Инфоурок Социальному педагогу Другие методич. материалы"Цели и задачи классного руководителя" каз

"Цели и задачи классного руководителя" каз

Скачать материал


Сынып жетекшісі, оның міндеттері мен жұмысының ерекшелігі


Мектеп өмірінде мұғалім - басты тұлға. Мектеп мұғалімі балаларды оқытып қана қоймайды, сонымен бірге оларды тәрбиелейді. Ол белгілі бір сыныпта оқушылардың оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырушы әрі ұстазы, ақылшы-кеңесшісі болып саналады. Ол өзіне қатысты сынып оқушылар ұжымын ұйымдастыра отырып, осыған сол сыныпта дәріс беретін пән мұгалімдерін, окушылардың ата-аналарын және жұртшылыктын бала торбиесіидегі ықпалын біріктіріп, олардың балаға деген талаптарын ортактастырьш отырады.

Сынып жетекшісі жұмысының негізгі мақсаты - мектеп окушыларын қоғамның белсеңді және саналы құрылысшылары етіп тәрбиелеуте барынша ықпал жасау.

Сыныптағы әрбір жеке мұлғанің ғылыми дүние танымының қалытыптасуын, адамгершілік қасиеттерінің, еңбекке деген сүйіспеншілігінің, жан-жақты жарасымды дамуына жағдай туғызу. Сондықтан оның жұмысының мазмұны мен тәрбиелік шараларының бәрі осы мақсатқа бағытталуы тиіс. Атап айтқанда тәрбиенің негізгі салалары: ақыл - ой, адамгершілік, эстетикалық, енбек және дене тәрбиесіне, елжандылық т.б. тәрбие міндетгерін мектеп пен сыныптың нақтылы өмір жағдайларына байланысты қарастыру.

Сынып жетекшісінің міндеті - сан алуан. Сол себепті ол жүргізетін тәрбие жұмысы өзінің психодогиялық мазмұны жағынан өте күрделі әрі көп ізденісті талап етеді.



Сынып жетекшісі жұмысының негізгі міндеттері қандай?

1. Сыныптағы оқушылардың талап тілектері мен мүдделерін жеке олардың жеке басының ерекшеліктерін жан-жақты зерттеп білу.

2. Сыныптағы оқушылардың не нәрсеге бейімділігін анықтап, оларды ынтымағы жарасқан, белсенді, саналы ұжымға ұйымдастыру.

3. Сыныптағы мән мұгалімдері мен мектеп әкімшілігін жәнс оқушылардың ата-аналарының тәрбиелік ықпалын үйлестіру, окушыларға қоятын педагогикалық талаптарының бірлігін қамтамасыз ету.

4. Тәрбие үрдісінде мектептің, жанұя мен жұртшылықтың тығыз қарым-қатынасын қамтамасыз ету.

5. Оқушылардың ата-аналарымен үнемі байланыс жасап, жанұядағы бала тәрбиесіне байланысты педагогикалық оку насихат жұміыстарын жүргізу.

6. Оқушыларды тәрбиелеуде сыныптан және мектепттен тыс әр алуан тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру.

7. Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігін қамтамасыз ету.

8. Тәрбие қызметінің тұтастығын, жүйелігін, тәрбиелік шаралардың бірлігін қамтамасыз ету.

9. Тәрбиенің негізгі бастауы - ұлттық тәлім-тәрбиені сынып жетекшісі қызметінің маңызды компонентерінің бірі ретінде қарастыру т.б.

Сьнып жетекшісінің негізгі міндеттерімен толығырақ таныс болу үшін "Класс жетекшісінің жұмысы туралы" методикалық хатпен, жалпы білім беретін орта мектептердін Жарғысымен т.б. көптеген құжаттармен таныс болу қажет. Олардың тізімі әдебиеттер бөліміндс көрсетіледі.

Дұрыс тәрбие - балаға өмір бойы азық. Сол дұрыс тәрбиені ұйымдастыратын басты тұлға - мектептегі сынып жетекшісі. Кеңес өкіметі орнағанға дейін патшалық Россиядағы оқу мекемелерінде арнайы тәрбие жұмысын ұйымдастырушылар болмады. Оқушыларды тәрбиелеу ісі үйретуші - ұстаздарға (ерлер гимназияларында), ханымдарға (әйелдер гимназияларында) өз оқушыларын бақылап, олардың тәртібіне жауап беру міндеті жүктелген. Кеңес дәуірінің алғашқы кезеңдерінде сынып жетекшісі деген қызмет болмады. Оқушылармен тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру мен өткізу мұғалімдердің бәріне бірдей жүктелді. Оларды топ жетскшілері деп атады

1934 жылы мектептегі оқу-тәрбие үрдісінде топтан оқыту тәртібін, сыныптық-сабақ жүйесіне өзгертуге байланысты, топ жетекшілері, сынып жетекшісі деп өзгертіліп, олардың тәрбиелік қызметтерінің міндеттері мен мазмұны, формалары мен әдістері жаңа сипатқа ие болды.

Сынып жетекшісі туралы Ережені 1934 жылы 28 маусым күні РСФСР Халық ағарту Комиссариаты бекітті. Осы Ережемсн бірге сынып жетекшісінің қызметі де бекітідді.



Сынып жетекшінің ата-аналармен атқаратын жұмыстарының мазмұны мен міндеттері.

Ата-аналармен жүргізетін жұмыстағы сынып жетекшісінің негізгі міндеттері мен қызметі. В.А. Сухомлинский оқушылардың ата-аналарымен жұмыс істеудің маңызына ерекше назар аударып; «Тек ата-аналармен бірге. жалпы, күш-жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бакыт беруі мүмкін»,-дейді. Олай болса, отбасы мектеппен бірге тәрбиелік ортаның тұтастай негізгі ықпал ету факторларын жасайды. Сондықтан да педагогикалық әрекетте мектептің жалпы міндеттерінің көлемінің тым кеңдігіне қарамастан, ата-аналармен жұмыстың маңызы ерекше.

Қазіргі мектепте жағдай көптеп өзгеруде: Оқу жәнс тәрбие процесінің құрылымы мен мазмұны соған сай мұғалімдер мен оқушылардың көзкарастары, олардың өзара карым-катынасы сабактың формалары мен өткізу технологиясы, көптеген оку пәндерін оқытудағы жана көзқарас, сонымен қатар сыныптан тыс тәрбие жұмысы. Бүгінде мектептің ата-аналармен жұмысының кейбір дәстүрлі түрлері өзінің маңызын жоюда: ата-аналар жиналысы, ата-аналар лекториясы мен университтері, ата-аналардың ашық күні, ата-аналардың жұмыс орындарымен байланыс баланың отбасына бару т .с.с. Дегенмен де тәжірибелі мұғалімдердің көз қарастарында, ол олай болуы тиіс емес еді. Соған орай түйіні шешілмеген мәселелерді шешуде мұғалімдер мен оқушылар, ата-аналар мен оқушылар өзара байланыссыз жалпы қалып отыр. Әсіресе, мұндай жағдай мұғалімдердің ата-аналармен ынтымақтастық қарым-қатынасына кері әсерін тигізуде. Бүгінде бала тәрбиесінде олардың бір-біріне айтар ақыл кеңесі ауадай қажет болып отыр. Сондыктан да ата-аналар балаларды тәрбиелеу ісінде мектеппен қарым-қатынас, тікелей байланыс жасауды басты міндетіміз деп есептеуі тиіс, өйткені, олардың өз балаларын тәрбиелеудегі жетістіктері сынып, мектеп ұжымдарының оку-тәрбие процесінің мазмұнын, сапасын және тиімділігін жақсарту үшін отбасы мен мектептің ынтымақтасып жұмыс істеулерін кажет етеді.

Мектеп пен отбасы ынтымақтастығының бірнеше нысандары бар. Мектеп пен отбасы байланысының басты формасы ата-аналар жиналысы. Онда күнделікті өмір, еңбек, демалыс, оқушылардың бос уакыты, кәсіптік бағдар, оқу және тәрбие жұмысы, т.б. талқыланып оларды әрлуан әрі жетілдірудің нақты жолдары қарастырылады. Сынып ата-аналар жиналысында ата-аналар комитеті, олардың төрагасы сайланады. Байланыс нысандарының бірі-педагогтардың окушылар үйіне баруы. Мектеп пен отбасы ынтымақтастығының тағы бір түрі-педагогикалық насихат, яғни ата-аналарға педагикалық білім беру. Қазіргі ата-аналар және қалың бұқара арасындағы психологиялық және педагогикалық білімді насихаттаудың маңызы өтс зор. Насихат жұмысы оқыту мен тәрбие міндеттерін шешуге әсер етеді. Н.К. Крупская ата-аналарды педагогикалық минимуммен қаруландырудың қажет екенін бірінші рет айтқан болатын. Тәрбие процесінде жеке адамның қалыптасуына ата-аналардың ықпалы олардың жалпы және педагогикалық мәдениетіне байланысты. Осы тұрғыдан педагогикалық-психологиялық білім негіздерімен міндеттердің бірі. Мектептің ата-аналар комитеті мұғалімдерге, ата-аналарға көмектесіп, балалардың тұрған жеріндегі жұмыстарды ұйымдастыруға қатысып, ата-аналар жиналыстарын, конференцияларын пікірталастарды, балалар мерекелерін өткізуге арналған дайындык жұмыстарына қатысады.

Мектептің, отбасының, бүкіл халықтық және мемлекеттің негізгі мақсаты қазіргі заманның талаптарына сай балаларды және жастарды тәрбиелеу оларды мамандық таңдауға, арнайы орта және жоғары оқу орындарына түсуге халық шаруашылығ ның салаларында еңбек етуге даярлау.

Мектептің сенімді одақтасының бірі-отбасы. Отбасы тәрбиесі көзделген нәтижеге жету мақсатында ата-аналар мен отбасы мүшелерінің тарапына жасалатын ықпал процестерінің жалпы атамасы. Әлеуметтік, отбасы және мектеп тәрбиесі ажырамас бірлікте орындалатын істері аукымын кұрайды. Бала үшін отбасы бір жағынан-тіршілік қорғауы болса, екінші тараптан тәрбиелік орта. Баланың алғашқы өмірі жағдайындағы отбасы ықпалы баска жағдайлар мен кейінгі жас кезеңдерінде болатын ықпалдардан басымдау келеді. Зерттеу деректеріне сүйенсек, отбасы - бұл мектеп те, ақпарат көзі де, қоғамдық ұйымдар да, еңбек ұжымдары да дос-жарандары да, отбасы-бұл әдеп пен өнер кілті де. Осыдан педаготар нақты да дәл тұжырымға келіп отыр: тұлганың қалыптасу нәтижелілігі ең алдымен отбасына тәуелді. Неғұрлым отбасы жақсы болып оның тәрбиелік ықпалы ұнамды келсе, тұлғаның тән-дене, рухани-адамгершілік, еңбектің тәрбиесінің өнімі де жоғары. Отбасы оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің одактасы. Ол бала тәрбиесі жөніндегі мектеппен тығыз байланысты болуды өте жақсы түсінеді. Өйткені, бала тәрбиесінің отбасында мектепте нәтижелі болуы осындай ынтымақтастықа негізделеді. Отбасының өзіне тән ерекше қызметтері бар. Олар халықтың өсуі, адамзат ұрпағын әрі қарай жалғастыру қажеттілік, шаруашылық қызметі, отбасы мүшелерінің өзара және туған-туысқандарымен қатынас жасау кызметі.Отбасы тәрбиесі-бұл қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, мемлекет алдындағы ата-аналардың борышы. Отбасында басты мәселелердің бірі-баланың тіршілік әрекетін ұйымдастыру. Бұған баланың күн ырғағы, міндеттері, қойылатын талаптар, оның үй еңбегіне қатысуы, оку-әрекеті, бос уакытын ұйымдастыру жатады. Балалардың күн ырғағы И.П.Павловтың іліміне негізделеді. Ол жұмыс қабілетін толық сақтау үшін еңбек пен демалыстың кезектесіп өтуін қажет екендігін көрсетті. Күн ырғағы баланы жинақылыққа, тіл алғыштыққа, дәлдікке, мұқияттылыққа үйретеді, денсаулығын нығайтады, еңбек қабілетін жақсартады. Күн ырғағын жасауда ата-ана баланың жасын, үй жағдайын, денсаулығын, мұғалімдер мен сынып жетекшісінің кеңесін, отбасы мен мектеп ыргағының бірлігін еске алуы тиіс. Отбасында күн ыргағының негізгі құрамды элементтері-еңбек, ойын, сабаққа дайындалу, тамақтану, ұйкы, т.б

Отбасылық тәрбиенің проблемалары педагогикалық әдебиеттерде, А.С.Макаренконың, Н.К.Крупскаяның, В.А.Сухомлинскийдің және басқа да ғалымдардың еңбектерінде кең түрде баяндалған.

Отбасылық тәрбие бір қалыпты жағдайда іске асырылып отырмайды. Зерттеу мәліметтеріне қарағанда отбасылық тәрбиенің сәтсіздікке ұшырауының басты себебі үлкен адамдардың педагогикалық көзқарастарының көзқарсыздығынан болады.

Біріншіден отбасыда болатын өктемдіқ баланы өзін-өзі билеушілігінен айырады, әрбір қадамына бақылау жасайды, ол өз күшіне, мүмкіншілігіне сенімсіз және ішкі жай-күйі төмен болады.

Екіншіден, баланы еркелетушілік, бетімен жіберушілік ата-аналардың бәрін кешірушілік сүйіспеншілігіне байланысты. Баланың жетегіне түсіп еркіне жіберушілік өзімшілдікке тәрбиелейді.

Үшіншіден, әке мен ананың және басқа отбасы мүшелерінің тарапынан біріңгай талаптың жоқтығы. Осының нәтижесінде ата-аналарды немесе ересек отбасы мүшелерінің көзқарастарындағы алалықты пайдаланып, бала екіжүзді және жағымсыз нәрсеге бейім болып өседі.

Төртіншіден, ата-аналар балаларды еркімен қарым-қатынас жасаудан, өмірден аулақтауға тырысады, бөгет жасайды. Бұл баланың қалыптасуына, дамуына залалды әсер етеді.

Бесіншіден, егер әке мен ана өз баласының іс-әрекетіне немқұрайды, жауапсыздыкпен қараса, онда соны пайдаланып, кездейсоқ адамдармен танысуға мүмкіндік алады. Мектептің ата-аналарымен жүргізетін жұмысының ерекшелігі осы екі жақтың байланысы мен әрекеі бірлігінің тұрактылығынан көрінеді. Бұл тұрақтылыкты ең алдымен сынып жетекшісі қамтамасыз етеді. Ол мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастықты ұйымдастыруда жетекші қызмет атқарады. Мектептің баланы тәрбиелеуіне қатысты саясатын отбасының түсінуі, соның жұмысына байланысты. Мұндай жағдайда отбасыны негізгі тапсырыс беруші және баланы тәрбиелеуде мектеппен одақтас ретінде қарастырған жөн. Сондықтан да сынып жетекшінің осы бағыттағы жұмысының негізіне мектеп пен ата-аналар және балалардың өзара қарым-қатынасы мен әрекетінде бірлікке, ынтымақтастыққа қол жеткізу, ол үшін баланың дамуына жағымды көңіл күй мен жағдай жасау. Оны нәтижелі шешу мүмкіндігі, егерде тәрбие жұмысының негізінде сол ынтымақтастық әрекет орын алған жағдайда ғана болады. Ол үшін өзара сенім мен кұрмет, өзара көмек пен қолдау, бір-біріне шыдамдылық көрсету ынтымақтастықтың негізіне айналуы тиіс. Дегенмен, мектеп оқушыларымен жұмыс істеу көп ізденуді, еңбек етуді қажет етеді. Әсіресе, сынып жетекшісіне жүктелер жауапкершілік мол. Оны окушылардың ата-аналарымен тығыз байланыста болған жағдайда ғана талапқа сай жұмыстар жүргізуге болады. Сол үшін де ата-аналар өз тарапынан мектепке тұрақты көмектесуте міндетті.                            Сынып жетекшісінің ата-аналарымен қоян-қолтық жұмыс істеуі мақсатты түрде өте ұзақ мерзімді қажет ететін процесс. Ол үшін отбасыны және оның отбасы тәрбиесіндегі ерекшеліктері мен жағдайын жан-жақты әр; жүйелі зерттеуді кажет етеді. Олай болса сынып жетекшісінің ата-аналармен жұмыс істеу қажеттілігі неде?

-баланың өмірін ұйымдастыруда, оның тәрбиесіне қатысты мәселелерді шешуде ортақ көзқарастың болуы;

-баланың отбасы мен мектеп жағдайындағы дамуын және әлеуметтенуін тиімді ұйымдастыру мақсатын тэрбиенің біріңғай ұстанымдарын қою табаланың жан-жақты үйлесімді даму үшін тәрбиелік ықпалды тиімді және нәтижелі ұйымдастыруда;

-баланың әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық даму жағдайын ескере отыра, тәрбиенің мақсаты және міндеттерін дұрыс анықтау, оларды жүзеге асыру үшін;

-баланы түрлі ортада, әртүрлі жағдайда жан-жақты жақсы танып білуі үшін;

-балаға ықпал етудің жалпы тәсілі мен техникасын ойластыруда, әртүрлі өмір жағдайында оның тұлғасына әсер етуде күш-жігерді біріктіру үшін;

-сынып жетекшісі, оқушылар және ата-аналардың жағымды көңіл- күйін, өзара жағымды түсіністік пен ынтымақтастық қарым-қатынасын орнықтыруда т.с.с.

Осыдан барып мектеп пен жанұя тәрбиесінің жағымды факторларға негізделген өзара кызметінің маңыздылығы түсінікті.

Сынып жетекшісі, оның міндеттері мен жұмысының мазмүны

Мектеп өмірінде мұғалім - басты тұлға. Мектеп мұғалімі балаларды оқытып қана қоймайды, сонымен бірге оларды тәрбиелсйді. Ол белгілі бір сыныпта оқушылардың оку-тәрбие жұмысын ұйымдастырушысы әрі ұстазы, ақыл-кеңесшісі болып саналады. Сондықтан да ол қиын да әрі жауапты міндетті іс. Соған қарамастан мұғалімдердің кейбіреуі бұл міндетті өздерінің білім беру қызметіне қосымша іс ретінде қараса, ал басқалары оны негізгі педагогакалық әрекеті ретінде қарастырады. Дегенмен, сынып жетекшісінің тәрбиелік қызметі қаншалықты қиын болғанымен де, әрине ол балаларға өте қажет. Себебі, мектеп құрылымындағы ең негізгі буын ол - сынып, Мұнда оқушылардың таным әрекеті ұйымдастырылып, олардың өзара әлеуметтік қатынастары қалыптасады. Балалардың болашақ әлеуметтік жағдайға бейімделуі, олардың демалысына , қатысты мәселелері, алғашқы ұжым болып қалыптасу дәрежесі, соған сәйкес сыныптың жағымды көңіл-күй жағдайы жүзегс асырылады. Олай болса, сыныпта оқушылардың оку-тәрбие әрекетін ұйымдастыру, тәрбиелік шаралардың ықпалын үйлестіру тек сынып жетекшілеріне жүктеледі. Ол оқушыларға қатысты мектеп өміріндегі мәселелерді шешуде нақтылы көмектесуге жәнс оларды тартымды әрі қызықты ұйымдастыруға тырысады. Ол өзіне қатысты сыныпта оқушылар ұжымын ұйымдастыра отырып, осыған сол сыныпта дәріс беретін пән мұғалімдерің, оқушылардың ата-аналарын және жұртшылықтың бала тәрбиесіндегі ықпалын біріктіріп, балаға деген талаптарын ортақтастырып отырады.

Сынып жетекшісі жұмысының негізгі мақсаты -мектеп оқушыларың қоғамның белсенді және саналы азаматы етіп тәрбиелеуте барынша ықпал жасау. Сыныптағы әрбір жеке тұлғаның ғылыми дүние танымының қалыптасуын адамгершілік қасиеттерін, еңбекке деген сүйіспеншілігін қамтамасыз етіп, жан-жақты жарасымды дамуына жағдай туғызу. Сондықтан оның жұмысының мазмұны мен тәрбиелік шараларының бәрі осы мақсатқа бағытталуы тиіс. Атап айтқанда тәрбиенің негізгі салалары: ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, еңбек және дене тәрбиесіне, елжандылық т.б. тәрбие міндеттерін мектеп пен сыныптың нақтылы өмір жағдайларына байланысты қарастыру.

Сынып тәрбиешісі қызметі 1871 жылғы "гимназиядағы сынып тәрбиешісі" Жарғысында ресми түрде бекітеді. Соған сәйкес сынып тәрбиешілері мұғалімдер есебінсн тағайындалып, олар білім берумен де айналысты. Сынып тәрбиешілерінің міндеттерінің аукымы кең болады: сабақта тәртіпті сақтауға ықпал ету, сабаққа қатысуды қадағалау; мектеп іс-қағаздарын жүргізу; оқушылардың дамуын, таным қабілеттерін бақылап зерттеу; сол сыныпта сабақ жүргізетін оқытушылармен ай сайын мәжіліс өткізу. Сонымен қатар сынып тәрбиешілері тәрбиеленуішілердің мемлекеттік зандарды және оларды орындаушыларды сыйлауға, Отанға және мемлекетке берілгендік сезімдерін тәрбиелеуге міндетті болды. Мұнда діни сезімге көптеп көңіл аударылды.Бірақта, іс жүзінде сынып жетекшілерінің әрекеті тек тәрбиеленушілерді бақылау және тәртіпті сақтаумен ғана шектедді. Себебі, оқу мекемелеріндегі мұндай қызметтің мәртебесі онша жоғары болмады. Әрі онда негізінен оқуға көптеп көңіл бөлінді. Сондықтан, сынып тәрбиешілерінің тәрбие жұмысымен айналысуға уақыттары да аз болды.

XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың бастапқы кезеңінде қоғамдағы кейбір өзгерістерге сай баланың жеке тұлғасына деген көзқарас өзгеріп, оның қажеттілігі мен қызығушылығына көңіл бөле бастады. Дегенмен де сынып тәрбиешілерінің қызметі 1871 жылғы Жарғыға сәйкес өзгеріссіз қалды. Олардың манызды міндеті - оқу процесін ұйымдастыру болып есептелді: сабақта тәртіп орнату; сабаққа қатысуы; қосымша сабақ ұйымдастыру; үй тапсырмасын орыңдату т.с.с.

XX ғасырдың басында оқушылардың сабақтан тыс жұмыстарын, демалысын, әртүрлі пәндер бойынша қосымша сабақтарын және әдеби кештер мен дене қимылы (гимнастика) үйірмесін ұйымдастыруға мақсатты түрде көңіл бөліне бастады.

1913-1914 жылдары сабақтан тыс жұмыстардың жаңа формалары пайда болды: тілдік, сурет салу. музыка, балшықпен жабыстыру ісімен шұғылданатын үйірмелер: қойылым (спектакль) қою, әдеби-музыкалық, би кештерін. көрме жұмыстарын ұйымдастыру; саяхатқа бару. Осындай жұмыстарды атқару барысында сынып тәрбиешілері тағы да негізгі ұйымдастырушы және оларға қатысушы бола алмады. Олардың міндеті бақылаудан аспады.

Кеңес дәуірінің алғашқы кезеңдерінде де сынып жетекшісі деген қызмет болмады. Оқушылармен тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру мұғалімдердің бәріне бірдей жүктелді. Оларды той жетекшілері деп атады. Негізгі міндет -коммунистік идеология аясында оқушылардың саяси тәрбиеіне көптеп кең болу. Оқушылардың бастауыш ұйымдарында жалпы мектептік өзін-өзі басқаруды ұйымдастыруды мақсат етіп қойды. Іс жүзінде тәрбие жұмысына онша көңіл бөлінбеді. Мұғалімдердің кызметі оқушылар және олардың ата-аналары жайында мәліметтер жинастыру, сабаққа қатысуын қадағалау т.с.с. болды.

1928 жылы сынып тәрбиешісі қызметі ресми түрде жойылып, оқушылардың өзін-өзі баскару ұйымына басымдылық береді. Дегенмен де бұл бағытта да оң нәтижеге қол жеткізу мүмкін болмады.

20 жылдардың ортасында оқушылар ұйымы дағдарыс жағдайына болды. Ондағы себеп, балаларда ұйымдастыру жұмыстарына қатысты тәжірибенің жетіспеушілігі, олардың мүмкіндігін артық бағалау және өзін-өзі басқару мәселесінде мұғалімдердің ролін өз дәрежесінде бағаламау. Мұндай жағдайдан шығудың бірден-бір жолы мұғалімдерді оқушылар тобына — бастауыш ұжымға бекіту, олардың міндетіне оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдарына жетекшілік ету (негізгі міндеті), оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру, оқушылардың жеке басын жәнс өмір жағдайын зерттеу, ата-аналарымен жұмыс істеу болды.

1930 жылдары отаңдық метепте өте маңызды өзгеріс болды: оқу процесіне сыныптық сабақ жүйесін енгізу, оқушлардың жеке-дара білімдерін жүйелі түрдс есепке алу, тұрақты оқу бағдарламалары мен оқулықтарды жасау т.б. Осыған байланысты топ жетекшілерінің де жағдайы өзгерді.

1934 жылы "Жалпы енбек мектебінің" Жарғысы мен Ережесінің қабылдануы, мектептердегі оқу-тәрбие процесін топтап оқыту тәртібіне көшіруі, сыныптық-сабақ жүйесіне өтуге байланысты, топ жетекшісі, сынып жетекшісі деп өзгертіліп, олардың тәрбиешілік кызметтерінің міндеттері мен мазмұны, формалары мен әдістері жаңа сипатка ие болды. Соған сәйкес сынып жетекшісі туралы Ережсні 1934 жьшы 28 маусым күні РСФСР Халық ағарту Комиссариаты бекітті. Осы Ережемен бірге сынып жетскшісінің қызметі де бекітілді.

1947 жылы сынып жетекшісі туралы жаңа ереже қабылдаңды. Онда сынып жстекшілерін тағайындаудың жаңа тәртібі белгіленіп, олардың қызметі нақтыланды. Сонымен бірге тәрбие жұмысын жоспарлау және есеп беру формалары туралы нұсқау берілді. Бастауыш сынып ұжымын ұйымдастыру және оны қалыптастыруға, ондағы тәрбие жұмысының негізі оқушылардың идеялық саяси тәрбиесіне аса мән берілді. Пионер және комсомол ұйымдарымен жұмыс істеу, оқушылардың "Оқушылар ережесін" үйренуі міндеттелді.

Осыдан 1971 жылғы жаңа "Сынып жетекшісінің Ережесіне" дейінгі мерзімде сынып жетекшілерінің міндеттерінде айрықша өзгеріс болмады. Соңғы жылдары кейбір мектептерде "Сынып жетекшісінің" орнына тек тәрбие мәселелерімен айналысатын дербес "Сынып тәрбиешісі" деген қызмет пайда болуда. Оның себебі, біріншіденбүгінгі таңдағы әлеуметтік өмірдің барлық саласындағы маңызды өзгерістердің ықпалы. Олар қоғамдық және тұлғалық қатынастарға кең көлемде ықпал етуде. Бір жағдайда, бұл қатынастар субъект ретінде бәсекеге төтеп бере алатын барлық оған қатысушыларға тым қатаң талап қойса, екінші жағдайда, адамның қоғамдағы өз тағдырын өзі еркін шешуге, әлеуметтік мәселелердің тәсілдерін таңдауда оған мүмкіндік береді. Мұңдай көзқарас мектептегі педагогикалық процеске қатысушылардан жаңа ізденімпаздықты талап етеді. Соған орай тек білім беру саласында ғана емсс, сонымен бірге ұстаздар мен оқушылар, мектеп әкімшілігі мен педагогикалық ұжым арасыңда қызықты жобаларды қарастыру, оларды педагогикалық процеске ендіру қажеттігі басымдылық танытуда. Олардың негізіне ынтымақтастық жәнс тең құқықтық серіктестікті жатқызу көзделіп отыр. Екіншіден, білім беру жүйесінде жаңа сипаттағы оқу орындарының пайда болуы: гимназия, лицей т.с.с. Соның барысында кейбір классикалық тұрғыдағы білім беретін жалпы орта мектептерінің педагогикалық әрекеті өзгеріске ұшырауда. Соған сәйкес сынып жетекшісі қызметінің мазмұны мен сипаты да өзгеруде:

- пән мұгалімі, бір мезгілде сынып жетекшісінің қызметін атқарушы;

- сынып жетекшісі, аз мөлшерде оқу жүктемесі бар пән мұғалімі;

- сынып жетекшісі, тек тәрбие жұмысымен айналысатын мұғалім;

- сынып тәрбиешісі (кейбір оқу мекемелерінде пайда болған жаңа қызмет).

Осындай жіктеуге қарамастан, сынып жетекшілерінің, тәрбиешісінің қызметі. құкығы мен міңдеттері өзгеріссіз қалуда. Себебі, мектептің педагогикалық қызметі оның Жарғысы бойынша әрекет етеді, яғни сынып жетекшісінің тәрбие қызметі де осы құжатқа негізделген. Дегенмен, баланы тәрбиелеу ісі оның әлеуметтік ортамен өзара тікелей белсенді әрекеті жағдайында жүзеге асады. Мұңдай жағдайда сынып жетекшісінің қызметі оқушылардың әлеуметтік өмірде өздерін-өздері тани білуінс, сынып жәнс мектеп ұжымында өз орындарын таба білуіне көмектесе отырып, олардың дамуына қолайлы жағдай туғызу.

Бүгінде қоғамды реформалау жағдайында мектепке, оқушылар мен мұгалімдерге қойылатын талаптар да жаңа сипатка ие болуда. Дегенмен, сынып жетекшісі қызметінің маңыздылы жойылған жоқ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сынып жетекшісінің ата-аналармен жүргізілетін жұмысынын формалары мен әдістері


Ата-аналармен жеке кездесу

Сынып жетекшілерінің, мұғалімдердің ата-аналармен жеке кездесуі мектеп өміріне дәстүрге айналған. Оқушылардың жанұясына бару, ата-аналарды мектепке шақыру арқылы сынып жетекшілері олармен кездеседі. Ата-аналармен әңгімелесудің барысында баланың мінез-құлқы, ынтасы мен қабілеті, қызығушылығы мен бейімділігі, жанұя мүшелерімен, жолдастарымен қарым-қатынасы жайлы түсінік алады. Сонымен бірге, сынып жетекшілері ата-аналарды балаларының үлгерімі, қоғамдық жұмысқа белсенділігі, кейбір кылықтары туралы мәліметтермен таныстырады. Оқушылардың күн режимі, оларды еңбекке баулу, үйге берілген тапсырмаларды орындау жайлы ата-аналарға педагогикалық кеңес береді.

Ата-аналарды мектепке шақырып сөйлесудің де маңызы өте зор. Ата-аналармен әңгімелесу мазмұны әр түрлі тақырыптарға байланысты. Мәселен, бала жақсы оқыды, тәртібі де жаман емес, бірақ қоғамдық пайдалы жұмысқа қатысуға ынтасы жоқ. Бұл жөнінде ата-аналарды күн бұрын ескерту, оларға дұрыс кеңес беру өте қажет. Ғылымның кейбір салаларында баланың дарындылығын дамыту мәселесі жайлы, ал кейде ата-аналарды баланың өрескел қылықтары үшін де шақыруға тура келеді. Міне, осы жағдайларға ата-аналармен кездесіп, оларға педагогикалық кеңес беру сынып жетекшілерінің, мұғалімдердің мектеп басшыларының борышы, нақты көмегі. Мектепте кездесу үшін ата-аналар күні белгіленеді. Осы күні олар мектепке келіп, тәрбие оқу мәселелері жайлы пікір алысады, кажетті педагогикалық кеңестер алады. 

Ата-аналар жиналысы

Ата-аналар жиналысы мектеп бойынша жылына екі рет, сыныптар бойынша төрт рет өткізіледі. Жиналысты дұрыс ұйымдастырьш өткізуге ата-аналар комитеті мен ата-аналар белсенділері мектеп басшылары және сынып жетекшілерімен бірдей жауап береді. Ата-аналар жиналыстарында оқу-тәрбие жұмысы қаралады, оның сапасын жақсартудың негізгі жолдары белгіленеді. Кейбір ата-аналар жанұялық тәрбие жайлы есеп береді. Жиналыстарда сынып жетекшілері ата-аналарды сынып ұжымының оқу-тәрбие жоспарымен, ал мектеп басшылары оқушылар және ата-аналар комитетінің іс-жоспарларымен таныстырады. Мектеп өмірінде тақырыптық ата-аналар жиналыстарын өткізіп отырудың зор тәрбиелік мәні бар. Мұндай жиналыстардың мақсаты - ата-аналарды психологиялық-педагогикалық білім мен тәжірибе жаңалықтарымен таныстыру.

Селолық жерлерде ата-аналардың жұмыс жағдайын, жер шалғайлығын еске алып, тұрған жерлеріне барып жиналыстар өткізуге де болады. Ол үшін алыстағы мал шаруашылығы отарында қызмет істейтін оқушылардыц ата-аналарымсн өткізілетін жппалыстарды мектеп ұжымы жыл басында жоспарға енгізеді. Жоспар бойынша сынып жетекшілері, мұғалімдер оқу-тәрбие мәселелері жайлы, педагогикалық тақырыптарға, халықаралық жағдай туралы лекциялар оқиды. әңгімелср өткізеді. Мұндай жиналыстар ата аналармен кең пікір алысу дәрежесінде өткізілуі тиіс. Мұғалімдер басшылығымен оқушылар – көркем өнерпаздар үйірмесінің мүшелері ата-аналар алдында көрсетеді. 

Ата-аналар комитеті

Ата-аналар жұртшылығының тұрақты органы - ата-аналар комитеті. Ол мектеп ұжымымен бірге жұртшылықтың көмегін пайдалана отырып, оқу-тәрбие және шаруашылық жұмыстарын жақсартудың шараларын жасайды, оларды іске асырудың барлық мүмкіншіліктерін қарастырады. Ата-аналар комитеті айналысатын басты мәселелер: мектеп және сыныптар бойынша ата-аналар жиналыстарын, конференцияларын, семинарларын өткізуге көмектесу; университетке ата-аналарды тарту, қатысуларын бақылау; үлгірмейтін және "қиыни балаларды шефке алу, сынып жетекшілеріне көмектесу; үйірме жұмыстарын басқару; балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру; экскурсияларды, жорықтарды, ұйымдастыруға қатысу; мектеп үйін жөндеу т.б.

Ата-аналар комитеті мүшелерінен және ата-аналар белсенділерінен тұрақты комиссиялар кұрылып, олар мектеп жұмысының кейбір түрлерін педагогикалық ұжым мүшелерімен одақтасып бірге баскарады. Мысалы, оларға оқу-тәрбие жұмысы, педагогикалық насихат, қоғамдық пайдалы және өнімді еңбек, мәдени көшпілік жұмысы т.б. жатады. 

Ата-аналар белсенділерімен жұмыс

Белсенділер мектептің барлық жұмысына қатысады, ата-аналармен қарым-қатынас жасайды, пікір алысады, оларға көмек көрсетеді, ата-аналар конферснңиясын және жиналыстарын, оқушылардың үйірме жұмыстарын өткізуге көмектеседі, енбек тәрбиесін, қоғамдық пайдалы жұмысты және өнімді еңбекті ұйымдастыруда өз үлесін қосады. Мектеп үйін спорт алаңын жөндеу жұмысына қатысады. Жеке отбасымен жұмыс істейді, бала тәрбиесіне салқын және жауапсыз қарайтын ата-аналарға ықпал жасайды, кейбір, әсіресе қиын балаларды шефке алады, оларға қажетті көмек көрсетеді.

Ата-аналар белсенділері мұғалімдер ұжымының үлкен тірегі. Сондықтан, мектеп басшылары, ата-аналар белсенділерімен арнайы жұмыстар жүргізеді. Олар үшін семинарлар, коллоквиумдер ұйымдастырып, тәрбие үрдісі мен ұстанымдары, әдістері мен тәсілдері, баланы жасына қарай дене және психикалық даму ерекшеліктері жайлы теориялық және практикалық біліммен белсенділер мүшелерін қаруландырады. 

Ата-аналар үшін әңгімелер мен лекциялар

Педагогикалық және психологиялық тақырыптарға сай ата-аналарға түрлі әңгімелер және лекциялар өткізіледі. Олардың мазмұны ата-аналардың білім дәрежесіне, тілектері мен мүдделеріне сай болуы тиіс. Әсіресе, мектеп жайлы газет және журнал беттерінде жарияланған озат тәжірибелерге әңгімелер мен лекцияларда үлкен мән беріліп, оның күн тәртібіндегі өзекті мәселе екендігі ата-аналар арасында дұрыс насихатталуы керек.

Әңгімелер мен лекциялардың мазмұны балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне сая баяндалуы қажет. Жоғары сынып оқушыларымен өткізілетін тәрбие жұмысы мазмұнының өзіндік ерекшеліктері бар. Оқушылар ғылым негіздерін игереді, адамгершілік, еңбек тәжірибесінің барысында, олардың көзқарастары қалыптасады, қоғамдық пайдалы және өнімді еңбекке тікелей қатысады, өзінің сүйген мамандығын тандау үшін мамандардан тұжырымды кеңестер алады. Демек, өмірге, еңбекке өзін-өзі даярлауға бет бұрады.

Тәрбие жұмыстарыныңғ осындай басты мәселерін еске алып, мектеп мұғалімдері, ауыл шаруашылық мамандары, инженерлер, дәрігерлер, заң қызметкерлері балалардың ата-аналарымен әңгімелер өткізеді, лекциялар оқиды.



Конференция өткізу

Жанұя тәрбиесінің басты мәселелері жайлы пікір алысу негізінде параллельді сыныптар оқушыларының ата-аналарымен конференциялар өткізіледі. Конференцияға жұртшылық және еңбек ұжымдарының уәкілдері де қатысады. Конференцияда талқыланатын тақырыптар күні бұрын ұсынылады. Мысалы: "Балаларды тәрбиелеуде мектеп пен отбасының ынтымақтастығы", "Отбасындағы тәрбиеде жұртшылықтың ролі". Сонымен бірге кейбір отбасында бала тәрбиесі жайлы тәжірибелер еске алынып, конферепцияларда ата-аналардың "Үйіне берілген оқу тапсырмасын орындауда мен балама қалай көмектесем", "Біздің отбасындағы ецбек тәрбиесі", "Отбасында бала бос уакытын қалай пайдалану керек'" сияқты баяндамалары тындалады.

Әдетте конференцияны мектеп басшыларының біреуі немесе ата-аналар комитетінің төрағасы я болмаса озат мұғалім ашады. Содан кейін баяндамалар талқыланып, кең түрде пікір алысу болады. Конференция өз жүмысын қысқа әдістемелік кепілдеме қабылдаумен аяқтайды.

Конференция кезінде көрме ұйымдастырылып, отбасылық тәрбие тақырыптарына түрлі экспонаттарды көрсетуте болады. Олар ата-аналардың үлгі істері, отбасылық тәрбие жайлы педагогикалық әдебиеттер, олардың тізімі, оқушылардың отбасындағы күн режимі, отбасы тәрбиесі туралы жасалған баяндамалардың текстісі, теле және кинофильмдердің тізімі т.б. Конференция соңында бала тәрбиесіне байланысты фильм көрсету т.б.

Ата-аналар лекторийлері. Бұлар мектептердің, балалар бақшаларының, мәдени сарайлары мен үйлерінің жанынан ұйымдастырылады. Лекторий жұмысы бір немесе екі жылға жоспарланып, онда арнаулы бағдарлама бойынша ата-аналар үшін лекциялар оқылады. Облыстық мұғалімдер білімің жетілдіру институттары мен облыстық педагогикалық білім қоғамы лекторийлердің бағдарламасын жасап, өздерінің біріккен кеңесінің мәжілісінде бекітеді. Мысалы. мынадай тақырыптарды ұсынуға болады:

1. Қоғамдық және жанұялық тәрбие, олардың бірлігі.

2. Балалар мен жеткіншектерді еңбекке даярлауда, сүйген мамандығын саналылықпен таңдауда өнеркәсіп, ауыл шаруашылық өндірістерінің тәрбиелік ролі.

3. Жыныс тәрбиесі, жастарды некелік-жанұялык өмірге дайындау.

Университеттер. Ата-аналарға, жұртшылыққа жүйелі педагогикалық білім беретін ата-аналар университеттері және халық университеттерінің жанынан педагогикалық факультеттер ұйымдастырылады. Университеттерде оқу мерзімі екі жыл. Оқу сабақ кестесі бойынша жүргізіледі. Университетке түсетін адамдар мектеп жанындағы ата-аналар комитеті арқылы қабылданады. Университетке түскендер педагогика, балалар психологиясы, жас ерекшелік физиологиясы, мектеп гигиеиасы мәселелерінен және халықаралық жағдайдан, өнер, медицина, құқық және заң тақырыптарынан лекциялар тыңдайды, семиналарға қатысады, рефераттар жазады. Университетті тыңдаушылар бірінші оқу жылының" аяғында сынақтар, ал екінші оқу жылының соңында емтихан тапсырады. Уннверситетті бітіргендерге куәлік беріледі. 

Сынып жетекшісінің ата-аналармен жүргізетін ағарту жұмысының негізгі формалары

Мектептегі тәрбие жұмысының нәтижелілігінің бір ұшы ата-аналармен, қоғамдастықпен мектептің бірлескен әрекетінде екені ешуакытта күмән туғыз-байды. Бала тәрбиесі мен дамуындағы басты рол атқарушы отбасы. Оның өмірінің басым бөлігі отбасында өтеді. Сондықтан бала мектеп табалдырығын аттағанға дейінгі оның алғашқы ұстазы ата-анасы. Отбасы мектеппен бірлесіп оқу-тәрбие үрлісінің табысты не табыссыз болуын анықтайтын тәрбиелеуші ортаның факторларының маңызды кешенін туғызады. Мектеп пен отбасының ынтымақтастығын жүзеге асыруда сынып жетекшісі негізгі рөл аткарады. Сынын жетекшінің жұмысынан отбасы мектептегі оқу-тәрбие үрдісінің мәні мен маңызын, ұстанатын бағыттарын түсінеді әрі оған қатысады. Педагогика практика - оқушылар ата-аналарымен мектеп пен сынып жетекшісінің жұмысының 5 түрлі қызметі анықталған.

Олар

1- қызметі. Ата-аналарды оқу-тәрбие үрдісінің мазмұны мен әдістемесімен таныстырады. Алғашқы ата-аналар жиналысында сынып жетекшісінің өзі ата-аналармен танысады және оларды өзінің педагогикалық ұстанымдарымен таныстырады, өзінің болашақта жүргізетін жұмыстарының бағдарламасымен, мақсат, міндеттерімен және тәрбие жұмысының жоспарымен таныстырады, өзекті мәселелерді бірігіп талқылайды.



Ата-аналарды оқу-тәрбие үрдісіне төмендегідей әрекеттер арқылы тартады:

- балалар мен олардың ата-аналарының шығармашылығының күші;

- ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар;

- мектеп пен сыныптың материалдық-техникалық базасын күшейту және сыныптан тыс іс-шаралар ұйымдастыруға көмек көрсету;

- шефтік көмек,

- ата-аналардың мектеп кеңесі жұмысына қатысуы;

2 – қызметіАта-аналармен педагогикалық-психологиялық ағарту жұмысын ұйымдастыру. Оны аналарға арналған мектептік, сыныптық конференциялар ұйымдастыру;

- ата-аналар университеттері;

- қызығушылықтары негізінде ата-аналар лекториплері: дарынды балалар, қиын балалар педагогикалық кәсіпті тандаған балалар, түрлі үйірмелерге қатысатын балалардың ата-аналары үшін деп бөліп өткізуге болады:

Сыныптық ағарту жұмыстары тәрбие міндеттеріне байланысты, оқушылар мен сынып ұжымын жүйелі зерттеу бойынша; Оны түрлі формада мәселелік конференциялар, жеке және топтық кеңестер беру түрінде өткізуге болады.




  • Психологиялық, педагогикалық, медициналық, заң туралы кеңестер; 

  • Тренингтер; 

  • Ата-аналарға арналған әдебиеттерге шолу көрмесін ұйымдастыру және оқырмандар конференциясын өткізу. 


3 - кызметіАта-аналарды балалармен бірлескен әрекетке тарту. 

Оның формалары:

- сынып жетекшісі ұйымдастырған сабақтан тыс барлық әрекетке қатысу жорық, керуен, саяхат, өндеу жұмыстары, сенбіліктер турнирлер);

- жалпы мектептік дәстүрлі іс-шараларды ұйымдастуруға ата-аналарды қатыстыру түлектер кештері, туристердің мектептік елеті, мектеп бітіру кештері, ардагерлермен кездесу және т.б); 


  • республика және оның шегінен тыс алыс жорықтарға шығуды немесе дайындатуды ата-аналармен бірге жүргізу; 

  • оқырмандар конференциясы; 

  • отбасылық ойын байқаулары. 


4 - қызметі. Жекелеген оқушылардың отбасындағы тәрбиеге түзету жмыстарын жүргізу. Алдымен отбасы тәрбиесін жүргізу боыйнша психологиялық- педагогикалық кеңестер мен көмектер беру.

Сынып жетекшінің отбасын арнайы бүгінгі күнге дейін ата-аналармен жұмыстың жағымды формаларының бірі болып келсе, қазіргі кезде кейбір педагог ғалымдардың пікірінше, бұл талас екі жақты мәселе. Өйткені, жұмыстың осы формасы туралы бұл отбасының жеке өміріне қол сұғу болмай ма деген пікірлер кездеседі. Сондықтан жұмыстың бұл формасын сынып жетекшісі нақты жағдайға, сол отбасының ерекшелігін жақсылап біліп, ойланып барып жасағаны жөн. Немесе келесі шарттарды сақтағаны жөн:




  • отбасына ескертпей келмеу; 

  • отбасында 5-10 минуттан артық болмау; 

  • отбасына келгенде әңгімені табалдырықта тұрып немесе сырт киіммен 


тұрып бастамау егер ата-аналар қобалжып өздері айтпаса, әдеппеп ғана өзіңіз ұсыныңыз.

- әнгімені әкімшілік-әміршілдік сыңаймен жүргізуге болмайды;

- ата-ананы үйретпеңіз тек кеңес беріңіз.

- негізінде әңгімені баланың көзінше оған да, анаға, өзіңізге де қолайсыз болмайтындай стилді таңдап алып жүргізгеніңіз дұрыс болмақ.

- сонымен қатар ата-аналарға тәрбие мәселесін талқылауға шақырған қағазбен бірге, сол мәселеге қатысты жаднама жазып жіберу тиімді болмақ.

Сынып жетекшісі отбасы — салыстырмалы түрде тәрбиенің туйық институты, ал ата-аналардың тәрбиелік қүш-қуаты мен мүмкіндігінің әр түрлі деңгейде болатынын ескеруі тиіс. Сондықтан ата-аналармен жұмыста да түрлі амалдар мен формаларды саралап қолдану керек.

 

 

 

 

 

 

Ата- аналар жинлысының құрылымы

Ата-аналар жиналысын өз уакытында бастауды қатаң сақтау керек. Ең ұзақ деген жиналыстың өзі шамамен 1-1.5 сағаттан аспағаны дұрыс.

1. Сынып жетекшісінің кіріспе сөзі — минут.

2. Ата-аналармен жүргізілген сауалнаманы талдау (сынып жетекшісі, психолог. мұғалім), қарастырылатын мәселені айшықтай түсу үшін 5-7 минут.

3. Такырып бойынша сөйлеу; шақырылған маман немесе сынып жетекшінің өзі. Сол нақты дәл тұжырымдалған, түсінікті болуы тиіс —5-15 минут.

4. Мәселені ата- аналармен бірге талқылау —20 минут.

Алдымен жағымды нәтижелерден бастау керек Талдау ата-аналармен бірлескен жұмыс арқылы жағдайды түзеуге болатынына көздерін жеткізетіндей, сенімді түрде айтылғаны жөн.

Қорытындылау барысында сынып жетекшсі ата-аналарға бірлесіп жұмыс жасағандары үшін алғысын білдіріп, рахмет айтуы тиіс және оқуында не тәрбиесінде қиындықтар туғызып жүрген балалардың ата-аналарын 1 минутка кідіре тұруын сұрайды да, жеке-жеке әңгімелеседі.






Сынып жетекшісінің ата-аналармен жүргізетін жұмысының формалары мен әдістері.

Ата-аналардың өз балаларының жан-дүниесін жақсы түсінуі, оларға отбасында дұрыс та тиімді тәрбиелік орта тудыру үшін, бала тәрбиесіне қатысты білімі және біліктерін ұдайы көтеріп отыруы қажеттілігін өздері түсінуі тиіс. Сол үшін де мектептің, сынып жетекшісінің ата-аналармен педагогикалық жұмыс жүргізуі, оның бағытын дұрыс ұйымдастырып отыруы міндеттелінеді.

Соңғы жылдары педагогикалық әдебиеттерде «ата-аналарды тәрбиелеу» деген ұғым пайда болуда. Ондағы көзделген мақсат ата-аналарға бала тәрбиесіне қатысты педагогикалық кеңес, оқуды ұйымдастыру, соған сәйкес олардың педагогикалық білімдерін жетілдіріп отыруды көздейді. Ғалымдардың айтуынша, әр елде, сонымен қатар отандық педагогикада жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесіне сай, ата-аналар балаларын тәрбиелеу барысында айтулы қиыншылыктарға кездеседі. Сондықтан да олар мұғалімнің ақыл-кеңестерін, практикалық көмектерін аса қажет етеді. Олардың ұйымдастыруындағы ақыл-кеңес тек отбасы жағдайы сәтсіз ата-аналарға ғана қажет емес, сонымен бірге отбасы тәрбиені ата-аналарға да керек. Себебі, қоғамның қарқынды дамуы осы бағытта жаңа талаптар қоюда. Сондықтан ата-аналарға бала тәрбиесінде, біріншіден, педагогикалы білімдерді жинақтауға, екіншіден, олардың өздерінің тәрбиелі және дамуын міндеттейді. Егер де мектеп пен ата-аналардың тәрбиешілік өзара әрекетін бірлікте ұйымдастырса, бұл шешімін табатын міндеттер. Ол мектеп тәжірибесінде мұғалімнің ата-аналармен кездесуін ата-аналар жиналысын ұйымдастыру, ата-аналар комитетін құру, ата-аналар белсенділерімен жұмыс істеу, ата-аналар үшін әңгімелер мен дәрістер ұйымдастыру, мәслихат өткізу сенімді жұмыстар барысында атқарылады. 

Ата-аналармен жеке кездесу

Сынып жетекшілерінің, мұғалімдердің ата-аналармен жеке кездесуі мектеп өміріне дәстүрге айналған. Оқушылардың отбасына бару, ата-аналарды мектепке шақыру арқылы сынып жетекшілері олармен кездеседі. Ата-аналармен әңгімелесудің барысында баланың мінез-құлқы, ынтасы мен қабілеті, қызығушылығы мен бейімділігі, отбасы мүшелерімен, жолдастарымен қарым-қатынасы жайлы түсінік алады. Сонымен бірге сынып жетекшілері ата-

аналарды балаларының үлгерімі қоғамдық жұмысқа белсенділігі, кейбір қылыктары туралы мәліметтермен таныстырады. Оқушылардың күн режімі, оларды еңбекке баулу, үйге берілген тапсырмаларды орындау жайлы ата-аналарға педагогикалық кеңес береді.

Ата-аналарды мектепке шақырып сөйлесудің дс маңызы өте зор. Ата-аналармен әңгімелесу мазмұны әртүрлі тақырыптарға байланысты. Мәселен, бала жақсы оқыды, тәртібі де жаман емес, бірақ қоғамдық пайдалы жұмысқа қатысуға ынтасы жоқ. Бұл жөнінде ата-аналарды күн бұрын ескерту, оларға дұрыс кеңес беру өте кажет. Ғылымның кейбір салаларда баланың дарындылығын дамыту мәселесі жайлы, ал кейде ата-аналарды баланың өрескел қылыктары үшін де шақыруға тура келеді.

Міне, осы жағдайларға ата-аналармен кездесіп, оларға педагогикалық кеңес беру сынып жетекшілерінің, мұгалімдердің, мектеп басшыларының борышы, нақты көмегі. Мектепте кездесу үшін ата-аналар күні белгіленеді. Осы күні олар мектепке келіп, тәрбие оқу мәселелері жайлы пікір алысады, қажетті педагогикалық кеңестер алады. 
Ата-аналар жиналысы

Ата-аналар жиналысы мектеп бойынша жылына екі рет, сыныптар бойынша төрт рет өткізіледі. Жиналысты дұрыс ұйымдастырып өткізуге ата-аналар комитеті мен ата-аналар белсенділері және мектеп басшылары сынып жетекшілерімен бірдей жауап береді. Ата-аналар жиналыстарында оқу-тәрбие жұмысы қаралады, оның сапасын жақсартудың негізгі жолдары бекітіленеді. Кейбір ата-аналар отбасылық тәрбие жайлы есеп береді. Жиналыстарды сынып жетекшілері ата-аналарды сынып ұжымының оқу-тәрбие жоспарымен, ал мектеп басшылары оқушылар және ата-аналар комитетінің іс-жоспарларымен таныстырады.

Мектеп өмірінде тақырыптық ата-аналар жиналыстарын өткізіп отырудың зор тәрбиелік мәні бар. Мұндай жиналыстардың мақсаты ата-аналарды психологиялық-педагогикалық білім мен тәжірибе жаңалықтарымен таныстыру, ой қорыту.

Мұғалімдердің басшылығымен оқушылар көркем-өнерпаз үйірмесінің мүшелері ата-аналар алдында өнер көрсетеді.

Ата-аналар жиналысында балалардың үлгерімі мен сабаққа қатынасы, тәртіпсіздіктері, оқудағы үлгермеуі жөнінде ақпарат беріп шектелместен, келеңсіз құбылыстардың алдын алу жағдайларына орай нақты шаралар жолын сөз еткен пайдалы. Ата-аналар жиналысын құрғақ уағыз бен кейіп-сөгу, оқушымен оның отбасын әшкере ету де сынып жетекшісіне жараспайды.

Ата-аналар мен мектеп арасындағы байланысты жақындатудың бір жолы баланың әке-шешесін мектепке шақырып, сабаққа қатыстырып, оқушы үлгерімі мен тәртібін хабардар етіп тұру. Бірақ, мұндайға себеп болатын бір келеңсіз жағдайдан гуманист сынып жетекшісінің аулақ болғаны жөн. Мысалы, әміршіл-әкімшіл жүйеден босай алмаған мектепте ата-аналарды мектепке шакырудың себебі біреу-ақ: оқушы тәртібі мен үлгерімінен қанататтанбаушылық, ал сылтауы-нақты факт. Ал осындай ата-аналардың көңіліне тиіп, ашу-ызаға бұлықтыратын мұндай шақырулар оларды мектептен бездіреді, мектеп-баладан безінеді.

Қызметтестік педагогикасын ұстанған мектепте келесідей ереже қалыптасқан: әрбір әке не шеше міндетті түрде аптасына бір рет мектептен хабар алып тұруы. Мұндай да кезекті мектепке келу алдынан болған оқушының қандай да болымсыз әрекеті қалыпты қабылданып, жалпы ұнамды фонда аса қатерлідей, ата-ана жанына батқандай сезілмейді осындай формада жүргізілген жұмыспен мектеп, сынып жетекшісі ата-аналарға өз балаларының тәрбиесімен жүйелі айналысуға көп септігін тигізеді, әрі осындай тәрбиелік іспен тұрақты шұғылдануға үйретеді. Әлбетте, мұндайда сынып жетекшісінің жүктемесі ауырлайды: әр күні ол 3-4 ата не анамен қатынас жасауына тура келеді, дегенмен бұдан түсер пайда отбасы үшін де, мектеп үшін де орасан. Уақыт озуымен ата-аналардың мектеппен хабар алып тұруының тұракты «кестесі» қалыптасады, ал бұл барша оқушылардың-үздіктердің де, үлгермейтіндердің де. тәртіпсіз не тәртіптілердің де жалпы оқуы мен қылықтарының жақсара түсуіне ұнамды ықпал жасайды.

Сынып жетекшісі өз тәрбиеленушілерінің үй тұрмыстық жағдайларымен, үйдегі тәрбие жөнімен жақыннан танысуы үшін отбасынан хабар алып тұруы-міндетті істердін бірі. Үйдегі жалпы ахуал, отбасы мүшелері арасындағы үлкенді-кішілі қатынастар тәжірибелі ұстаға көп нәрседен ақпарат береді. Оқушы отбасының босағасын аттауды сынып жетекшісі аса әдептілік сақтап, келесі ережелерге бағынғаны өте қажетті:

- шакырусыз бармаңыз, қандай да жолмен болса да ата-ана рұксатын алуға тырысыңыз;

- отбасының ересек мүшелерімен әңгімелесуде аса жоғары әдептілік мәдениетін сақтаңыз, әркашан әңгімені көңілге жылу беретіндей сөздермен, мақтаумен бастаңыз;                                                                                                                                     - оқушыңыз үлгерімі не тәртібі жөнінде арыз айтуды тіпті де естен шығарыңыз, ойыңызда болса, ондай жағдайларды үлкен, маңызды проблемалармен жанамаластырып шешу жолдарына кеңес айтыңыз;                                                                - әңгімелесу кезінде оқушыларыңыз қастарыңызда болғаны жөн, ата-анамен көзбе көз сөйлесулерді аса қажетті жағдайда ғана қоланыңыз;                                                            - ата не анаға мін тағудан сақтаныңыз:                                                                                          - оқушы тағдырына жаныңызбен ортақ екпініңізді білдіруге тырысыңыз;


http://flatik.ru/flax/826/825039/825039_html_m5b19d58f.jpg
 

Ата-аналар жұртшылығының тұрақты органы ата-аналар комитеті.

Ол мектеп ұжымымен бірге жұртшылықтың көмегін пайдалана отырып, оқу-тәрбие және шаруашылық жұмыстарын жақсартудың шараларын жасайды, оларды іске асырудың барлық мүмкіншіліктерін қарастырады. Ата-аналар комитеті айналысатын басты мәселелер: мектеп және сыныптар бойынша ата-аналар жиналыстарын, конференцияларын, семинарларын өткізуге көмектесу; университетке ата-аналарды тарту, қатысуларын бақылау; үлгірмейтін және

«қиын» балаларды шефке алу, сынып жетекшілеріне көмектесу; үйірме ұмыстарын басқару; балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру; экскурсияларды, қатарды, ұйымдастыруға қатысу; мектеп үйін жөндеу т.б.

Ата-аналар комитеті мүшелерінен және ата-аналар белсенділерінен тұрақты комиссиялар құрылып, олар мектеп жұмысының кейбір түрлерін педагогикалқк ұжым мүшелерімен одақтасып бірге басқарады. Мысалы, оларға оқу-тәрбие жұмысы, педагогикалық насихат, қоғамдық пайдалы және өнімді еңбек, мәдени көпшілік жұмысы т.б. жатады.



Ата-аналар белсенділерімен жұмыс

Белсенділер мектептің барлық жұмысына қатысады, ата-аналармен қарым-қатынас жасайды, пікір алысады, оларға көмек көрсетеді, ата-аналар конференциясын және жиналыстарын, оқушылардың үйірмен жұмыстарын өткізуге көмектеседі, еңбек тәрбиесін, қоғамдық пайдалы жұмысты және өнімді еңбекті ұйымдастыруда өз үлесін қосады. Жеке отбасымен жұмыс істейді, бала тәрбиесіне салқын және жауапсыз қарайтын ата-аналарға ықпал жасайды, кейбір, әсіресе қиын балаларды шефке алады, оларға қажетті көмек көрсетеді.

Ата-аналар белсенділері мұғалімдер ұжымының үлкен тірегі. Сондықтан, мектеп басшылары, ата-аналар белсенділерімен арнайы жұмыстар жүргізеді. Олар үшін семинарлар, коллоквиумдар ұйымдастырып, тәрбие үрдісі мен ұстанымдары, әдістері мен тәсілдері, баланың жасына қарай дене және психикалық даму ерекшеліктері жайлы теориялық және практикалық біліммен белсенділер мүшелерін қаруландырады.

- кеңестеріңіз бен ұсыныстарыңызды ата-ана мойнына таға салуға тырыспаңыз, өз талаптарыңыз бен отбасы мүмкіндіктері сай келетін болсын;

- бірлікті атқарылатын жобалар ұсыныңыз, екі талаптың бірдей қатысып, орындалу мүмкін істер жөнінде келісіңіз;

- негізсіз уәде беруден тартыныңыз, қандай да күрделі жағдайларда ұстамды болыңыз, бәрі де жақсы болып кетеріне сенім, ниет білдіріңіз;

Өкініштісі, ата-аналармен жұмыс алып баруда сынып жетекшісінің, жалпы педагогтардың кәсіби деңгейінің төмендігі мұғалімдер мен мектептің абырой-беделіне нұқсан келтіреді. Отбасының ересек мүшелерін бірлікті істер мен бұдан былайғы байланыс-қатынастарға қызықтырып тартатын бірден-бір себеп сынып жетекшісінің отбасы балаларының тағдырына етене жақындығы және ол үшін жан пидалыққа баратыны. 

Ата-аналар үшін әңгімелер мен лекциялар

Педагогикалық және психологиялық тақырыптарға сай ата-аналарға түрлі әңгімелер және дәрістер өткізіледі. Олардың мазмұны ата-аналардың білім дәрежесіне, тілектері мен мүдделеріне сай болуы тиіс. Әсіресе, мектеп жайлы газет және журнал беттерінде жарияланған озат тәжірибелерге әңгімелерден дәрістерге үлкен мән беріліп, оның күн тәртібіндегі өзекті мәселе екендігі ата-аналар арасында дұрыс насихатталуы керек.

Әңгімелер мен дәрістердің мазмұны балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне сай баяндалуы қажет.

Жоғары сынып оқушыларымен өткізілетін тәрбие жұмысы мазмұнының өзіндік ерекшеліктері бар. Оқушылар ғылым негіздерін игереді, адамгершілік, еңбек тәжірибесінің барысында, олардың көзкарастары қалыптасады, қоғамдық пайдалы және өнімді еңбекке тікелей қатысады, өзінің сүйген мамандығын таңдау үшін мамандардан тұжырымды кеңестер алады. Демек, өмірге, еңбекке, өзін-өзі даярлауға бет бұрады.

Тәрбие жұмыстарының осындай басты мәселелерін еске алып, мектеп мұғалімдері, ауыл шаруашылық мамандары, инженерлер, дәрігерлер, заң қызметкерлері балалардың ата-аналарымен әңгімелер өткізеді, дәрістер оқиды.

Ата-аналар үшін мұндай ағартушылық жұмыс алдын-ала белгіленген бағдарлама бойынша, негізінде әрбір ата-аналар жиналысының бастапқы бөлімінде белгілі бір мамандарды немесе озық мұғалімдерді шақыру барысында жүргізіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

СЫНЫП ЖЕТЕКШІСІНІҢ ҚҰЖАТТАРЫ

 

 

 

 

Сынып жетекші папкасы

1.    Нормативтік    негіздер. Сынып жетекшінің міндеттері

2.    Оқушылар    туралы мәліметтер

3.    Сыныптағы   оқушылардың тізімі және мекен-жайлары мен байланыс телефондары

4.    Оқушылардың   денсаулығы туралы.

5.    Оқушылардың   балалар ұйымдарында, секциялар мен факултативтерге, үйірмелерге қатысуы

6.    Сыныппен   тәрбие жұмысын жүргізудің мақсат міндеттері

7.    Сыныптың   психологиялық-педогогикалық мінездемесі

8.    Тәрбие   жұмысының өткен оқу жылындағы талдауы

9.    Сыныптың оқу жылындағы әлеуметтік паспорты

10.  Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысындағы мақсаты мен   міндететері

11.  Бағыттар бойынша жылдық жұмыс жоспары

12.  Түсінік хат

13.  Оқушылардың өмірі мен денсаулығын қамтамасыз етудегі  іс-шаралар циклограммасы

14.  Іс-шаралардың оқушылар мен ұстаздар арасындағы белсенді

15.  қарым-қатынасын қамтамасыз ету циклограммасы

16.  Оқушылардың білім бағдарламасын меңгеруін қамтамасыз

      етудегі іс-шаралар циклограммасы

17.  Патриоттық сезімді, азаматтық-құқықтық тәжірибесін қалыптастыру тәрбиесінің іс-шаралар циклограммасы

18.  Тәрбие жұмысындағы авторлық бағдарламалар аясындағы іс-шаралар циклограммасы

19.  Алдын алу іс-шараларының циклограммасы

20.  Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысын жоспарлау кестесі (айлар бойынша)

21.  Сыныптың және сынып жекешісінің сабақ кестесі

22.  Өткізілген іс-шаралар талдауы. Оқушылардың мектепішілікь және сынаптағы іс-шараларға қатысуы туралы мәлімет

23.  Есептік және талдаулық мәліметтер

24. Ата-аналар жиналысының хаттамалары

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыныптың анкеталық мағлуматтар тізімі

 

Тегі, аты, әкесінің аты

 

Туған күні, айы, жылы

 

Мекен-жайы, телефоны

 

Ата-анасының
аты-жөні

 

1.                                

 

 

 

 

2.                                

 

 

 

 

3.                                

 

 

 

 

4.                                

 

 

 

 

5.                                

 

 

 

 

6.                                

 

 

 

 

7.                                

 

 

 

 

8.                                

 

 

 

 

9.                                

 

 

 

 

10.                             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Цели и задачи классного руководителя" каз"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Директор по маркетингу (тур. агенства)

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 822 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.03.2017 853
    • DOCX 139 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Искакова Арайлым Келисбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Искакова Арайлым Келисбековна
    Искакова Арайлым Келисбековна
    • На сайте: 7 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 65705
    • Всего материалов: 11

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Инструктор по трудовой терапии для детей с девиантным поведением

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 71 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация психолого-педагогической и социальной работы с несовершеннолетними

Специалист органа опеки и попечительства в отношении несовершеннолетних

600 ч.

9500 руб. 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 108 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация услуги по воспитанию детей в специальной (коррекционной) школе-интернате

Специалист в области воспитания

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 10 регионов
  • Этот курс уже прошли 64 человека

Мини-курс

Влияние внешних факторов на психологическое развитие личности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы русского языка: морфология, синтаксис, лексика

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Развитие мотивации к обучению

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 155 человек из 47 регионов
  • Этот курс уже прошли 156 человек