Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / 3 cынып. қазақ тілі. Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша

3 cынып. қазақ тілі. Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Математика. 3 сынып. 19.02.2016.ж.

Сабақтың тақырыбы: Көбейту және бөлу. 16*5 және 80/5

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларға 16*5 және80/5 жағдайлары туралы ұғым қалыптастыру,есептеудің тиімді тәсілін қолдануды үйрету.

2 .Әртүрлі тапсырмалар орындау барысында шығармашылық іскерлік қабілеттерін, ақыл -ой белсенділігін дамыту

3. Сыйластыққа ,достыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Аралас, жаңа білім беру.

Сабақтың әдісі:түсіндіру, сұрақ жауап, топпен жұмыс, шығармашылық жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: өсімдіктер мен жануарлардың суреті, кестелер, логикалық есептер,көңілді есептер.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі:

(ағаштар, бұталар гүлдердің суреттері арқылы оқушыларды топқа бөлу)

1- топ «Ағаштар»

2- топ «Бұталар»

3 – топ «Гүлдер»

Психологиялық кезең :

Математика керек әр күнге

Математика керек әркімге

Есеп қажет өмірде

Есепсіз білім білім бе?!

Кіріспе:

1.Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан 2050» стратегиясының бір тармағы «Бір болашақ- бұл мәңгілік елдің біздің ортақ үйіміз Қазақстан Республикасының гүлденуі. Сондықтан еліміздің гүлденуі үшін өз үлесімізді қосайық.Математикадан берілген тапсырмаларды орындау арқылы елімізді гүлдендіреміз.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

55- беттегі ,6- есеп (3 топтан теңдеулерді қалай орындағандарын тексеру,әрбір топ өздерінің қолындағы өсімдіктер мен жануарлардың суреттерін плакатқа жабыстырады.)

3 Жаңа сабақ

1. Оқулықпен жұмыс : №1 есепті түсіндіру

16*5 80/5

1.қадам 16=>(10+6) 1.қадам 80=>(50+30)

2. қадам (10+6) *5 2. қадам (50+30):5

3.қадам 10*5+6*5 3.қадам 50:5+30:5

4.қадам 50+30=80 4. қадам 10+6=16

2. Түсіндіре отырып шығар:

1.Ағаштар тобы: 14*5 70:5

2.Бұталар тобы: 12*5 60:5

3.Гүлдер тобы: 15*6 90:6

(Тапсырманы орындап болған соң, топ плакатқа өздеріне ұнаған суреттерді жабыстырады.)

3. есептерді шығар:

А) Ағаш бұйымдарын жасайтын фирма 30 күнде 120 орындық жасап беруге мектеппен келісімшарт жасасты.Егер ол күніне 5 орындықтан жасаса,келісімшартты неше күн бұрын орындайды?

30к-120орындық 120:5=24 30-24=6

күніне-5орындық

неше-? Жауабы:6 күн бұрын орындайды.

Ә) Бір ағаш шебері күніне 3 терезе,ал екіншісі 4 терезе жасады. 70 терезе жасау үшін екі шебер неше күн жұмыс істеуі керек?

1 ш -3 т

2 ш-4 т

70-?

70:(3+4)=10 Жауабы:10 күн

( Тапсырманы орындап болған соң, топ плакатқа өздеріне ұнаған суреттерді жабыстырады.)

Сергіту сәті: «Көңілді күн»

6. Бос тор көзге тиісті санды тауып қой.

  1. 5дм 7см=□ см 2.32см=□дм□см 3.4м=□см

34дм=□м□см 60дм=□м 8м 3дм=□см

(Тапсырманы орындап болған соң,топ плакатқа суреттерді жабыстырады.)

5. Үй тапсырмасы 12 мысалдан тұрады.Алмас оның 6дан1 бөлігін шығарды.Ол шығаратын әлі неше мысал қалды?

12:6=2

12-2=10 Жауабы:10 мысал қалды.

Жұмбақ шешейік.

1.Сақтайын десем ауыр кілем

Сатпайын десем тәуір кілем.(жер)

2. Үлкен,үлкен түйені,

Тастапты ата шөгеріп

Өрмекші бұлтқа тиеді

Бауыры жатыр көгеріп.(тау)

3. Жылт-жылт еткен

Жырадан өткен.(су)

7. а) Бірліктерін 5-ке көбейткенде 2*5=10 теңдігі қолданылатын екі таңбалы сандарды жаз.

ә) Бірліктерін 5-ке бөлгенде 10: 5= 2 теңдігі қолданылатын екі таңбалы сандарды жаз.

(Тапсырманы орындап болған соң, топ плакатқа суреттерді жабыстырады)

Шығармашылық тапсырма: Математика олимпиадасында Азамат,Ерболат,Аружан алғашқы үш орынға ие болды.Азамат бірінші не екінші орын ала алмады,Ал,Аружан екінші орынды алған жоқ.Ерболат үшінші орын алған жоқ.Азамат нешінші орынға ие болды?Ерболат ше?Аружан ше?

Жауабы: Азамат үшінші орын,Ерболат екінші орын,Аружан бірінші орын.

Сабақты қорытындылау. 1.Бүгін қандай тапсырмалар орындалды? 2.16*5 және 80/5 жағдайларында көбейтудің қандай қасиеті орындалды? 3.Сабақтағы өз жұмыстарына қандай баға бересіңдер? (Смайликтер арқылы көрсету). Еліміз гулдену үшін өз үлесімізді қостық.Еліміздің гулденуіне осылай ат салысайық.

Бағалау.

Үйге тапсырма:56-бет 4-есеп



Автор
Дата добавления 19.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров266
Номер материала ДВ-468118
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх