Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Музыка / Другие методич. материалы / Чайковский ашық сабақ 4 сынып

Чайковский ашық сабақ 4 сынып

  • Музыка

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Орыс композиторы «Петр Ильич Чайковский»

Мақсаты:.Оқушыларға Ресейдің үлкен театры туралы түсінік беру.Орыс композиторы П.И.Чайковскийдің шығармашылығымен таныстыру.Оқушыларға өнердің қайнар көзі халықта екенін ұғындыру Ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу, танымын кеңейту,ой-өрісін дамытуСын тұрғысынан ойлай білуге,өз ойын жүйелі баяндап, айта білуге,өз-өзінен білім алуға дағдыландыру,ұжымда,топта жұмыс жасай білуге үйрету.

Пәнаралық байланыс: Әдебиет, музыка ,ағылшын тілі

Көрнекілігі: П.И.Чайковскийдің суреті, композитордың балет-операларынан суреттер, «Аққу көлі», «Щелкунчик» видео бейнелерінен үзінділер

Сабақтың барысы:

Жоспары:Тренинг.Сәлемдесу

  1. Қызығушылығын ояту./Қызықты жетілік/Үй тапсырмасын тексеру/Сандықшаларға жауап беру/

  2. «Ой шақыру»стратегиясы/Мультфильм көрсету/

  3. «Болжау» стратегиясы/Мағынаны тану/Аққу көлі» балетінен үзінді

  4. «Синквейн» стратегиясы/

  5. БҮҮ стратегиясы/

Ұйымдастыру кезеңі.Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, оқушы зейінін сабаққа аудару.

Қызығушылығын ояту.Сұрақ-жауап:

  1. Әлем театрына қандай театрлар жатады?

  2. Европаның атақты театры /Ла Скала/

  3. Метрополитен театры қай жерде орнласқан?

  4. Ресейдің театры қай қалада орналасқан?

  5. Опера дегеніміз не?

  6. Балет дегеніміз не? 18 ғасырдағы француз блетмейстері/Ж.Новер/

  7. Ария дегеніміз не?

  8. Речетатив дегеніміз не?

Ой шақыру стратегиясы

Чайковскийдің «Щелкунчик» балетіне қойылған мультфильм үзінді көрсету

- Бұл қай мультфильм деп ойлайсыңдар?

-Кім туралы?

- Ал мультфильмге музыкасын кім жазды деп ойлайсыңдар?

-Дұрыс балалар, бұл «Щелкунчик» мультфильмі. Ал музыкасын жазған П.И.Чайковский

- Ендеше, бүгінгі сабағымызда Ресей елінің ұлы композиторы, дирижеры П.И.Чайковский мен танысамыз

Мағынаны тану: Слайд көрсету

Сабақ тақырыбы: «Петр Ильич Чайковский»

(композитордың өмір баянымен таныстыру)

Чайковский Петр Ильич —дирижер, педагог, дүниежүзілік классикалық музыканың аса ірі өкілі. Музыка әлемінде өз орны бар дара дарын иесі, ұлы орыс композиторы. Ресейдің Воткинск қаласында 1840 жылы дүниеге келді. Музыкалық қабілеті ерте байқалып: 5жасында фортепиано аспабында ойнап, ал 3жылдан кейін нота оқып, шағын өз шығармаларын жазып бастаған. Мәскеу қаласының ең жоғары музыкалық білім беретін оқу орны-консерваторияға түсіп, үздік бітіріп шығады. Петр Чайковский музыкасында ерекше әсемдік, сұлулық, қайталанбас мәні бар. Ол көптеген симфониялар, опералар, фортепианоға арналған шығармалар жазды. Мысалы: «Ұста Вакула», «Евгений Онегин», «Пиковая дама» операларын; «Аққу көлі», «Ұйқыдағы ару», «Щелкунчик» балеттерін;Кішкене балаларға арналған арнайы «Балалар альбомы», «Жыл мезгілдері» атты музыкалық жинақтарын жазған. Оның музыкалық туындылары дүниежүзі елдеріне кеңінен тарап, халықтың рухани игілігіне айналды. П.Чайковскийді дүниежүзі халқы балет музыкасына ең үздік шығармалар жазған дарынды композитор ретінде біледі.1863 жылы 25 қазанда қайнамаған судан «холера» ауруынан қайтыс болды.Өзі бұл өмірден кеткенмен артында өшпестей үлкен музыкалық жинақтары мен шығармаларын қалдырды.


«Аққу көлі» балетінен «Кішкентай аққулар» биі видео бейнесін көрсету/үзінді.

«Болжау» стретегиясы Абзац бойынша оқу

«Аққу көлі»-П.И.Чайковскии төрт актілі балеті.Балетке Зигфрид ханзада мен аққуға айналған Одетта атты қыздың арасындағы сенім мен сезім туралы хикая баяндалды.

1 абзац: Өзінің кәмелеттік жасқа толған туған күнін Зигфрид ханзадаКөл жағасында достарының ортасында атап өтеді.Кеште туған күн иесі келген қонақтардың арасынан өзіне қалыңдық іздейді.Келген қонақтардың арасында әдемі ару қыз Одетта да болады.Кенет келген қыздар мен Одетта қызда жоқ боп кетеді.Осы кезде аспанда Дәу Қарақұс пен бірнеше аққулар бірге ұшып келіп,айдынға қонады.

Осы жерден сұрақ қойылады. Қалай ойлайсыздар неге ханзаданың жүрегін ешкім жаулап ала алмады.?Келген Одетта қайда кетті?Ары қарай оқиға қалай өрбиді? Өз ойларың.Неге қарақұс бірге ұшып жүр деп ойлайсыздар?

-/Себебі Қарақұс қыздарды дуалап тастаған болатын/

2 абзац:Қарақұстың дұғасын кері қайтару үшін ханзада Одетта ханшайым-аққуға өз сезімін білдіріп,оған сөз салады.Осы кезде арам ойлы дұшпанның сиқырынан Одетта ханшайымға қатты ұқсайтын Одилия бейнесі шыға келеді.Одеттаны Одилиямен шатастырған Зигфрид ханзада көпшіліктің алдында оған өз сезімін білдірген кезде Одилия назардан жоғалып кетеді.

-Неге жоғалып кетті? Оларп қайда кетти?

3 абзац:Себебі зұлым сиқыршы Қарақұс Одетта мен оның құрбыларын аққуға айналдырып жіберді. Олар күндіз аққу боп,түнде қайта адам қалпына келеді.Сиқырдың арбауына түскен ханзада қателігін мойындап,айдынға барыпОдеттадан кешірім сұрайды.

-Ол кешіре ме?қалай ойлайсыздар?Одеттаны қалай қайтарады?Ертегі қалай аяқталады деп ойлайсыздар?

- Одеттаны қайтару үшін Зигфрид хагзада Қарақұспен айқасқа түсіп,жеңіп қыздарды аққу кейпінен өзгерте алады.Міне балаларр ертегі осылай аяқталған екен. Осы ертегіні қорыта келе «Синквейн» стратегиясы/

Бес жолды өлең құрастыру

1.Зат есім /1сөз/

2Сын есім 2сөз

3.Етістік 3сөз

4Мағыналас сөз

5.Мәндес сөз

Чйковскидің «Аққу көлі» балеті әлемдегі ең танымал балеттердің бірі.Қазіргі дамыған елімізде де қазақтың балет өнеріне атсалысып жүргенҚР еңбек сіңірген артис,балетмейстріБ Аюханов/Фотосы көрсетіледі/Оның Жусан т.б балеттері барБалалар техздетіп «Аққу» сөзіне Ассосация құрастырайық

Сергіту сәті:»Жұмыр қылыш»

Келесі композитордың танымал шығармаларына «Жыл он екі ай» циклі жатады. Циклда жыл мезгілдері, яғни 12 пьесадан тұрады. Әр пьеса атына сай сол айдағы табиғат көрінісі мен одан нәр алған адамның көңіл күйін бейнелейді. П.И.Чайковский туған жерінің табиғатын ерекше жақсы көреді. Орман мен даланы аралап, серуендеуден еш жалықпайтын. Осындай серуендеулер оған күш қуат беретін. Айналадағы ортадан жақсы әсер алатын: үлкен ағаштар мен гүл шоқтары, көк аспан мен құстың сайрағаны, ғажайп табиғат әсемдігі оны еріксіз табындырушы еді. Жыл мезгілдерінің әрқайсысынан түрлі құбылыстарды сезе білетін. Қыста көзіне шағылысып, жылтылдап жатқан аппақ қарды, көктемдегі таза ауа, қар астынан жаңа өсіп шыққан алғашқы көк шөп, жазғы мезгілде құстың сайрағаны, күздің өзіне ғана тән сұлу табиғат көріністерін көз алдына елестейді.

«Жыл мезгілдері» - ол Чайковскийдің күнделігі, жыл мезгілдерін музыка тілімен суреттеген. Бұл фортепиандық циклы-композитордың өмірге деген лирикалық сезімін көрсеткендей. Бұл он екі бөлімнен тұратын. Шығармаларда орыс халқының қарапайым өмірін тіршілігін байқауға болады.

1. Қаңтар- «Камин жанында»

Камелек – орыс тілінен дворяндар үйінің бөлігі немесе қарапайым тұратын үй. Пьеса – қияли көніл-күйден туған. Бірінші бөлім адамның интонациясын еске түсіреді.

2. Ақпан - «Масленица»

Бұл жалпы халықтық мереке, топ болып ән салып, би билеп көңіл көтеруі. Композитор – шулы және көңілді топты көрсете білген. Пьесада бастан аяқ халықтық көңіл көтеруі, тойлауы суреттелген.

3. Наурыз - «Бозторғай әні»

Бұл – көктемгі пейзажды қарапайым түрде жеткізе білген пьеса. Барлық музыка 2 тақырыпқа негізделген: лирикалық мелодия және кең тыныспен орындалатын. 2 тақырыпта көңілді көктемді елестетеді.

4. Сәуір – «Бәйшешек»

Пьеса вальс түріндегі ырғаққа негізделген 3 тақырыптан тұрады. 1 және 3-сі бірін-бірі қайталайды, ал ортаншысы жай орындалады.

5. Мамыр– «Ақ түндер»

Пьеса музыкасы әртүрлі, қарама-қарсы көңілді береді. 1-ші бөлімі – Петербург көшелерінің тыныштыққа толы түйін бейнелейді. 2-ші бөлімі – жылдам әрі тез. Одан кейін пьеса тыныштық күйге түседі.

6. Маусым – «Баркорома немесе балықшы әні»

Барка – итальян сөзінен, қайық дегенді білдіреді. Бұл ән негізінен Венецияда кеңінен тараған, ал орыс еліне ХІХ ғасырда келген. Сөйтіп орыс музыка әлеміне еніп кеткен «Баркарола» бұл тағы бір Петербугтың пейзажы. Қаланың арықтары мен аққан өзендері бейнеленген.

7. Шілде – «Шалғышының әні»

Косари таңертең ерте тұрып шөп шабатын еркектер. Ән ауыл көрінісін береді, көңілді әрі шатыққа толы.

8. Тамыз – «Егін ору»

Бұл қарапайым халық өмірі. Орыстың жер жырту кәсібімен айналысатын бейнесін көрсетеді. Халықтың бірігіп жұмыс жасау көрінісі байқалады.

9. Қыркүйек – «Аңшылық»

ХІХ ғ. орыстың кәсібінің бірі. Аңшылық әрқашанда, шулы әрі көңілді өткен. Ол көбіне күз мезгілінде орын алған. Пьесада шыдамдылық пен ептілік орын алған.

10. Қазан – «Күз әні»

Табиғат көрінісіне толы. Бұл ән барлық тірінің, ағаштың солуын көрсетеді. Әуендері, көңілсіз ырғаққа толы.

11. Қараша – «Үш ат жеккен шана үстінде»

Тройка жылқыларды біріктіріп, бір жікке жіктеу жылқыға қоңырау байлауы тұрады, осының үйі – өмір жалғасының белгісі.

12. Желтоқсан – «Святки – діни мейрамы»

Вальс музыкасына негізделген. Ауыл халқының өмірі, жанұядағы шырша айналасындағы көңіл-күй, жаңа жылды тойлауы көрсетілген.

Балалар қазір осы 12 пьесаны тауып алып сиқырлы,ағылшын ноталар ойыны арқылы/Ойынның шарты: Ноталарды оқып ағылшынша ай аттрын айтып,жазылған жылдың 4 мезгіліне дапсырамыз


(Ақпан «Песнь жаворонка» «Бозторғай әні» үзіндісін тыңдату)



Дауыс жаттығуы:

Бекіту:

1. Чайковский қай елдің композиторы?

2.Қандай шығармаларын тыңдадық?

3.Қазақтың балетмейстері кім?


Бағалау:


Үйге тапсырма:

1.«Маленькая страна» әнін жаттау.

2. Ұнаған шығармаға сурет салу.

Бүгінгі өткен сабақта қандай көңіл –күйде болдыңыздар смайликтер арқылы көрсету



Музыкалық материал:

1. «Щелкунчик» мультфильмнен үзінді-видео бейне

2. «Аққу көлі» «Кішкене аққулар биі» балетінен үзінді- видео бейне

3. «Жыл мезгілдері» « Песнь жаворонка» үзінді тыңдату

4. «Маленькая страна әнін тыңдату, үйрету


Автор
Дата добавления 22.11.2016
Раздел Музыка
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров8
Номер материала ДБ-379357
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх