Инфоурок Другое Другие методич. материалыДәріс."Бөртпе сүзегі .Брилл ауруы"

Дәріс."Бөртпе сүзегі .Брилл ауруы"

Скачать материал

Бөртпе сүзегі. Брилль ауруы

Бөртпе сүзегі – қоздырғышы трансмиссивті механизммен берілетін, антропонозды инфекциялық ауру. Қызба, интоксикация, бөртпелердің пайда болуы, жүйке, жүрек-қан тамыр жүйесі, бауыр, көкбауырдың зақымдалуымен сипатталады, реккетсиялар организмде ұзақ уақыт сақталып, Брилль ауруы түрінде қайталануы мүмкін.

Эпидемиялық бөртпе сүзегі (биіктік) орта ғасырдан белгілі ауру, әсіресе соғыс, ашаршылық кездерінде кеңінен таралған. ІІ әлемдік соғыс кезінде эпидемия түрінде таралған.

Қәзіргі кезде ауру біздің аймақта кездеспейді, бірақ инфекция толық жойылды деп айтуға ерте, өйткені бұрын ауырған адамдарда қоздырғыш сақталып, рецидив-қайталану беруі және тез таралып кетуі мүмкін.

Этиологиясы. Бөртпе сүзегінің қоздырғышы – Провацек риккетсиялары – майда, жылжымайтын, грамтеріс, полиморфты (кокк, таяқша, жіпше тәрізді) микроорганизмдер. Жасушаның цитоплазмасында көбейеді. 500С жоғары температура және дезинфекциялық заттардың әсерінен тез өледі. Төменгі температура мен кептіргенге шыдамды. Жәй қоректі орталарда өспейді, тек тауық эмбрионында өсіріледі.

Ауру адамның сорған қанымен түскен қоздырғыштар биттің ішегіндегі эпителий жасушаларына еніп, онда көбейеді. 4-5 күннен кейін жасушаларды жарып риккетсиялар биттің ішегіне түседі, нәжісімен адамның терісіне түседі. Биттің шаққан жері қатты қышитын болғандықтан, зақымдалған тері арқылы адамның денесіне түседі.

Патогенезі және клиникасы. Зақымдалған тері арқылы денеге түскен қоздырғыштар қан тамырларының ішкі жасушаларында көбейіп, дамиды. Инкубациялық кезеңі 6-25 күн, орташа 11-14 күн.

Негізгі клиникалық белгілері:

·         Қызба – 1 күннен 21 күнге дейін, орташа 12-16 күн;

·         Экзантема – бөртпелер аурудың 4-5 күндері пайда болады;

·         Жүрек қан тамыр, нерв жүйесіндегі өзгерістер.

3% ауырған адамдардың лимфа бездерінде қоздырғыштар сақталып қояды. Түрлі факторлардың әсерінен риккетсиялардың белсенділігі күшейіп, ауру қайталанады – Брилль аулуы. Инфекция көзі – ауру адам. Науқас адам инкубациялық кезеңнің соңғы 1-2 күнінен бастап, қызба кезінде және жылу кезеңінің алғашқы 2-3 күндерінде жұқпалы болады. Жұқпалы кезеңі 20-21 күнге жалғасады. Сау тасымалдаушылық болмайды. Денесінде қоздырғыштар көбейіп қанға түскенде, қайталану, рецидив кезінде жұқпалы болады.

Беріліс механизмі – трансмиссивті. Бөртпе сүзегін таратушы киім биттері, сиректеу шаш биттері. Өте сирек аэрогенді жолмен, зертханаларда таралуы мүмкін.

Эпидемиологиялық ерекшеліктері. Бөртпе сүзегі халықтың әлеуметтік жағдайымен тығыз байланысты, «соғыс сүзегі» деп те аталады. Жеке бас гигиенасын сақтамағанда, жаппай миграция кездерінде педикулез пайда болады, егер қоздырғыштар айналымда табылса, аурудың эпидемия түрінде таралуына мүмкіндік туындайды.

Бөртпе сүзегі қазан-сәуір айларында жиі таралады, себебі суық мезгілде халық тығыз қатынаста болады,сиректеу шомылады, тазаланылады.Бөртпе сүзегі жанұялық түрде кездеседі,жанұяның барлық мүшелерінің жұқтыруы орын алған.Бриль ауруы қазіргі кезде егде жастағы кәрі адамдарда кездеседі.

Алдын-алу шаралары негізгі 2 топқа бөлінеді:

1.Инфекцияға бағытталған шаралар

2.Таралу жолдарына бағытталған шаралар.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Дәріс."Бөртпе сүзегі .Брилл ауруы""
Смотреть ещё 5 938 курсов

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Дәріс."Бөртпе сүзегі .Брилл ауруы"

Дәрісте Бөртпе сүзегі және Брилл ауруы туралы толық мәлімет береді.Бұл аурулардың этиологиясы , клиникалық көріністері,эпидемиологиясы, диагностикасы, алдын -алу шаралары туралы ақпараттардан тұрады.Бұл дәріс медициналық колледждерінің гигиена және эпидемиология бөлімінің студенттеріне арналған.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

7 346 859 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

Скачать материал
    • 16.01.2020 8385
    • DOCX 18.2 кбайт
    • 24 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сагатова Гулсулу Жасулановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сагатова Гулсулу Жасулановна
    Сагатова Гулсулу Жасулановна
    • На сайте: 6 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 71739
    • Всего материалов: 24

Оформите подписку «Инфоурок.Маркетплейс»

Вам будут доступны для скачивания все 324 314 материалов из нашего маркетплейса.

Мини-курс

Функциональная грамотность: практическое освоение жанров и стилей речи

3 ч.

699 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Нейропсихология развития ребенка

3 ч.

699 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 57 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 40 человек

Мини-курс

Дизайн образования будущего: моделирование и UX/UI

2 ч.

699 руб.
Подать заявку О курсе
Смотреть ещё 5 938 курсов