушылардың

                                            білімдерін қалыптастыру.

 

ә) Дамытушылық:             Түстерді бір-бірінен ажырата білуге жаттықтыру. Сурет       

                                             салғанда бояуды дұрыс қолдана білуге үйрету.

 

б) Тәрбиелілік:                  Сурет салдыру арқылы оқушыларды тазалыққа,         

                                            ұқыптылыққа үйрету.

 

Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар:     Түсті бояулар жайлы көрнекілік құралдар, бояу түрлері, түрлі қарындаштар, көркем суретті альбомдар, дидактикалық құралдар.

    Негізгі бояу түсі:

-         қызыл,

-         көк,

-         сары.

                           

Сабақтың өту барысы:

7.     Ұйымдастыру кезеңі.

8.     Үйге берілген тапсырманы тексеру.

9.     Жаңа тақырыпты түсіндіру.

10. Тапсырмаларды орындау.

11. Сабақты бекіту.

12. Үйге тапсырма.    

 

Сабақтың барысы:

    Ал енді шеңберде керісінше қарама-қарсы орналасқан түстерге қара. Қызыл түс жасылға, қызғылт сары түс көкке, сары түс күлгінге қарсы орналасқан. Оларды қарама-қарсы түстер жұбы деп атайды. Бүл түстер бір-біріне мүлдем ұқсамайды. Қызыл жасылға,  қызғылт сары көкке, сары күлгінге қарама-қарсы түстер.

 

Тағы бір тәжірибе жасап көрейік. Тәжірибе жасау үшін саған үлкендігі мен түстері бірдей, мысалы, қызғылт сары түсті екі дөңгелек және түстері әр түрлі, ал өлшемі бірдей екі шаршы керек. Бір шаршыны сары қағаздан, екіншісін көк қағаздан қиып ал. Дөңгелектерді шаршылардың бетіне орналастыр. Дөңгелектердің қайсысы саған ашық түсті болып көрінеді? Әрине, көк шаршы бетіндегі қызғылт сары дөңгелек анағұрлым айшықты. Ал сары шаршы бетіндегі қызғылт сары дөңгелек әлдеқайда қоюлау. Мүмкін, бір дөңгелектің түсі екіншісіне қарағанда ашықтау шығар?! Оларды шаршы бетінен алып, ақ қағаз бетіне орналастыр. Екеуінің де түсі бірдей екеніне көз жеткіз. Оларды қайтадан шаршылардың бетіне қой, тағы да көк шаршы бетіндегі дөңгелек ашық болып көрінеді.

 

   

    Осылайша басқа қарама-қарсы түс жұптарына да тәжірибе жасауыңа болады. Жасыл шаршы бетіндегі қызыл дөңгелек күлгін шаршы бетіндегі қызыл дөңге- лекке қарағанда әлдеқайда айшықты.


Сары шаршы бетіндегі күлгін дөңгелек көк шаршы бетіндегіге қарағанда айшықты болып көрінеді. Нәтижесінде қарама-қарсы түс жұптары жақын түс жұптарына қарағанда әлдеқайда айшықты екендігіне көз жеткізесің. Жақын түстер үйлесімділігіне қарағанда, қарама-қарсы түстердің үйлесімділігі әрқашан жарқырап көрінеді.


 

Үйге тапсырма беру:  Жылы және суық түсте табиғат көрінісін бейнелеу.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Cабақтың тақырыбы: Табиғаттың жеке бөлшектерін салу."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Спортивный психолог

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сабақтың тақырыбы:

Табиғаттың жеке бөлшектерін салу.

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Оқушыларға табиғат көріністері жайлы мағлұмат беру,

суретшілердің табиғат көріністері бейнеленген

шығармаларының мазмұнын ашу, талдау, теориялық

білімін практикамен ұштастыру.

ә) Дамытушылық: Өзіндік ой-қиялына ерік бере отырып, ой-өрісін дамыту,

өз ойын қағаз бетіне еркін, жатық жеткізе білуге

дағдыландыру, өз бетімен іздене білуге, ой қорытуға

үйрету.

б) Тәрбиелілік: Жас ұрпақ бойына эстетикалық мәдениетті, сұлулықты

тани білуді қалыптастыру, ұлы мұраттар жолында еңбек

етуге, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Бейнелеу өнері сабағына қажетті құрал-жабдықтар, қағаз, қарындаш, өшіргіш, сызғыш, табиғат көріністері бейнеленген шығармалар, фотосуреттер, дидактикалық материалдар және т.б.

Сабақтың өту барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Үйге берілген тапсырманы тексеру.

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4.Тапсырмаларды орындау.

5.Сабақты бекіту.

6.Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

Табиғатта зат неғұрлым қашық болса, ауа кеңістігі соғұрлым әсер етеді. Жылдың әр мезгіліне байланысты табиғат көрінісі бейнеленген көркем шығармаларды талдау жасауға үйрену керек. Картинада қай аймақтың табиғат көрінісі бейнеленген және жылдың қай мезгілін бейнелеп көрсеткен? Осы мәселелерге айрықша назар аудару керек. Табиғат көрінісін бейнелеуде оқушылар жарық күшінің өзгеруін бақылай алады, яғни табиғат бояуларының түстік және реңдік қатынасының ашық немесе солғын болуын байқайды. Таңертеңгі немесе кешкі мерзімде бейнеленген табиғат көрінісінен гөрі тал түсте орындалған көркем шығарманың түстік реңі ашық болады. Ал бұлтты күні бейнеленген көркем шығармада түстік рең солғын болады. Себебі күн көзінен сәуле, яғни жарық ашық, айқын түспейді. Сондықтан табиғат көрінісін бейнелегенде ауа райының өзгеруіне байланысты жарық күйлерінің сипатын сақтай білу керек. Оқушыларды мүмкіндігінше табиғат аясында сурет салуға баулу қажет. Сонда олар табиғатпен, қоршаған ортамен тікелей араласады, белгілі әсер алу арқылы дағды қалыптастырады.

Жалпы табиғат көрінісін бейнелеуде ең алдымен түстік бояу үндестігін анықтамас бұрын, реңдік қатынастарды анықтау қерек. Мысалы, аспан жерге қарағанда жарықтау, тау бөктерін қарағанда басқа жер жарығырақ болып көрінеді. Өйткені күн көзінің сәулесі тау бөктеріне қарағанда басқа жерге тура, тіке түседі. Енді табиғат жыршысы И. Левитанның «Көктем» шығармасына бір сәт көз тастап көрейікші. Онда жерге қарағанда су қараңғылау. Ал жерге қарағанда аспан ашықтау. Сондықтан табиғат көрінісін бейнелеуде салыстырмалы түрде бейнелеуге дағдыны қалыптастырған жөн. Оқушыларға табиғат көрінісін тұтас бейнелеуді үйреткенде оларды оның жеке бөлшектерінен қысқа мерзімді жұмыс жасауға жаттықтыру керек. Мысалы, аспан мен жер, жер мен су, тау мен жер, аспан мен тау, т. б. Табиғаттың жеке бөлшектерін салып үйрену арқылы табиғат көрінісін тұтастай бейнелеуге дағдыланады. Әр түрлі сипаттағы табиғат бөлшектерін салмас бұрын, оларды бүтін зат ретінде көріп тану керек. Табиғат көрінісін бакылап, оның ішінен ең басты көріністі таба білу алғашқы ықпал болып табылады. Табиғат көрінісін бейнелеуде алғашқы әсерді есте сақтап, дәл көрсету-оқушы үшін табылмайтын асыл қасиет. Табиғаттың әуенін іздеуде көптеген суретшілер табиғат аясында жүріп сурет салуды ұнатады. Ол - барлық суретшілерге тән нәрсе. «Табиғат пен адам егіз ұғым» деген пікірді ұлы суретші Леонардо да Винчи айрықша атаған. Суретшілерді дарынды, жеке-дара етіп тәрбиелейтін күштің бірі - туған табиғаты. Сондықтан табиғат көрінісін бейнелеуге үйрену арқылы көптеген жетістіктерге жетуге болады. Табиғат көрінісін бейнелеу арқылы табиғи бояу түстерін анық біле аламыз. Әсіресе атқан таң, қызарып батқан күн адам баласына айрықша әсер етеді. Осындай сәттерді оқушыларға бейнелеуге тапсыру арқылы оларды табиғатты жете бақылауға баулуға болады. Табиғат көрінісін айнытпай бейнелеуде оқушылар өздерінің қабылдау сезімдерін ашуға тырысады. Ойланып көріп, бақылап сурет салуға жақсы дағдыланады. Сондықтан оқушыларға табиғатта серуендеуді ұйымдастыра отырып, оларды сурет салуға үйретудің маңызы зор демекпіз.

Үйге тапсырма беру: Табиғат көрінісін бейнеле.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 828 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 08.05.2015 1874
    • DOCX 337 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Дагисова Арайлым Боранбайқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Дагисова Арайлым Боранбайқызы
    Дагисова Арайлым Боранбайқызы
    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8045
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации на уроках по продуктивно-творческой деятельности у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 134 человека

Курс повышения квалификации

Инновационные технологии управления профессионально-педагогической деятельностью учителей начальной и средней школы в условиях реализации ФГОС

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 84 человека

Курс повышения квалификации

Теория, методика и практика обучения младших школьников основам шахматной игры в условиях реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 48 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 188 человек

Мини-курс

Управление техническими ресурсами и экономикой предприятия

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Развитие детей: сенсорика, самостоятельность и моторика

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Детские и взрослые эмоции

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
Сейчас в эфире

Арт-педагогика как метод профилактики детских неврозов

Перейти к трансляции