Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / Дамыта оқыта отырып, шығармашылық бағытта жұмыс істеу.

Дамыта оқыта отырып, шығармашылық бағытта жұмыс істеу.

  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

E:\фото\Света тате\DSC00013.JPG

«Ақжар орта мектебі мектеп жасына

дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық

мемлекеттік мекемесі

Бастауыш сынып мұғалімі І (ілгері) деңгей

сертификаталған мұғалімі

Сейтказинова Советхан Шаймардановна


Дамыта оқыта отырып, шығармашылық бағытта

жұмыс істеу.


Бастауыш мектеп – оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатта жүретін ерекше құнды, қайталанбас кезең сондықтан бастауыш білім үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиында жауапты жұмыс. Бастауыш мектеп балаға білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді. Білім беру мекемелерінің қазіргі жаңа құрылымы мен оқытудың жаңа мазмұны мұғалімдер қауымына жаңаша іскерлік пен жаңа технологияны ендіру міндеттерін шешуді талап етуде. Мұның өз бастауыш мектепте оқушының пәнге деген қызығушылығы мен белсенділігін қалыптастыруда маңызы зор екендігін анықтайды. [1]

Адам баласының жаман құлқы жаратылысынан емес, өскен орта, көрген үлгі өнегебілдіретіндігінен көпшілікті адамгершілікке тәрбиелеу үшін жас буынды жақсылап тәрбиелеу қажет – деп Мұхтар Әуезов айтқандай жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы өмір сүре алатын шығармашыл азаматтар шығару – басты мақсат. Мұндай мақсатты орындау үздіксіз білім беру ісінің алғашқы сатыларының бірі болып саналатын бастауыш мектебінің алар орны ерекше.

Ғалым педагог Л.В.Занков: «Оқыту – оқушының жалпы рухани дамуын қамтамасыз етуі қажет», – дейді. Мұғалімнің міндеті – оқыту мен тәрбиелеу үрдісін жетілдіру, тәрбиелік дамытушылық мүмкіндіктерін арттырып, сонын нәтижесінде лайықты тұлғаны қалыптастыру.

Бастауыш сынып оқушыларының қабілеттері екі түрлі әрекетте дамиды. Бірінші оқу әрекеті арқылы дамиды, білім, білік, дағдыны қабылдайды. Екіншісі, кез келген оқушы шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің мүмкіндіктерін дамытады. Жаңа әдіс-тәсілдер іздейді, проблеманы өзінше жаңаша шешуге талпыныс жасайды.

Екі әрекетте оқушылар екі түрлі мүдделер әр түрлі мақсатты шешеді. Оқу әрекеті баланың жалпы қабілетін дамытса, шығармашылық әрекет нақты жағдайды шешу барысында нәтижеге жеткізетін қабілеттерін дамытады.

Білім беру жүйесінде әлемдік деңгейде жету үшін жасалынып атқан талпыныстар оқытудың әдіс-тәсілдерін қолданаотырып, терең білімді, ізденімпаз, барлық іс –әрекеттерінде шығармашылық ізденістер бағыт ұсынатын, сол тұрғыда өз болмсын таныта алатын жеке тұлға тәрбиелеу ісіне ерекше мән берілуде. Демек, мектептегі оқу үрдісі оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, шығармашылық ізденіс әрекетін дамытуына жол ашуы қажет.

Оқушыларды шығармашылық ізденіске баулып, олардың белсенділіктерін, қызуғышылығын арттыру үшін әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдануға болады.

1. Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау.

2. Арнаулы бір тақырыпта пікірталас тудыру.

3. Логикалық ойлауын дамытатын ойындар мен берілген тапсырмаларды шешеді (сөзжұмбақ, ребустар, құрастырмалы ойындар).

4. Берілген тапсыраны түрлендіру бағытындағы жұмыс мәтінін, мазмұның өңдеу, шығарма, шағын әңгіме құрастыру т.б.

5. Әңгіменің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу.

6. Қиялдау арқылы суреттер салғызу, рөлге бөліп оқыту.

7. Ой шапшандылығын, сөз байлығын дамытуда өлең шумақтарын құрастыру.

Оқушының қызығушылығын арттырып, әдіс-тәсілдерді қолданғаннан кейінгі нәтиже мынандай болады.

1. Еркін ойлауға мүмкіндік береді.

2. Ақыл ойын дамытады.

3. Шығармашылық белсенділігі артады.

4. Тіл байлығы жетіледі.

5. Жан-жақты жетіледу.

6. Өз ойын жеткізеді.

7. Ұжымдық іс әрекеті тәрбиеленеді.

Бүгінгі таңда оқушылардың пәнге қызығушылығы оқу белсенділігін қалыптастырудың маңызы зор.

Дамыта оқыту жүйесі жеке тұлғаны жедел қарқынды, барлық салалармен сәйкестікке жан-жақты дамытуға бағытталған.

Шығармашылыл ізденіс ең негізгіні және бастыны – өз ойын, сезімін, жан-дүниесін жеткізе білуге, әр саладағы білімді өзара байланыстыра отырып қолдануға, сондай-ақ белгілі деректер, құбылыстар бойынша қорытынды жасауға ізденуге үйретеді.

Шығармашыл ізденістер оқушыларды қызықтыратындай олардың көңіл-күйін көтеретіндей болуы тиіс.

Жалпы, оқу жүйесіне құрылған шығармашылық жұмыстар, ізденістер басты құндылығы мектепте және мектептен тыс алатын білімін бекіте білуге, жалпылай отырып қорытындылауға үйретуі.

Шығармашылықты, шеберлікті, жаңашылдықты менгеру үшін көп нәрсені білу, істей алу қажет.

Мұғалімнің сөзі әсерлі, тартымды, сенімді сонымен қатар дауыс ырғағы мен мимикасы мәнерлі және бай болуы керек.

Теорияны білу үрдісінің тиімді технологиясын пайдалана білу, оларды нақты жағдай үшін дұрыс таңдау, тиісті деңгей мен сапаны белгілеу, болжау және жобалай қажет.

Мұғалімнің шығармашылық шеберлігі әсіресе, сабақта педагогикалық технология элементтерін шығармашылықпен ұштастыра отырып, баланың өзіндік дамуын қалыптастыруда кеңінен көрініс табады. Шығармашылықтың тағы бір көрсеткіші – ол оқушылардың өздігінен жұмыс істеуі сабаққа деген ерекше ықыласынан шығармашылық ізденістерінен толық байқалады.

Ойын – балалар үшін күрделі әрекет. Балалар білімді ойын арқылы да ала алады. Сабақтағы ойын арқылы білімін шыңдап, ой өрісін кеңейте алады.

Біз үшін өз сабақтарымызда оқушылардың тілін дамытуда, өздік жұмыс жасау, шығармашылық ізденістер ел- дағдыларын қалыптастыруда, өз ойларын еркін жеткізе алуға баулуда. Сабақта Эльконин –Давыдовтың дамыта оқыту технологиясын, оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлаудыдамуту технологиясын қолданамыз. Технологияларды қолдана отырып оны сыныпқа бейімдеу мақсатымен психологиялық жағдаяттарды ескереміз. Психологтарды дәлелдеуі бойынша сабақ басталған кезде 1-4 минут аралығында оқушылар көп болғанда 60 ақпарат қабылдай алады, ал 5-23 минут аралығында 80, сабақ соңында 40 ақпаратты қабылдай алатындығы дәлденген.

Мысалы, 3 сыныпта «Өткен өмірден» бөлімін оқығанда оқушыларға бұл бөлімдегі мәтіндерді түсінуге біраз қиындық туады. Өйткені күнделікті тұрмыста кездеспейтін қиын сөздер өте көп. Сондықтан үй тапсырмасын сұрамас бұрын жаңа тақырыпты менгеру өте тиімді.

Оқушылардың алған білімдерін дәлелдеу, талдау, өз ойларын еркін жеткізе білуге баулуда «Кластер әдісі, 5 жолдық өлең», «Түртіп алу», «Бақылау күнделігі» стратегиялары қай сабақта болсын тақырыпты ашуда көп септігін тигізеді.

Мысалы:



2 сыныпта жазған Балтабекова Әминаның санамағы.

Көлде 5 қаз болыпты,

3 үйрек ұшып келіпті

Жүзіп кетті екі қаз,

Енді санап көрейік,

Неше үйрек?

Неше қаз? (3 үйрек, 3қаз)

Қорыта келгенде, өзінді қалай тануға болады? «Тек әрекет жасау арқылы ғана», - деп Гете айтқандай, жоғарғыдағы технологияларды қолдану жұмыстарынын барлығы мұғалімдердің бастауыш сыныптағы оқушыны тұлғалық қабілеттерін айқындаудағы бірлеске іс – әрекетінің нәтижесі дегеніміз келеді. Заман ағысына сай технологиялардың қолдану ауқымы, түрлері өзгеріп отырады. Бірақ ең бастысы технологияларды тиімді, жүйелі қолдану керек.

Шығармашылықты терең менгерген біздің алдымызда білім алған бастауыш сынып оқушыларының бейнесі мынадай болуы тиіс.



Бүгінгі таңда білім берудің ұлттық жүйесі өте маңызды, қарқынды өзгерістердің үстінде тұр. Қазіргі кезде қоғам дарынды, қабілетті, шығармашыл, әрқашанда ізденісте жүретін ұрпақ тәрбиелеу.

Жұмыстың сапалық көрсеткішінен шығатын соңғы нәтиже

1. Тапсырма талапқа сай орындалып, жақсы қарым-қатынасқа қол жетті. 2. Ойларын еркін айта алады. Әр түрлі қызықты шешімдер қабылдайды. 3. Өлең жазуға талпынады. Тақырыпқа сай мақал-мәтелдер жинайды. 4. Мәтін бойынша көріністер көрсете алады, болжамдар айта алады. 5. Өзекті мәселе талқыланады.

Мұғалімге жүктелетін міндет өте ауыр, тек өз ісімізге берік, жаңалықты жатсынбай қабылдау және ұлттын қасиетіміздің асылдарын асқақтата отырып шәкірттерінің жанына нұр құятын ұстаз болуымыз керек.



Қолданылған әдебиеттер

1. Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар [1:55 бет] 11.2007 ж

2. Сабақ –шығармашылық үрдіс (әдістемелік құрал) 2006 ж

Жарқынбеков С.Д Сманқұлова Ж.Е

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 23.02.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров181
Номер материала ДВ-475782
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх