Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Информатика / Научные работы / "CMS Joomla негізінде сайттың құрылуы"

"CMS Joomla негізінде сайттың құрылуы"


  • Информатика

Поделитесь материалом с коллегами:

CMS Joomla негізінде сайттың құрылуы


Сайттың құрылуы негізінде Joomla! қамтамасында жасалды. Бұл қамтаманың таңдалған себебі, оны игеруге аз уақыт кетеді, сондай –ақ, әр бір бөлімді құрған уақытта немесе ақпаратты енгізген уақытта жеке –жеке мәліметтерді, жарияламас бұрын алдын –ала көруге мүмкіндік бар. Қамтама көптеген технологияларды қамти алады (HTML, PHP, ASP, Java, XML, XSLT, CSS және т.б.).

Сайтты құру барысында әдеттегі шаблон қолданылды, бірақта оның модификациялануы, яғни өзіміздің кафедра атының енуі, қосымша фон енгізу үшін DreamWeaver MX, Photo shop CSS5 көмектері қолданылды.

Бастапқы беттің кілт сөздері А қосымшасында келтірілген.

Joomla басқаруының әкімшілік бөлігіне ену үшін (Backend – бэк-енд, басқару қатары) өзіңіздің қолданып отырған Web – сайт мекен жайын жазыңыз. Егер мекен –жай дұрыс болса, онда белсендірілу беті ашылады.

hello_html_64db02dd.png

Сурет -1. Joomla басқару бетіне ену

hello_html_e00a190.png

Сурет -2. Joomla басқару қатарының негізгі беті

Қолданушының логині мен кілт сөзі дұрыс жазылған уақытта, Joomla басқарудың әкімшілік бөлімі ашылады, ол жерде бүкіл мүмкіндіктерді қолдануға болады. Бастапқы бетке кез келген уақытта жоғарғы сол жақ бұрышта орналасқан «Бастапқы» батырмасын шерту арқылы өтуге болады. Бөлімнің құрылуы


Бөлім – бұл құрылым иерархиясын қамтитын негізгі (жоғарғы) объект. Кейінірек бөлімге деңгейлер қосылатын болады.

hello_html_m4390a10b.pngБөлімдермен жұмыс атқару үшін «Бөлімдерді басқару» бетіне көшу керек. Негізгі бетте «Бөлімдерді басқару» батырмасын басу немесе «Мазмұны» одан соң «Бөлімдерді басқару» (1-сурет) арқылы өтуге болады.

Сурет - 3. Бөлімдерді басқару


«Бөлімдерді басқару» беті ашылады. Бұл бетте құрал –саймандар қатарын пайдаланыа отырып, төмендегі аталған істерді атқаруға болады:

  • Көмек жаңа бетте ағымдағы берілімдерді сипаттау. «Көмек» батырмасын басыңыз.

  • Жаңадан бөлім құру. «Жаңа» батырмасын басыңыз.

  • Ағымда бар бөлімді өзгерту. Қажет бөлімнің атауына басыңыз немесе өзгертетін бөлімді басып тұрып «Өзгерту» батырмасын басыңыз.

  • Ағымда бар бөлімді өшіру. Керек бөлімді белгілеңіз және де «Жою» батырмасын басыңыз.

  • Ағымда бар бөлімді көшіру. Керек бөлімді белгілеңіз және де «Көшіру» батырмасын басыңыз.

  • жасыру (жарияламау). Керек бөлімді белгілеңіз және де «Жасыру» батырмасын басыңыз.

  • Ағымда бар бөлімді жіберу (Жариялау) Керек бөлімді белгілеңіз және де «Жіберу» батырмасын басыңыз.

  • Жаңа бөлімді құру үшін «Жаңа» батырмасын басыңыз. Жаңадан «Бөлім» беті редакторленеді. (Сурет-2)


hello_html_m4bfc8cc3.png


Сурет - 4 «Бөлім» бетінің редакторленуі


«Бөлім» бетінің редакторленуі бетіндегі құрал –саймандар қатарынан төмендегі мүмкіндіктерді атауға болады:

  • Көмек - жаңа бетте ағымдағы берілімдерді сипаттау. «Көмек» батырмасын басыңыз.

  • Өзгерістерді қабылдау (сақтау), алайда «Бөлім» редакторленуі бетінде қалу. «Қабылдау» батырмасын басыңыз

  • Өзгерістерді сақтау және де «Бөлім» редакторленуі бетін жабу және де «Бөлімді басқару» бетіне қайта келу (шығу). «Сақтау» батырмасын басыңыз.

«Бөлім» бетінің редакторленуі кезінде төмендегі іс-әрекетті жасау қажет:

  • «Тақырып»өрісінде, мәзірде немесе құрал саймандар қатарында қолданылатын бөлімнің атауын қысқаша міндетті түрде енгізу;

  • «Бөлім -атауы» өрісінде бөлімнің сайтта көрсетілетін тақырыпқа сай атын ұзақ, толық енгізу;

  • «Бейне» өрісінде мәзірде бөлім көрсетілетін кезде қолданылатынсуретті таңдау;

  • «Көрсетілім тәртібі» өрісінде «Бөлімді басқару» бетіндегі тізім бойынша реттеп, белгілеу;

  • «Қол жетім деңгейі» өрісі осы бөлімдегі ақпаратты көрсету болады;

  • «Жалпы» - веб сайтты көруші барлық қолданушылар пайдлануға болады;

  • «Қатысушылар» - сайтқа тіркелген қолданушылар үшін

  • «Арнайы» - тіркелген қолданушылар үшін басқару қатары

  • «Жарияланды» өрісінде – қазір жариялау қажет па жоқ па екенін белгілеу.

«Суреттеу» мәтіндік өрісіне қысқаша бөлімнің мазмұнын жазуға болады.

Сhello_html_m34a2ee1f.pngурет – 5. Деңгейдің құрылуы

«Суреттеу» өрісінде бөлімнің жалпы мазмұнын жазуға болады. Сіз бөлімді құрып, редакторлеп болған соң, жалпы жұмысыңызды сақтау үшін «Сақтау» батырмасын басып, «Бөлімдерді басқау» бетіне шығыңыз. Немесе «Қабылдау» батырмасын басып, нәтижелерді сақтап, «Бөлімді» редакторлеу бетін жаппай –ақ, шығуға болады.


Деңгейдің құрылуы


Деңгей – бұл құрылым иерархиясын қамтитын екінші (бөлімнен кейінгі) объект. Деңгейлерді құру бөлімдерді құруға ұқсас келеді.

Деңгейлермен жұмыс жасау үшін ең алдымен «Деңгейлерді басқару» бетіне көшу керек. «Деңгейлерді басқару» бетіне өтудің екі жолы бар:

Бірінші жолы: бастапқы бетте құралдар қатарына «Деңгейлерді басқару» немесе негізгі беттен «Мазмұны» мәзірін содан соң, «Деңгейлерді басқару» бөлімін таңдаңыз.

Екінші жолы: негізгі беттен «Мазмұны» содан соң, «бөлімдер бойынша мазмұны» әрі қарай сізге қажет бөлімді таңдаңыз. Шыққан мәзір бөліміне «Қосу/ деңгейді өзгерту», сіз таңдаған бөлімде, өтіңіз. «Деңгейлерді басқару» беті ашылады. (Сурет - 3)

hello_html_73722727.png


Сурет - 6. «Деңгейлерді басқару»


«Деңгейлерді басқару» терезесін ашқанда ең бірінші бөлім бойынша деңгейлерді сүзгілеуге қол жеткізу мүмкін болады. Жаңа деңгейді құрған уақытта сол деңгей енетін бөлімді таңдау қажет. Сүзгілеу қасиеті құрал саймандар қатарының оң жағында орналасқан.

«Деңгейлерді басқару» терезесін ашқанда екінші сүзгілеу «қатты» сіз таңдаған бөлімге тіркеледі. Жаңа деңгей құрылған уақытта сіз таңдаған бөлімге жаңа деңгей «қатты» тіркеледі.

«Деңгейлерді басқару» бетінде құрал –саймандар қатарынан төмендегі мүмкіндіктерді атқаруға болады:

  • Көмек - жаңа бетте ағымдағы берілімдерді сипаттау. «Көмек» батырмасын басыңыз.

  • Жаңадан бөлім құру. «Жаңа» батырмасын басыңыз.

  • Ағымда бар деңгейді өзгерту. Қажет деңгейдің атауына басыңыз немесе өзгертетін бөлімді басып тұрып «Өзгерту» батырмасын басыңыз.

  • Ағымда бар деңгейді өшіру. Керек деңгейді белгілеңіз және де «Жою» батырмасын басыңыз.

  • Ағымда бар деңгейді көшіру. Керек деңгейді белгілеңіз және де «Көшіру» батырмасын басыңыз.

  • жасыру (жарияламау). Керек бөлімді белгілеңіз және де «Жасыру» батырмасын басыңыз.

  • Ағымда бар бөлімді жіберу (Жариялау) Керек бөлімді белгілеңіз және де «Жіберу» батырмасын басыңыз.

  • Жаңа бөлімді құру үшін «Жаңа» батырмасын басыңыз. Жаңадан «Бөлім» беті редакторленеді «Жарияланды» өрісінде – қазір жариялау қажет па жоқ па екенін белгілеу.

«Деңгейлер» редакторлену беті редакторленуі бетіне сай келеді (3 сурет). «Деңгейлер» және «Бөлімдер» редакторлену беттерінің ең басты айырмашылығы ол – деңгейлердің бар бөлім өрістеріне қатысы бары. Жаңа деңгейді құру тура жаңа бөлімді құрғанға сай келеді.


Мазмұндағы жалпы ақпараттарды сақтау объектісін құру

Мазмұндағы ақпараттар объектісі –бұл сайттың негізгі мазмұны және құрылым иерархиясының төменгі объектісі. Басқа сөзбен айтқанда, Мазмұндағы ақпараттар объектісі–бұл сіздің белгіглі бір деңгейде орналасқан мақалаларыңыз.

Мазмұндағы ақпараттар объектісімен жұмыс жасау үшін, «Мазмұндағы ақпаратты басқару» бетіне өту керек.

Бірінші жолы: бастапқы бетте «Барлық сайт мазмұны» немесе негізгі мәзірде «Мазмұны» батырмасын таңдаңыз, содан соң «Барлық сайт мазмұны» шертіңіз. «Барлық сайт мазмұны» беті ашылған уақытта келесідей сындарға байланысты сүзгілеуге мүмкіндік туады:

бөлімдер бойынша, деңгейлер бойынша, автор бойынша, тақырып бойынша «Сүзгілеу» өрісі көрсетіледі.

Екінші жолы: негізгі мәзірде «Мазмұны» батырмасын таңдаңыз, содан соң «Барлық сайт мазмұны» шертіңізде,сізге қажетті бөлімді таңдаңыз және де сізгі қажетті бөлім шығады. «Мазмұндағы ақпаратты басқару» беті ашылған уақытта (көрсетілген сүзгілеу объектілері қол жетімділігімен) келесідей объектілерді сындарға байланысты сүзгілеуге мүмкіндік туады:

деңгейлер бойынша, автор бойынша, тақырып бойынша «Сүзгілеу» өрісі көрсетіледі.

Жаңа объект құрылған уақытта, сол жаңа объект енетін қажет бөлімді деңгейді міндетті түрде таңдау қажет. Сүзгілеу қасиеттері сол беттің құрал саймандар қатарының оң жағында орналасқан. Сүзгілеу қасиеттері (бөлімдер, деңгейлер бойынша) жаңа объект құрылғанда үнемі ескеріледі.


hello_html_6475d051.png

Сурет - 7. «Мазмұндағы ақпаратты басқару» бетіне қол жеткізу


«Мазмұндағы ақпаратты басқару» бетінде құрал –саймандар қатарынан төмендегі мүмкіндіктерді атқаруға болады:

  • Көмек - жаңа бетте ағымдағы берілімдерді сипаттау. «Көмек» батырмасын басыңыз.

  • Жаңадан бөлім құру. «Жаңа» батырмасын басыңыз.

  • Ағымда бар деңгейді өзгерту. Қажет деңгейдің атауына басыңыз немесе өзгертетін бөлімді басып тұрып «Өзгерту» батырмасын басыңыз.

  • Ағымда бар деңгейді өшіру. Керек деңгейді белгілеңіз және де «Себетке» батырмасын басыңыз.

  • Ағымда бар деңгейді көшіру. Керек деңгейді белгілеңіз және де «Көшіру» батырмасын басыңыз.

  • Ағымда бар деңгейді орын ауыстыру. Керек деңгейді белгілеңіз және де «Орын ауыстыру » батырмасын басыңыз.

  • Жасыру (жарияламау). Керек бөлімді белгілеңіз және де «Жасыру» батырмасын басыңыз.

  • Ағымда бар бөлімді жіберу (Жариялау) Керек бөлімді белгілеңіз және де «Жіберу» батырмасын басыңыз.

  • Ағымда бар мәліметтер объектісін мұрағатқа жіберу. Керек бөлімді белгілеңіз және де «Мұрағатқа» батырмасын басыңыз.

Жаңа мазмұндағы ақпаратты құрғанда немесе редакторлегенде, сол ашылған бетте міндетті түрде (деңгей мен бөлімдерден айырмашылығы) сол мазмұн қай бөлім мен деңгейге қатысты екенін белгілеу қажет.


Мәзірдің құрылуы


Мазмұндағы объектілер құрылым құрып болған соң, веб сайт қолданушыларына арналған мәзір құру қажет. Мәзір –бұл, қажет ақпаратқа, деңгейлер тізіміне, мазмұндағы ақпараттар объектісіне, компонеттерге және т.с.с қажет батырмалар жиынтығы.

Joomla кеңейтілімін пайдалана отырып, мәзірлердің сайт бетінде жариялануын көрсету оңай. Осы басқаруда, әдетте, үнсіз келісім бойынша mod_mainmenu модулі пайдаланылады. Аталмыш модуль үнсіз келісім бойыншамәзір құратын негізгі болып есептелінеді. Мәзірдің орналасуы шаблонға байланысты анықталады. Қосымша кеңейтілімдерді пайдалана отырып, мәзірдің орналасу орнын да өзгертуге болады. Мысалға қалқып шығатын каскадты мәзір ретінде немесе басқада жолдармен.

Ең қарапайым жолы ( алайда, мүмкіндігі шектеулі) мазмұндағы объектті мәзір бөлімімен байланыстыру, бұл бетті редакторлеу бөлімінде қосымша өзгертулер терезесінде «мәзірді байланыстыру параметрлері»ішінде қолданылады. Осы терезе шыққанда мәндетті түрде: сол бөлім қосылатын (сілтеме)мәзірді таңдап, бөлім мәзірінің атауын таңдап «Мәзірмен байланыстыру» батырмасын басыңыз.


hello_html_m5de2113e.png

Сурет - 8. «Мәзірді басқару» беті


Жаңадан мәзір қосу үшін, сол бетке өтіп, «Мәзірдің жаңа бөлімін» қосу батырмасын басыңыз. «»Жаңа» батырмасын «Мәзірді басқару «[mainmenu]»» бетінен таңдаңыз.

hello_html_16e4c84e.png


Сурет - 9. Жаңа мәзір құру.

Верхнее меню арқылы сайттың жоғарғы жағына мәзір орналастырылды. Ол: Виртуалды тур, Бейнекөрініс және Жаңалықтардан тұрды.


hello_html_4fc7ec99.png



Сурет – 10. Жоғарғы мәзір көрінісі


Егерде алдын – ала көру мүмкіндігін қолдансаңыз, онда қосылған жаңа мәзірді жарияланбас бұрын көруіңізге болады.

Жаңа браузер терезесінде көру. Осы терезеде әкімшілік қатары ашылған уақытта көру.


hello_html_m637fbcd0.png

Сурет - 11. Сайтты алдын –ала көру мүмкіндігі.



Автор
Дата добавления 25.10.2016
Раздел Информатика
Подраздел Научные работы
Просмотров50
Номер материала ДБ-288805
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх