Инфоурок Биология ПрезентацииCын тұрғысынан ойлау технологиясын пайдаланудың тиімділігі

Cын тұрғысынан ойлау технологиясын пайдаланудың тиімділігі

Скачать материал
Скачать материал "Cын тұрғысынан ойлау технологиясын пайдаланудың тиімділігі"

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Противопожарный инженер

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • Cын тұрғысынан ойлау технологиясын пайдаланудың тиімділігі“Үлкенбөкен мектеп...

    1 слайд

    Cын тұрғысынан ойлау технологиясын
    пайдаланудың тиімділігі
    “Үлкенбөкен мектеп – балабақша
    кешені ”КММ

    Изгуттинова
    Айгуль Алдабергеновна
    Биология пән мұғалімі

  • Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамас...

    2 слайд

    Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында:
    « ... жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдының негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру»

  • Сын тұрғысынан ойлау технологиясы – әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім б...

    3 слайд

    Сын тұрғысынан ойлау технологиясы – әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Стил, Куртис Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады.

  • Дәстүрлі оқытуда 
мұғалім – оқушы

технологияда 
оқушы – мұғалім

    4 слайд

    Дәстүрлі оқытуда
    мұғалім – оқушы

    технологияда
    оқушы – мұғалім

  • «Технология әдістер жиынтығы ғана емес, әдістер кездейсоқ таңдалынып алынған...

    5 слайд

    «Технология әдістер жиынтығы ғана емес, әдістер кездейсоқ таңдалынып алынған жоқ, олардың барлығы нақты өнім алудағы белгілі бір мақсатқа бағытталған»

    «... это искусство, мастерство, умение, совокупность методов обработки, изменения состояния объекта»
    В.Шепель
    «способ осуществления деятельности на основе ее рационального расчленения на процедуры и операции с их последующей координацией и выбором оптимальных средств и методов их выполнения»
    С.Н. Данакин
    С.А. Смирнов

  • Технология:көздеген нәтиженің орындалу кепілі
нақтылы мақсатқа негізделген бо...

    6 слайд

    Технология:
    көздеген нәтиженің орындалу кепілі
    нақтылы мақсатқа негізделген болашақ оқу үрдісінің жобасы
    сатыланған және тәртіптелген іс-әрекет жүйесі
    мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы,
    жоспарланған түпкі нәтижеге жетудің кепілдік берерліктей іс-әрекеттер жиынтығы
    Білім беру стандартының негізгі талаптарына жетудің нақты жолы

  • Біздің елімізге Джордж Соростың ашық қоғам институты, “Сорос-Қазақстан” қоры...

    7 слайд

    Біздің елімізге Джордж Соростың ашық қоғам институты, “Сорос-Қазақстан” қоры арқылы келген бұл технология орыс және қазақ тілдерінде мектеп тәжірибелеріне ене бастады.
    Мақсаты: барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету.

  • “Сын тұрғысынан ойлау” ұғымы белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге...

    8 слайд

    “Сын тұрғысынан ойлау” ұғымы белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау.

  • Сыни тұрғыдан ойлау — бұл саналы мағынаны іздеу: өзінің көзқарасының қандайлы...

    9 слайд

    Сыни тұрғыдан ойлау — бұл саналы мағынаны іздеу: өзінің көзқарасының қандайлық болуымен, басқалардың да пікірін ескеріп, қандай да обьективті ойлау және қисыны бар өзіндік қате сенімінен бас тарта білу.

  • Сыни тұрғыдан ойлай білетін адам сұрақтар қоя біледі:Мен не білемін?

Мен жаң...

    10 слайд

    Сыни тұрғыдан ойлай білетін адам сұрақтар қоя біледі:
    Мен не білемін?

    Мен жаңаша нені білдім?

    Менің білімім қалай өзгерді?

    Мен осы біліммен не істей аламын?

  • Сын тұрғысынан ойлау технологиясындағы негізгі үш саты:- Шақыру, ой туғызу, қ...

    11 слайд

    Сын тұрғысынан ойлау технологиясындағы негізгі үш саты:
    - Шақыру, ой туғызу, қызығушылықты ояту (мотивация) (7 минут)
    - Іске асыру, мағынаны тану (ұғыну, мәнін түсіну) (20-25 минут)
    - Рефлексия, ой толғаныс (сананың өзіне, өзінің психикалық күйіне назар аударуы)

  • Тақырып туралы ой-толғаныс – бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту пр...

    12 слайд

    Тақырып туралы ой-толғаныс – бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады. Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіру, өз үйрену жолын, кестесін жасау мақсатында басқалардың әр түрлі кестесін біліп үйренеді. Бұл үйрену сатысы – ойды қайта түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып табылады. Әр түрлі шығармашылықпен ой түйістіру болашақта қолданылатын мақсатты құрылымға жетелейді. Осы кезеңді тиімді етуге лайықталған “Бес жолды өлең”, “Венн диаграммасы”, “Еркін жазу”, “Семантикалық карта”, “Т кестесі” сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады.

  • 13 слайд

  • Джиксо – ұжымдық оқыту әдісі	Мақсаты – жалпы мәселені алдымен жұпта, сосын ұж...

    14 слайд

    Джиксо – ұжымдық оқыту әдісі
    Мақсаты – жалпы мәселені алдымен жұпта, сосын ұжымда талқылау. Бұл жағдайда әрбір оқушы бір сәт өзін мұғалім ретінде сезінеді, оқуға деген жауапкершілігі артады.
    Әдісті қолдану төмендегіше ұйымдастырылады. Алдымен ұжым 4 адамнан тұратын топтарға бөлінеді. Бұл “жанұя” топтар деп аталады. Содан кейін 1, 2, 3, 4-ке санау арқылы 1-лер бөлек, 2, 3, 4 өз алдына “жұмыс” тобын құрайды. Оқуға ұсынылатын материалдың тақырыбы талқыланған соң осы мәтінді түсіну қажет екендігі ескертіледі. 4 логикалық бөлікке бөлінген мәтіннің 1-бөлігін 1-лер, 2-бөлігін 2 санын алғандар, 3, 4 нөмірлі топтарға оқуға тапсырылады. Жұмысты бастамас бұрын оқушыларға “жұмыс тобында” мәтіннің тиісті бөлігін жақсы меңгеру қажеттілігін, өйткені сол бөлікті “жанұя топ” оқушыларына түсіндіруге жауапты екенін, мәтінді тұтас түсіну әр оқушының ыждағаттылығына байланысты екенін түсіндіру қажет. 
    Келесі кезекте ұжым мүшелері бастапқы топтарымен қайта табысып, өздерінің үйреніп келген бөліктеріндегі мазмұнды ортаға салады. Осылайша ұжым мүшелері бірін-бірі оқытуға, сол арқылы ойлауға үйренеді. 
    ДЖИКСО стратегиясы мазмұнды жоғары табыспен меңгеру, оқығанды есте сақтау үшін өте тиімді. Оқушының оқуға деген қызығушылығы артады, ұжымда жақсы қарым-қатынас қалыптасады, саналы тәртіп орнайды. Сондай-ақ, мұғалімді, мектеп қызметкерлерін түсіну, оларға деген дұрыс көзқарасқа үйренеді.

  • ИНСЕРТ (INSERT)I – interactive: өзінен-өзі белсендендіретін "Ә" – әлдеқашан...

    15 слайд

    ИНСЕРТ (INSERT)
    I – interactive: өзінен-өзі белсендендіретін "Ә" – әлдеқашан білгенмін;
    N – noting: жүйелік белгілеу "+" – жаңа;
    S – system: тиімділік үшін "–" – басқалай ойлады;
    E – effective: оқу және ойлану "?" – басқалай ойлады.
    R – reading
    T – thinking
    Инсерт ағылшын тілінен сөзбе-сөз аударғанда: тиімді оқу және ойлау үшін жазудың интерактивті жүйесі. Тәсіл бірнеше сатымен жүзеге асады.
    I саты: Мәтіндегі ақпаратты келесі түрде бөлшектеу үшін мәтінді белгілеу:
    V «қанат белгімен» оқушыларға әлдеқашан белгілі нәрсе белгіленеді; - «алу» белгісімен олардың түсінігіне қайшы нәрсе белгіленеді; + «қосу» белгісімен оларға қызықты және тосын нәрсе белгіленеді; ? «сұрақ белгісі» егер, бір нәрсе анық емес, көбірек білуге құштарлық пайда болса қойылады.
    II саты: Мәтінді оқи отырып, оқушылар жеке азат жолдар мен сөйлемдерді белгілейді.
    III саты: Оқушыларға ақпараттарды өздерінің белгілеуіне сәйкес кестеге орналастырып, жүйелеу ұсынылады
    IV саты: Кестенің әрбір бағанын тізбектей талқылау.
    Қолдануының пәндік саласы: көбінесе көптеген фактілер мен мәліметтерден тұратын ғылыми-танымал мәтіндер.
    Осы тәсіл аналитикалық ойды дамытады, материалды түсінгенін қадағалаудың құралы болып табылады.
    ИНСЕРТ-тің кезеңдері үш сатыға сәйкес: шақыру, ұғыну, рефлексия

  • 16 слайд

  • ТОПТЫҚ ПІКІРТАЛАС	Пікірталас латын тілінен аударғанда – зерттеу, талдау, қанд...

    17 слайд

    ТОПТЫҚ ПІКІРТАЛАС
    Пікірталас латын тілінен аударғанда – зерттеу, талдау, қандай да бір сұрақты талдау. Оқушыларға бір – бірлерімен білімдерімен, ойларымен, уәждерімен бөлісу ұсынылады. Пікірталасты жүргізуде басты шарт:
    оған қатысушылардың әртүрлі көзқарастарын сыйлау;
    туындаған қайшылықтардың құрылымдық шешімін бірге іздеу.
    Топтық пікірталас шақыру сатысында да, рефлексия сатысында да қолданылуы мүмкін. Және бірінші жағдайда оның міндеті: алғашқы ақпаратпен алмасу, қайшылықтарды анықтау, ал екінші жағдайда – алынған мағлұматтарды қайта ойлауға, мәселені өзіндік көруін басқа көзқарастармен және ұстанымдармен салыстыруға мүмкіндік. Топтық пікірталас түрі диалогтық қатынасты дамытуға, ойлаудың өзіндік болуына көмектеседі.

  • ҮЗІЛІСТЕРМЕН ОҚУ ЖӘНЕ БЛУМ СҰРАҚТАРЫ 	Әр типті сұрақтарды қолдану арқылы оқуд...

    18 слайд

    ҮЗІЛІСТЕРМЕН ОҚУ ЖӘНЕ БЛУМ СҰРАҚТАРЫ
    Әр типті сұрақтарды қолдану арқылы оқуды ұйымдастыру әдістемелік тәсілінің шартты аты
    Дайындық жұмыстары:
    1. Ұстаз оқу үшін мәтін таңдайды. Таңдау үшін критерилер: - Мәтін берілген аудиторияға мүлдем белгісіз болуы тиіс (кері жағдайда тәсілді қолданудың мағынасы мен логикасы жойылады); - Динамикалық, оқиғалы сюжет; - Күтпеген шешім, «ашық» мәселелі мәре.
    2. Мәтін алдын-ала мағыналық бөліктерге бөлінеді. Мәтіннің өзінде қай жерде оқуды тоқтатып, үзіліс жасау керектігі белгіленеді: «бірінші үзіліс», «екінші үзіліс» және т.с.с.
    3. Ұстаз алдын ала мәтінге оқушылардың әр түрлі ойлау дағдыларын дамытуға бағытталған сұрақтар мен тапсырмалар ойластырады.
    Ұстаз нұсқаулар береді және мәтінмен жұмыстың ережелерінің сақталуын мұқият қадағалай отырып, үзіліспен оқу үрдісін ұйымдастырады. (Сипатталған стратегия өзіндік оқуда ғана емес, мәтінді естіп қабылдауында да қолданылуы мүмкін).

  • КЛАСТЕРЛЕР 	Қандай да бір тақырыпты ұғынуда болатын ой үрдісін көрнекті ететі...

    19 слайд

    КЛАСТЕРЛЕР
    Қандай да бір тақырыпты ұғынуда болатын ой үрдісін көрнекті ететін, материалды графикалық ұйымдастыру тәсілі. Кластер ойлаудың сызықтық емес форманың бейнесі болып табылады. Кейде осы тәсілді «көрнекті миға шабуыл» деп атайды.

  • Іс-әрекет тізбегі оңай және қисынды: 1. Ойдың, тақырыптың «жүрегі» болып табы...

    20 слайд

    Іс-әрекет тізбегі оңай және қисынды:
    1. Ойдың, тақырыптың «жүрегі» болып табылатын басты сөзді немесе сөйлемді таза беттің ортасына (тақтаға) жазу керек.
    2. Берілген тақырыпқа келетін, бейнелерді, фактілерді, ойды көрсететін сөздерді немесе сөйлемдерді жан-жағына «лақтырып» тастау керек. («Планеталар және оның серіктері» үлгісі)
    3. Жазылуына қарай, пайда болған сөздер пасты ұғыммен түзу сызықпен біріктіріледі. Әрбір «серіктің» өз кезегінде тағы да «серіктері» пайда болады, жаңа логикалық байланыстар тұрғызылады.

  • Кластерлермен жұмыс жасағанда келесі ережелерді сақтау керек: 1. Ойға келген...

    21 слайд

    Кластерлермен жұмыс жасағанда келесі ережелерді сақтау керек:
    1. Ойға келген нәрсенің барлығын жазудан қорықпау керек. Қиял мен интуицияға ерік беру керек.
    2. Уақыт біткенге дейін немесе ойлар сарқылғанға дейін жұмысты жалғастыру.
    3. Көбірек байланыстар жасауға тырысу. Алдын-ала белгілі жоспарды қолданбау.

  • СИНКВЕЙН 	1. (бірінші жол – БІР сөзбен, әдетте зат есіммен көрсетілген өлеңні...

    22 слайд

    СИНКВЕЙН
    1. (бірінші жол – БІР сөзбен, әдетте зат есіммен көрсетілген өлеңнің тақырыбы);
    2. (екінші жол – ЕКІ сөзбен, әдетте сын есімдермен берілген тақырыптың сипаты);
    3. (үшінші жол – ҮШ сөзбен, әдетте етістіктермен берілген осы тақырып көлеміндегі іс-әрекеттің сипаты);
    4. (төртінші жол – автордың берілген тақырыпқа қатысын көрсететін, ТӨРТ сөзден тұратын сөз орамы);
    5. (бесінші жол – БІР сөз – тақырыптың негізін қайталайтын жалынды-көркем немесе философиялық-жалпыланған деңгейдегі бірінші сөздің синонимі).
    Мысалы:
    Ана
    Сүйікті, нәзік
    Тәрбиелейді, тыңдайды, көмектеседі
    Өмірде ең маңызды адам
    Өмір

  • ЭССЕ 	Сынның және публицистиканың жанры, қандай да бір әдеби, философиялық, э...

    23 слайд

    ЭССЕ
    Сынның және публицистиканың жанры, қандай да бір әдеби, философиялық, эстетикалық, моральдық және әлеуметтік мәселенің еркін баяндамасы. Әдетте сұрақтың жүйелі ғылыми қарастырылуына қайшы қойылады. Батыс педагогикасында жазба жұмыстарының өте кең таралған жанры. Әдетте рефлексия сатысында кішкене жазба тапсырмасы ретінде қолданған орынды.

  • «Б-Б-Б» КЕСТЕСІ («БІЛЕМІН – БІЛГІМ КЕЛЕДІ – БІЛДІМ»	Материалды графикалық ұйы...

    24 слайд

    «Б-Б-Б» КЕСТЕСІ («БІЛЕМІН – БІЛГІМ КЕЛЕДІ – БІЛДІМ»
    Материалды графикалық ұйымдастырудың және логикалық-мағыналық құрылымдаудың бір тәсілі. Тақырыптың мазмұны кешенді түрде қарастырылатын болғандықтан, түр ыңғайлы.
    1 қадам: Мәтінмен таныспай тұрып, оқушылар өздері немесе топта бірінші және екінші «Білемін», «Білгім келеді» бағандарын толтырады.
    2 қадам: Мәтінмен танысу барысында немесе оқығанды талдау үрдісінде оқушылар «Білдім» бағанын толтырады.
    3 қадам: Қорытынды жасау, бағандардың мазмұнын салыстыру.

  • ӨЗАРА СҰРАҚ 	Жұппен жұмыс жасаудың бір тәсілі. «Ұғыну» сатысында қолданылады....

    25 слайд

    ӨЗАРА СҰРАҚ
    Жұппен жұмыс жасаудың бір тәсілі. «Ұғыну» сатысында қолданылады. Қолдану технологиясы: екі оқушы әрбір азат жолдан кейін тоқтай отырып мәтінді оқиды, содан кейін бір-біріне оқығанының мазмұны бойынша әртүрлі деңгейдегі сұрақтар қояды. Берілген түр коммуникативті дағдылардың дамуына әсер етеді.

  • СТО технологиясының стратегияларымен жұмыс жүргізгенде мынандай талаптарды ес...

    26 слайд

    СТО технологиясының стратегияларымен жұмыс жүргізгенде мынандай талаптарды ескерген жөн:
    1. Оқушыларға топқа берілген тапсырмалар ұзаққа созылып кетпес үшін уақытты шектеп беру. Мысалы 1 тапсырмаға 3 минут.
    2. Оқушы өз ойын не пікірін айтқанда оны шектемеу.
    3. Оқушы жауап бергенде, не өз ойын ашық айтқанша ешқашан «сенің айтқаның дұрыс емес» деуге болмайды.
    4. Басқа оқушылар бір-бірінің жауаптарын сын тұрғысынан бағалайды.

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 258 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.12.2015 1655
    • PPTX 2 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Изгуттинова Айгуль Алдабергеновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 11955
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 14 регионов

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету «Биология» в условиях реализации ФГОС СОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 27 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 157 человек

Курс повышения квалификации

Организация и руководство учебно-исследовательскими проектами учащихся по предмету «Биология» в рамках реализации ФГОС

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 128 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 324 человека

Курс профессиональной переподготовки

Анатомия и физиология: теория и методика преподавания в образовательной организации

Преподаватель анатомии и физиологии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 172 человека

Мини-курс

Soft-skills современного педагога

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 41 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 26 человек

Мини-курс

Физическая культура и спорт: методика, педагогика, технологи

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 15 человек

Мини-курс

Современные информационные технологии и информационная безопасность

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 23 человека