Инфоурок / Школьному психологу / Другие методич. материалы / Д.Б. ЭЛЬКОНИННІҢ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Д.Б. ЭЛЬКОНИННІҢ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ

библиотека
материалов

ӘОЖ 159.9

Д.Б. ЭЛЬКОНИННІҢ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ


Есембекова Құндыз

Қарағанды “Болашақ”Университеті

ПиП 10-3 тобының 2-курс студенті.

Ғылыми жетекші: оқытушы Есмагулова А.А

Эльконин Даниил Барисович 1904жылы дүниеге келіп, 1984 жылы өмірден өткен. Өзі айтқандай оның өмірі ұзақ болсада, өз қиыншылықтарымен, бірақ бақытты өмір сүрген.

Ол кеңес психологы, педагогика ғылым докторы, профессор. Эльконин бала және психологиясының әр түрлі мәселелерін зерттейді. Ол ойынның психологиялық табиғаты мен пайда болуын, оның мектепке дейінгі жастағы балалардың дамуы үшін маңыздылығын, ауызша және жазбаша сөйлеудің психологиялық айырмашылықтарын, оқуға бастапқы рет үйретудің жаңа әдісінің психологиялық негіздері туралы мәселелерді зерттеді, эксперименттік әліппе жасады.

Ол Полтовиялық губернияда дүниеге келген. Ол 1914 жылы полтовиялық гимназияға оқуға түсіп, кейінен оны 1920 жылы отбасы қиыншылықтарына байланысты тастауа тура келді. Кейінен ол әскери –техникалық курсында өскелен жастағы қиын балалрды тәрбиелеу қызыметімен жұмыс жасады.

УССР наркомпростың iссапары бойынша 1924 жылда А.И.Герцено атындағы әлеуметтiк тәрбиенi Ленинград институттың психолого - рефлекс логикалық факультетiне оқуға түседі.

Студент бола отырып Л.Л. Василиевтің басшылығымен жүйке жүйесінің физиологиясы атты ғылыми жұмысты басқарады. Д.Б.Эльконинның бiрiншi баспа жұмысы 1929 жылы «Бұлшық еттердiң жұлындық иннервациясына тұрақты электр тоғының жергiлiктi әсерi» деген атпен жарық кореді.

А.И.Герцено атындағы ЛГПИдiң педагогикалық факультеттiң бөлiмшесiн 1927 жылы аяқтауларынан кейiн, Қазан темiр жолындағы бала амбулаториясында педолог - ұстаз болып жұмыс iстедi. А.И.Герцено атындағы ЛГПИдiң педология кафедрасында сабақ бере бастады,ол онда 1937 жылға дейін жұмыс істейді. Сонымен бiрге ол 1932 жылы Ленинград ғылыми-практикалық педологиялық институтында ғылыми жұмысқа байланысты директордың орынбасары болып жұмыс атқарды.

Осы жылдары Эльконин Даниил Барисовичтің ғылыми негізгі қызығушылығы белгіленді, ол яғни балалар және педагогикалық психология. 1931 жылы Л.С. Выготскимен бірлесіп және оның қодауымен психологиядағы мәселелердің бірі балалардың ойын арқылы оқып және даму ерекшеліктерін қарастырады. Баланы комплексті түрде социология, генетика, физиология, психология және педагогика тұрғысынан зерттеуі бойынша педалогия ғылымына талқылағандарға 1936 жылы ЦК РКП(б) – ның тұжырымдамасы шықты. Осы сенбептерге байланысты Эльконин Даниил Барисович бүкіл жұмыс орындарынан қуылды. Содан кейін Жубановқа (алғаш секретар Ленинград горкомы РКП(б)),ол өкінбейтінін, ол өзінің пікірін 24 сағат ішінде өзгертпейтінін жарияланғаннан кейін, оны ешқайда жұмысқа алмады. Кейінен ол өз қыздары оқитын мектепке бастауыш мұғалімі болып жұмысқа әзер дегенде орналасады. Ол негізінен мектеп деректоры оны жақсы танитын болғандықтан тәуекелге бел буып қол ұщын тигізеді.

Д.Б 1938 г.Эльконин тағы вузде (Н.К.Крупской атындағы ЛГГТИ) оқытады және қосымша қызметтілікке мектепте жұмыс істейді және Ленинград Учпезинде ара сапа әдіскердің-кеңесші болып, орыс тілдің оқулығының авторымен шеткі солтүстіктің халыктары үшін жұрт алдында сөйлейді.

1941 жылы шілде айында Эльконин Даниил Барисович ерікті түрде халық жиынына кіріп, Ленинград майданындағы 42-ші әскер қатарына кіріп, Ленинград және Полтавияны азат етуге ат салысқан. 1942 жылы Кисловод манайындағы немістер Эльконин Даниил Барисовичтің әйелін және екі баласын атып тастайды.

Соғыс аяқталғаннан кейін Эльконин Даниил Барисович әскерден босап кеткісі келседе, босатылмады. Оған негізгі бағыт бойынша Мәскеу қаласында орналасқан Кеңестік Әскери – техникалық институтына сабақ беруге жіберіледі, ол онда тек қана психологияны ғана емес, сонымен қоса әскери психологияны,оның құрылымын бағыт – бағдарын үйретеді. Алайда 1952 г. қуғын-сүргіннің толқыны көрініс беріп космополитизм күресі басталды. Кейінен Эльконин Даниил Барисович әскерден босап демалысқа кетеді.

1953 жылдын қыркүйегінен Эльконин Даниил Барисович Психология Институтының штаттық қызметкері болып жұмысқа орналасады. Аталған мекемеде өмірінің сонына дейін еңбек еткен. Институтта бірнеше лаборотория басқарып, 1962 жылы докторлық десертация қорғап, 1966 жылы құрылған МГУ-да психология факультетінде де біршама уақыт дәріс береді.

Эльконин Даниил Барисович көбінесе балалар психологиясын Л.С. Выгогтскийдің шәкіртері мен жұмыс жасаған, олар: А. Н. Леонтьевым, А. Р. Лурией, А. В. Запорожцем, Л. И. Божович, П. Я. Гальпериным

Эльконин Даниил Барисовичтің еңбектері аса танымал, оның 116-ға тарта еңбектері бар. Ең негізгіліерін атап кетер болсақ, олар:

1. Учение об условных рефлексах. М.; Л., 1931.

2. Букварь: Учебник русского языка для мансийской начальной школы. Л., 1938.

3. Устная и письменная речь школьников (рукопись), 1940.

4. Развитие конструктивной деятельности дошкольников (рукопись), 1946.

5. Психологические вопросы дошкольной игры // Вопросы психологии ребенка дошкольного возраста. М., 1948.

6. Мышление младшего школьника/ Очерки психологии детей. М., 1951.

7. Психологические вопросы огневой подготовки. М., 1951.

8. Психическое развитие ребенка от рождения до поступления в школу // Психология. М., 1956.

9. Творческие ролевые игры детей дошкольного возраста. М., 1957.

10. Развитие речи в дошкольном возрасте. М., 1958.

11. Детская психология. М., 1960.

12. Вопросы психологии учебной деятельности младших школьников/Под ред. Д. Б. Эльконина, В. В. Давыдова. М., 1962.

13. Психология детей дошкольного возраста/Под ред. А. В. Запорожца, Д. Б. Эльконина. М., 1964.

14. Психология личности и деятельности дошкольника/Под ред. А. В. Запорожца, Д. Б. Эльконина. М., 1965.

15. Возрастные особенности младших подростков/Под ред. Д. Б. Эльконина. М., 1967.

16. Психология обучения младшего школьника. М., 1974.

17. Как учить детей читать. М., 1976.

18. Психология игры. М., 1978.

Эльконин Даниил Барисович үшін ең маңыздысы оның ұстазы Л. С. Выготскиге деген сыйластығы мен жылы қарым – қатынасы еді. Ол ылғи ұстазының кітаптарын оқып, өзіне түрлі – түсті қарындашпен ескерту жазып қоятын.

Л.С. Выготскиийдің қайтыс болуына 50 жыл толғандығына дефектология саласы бойынша және де еңбектері бойынша болған конференцияға Эльконин Данил Барисовичта қатысты. Негізінен Эльконин Данил Барисович өзінің ұстазына арналған бірде - бір конференциясынан қалған емес.

Л.С. Выготскиийдің қайтыс болуына 50 жыл толғандығына арналған конференцияда Эльконин Данил Барисович былай деген болатын: “Мен бірінші рет емес ұстазымжайлы шығып сөз айтып тұрғаныма, айта кету керек, мен ол жайлы немесе оның еңбектері жайлы әр түрлі мақалалар жазып, шыққан сайын, мен ылғи тебіреніп, қуаныш кернейді. Себебі, мен оның ақырғы жылдарында ұстазым мен өткіздім. Дос болып кеттік десем де болады, ұстазы мен шәкірті арасында да достық болад екен. Бірақ мен ұстазымның еңбектерін оқыған да, кейде қайта оқығанда түсінбей, бір жерін қалдырып кеткендей сезінем. Сондықтан оқып бастаған сайын мен ұстазымның ойын басынан ұғып алуға және оны аяғына дейін түсінуге тырысамын ” – деген екен.


Қолданылған әдебиеттер тізімі


1. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Педагогика / О 74 Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар:


Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Краткое описание документа:

Эльконин Даниил Барисович 1904жылы дүниеге келіп, 1984 жылы өмірден өткен. Өзі айтқандай оның өмірі ұзақ болсада, өз қиыншылықтарымен, бірақ бақытты өмір сүрген.

 

 Ол кеңес психологы, педагогика ғылым докторы, профессор. Эльконин бала және психологиясының әр түрлі мәселелерін зерттейді. Ол ойынның психологиялық табиғаты мен пайда болуын, оның мектепке дейінгі жастағы балалардың дамуы үшін маңыздылығын, ауызша және жазбаша сөйлеудің психологиялық айырмашылықтарын, оқуға бастапқы рет үйретудің жаңа әдісінің психологиялық негіздері туралы мәселелерді зерттеді, эксперименттік әліппе жасады.

 

Общая информация

Номер материала: 467876

Похожие материалы