Инфоурок Биология Другие методич. материалыЧ.Дарвин, оның түрлердің пайда болу теориясы

Ч.Дарвин, оның түрлердің пайда болу теориясы

Скачать материал

Сынып: 9            Күні: 13.01.2017             Пәні: биология           Бекітемін:

Сабақ тақырыбы: Ч. Дарвин, оның түрлердің пайда болу теориясы.

                                         Сабақтың мақсаты  

Білімділігі: Оқушыларға  өмірі мен еңбектері, Дарвиннің эволюциялық теориясының негізгі принциптерін түсіндіру.

Дамытушылылық Оқушылардың есте сақтау, және ойлау қабілетін түсіндіру.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: Баяндама

Көрнекілік: плакат

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру:    

А. Оқушылармен сәлемдесу

В. Оқушыларды тугендеу

С. Сынып тазалығына көңіл бөлу

2.Үй тапсырмасын сұрау

1.      Селекция дегеніміз не?

2.      Биотехнология дегеніміз не?

3.      Клондау дегеніміз не? 

3.Үй тапсырмасын бекіту

1.      Клондау әдісін қандай мақсатта қолданады?

2.      Гендік инженерия дегеніміз не?

3.      Жасушалық инженерия дегеніміз не?

4.Жаңа сабақ. Тірі табиғаттың тарихи даму жолдарын, оны қозғаушы күштерін айқындап көрсететін эволюциялық ғылыми теориясын ағылшын жаратылыс зеріттеуші Чарлз Дарвин құрастырды. Дарвиннің эволюциялық ілімінің қалыптасуына Англияда сол кездегі бір қатар орын алған әлеументік экономикалық жағдайлар мен ғылыми мәліметтер қозғау салды.Англияда XIX ғасырдың алғашқы жаратылысында капитализмнің дамуы, ірі қалалардың көбеюі және халық санының артуы өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының қарқынды дамуына жол ашты. Өскелең халықты азық түлікпен қамтамассыз ету мақсатында жергілікті мамандар қолдан сұрыптау арқылы үй жануарлардың жаңа қол тұқымдары (порода) мен өсімдіктердің жоғарғы өнімді іріктемелерін (сорт) шығара бастады. Мұндай жаңа формалардың алынуы тірі организм түрлерінің тұрақты емес,өзгеретіндігін дәлелдеді.

 Сонымен қтар түрлі ғылым салаларындағы түрлі ғылым салаларындағы зеріттеу нәтижелері де үлкен рөл атқарды. Олар:

Салыстырмлы морфологиялық және анатомиалық мәліметтер: “Бір типке жататын жануарлардың дене құрлысы мен жалпы көрнісі ұқсас, ендеше олардың ататегі бір” деп көрсетсе, неміс ғалымдары Т.Шван мен М.Шлейден өсімдік жануар жасушаларының құрлысы ұқсас екенін дәлелдеді.

   Салыстырмалы эмбрологияда “ барлық организмдердің дамуы ұрықтанған жұмыртқа жасушасынан басталатыны, хордалылардың ұрықтары дамудың алғашқы сатыларында бір біріне ұқсас келетіні, өйткені олардың арасында туыстық байланыс бар, бұл  тарихи дамудың нәтижесі” деген қорытынды жасалды.

  Химиялық зеріттеулер өлі және тірі табиғаттың бірдей химиалық элементтерден тұратынын көрсетіп, табиғаттың бір тұтастығын айқындады.

      Қазбалық ғылыми деректе жер бетінде өсімдік және жануар түрлерінің үнемі алмасып отырғаны,оны дәлелдейтін өтпелі формалардың бар екені тұжырымдалды.

     Дарвиннің эволюциялық ілімінің қалыптасуына бұл мәселелермен қатар оның табиғат зеріттеушісі ретінде 1831-1836 жылдары 5 жылға созылған Жер шарын айналу саяхатында өз көзімен көріп , жинақталған материалдары негіз болды.

      Саяхат кезінде жинаған материалдарына талдау жасап , қорытындылау нәтижесінде, 1859 жылы дүниежүзіне әйгілі болған “ Табиғи сұрыпталу жолымен түрлердің пайда болуы “ деген еңбегін жарыққа шығарды. Дарвин бұл еңбегінде органикалық дүниенің даму заңдылықтары мен қозғаушы күштерін  айқындап түсіндіретін эволюциялық теорияны жариалады. Ол 1868 жылы шыққан “Тірі организмдер үнемі өзгерісте болады, оған адамның өзіне пайдалы қолтұқымдармен іріктемелерді шығаруы дәлел” деді.1871жылы шыққан “ Адамның шығу тегі және жыныстық сұрыпталу” деген еңбегінде Дарвин адамның жануарлар дүниесіндегі орнын дұрыс көрсетіп берді.

      Дарвиннің эволюциялық теориясының негізгі қағидалары:

1.      Эволюция бірлігі- түр. Кез келген түрдің әр дарасында оның өзіне ғана тән тұқым қуалайтын  өзгергіштігі болады. Бір түрдің айна қатесіз ұқсас екі дарасын кездестіру мүмкін емес.

2.      Әр организмге тән жеке дара өзгерістер ұрпақтан ұрпаққа тұқым қалайды .

3.      Кез келген түр даралары көп мөлшерде ұрпақ қалдырып , сан мөлшерін арттыруға қабілетті келеді, бірақ ұрпақтың көпшілігі жынысты жетілуге дейін тіршілігін жояды. Өйткені табиғатта үнемі тіршілік үшін күрес жүреді.

4.      Тіршілік үшін күресте орта жағдайларына жақсы бейімделгендері тіршілігін сақтап, әрі қарай дамыйды, бейімделе алмағандары жойылды. Олай болса, тіршілік үшін күрестің нәтижесі табиғи сұрыпталу болып табылады.

5.      Табиғи сұрыпталу – бұл аса жақсы бейімделе алғандардың тірі қалуы, эволюцияның шешуші факторы. Табиғи сұрыпталудың нәтижесінде тіршілік ортасына сәйкес бейімделген жаңа түрлер түзіледі.

 

V.Бекіту

1.      Дарвин жер шарында саяхат жасаған кезде органикалық дүниенің тарихи дамуын дәлелдейтін қандай мәліметтер жинады?

2.      Дарвиннің эволюциялық теориясының негізгі қағидалары қандай?

3.      Дарвин тұжырымдаған эволюцияның  күштерін атаңдар№

 

VI.Бағалаү

VII.Үйге  тапсырма    37

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ч.Дарвин, оның түрлердің пайда болу теориясы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Промышленный дизайнер

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 985 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.01.2017 880
    • DOCX 18.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Булегенова Ғалия Сейткасымовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 12817
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Государственная итоговая аттестация как средство проверки и оценки компетенций учащихся по биологии

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 20 регионов

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по биологии в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 66 человек из 27 регионов

Курс повышения квалификации

Организация элективного курса в рамках реализации проекта "Точка роста": методология биологического эксперимента

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Проектный подход к рекламе: эффективные стратегии и инструменты

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Цифровая трансформация в бизнесе: аспекты управления и развития

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Фитнес: особенности занятий и специфика питания

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 82 человека из 33 регионов