Инфоурок Другое Видеоуроки"Даламның исі бұрқырап, қарттарым аман-сау жүрші" тақырыбындағы тәрбие сағаты.

"Даламның исі бұрқырап, қарттарым аман-сау жүрші" тақырыбындағы тәрбие сағаты.

Скачать материал

 

 

 

 

 

Қарттар мерекесіне арналған

«Даламның исі бұрқырап, қарттарым аман-сау жүрші!»

 атты кеш сценарийі

 

 

 

                               Дайындағандар:

                              5б сынып жетекшісі: Бошқаева С. 

                              8ә сынып жетекшісі: Абдрахманова Г.Т.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                         Алматы қаласы

№167 ЖББМ

2015 жыл,  01 қазан

 

 

 

 

                                                                           1

 

 Сценарий мақсаты: оқушы бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, өз ата – бабасын ұмытпай сақтау үшін және салт – дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.

 

Сабақтың безендірілуі: 1. Плакатқа жазылған өлең жолдары, мақал-мәтелдер;

                                               2. Фотокөрме «Қариясы бар үй қазына» 

                     3. «Қариясы бар үй қазына» тақырыбындағы эссе көрмесі;                                                                                             4. Қарттар үйінен видеосюжет.  

                                                                         

Фотокөрме мен жазылған эссеге бәйге жарияланады.

Н. Тілендиев «Ата толғауы» күйі ойнап тұрады

Жүргізуші:  БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 1990 жылы 14 желтоқсанда 1 қазанды Халықаралық қарттар күні деп жариялады. Биыл міне, Халықаралық қарттар күні мерекесіне 25 жыл толғалы отыр.  8ә сынып қыздарының орындауында би «Әке толдғауы»     

 

Жүргізуші:

«Аппақ шашың күн сайын қылаңдаған,

Зейнет емес бейнеттен арылмаған.

Тәңірімдей табынып өтем мәңгі,

Қариялар өзіңді ел сыйлаған»-дей отырып мектебіміздің ардақты қариялары мен ұстаздары Күләндә апай, Қажар апай, Жаңылша апай, Ілескүл апай, Тұрсынкүл апай, Тұрсынхан апай, Бейбіткүл апай, Тұрсынай апай, Жаңыл апай, Сұлу апай және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Бақыт апайды ортамызға шақырамыз, «орамал тон болмайды, жол болады»-деп орамал жабамыз. (Қошеметпен, алдыңғы қатарға оқушылардың сүйемелдеуімен отырғызамыз).

 

 

Психологиялық тренинг: «Өрмекшінің торы»   Оқушылармен (Қариялар мен мұғалімдер туралы жақсы тілектер мен мақал-мәтелдер айту)

 

 

     

 

5сынып оқушыларының атынан қарт ұстаздарымызға арнап Сүйінбек Әдел мен Әнелдің орындауында ән шашу.

 

 

Осы орындауда би.

 

1-оқушы: (Дәулет)

Хош келіпсіз ақ жаулықты аналар,

Ақыл кенін арқалаған аталар.

Алдарыңда жауқазындай құлпырған,

Біз алаңсыз балғын шақты балалар

Армысыз ауылымның асылдары

Жайнасын көңілдердің жасыл бағы

Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би

Сіздер үшін мереке шашулары

 

Жүргізуші:

Қымбатты ақылдың кенін арқалаған айбынды аталар! Ақ жаулықты аналар! Шынайы да ізгі сезімдерді, білімнің алтын діңгегін сыйлаушы ұстаздар қауымы! Барлықтарыңызды қазан айының алғашқы мерекелері қарттар күні мен  ұстаздар мерекесі тоғысқан қос қуаныштарыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! (бәрі хормен)

 

Жүргізуші:

Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген  қарттардың орны ерекше. Сол ерекшеліктерінің бірі – үлкенді сыйлау, оның сөзіне құлақ асу. Міне осындай теңеуге лайық қарияларды жылына бір рет келетін  Қарттар күнімен құттықтай отырып, «Даламның исі бұрқырап, қарттарым аман-сау жүрші!» атты кешіміздің беташар сөзін мектебіміздің директоры Әбеубекова Ботакөз Әбенқызына береміз.

 

 

   

 

Жүргізуші:

Дүниеге келер бір рет, Құрыштан құйған құдірет-деген өлең жолдары кімдерге арналған? (көрермендердің жауабы). Әрине, қарттарымызға.

 

Олай болса бүгінгі кешіміздің қонағы Ұмытшақ апай Сағи Жиенбаевтің сөзіне жазылған Досқан Жолжақсыновтың «Ауыл қарттары» әнін тарту етеді.  

Жүргізуші:

Ардагерлер ардақты асыл жандар

Шәкіртімен мерейі тасығандар

Білімнің сәулесі мол нұр көшінде

Шуақ боп, шапағат боп шашылғандар-дей отырып, мектебіміздің ардагер, қарт зейнеткер ұстаздары Күләндә апай, Жаңылша апай, Ілескүл апай, Қажар апай, Тұрсынкүл апай, Тұрсынхан апай, Бейбіткүл апайларға сөз береміз.

Сіздердің құрметтеріңізге 8ә сынып оқушысы Әсемнің орындауында әсем ән.

 Жүргізуші:

Халқымыздың тәлім – тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, аталар ақылымен берісіп, өзіндік қасиетімізді қалыптастыру көзделген. Ендеше «Мен атам мен әжемнің жалғасымын» атты оқушылар шығармашылығына құлақ түрелік. (Тақпақтары мен эссе оқылад:  Олжас, Камила, Ақбота, Еңлік.)

Жүргізуші: Енді бір сәт Кеңес кезіндегі 70-80 жылдардағы өмірімізді еске алайықшы. Сюжет көрсетіледі.

9 Сынып оқушылары Аружан мен Әйгерімнің    орындауында «Мама» әні

 

2-оқушы: (8 сынып) Жеткерген

Сәл еңкейген нұр жүзінен әл тайып,

Қуат кетіп бара жатыр қартайып.

Отбасында, бала – шаға қасында

Жетпістер мен сексендер жүр қалқайып.

Көңіл жетім болмаған соң сыңары

Жас баладай жаутаңдаған жанары

Қайта – қайта қарағың кеп тұрады

 

Жүргізуші:

Қағыс естіп қалбақтайды баладай

Мәпелеңдер қарт біткенді аялап

 Ниеті ақ, көңілі кең даладай

Кімге болсын қарттық жетер аяңдап-дей отырып, Бақыт апай, Тұрсынай апай, Жаңыл апай, Сұлу  апайларға сөз береміз.

 

 Сіздердің құрметтеріңізге мектебіміздің музыкалық жетекшісі Мақсаттың орындауында әсем ән жолдаймыз

9сынып оқушыларының орындауында ... биін тамашалаңыздар.

 

3-оқушы (5сынып)

Атам менің әманда әдепті жан бол деген

Атам сөзі санамда жасы үлкенге жол берем

Алдын орап кісінің кесіп өтпе көлденең

Ізетімен кішінің сәлемдесіп қол берем.

 

4-оқушы (5сынып)

Атам менің әманда кішіпейіл бол деген.

Ата сөзі санамда мақтанбауды жөн көрем

Қалдыратын ұятқа жалған сөзге төзбеймін

Жеткізеді мұратқа тек шындықты көздеймін.

 

5-оқушы (5сынып)

 Атам менің әманда әділетті бол деген.

Ата сөзі санамда жүрмін тура жолменен

 

 6-оқушы (5сынып)

 Құттықтаймыз мейрамыңмен аталар!

Әр күлгенің бізге бақыт саналар.

Еңбегіңді еш етпейтін өмірде

Елің жұртың ұл мен қызың бағалар

 

7-оқушы (5сынып)

Ана мейір күн көзімен пара – пар.

Тұла бойға қуат болып таралар

Өміріме шуақ шашып әрқашан

Көп жасаңдар аталар мен аналар!

 

 8-оқушы (5сынып) 

Асқар тауым, ақылгөйім, ғұлама,

Аспанымдай мәңгі жаса, құлама

Ер жетсем де еркелігім қалмайды,

Көз алдымда сен тұрғанда ұлы Ана!

 

Жүргізуші:

 Ата күні - әже күні әлем күні

Әлемді тебірентер ақылды үні

Әжесіз жан туған жоқ жер бетінде

Ұғып ал бөбектерім сендер мұны.

 

8ә сынып оқушысы Фәризаның орындауында би. Қабыл алыңыздар.

 

 Жүргізуші:

Ата ардақты тұлға «Әкеден ұл тусайшы, ата жолын қусайшы» деп халық ұрпаққа атаның мұрасын жалғастыруды уағыздайды. Ата ұрпағының, қайырымды, мейірімді, ақылды іскер болуын тілеп, сол үшін қамқорлық іс - әрекеттерін жерге жеткенше дамыта береді, өнеге көрсетеді, өсиет айтады.

 

9-оқушы (5 сынып)

Тұра – тұршы есейгенде ұл – қызың

Жүре тұршы жалғанғанда үзігің

 Маған бақыт неге керек ақ әже – ау

Өзің бірге көре алмасаң қызығын

 

Жүргізуші:

Қарт ұстаздарға арнап 9 сынып оқушылары Әйгерім мен Аружанның  орындауында «Ол сен емес» әнін қабыл алыңыздар.

 

Жүргізуші:

Қазына-қарттар қайда жүр? Қарттарды құрметтемейтін, олардың алдындағы перзенттік парызын үлкен ынтамен орындамайтын, әдептілік, кішіпейілділік, сергек сезімталдық көрсетпейтін бұл қасиеттер қанына сіңіп, жүрегіне ұяламаған ұрпақтан не опа, не қайыр? (Қарттар үйі туралы сюжет)  

    

Жүргізуші:

 Жетімдер үйі. Түрме. Қарттар үйі. Бұдан біраз ғана бұрын бұл ұғымдар ұлттық санаға сыймайтын. Бірақ бүгінде аты үрейлі бұл үйлерден үрікпейміз де. Түрмесіне тентегі толса, жетімдер үйіне жетімегі жөнелтіліп, қарттар үйіне қариясы тоғытылып жатыр. Қайран қалу түк емес, қорқынышын айтсаңызшы. 

 

Жүргізуші:                                                                                                                                                    Адамның өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – баланың ата – анасын ардақ тұтып өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Өз отбасынан жылу таппаған қаншама қарттарымыз қарттар үйлерінде өмірлерін жалғастыруда.  

Жүргізуші:

Әкең де осы жерде өлер енді,                                                                                                               Тәңірдің жазуына көнер енді.                                                                                                                       Уа, жалған, сағынам ғой, тым болмаса,                                                                                                   Алып кеп, бір иіскетші немеремді.

(Сюжет көрсетіліп жатқанда оқылады).  Сюжет осы жерден аяқталады.

10-оқушы  Ұлболсын

Көп жасаған қария

Ақылы теңіз дария.

Көп өнеге сөзі бар,

Сөзі – соқпақ, сөзі – нәр.

Ата салты ардақты,

 Әрбір сөзі салмақты.

Сол сөздерді ұқпасаң,

Тістерсің бір күн бармақты.

 

11-оқушы:

Қай жерде де ата – анаға қызмет көрсетуге тиістіміз. Қарт адамдардың үйретуге де, ақыл айтуға да моральдік құқы бар.

 

12-оқушы:

Кім де кімнің үйінде қартайып отырған әке – шешесі немесе атасы мен әжесі секілді қымбатты «қонағы» болса, ол үйіне олардан артық құдайдың құрметті өкілі келеді деп ойламасын, егер үйдің иесі оларға дұрыс қарап, қамқорлық жасаса қартайған ата – анасы оның отбасының құты болып табылады. Қарт кісіні құт – береке деп танысақ ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата – ана әр кезде де бақытты.

 

Көрініс: «...» Көркем сөз: М. Мұқатаев «Реніш» орындайтын 8 сынып оқушысы ... .

 

 Жүргізуші:

 5 сыныптың биші қызы Романова Анельдің  өнерін тамашалаңыздар. «Қазақ биі»   

Көкке өрмелеп көңілің

 Нұрға толсын өмірің

Бақытты бол жан әке

Ұзақ болсын өмірің-деп, 5 сынып оқушысы Төкен Қуаныштың орындауында ән қабыл алыңыздар... .

Егеменді ел болып қалыптастық,

Өркениетке нақты қадам бастық.

Туған жердің тұғыры биік бол деп,

Шын жүректен ән – жырды сыйға тарттық. Хор «Көк тудың желбірегені»

 

 Оқушылардың тілектеріне құлақ салыңыздар

Абырой амандығың арта берсін

Бақ дәулет қызығымен қатар берсін.

Ұрпағың жақсы көрген жиі келіп,

Таусылмас дәм-тұзыңды тата берсін.

Тыныштық елімізге бере берсін.

 Молшылық жерімізге ене берсін.

Соғыстан ел жұртымыз аман болып,

Қызығын бейбіт өмір көре берсін

Қарттарым сіздерге Алла саулық берсін

Денсаулық ауыз-бірлік бола берсін

Тап-таза абыройлы болғаныңды

 Қазіргі ел билеген жастар көрсін - деп тілек тілеп бүгінгі кешімізді аяқтаймыз. Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп – көп рахмет.

Енді сіздерден бүгінгі кештен  алған әсерлеріңізді стикерге жазып, бағдаршамның түстерінің тұсына жапсыруларыңызды сұраймыз.

 

 

         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Арсыз күлкің тиылмас, жылауың да,

Айтысың да басылмас, ылаңың да.

Араздасып ағайын кетер еді,

Бір қария болмаса бір ауылда.

 

  Атасыз үй – батасыз,

Анасыз үй – панасыз.

 

 

 

Есік алдында төбе болса,

Ерттеп қойған атпен тең.

Ауылыңда қария болса,

Жазып қойған хатпен тең.

 

 

Шалды шақыр, асыңа келсін,

 Шалдығына күл, басыңа келсін.

 

 

 Алтыға дейін бала ерке,

Алпыстан кейін шал ерке.

 

  

Қартайдым деп, қайғырма,

Жас бала бар артында,

Жалғызбын деп, қайғырма

Жақсылар бар артында.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                            

 

 

  Құрметті Күләнда ап

Сізді 08 қазан сағат 13.00-де болатын          «Даламның исі бұрқырап,қарттарым аман-сау жүрші» атты қарттар күніне арналған мерекелік кешімізге шақырамыз.

 №167 мектеп                                                            8ә және 5б сынып оқушылары

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Даламның исі бұрқырап, қарттарым аман-сау жүрші" тақырыбындағы тәрбие сағаты."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист сварочного производства

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 076 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.04.2016 2220
    • DOCX 1.7 мбайт
    • Рейтинг: 2 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Абдрахманова Гульнур Тоханаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 10339
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой