Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / Дала құстары туралы Дошкольное

Дала құстары туралы Дошкольное



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

ДАЛА ҚҰСТАРЫ ТУРАЛЫ

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта» «Шығармашылық»

Бөлім: «Экология негіздері» «Жапсыру»

Тақырыбы: «ДАЛА ҚҰСТАРЫ»

Мақсаты: Балалардың құстар туралы түсініктерін кеңейту, білімдерін тиянақтау. Құстардың тыныс-тіршіліктерін бақылауға үйрету, ауызша сөйлеу дағдысы мен тілдерін жетілдіріп, ой-өрісін дамыту, қорытынды шығара білуге машықтандыру.

Көрнекі құралдар: қысқы орман, жұмыртқа, ұя, балапан, құстардың үлгісі, желім, тоқымалы жіп, қылқалам, сүлгі, қызыл және қара түсті қарындаш.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

- «Сәлем – сөздің анасы, сәлем берер әр қазақтың баласы» деп, қонақтармен сәлемдесейік.


«Тілек шеңбері».


«Ғажайып сәт».

(ұядағы жұмыртқаны көреді).

Сұрақ-жауап:

- Бұл не?

- Геометриялық пішіні қандай?

- Жұмыртқаның түсі қандай?

- Ішінде не бар?


- Күннің көзі ашылып

Көкке шуақ шамылсын.

Құтты қонақ келіпті,

Төрімізге еніпті.


Ұядағы жұмыртқаны көріп, таң қалады, қызығушылық білдіреді. Сұрақтарға жауап береді.

- Жұмыртқа.

- Сопақша.

- Сары.

- Балапан.

Ұйымдастыру іздестіру


«Психологиялық жаттығу».

- Ендеше жұмыртқаның ішіндегі балапанға жылы лебіздерімізді білдірейік.

Жұмыртқаны қолына алып, тілек айту.

- Денің сау болсын!


- Балалар, біз сөйлегенде немен сөйлейміз?


«Көңілді тіл» ертегісі.


Сұрақ-жауап.

- Қазір жылдың қай мезгілі?

- Қазір қыстың қай айы?

- Қыс мезгілі сендерге несімен ұнайды?

- Көрдіңдер ме, балалар, қыс мезгілі қандай тамаша!

(құстардың дауысы естіледі).

- Балалар, әсем тыныштықты бұзып тұрған ненің даусы болды екен?

- Қандай құстарды білесіңдер?

- Оларды неліктен үй құстары деп атайды?

- Қалай қоректенеді?

Дауыстарын келтіру.


- Үй құстарынан басқа қандай тағы құстарды білесіңдер?

- Балалар, бүгін біз сендермен дала құстарын көруге орманға саяхатқа барамыз. Саяхатқа немен баруға болады?


Жұмыртқаның ішіндегі балапанға жылы лебіздерін айтып береді:

- Үлкен болып өс!

- Жолың болсын!

- Аман есен жарыққа шық!

- Қанатың мықты болсын!



- Тілмен.



Тілге жаттығу жасайды.



- Қыс мезгілі.

- Қазір қыстың ақпан айы, қыстың соңғы айы.

- Қыста шанамен сырғанаймыз, коньки тебеміз, аққала жасаймыз, қар атысып ойнаймыз.


- Құстардың ән салған дауыстары.


- Үй құстары: қаз, үйрек, тауық, әтеш, күрке-тауық – олар қорада, жылы жерде тұрады, өсіріледі, бидай, жем, тары, су береді.

Қаз (қаңқ-қаңқ-қаңқ)

Үйрек (быт-быт-быт)

Тауық (қыт-қыт-қыт)

Әтеш (ку-ка-ре-ку)

- Дала құстары.


- Машинамен, жаяу, автобуспен,



Ұйымдастыру іздестіру

- Дұрыс айтасыңдар, бүгін біз сендермен сиқырлы кілемшемен саяхатқа барамыз.

- Міне, менің қолымда таяқша, бұл жай таяқша емес, сиқырлы таяқша, осы таяқшамен сендерді сиқырлап, сиқырлы кілемшемен орманға саяхатқа барамыз.

- Орманға саяхатқа бармас бұрын біз күш жинап алуымыз керек. Олай болса, барлығымыз орнымыздан тұрып, сергіту жаттығуын жасап алайық.

«Сергіту сәті».


- Жарайсыңдар, балалар! Ал енді мен сендерді сиқырлы таяқшамен сиқырлап, орманға саяхатқа апарайын. 1-2-3 дегенде көзімізді жұмамыз, тәтті ұйқыға батамыз.

- Балалар, орман аппақ қар жамылған, жып-жылтыр болып жатыр, ағаштардың барлығы сиқырланып кеткендей, шырша ағашына аппақ қар жауған, біздің кішкентай Аружан деген қызымыз аппақ ұлпа қар болып ағаштың басына қонды. Кәрім мен Бекзат деген балаларымыз орманда үкі болып ұшып жүр, барлығымыз желмен оңға қарай ұшамыз, солға қарай ұшамыз, міне орманға да жетіп қалдық. 1-2-3 көзімізді ашамыз.

- Қараңдаршы, біз қайда келдік?

- Орман іші қандай тамаша! Қараңдаршы, не естіп тұрсыңдар? Не көріп тұрсыңдар?

- Орман ауасы қандай таза, қане терең тыныс алайықшы.

пойызбен.



Таң қалады, қуанады.








Күндей болып күлеміз

Гүлдей болып өсеміз

Құс болып ұшамыз

Көбелектей қонамыз.

Балалар көздерін жұмып, қар боып ұшып жүргенін елестетеді.














Көздерін ашады, айналасына қарап таңырқайды.

- Орманға.

- Құстардың әні, құстар ағашта отыр, айнала аппақ ағаштар қар жамылған.


Дем алады.



Ұйымдастыру іздестіру

«Ғажайып сәт»

Аспаннан қар ұшқындары түседі.


- Қандай құстарды көріп тұрсыңдар?

- Қандай дыбыс шығарады?

Құстар сайрайды, ұшады, ұя салады, ағаштағы құрттарды жейді, балапандарына тамақ тауып береді.

- Құстар туралы тақпақ айтып берейікші.






- Құстарға қандай қамқорлық жасау керек?


«Ұшты-ұшты» ойыны.


- Ал енді балабақшаға оралайық, барлығымыз сиқырлы кілемге отырайық, мен сиқырлы таяқшамен сендерді өзіміздің балабақшамызға жеткізейін. 1-2-3 көзімізді жұмамыз, тәтті ұйқыға батамыз.

- Өте жақсы! Барлығымыз балабақшаға ұшып келе жатырмыз. 1-2-3 көзімізді ашамыз, балабақшаға келдік.

- Біздің жұмыртқадан балапан шығыпты ғой, ол біздің жылуымызды, махаббатымызды сезді.


Қар ұшқындарына таң қалады.



- Қарға, тоқылдақ, сауысқан, шымшық, торғай.

Қарға (қар-қар-қар)

Тоқылдақ (тук-тук-тук)

Торғай (шиқ-шиқ-шиқ)

Айгерім:

Торғай, торғай, торғайсың

Жақын неге қонбайсың

Жем шашайын тойып ал

Сонда сен де тоңбайсың.

Мади:

Ала қанат сауысқан

Құртты көрсе жабысқан

Бір томардан томарға

Секең-секең ауысқан.

- Ұясын бұзуға болмайды, тас лақтыруға болмайды, жем шашу керек.



Балалар көздерін жұмып, ұйықтап жатқандай болады, ұшып келе жатқанын елестетеді.





Балапанға назар аударады, қуанады.



Ұйымдастыру іздестіру

- Балапан қандай?

- Оны неден қорғау керек?

- Балапанның көңілі соқпай тұр екен. Біз сендермен оған көмектесейік.

- Оған дос керек. Ақ параққа балапанның бейнесін жапсырамыз.

Жасау әдісін көрсетеді, түсіндіреді.


Саусақтық жаттығу.




- Сары, кішкентай.

- Суықтан, судан, мысықтан, иттен.

- Қалай көмектесеміз?


Қуанады, көмек бергілері келеді.




Бала, бала, балақан,

Қане қайсы алақан

Саусақтарың айбат

Былай, былай ойнат.

Рефлексивті-

жөндеуші


Балалардың жұмысы.

Мадақтау, балапан рахмет айтады.

Қорытынды.

- Балалар, сендерге саяхат ұнады ма?

- Орманда нелерді көрдіңдер?

- Біз немен бардық?

- Балапанға қандай көмек бердік?

- Сендерге ұнады ма?






- Иә.

- Құстарды.

- Сиқырлы кілемшемен.

- Дос табуға көмектестік.

- Иә.



Болжамды нәтиже:


Қабылдайды: балалар жасаған іс-әрекеттері туралы білулері керек.


Түсінеді: айтқан әңгіме, тақпақтарға қызығушылығы болуы керек.


Қолданады: балалар жұмыстарын бағалай білулері керек.


5




57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 07.03.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Конспекты
Просмотров101
Номер материала ДВ-507611
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх