Инфоурок Другое Статьи«Дамыта оқыту технологиясы негізінде білімді жетілдіру»

«Дамыта оқыту технологиясы негізінде білімді жетілдіру»

Скачать материал

Әдістемелік мақсат. «Дамыта оқыту технологиясы негізінде білімді жетілдіру».

 

Жоспар

1.Жаңа білім парадигмасындағы  бейінді бағдарлап оқытудағы құзырлылық.

2.Жаңа ақпараттық технологияны қолдану арқылы білім алушылардың танымдылық іс-әрекетін ұйымдастыра отырып кәсіби құзыреттілігін дамыту.

3.Оқу-тәрбие үрдісінде дамыта оқыту негіздепбілім алушылардың құзіреттілігін дамыту

 

Баяндаманың мақсаты: колледжде педагогика және психология пәндерін оқытуда дамыта оқыту жүйесін негізге ала отырып, білім алушылардың құндылығын және құзіреттілігін қалыптастыру.

 

Баяндаманың міндеті:

·        колледжде болашақ кәсіби педагог мамандарды дайындау барысында, оқытылатын  басты пәндердің бірі болып табылатын педагогика және психология пәндерін оқытуда дамыта оқыту жүйесін негізге ала отырып, білім алушылардың құндылығын және құзіреттілігін қалыптастыру, қабілеттер мен білім, білік және дағдыларды білім алушыларға ұсынуы.

·        Жаңа білім парадигмасындағы  бейінді бағдарлап оқытудағы құзырлылықты теориялық негіздеу

·        Жаңа ақпараттық технологияны қолдану арқылы білім алушылардың танымдылық іс-әрекетін ұйымдастыра отырып кәсіби құзыреттілігін дамыту негіздерін талдап, қарастыру

·         Оқу-тәрбие үрдісінде дамыта оқыту негіздеп білім алушылардың құзіреттілігін дамыту жолдарын қарастыру

 

 

 

 

 

 

Бүгінгі  күні  Қазақстан Республикасының  білім  беру  саласында  үлкен  өзгерістер  енгізіліп,  бәсекеге  қабілетті  білім  беру жан-жақты  қолға  алынуда. Бәсекеге  қабілетті  тұлға - бойында  сапалы  білім,  саналы  тәрбие  тұнған, алынған  білімді өмірде  қолдана  білетін, өзінің  болашағын  мектеп  табалдырығынан  ойлап, өмірдегі өз  орнын нақты  таба  білетін   жан-жақты  жетілген құзыретті  тұлға [1].

«Құзыреттілік» анықтамасы әдебиеттерде  білім мен  мүмкіндіктердің бірігуін, зерттеу  еңбегі  нәтижесін,  жеке  тұлға сапасын, жалпы  мәдениет пен істің күрделі мәдени  жиынтық  түрлерін іске  асыра алуын, адамның  өзгелермен қажетті  байланыс құрып,  оны  сақтай  алуы деп  беріледі. Олай  болса,  «оқушыдан – тұлға»,  «тұлғадан – құзыретті  тұлға»  қалыптастыру  жүйесін  жасау  ұстаз,  тәрбиеші іс-әрекеттерімен  тікелей  байланысты [3].

Жаңа білім беру парадигмасындағы күтілетін нәтижеге  бағытталған  құзыреттіліктер:

-  білім алушының танымдық үрдістің белсенді субъектісі бола алатын білім алушыға айналуын қамтамасыз ететін мектеп қызметінің  маңызды үрдісі ретіндегі оқудың рөлін көтеру; 

- оқу пәндері арқылы білім беру үрдісінде білім алушылардың құзіреттілігін қалыптастыру мен дамыту;

- білім берудің әртүрлі деңгейлерінде тұлғаның дамуының  бірізділігін сипаттайтын күтілетін оқыту нәтижелерінің әр деңгейлі жүйесін құруда сабақтастықты  сақтау;

-  оқыту мен тәрбиелеу үрдісінде білім алушыларды нәтижелі әлеуметтендіру; 

- білім алушылардың сәйкес құзреттіліктерді меңгерудегі   оқу жетістіктерінің деңгейлерін анықтау негізінде  білім алушылардың, мектептердің, білім беру жүйелерінің даму өзгерісінің мониторингін жасау:

- пән бойынша білім алушыларда функционалдық сауаттылықты қалыптастыру[2].

Жаңа білім беру жүйесі тұлғаны дамытуды, ұлттық құндылықтарды, қалыптастыруды, оны өз елінің  және әлемнің азаматы ретінде тәрбиелеуді, сонымен қатар жаңа заманның талаптары негізінде қажет мәліметтерді өз бетімен таба алу біліктілігін қалыптастыруды   қамтамасыз етуді қарастырады [4].

Бейімді-бағдарлы  оқыту- кәсіптік білім беру бағдарламаларын игеруге даярлау, олардың кәсіптік бағдарлары үшін жағдай жасау, оқушылардың арнаулы бейімділігі мен қызығушылығын, танымдық қабілетін ескеруге бағытталған білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнын ұйымдастыру түрі, жалпы сыныптағылардың оқуын даралау мен саралап жіктеудің педагогикалық жүйесі. Бейімді-бағдарлы  оқыту, білім беру сапасын  көтеру, мемлекеттің және қоғамның, тұлғаның өзекті және келешектегі  қажеттіліктерін жүзеге асыру әдістерінің бірі  ретінде ұсынылып отыр. Бейінді бағдарлап оқыту  жүйесі жеті негізгі құзыреттіліктер негізінде (жеке тұлғалық, азаматтық, басқарушылық, әлеуметтік, коммуникативтік, ақпараттық, технологиялық) жеке тұлғаның біртұтас дамуын қамтамасыз етеді. 

Бейімді-бағдарлы оқытудың жетістігі неде, деген сұраққа жауап беретін болсақ, қазіргі кезде жалпы орта білім беретін мектептің жоғарғы сатысында жиырмаға жуық пән оқытылады және олардың барлығының мәртебесі бірдей. Демек, бұлардың бәрінен де бағдарлама деңгейінде білім берілуі тиісті. Ол деген сөз  оқушыға көп сала бойынша аз-аздан білім беріледі және соның салдарынан оқушылар еш бір саланы терең меңгеруге мүмкіндігі болмайды. Қазіргі кезде әлемде білім беру мәселесі дамуының үрдісінің негізгі ерекшеліктерінің бірі-ол білімнің тез өзгеруі, өмір сүру үшін қажетті ақпараттар ағыны жоғарғы қарқынымен көбеюі, сондықтан да бұрынғыдай жеткіншек ұрпақты энциклопедиялық біліммен  қаруландыратын уақыт кетті, оған мүмкіндік жоқ, оны заман ағымы көтермейді. Жеткіншек ұрпаққа аз-аздан барлық сала жайлы білім емес, терең бір ғана сала бойынша білім беретін мезгіл келді, міне бейінді оқытудың жетістігі осында [5].

Жаңа ақпараттық технологияны қолдану арқылы оқушылардың танымдылық іс-әрекетін ұйымдастыра отырып кәсіби құзыреттілігін дамыту.

ХХІ ғасыр жаңа заман талаптарын меңгере отырып, жан-жақты дамыған ғасыр. Ал болашақ жастар сол ғасырды басқарып, меңгеретін тұлғалар. Ол үшін әрбір Қазақстан Республикасының азаматы жан-жақты дамыған, білімді, білгір болуы тиіс. Сол үшін әр оқушының кәсіби құзыреттілігінің толықтай дамуы да маңызды. Ең бірінші құзыреттілік ұғымын қарастырайық.

Еліміздің білім беру жүйелерінде ХХІ ғасыр жастарына білім беру мен тәрбиелеу бағытында сан алуан жұмыстар жүргізілуде. Сол себепті, оқушыларға білім беруде жаңа ақпараттық оқыту технологияларын қолдану, инновациялық бағытта жұмыс жасау заман талабына сай талап етілуде. Соңғы жылдары жаңа ақпараттық технологиялар заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта, интернет, электрондық пошта, телеконференция, On-line сабақтар арқылы іске асырылуда қолдану айтарлықтай нәтиже беруде [6].

«Қазіргі заманғы жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, – Елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында жаңа ақпараттық технологияны қолдану арқылы оқушылардың танымдылық іс-әрекетін ұйымдастыра отырып кәсіби құзыреттілігін дамыту оқу үрдісінде пайдаланудың маңызы зор. ЖАТ арқылы оқушылардың өз бетінше жұмыс жасау дағдыларын дамыту арқылы кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру баға жетпес құндылықтардың бірі. Жаттығуларды өз бетінше тексеріп, қорытынды жасай білетін тұлға қалыптастыру мақсатында жаңа технологиялар әдістерін кеңінен қолдану қажет деп білемін. Жаңа ақпараттық қоғам жағдайында оқушылардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру көрсеткіштерін төмендегідей анықтаған:

• білім беру жүйесінің әлемдік ақпараттық кеңістікке саналы түрде енуін қамтамасыз ету;

• ақпараттардың шексіз көлемі мен осы ақпараттарды аналитикалық түрде өңдеуді қамтамасыз етуге даярлау;

• ақпараттық ортада жеке тұлғаның шығармашылық сапасын дамыту мен қалыптастыру және өзіндік ақпараттық ортаны құру дағдыларын қалыптастыру;

• ақпараттық ортада коммуникативтік мәдениетті қалыптастыру;

• ақпараттық ортада өзара байланыс қызметтерін қалыптастыру;

• ақпараттық ортада ақпаратты алу, таңдау, сақтау, қабылдау, түрлендіру, жіберу және бір-бірімен сабақтастыру мәдениеттерін қалыптастыру;

• интерактивтік телекоммуникациялық технологияларды (Интернет, қашықтықтан оқыту және т.б.) қолдануға даярлау;

• ақпараттық-білімдік ортаны модельдеу мен жобалау қабілетін қалыптастыру және осы дағдыны өзіндік кәсіби қызметтеріне қолдануға даярлау [7].

Ұстаз үшін нәтижеге жету шәкіртінің білімді болуы ғана емес, білімді өздігінен алуы және алған білімдерін қажетіне қолдану арқылы кәсіби құзыреттілігін дамыту болып табылады. Бүгінгі бала – ертенгі жаңа әлем.

Заман талабына сай жаңа технология әдістерін үйрету, бағат-бағдар беруші – мұғалімдерміз. Кез-келген кәсіп иесі жаңа тұрмысқа, жаңа оқуға, жаңа қатынастарға бейімделуі тиіс. Осы үрдіспен бәсекеге сай дамыған елдердің қатарына енуді ұмытпауымыз керек.

Дамыта оқыта отырып, оқушылардың құзіреттілігін дамыту.

Қазіргі таңда оқу үрдісіне қойылатын талаптардың өзгеруіне байланысты оқыту технологиялары негізінен қолданылуда.Оқыту технологиялары дегеніміз Қойылған мақсаттарға және күтілетін нәтижеге тиімді жету жолдарын қамтамасыз ететін оқу бағдарламаларында қамтылған білім мазмұнын меңгертудің жуйеленген формалары,әдіс- тәсілдері.

Дамыты оқыту технологиясын көрнекті ғалымдар Л.С Вготский М.Я Лернер. Л.В. Занков ,В.В Давыдов,Д.Б.Эльконин толық зерттеп дәлелдеген.

В.В Давыов «Дамыта оқыту дегеніміз-ақыл-ойдың дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай,қорытындылай алу дағдысы»- дейді.Дамыта оқытуда баланың ізденушілік зерттеушілік- әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталды.

Заман талабына сай 12 жылдық орта білім беру мазмұны стандартпен анықталатын келесідей түйінді құзіреттіліктер ретінде білім беру нәтижелеріне әрбір білім алушының қол жеткізуіне бағытталған оқушы құзыреттіліктерін мүмкіндік беру саласы:

Проблеманы шешу       Ақпараттық         Коммуникативтік

- Түрлі жағдайларда проблеманы анықтауға шешім қабылдауға

- Өз әркетіне мақсат қоюға

- өзін-өзі бағалауға өз әрекетін басқамен салыстыруға

-қойылған міндетке сәйкес әдістерін таңдауға

-сыни тұрғыдан ұсынылған ақпараттар негізінде шешім қабылдауға

-ақпараттарды өз бетімен табуға талдауға іріктеуге түрлендіруге тасымалдауға

-коммкуканикациялық технологияларды қолдануға

-ақпаратты өңдеп қолдануға

-қазақ және басқа тілдердегі жазбаша коммуникация түрлерін қолдануға

-тілдік қатынастық стилдерімен жанрларын қолдануға

-әдептілік нормаларына сәйкес пікір білдіруге

-басқа мәдениет өкілдерінмен түрлі көзқарастағы адамдармен сұхбат жүргізіп шиеленіскен ахуалды шешуге мүмкіндік береді.

Оқушының құзыреттіліктерін қалыптастырудағы дамыта оқыту технологиясының қолданыс табуын төмендегідей көрсетуге болады

Оқу мәтінін қою сабағында

І.Табыс ситуациясын тудыру кезеңінде оқушылар өз жетістіктеріне көз жеткізеді, яғни білетіндері сараланады.Осы кезеңде оқушылардың ақпараттық, коммуникативтік құзыреттіліктерін дамыту көрініс береді.

ІІ.Интеллектуалдық шиеленіс кезеңінде оқушылардың ізденіс зерттеу әрекеттерін ұйымдастыруда салыстырады,топтардың жауаптары тыңдалып шешімдері тыңдалады.Осылайша сабақ мақсатын оқушылар өздері айтады.Бұл кезеңде оқушылар алдарына қойылған проблемаларды анықтап топтың шешімі арқылы мақсат қояды.Яғни проблеманы шешу құзыреттіліктері қалыптасады.

ІІІ.Оқу міндетін қою кезеңінде жеткіліксіз білімдерін өздері меңгереді.Оқулықтан тиісті ақпаратты тауып қажеттісін сызба арқылы береді.

ІY.Оқу міндетін шешу амалдарын іздестіруде практикалық жұмыстарды топ өздері орындайды қиындықтарды анықтап шешімін айтады

Y. Қортынды рефлексия кезеңінде әр топ,әр оқушы өз түсінігіне талдау жасап, өмірде қолдану аясын айтады.Келесі сабаққа міндет белгілейді

Осылайша, дамыта оқыту бойынша сабақ кезеңдерінде оқушылар сабақтың мақсат міндетін өздері анықтайды проблеманы шешу жолын іздестіреді жаңаны өздері табады ақылдасады кеңеседі [2].

Аталған әрекеттері арқылы әр оқушының проблеманы шешу, ақпараттық коммуникативтік құзыреттіліктері қалыптасады. Құзыреттілік қалыптастырудың келесі міндеті әр сабақтың өмірлік жағдайлармен байланыстылығы. Бұл орайда құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағдарланған тапсырмалар қолданылады.

Ақпараттық құзыреттілікті қалыптастыруға арналған тапсырмалар.

Ақпараттық ізденісті жоспарлау.

Мақалдардың әңгімемен сәйкестендір.

Ақпаратты өңдеу.

Әңгімелердің идеясын анықтап, өз пікіріңді дәлелде.

Логикалық операцияларды пайдалану.

Біздің жеріміздегі тау-қырат, өзен-көл аттарын жіктеп жаз.

Коммуникативті құзіреттілікті қалыптастыруға арналған тапсырмалар

Жазбаша қатынас

Мәтіннің желісі бойынша өз пікіріңді білдір.

Диалог құру

Өнімді топтық қатынас

Мәтіндердің мазмұнын өз өміріңмен байланыстырып айт.

Дамыта оқыту жүйесі бойынша сабақтарды даярлау және өткізу этаптары

І .Әдістемелік іс әрекет жағдайында мақсат пен міндеттерді меңгеруі

-Сабақтың мазмұны

-Оқу жағдайын ескеру

-Әдістемелік тәсілдерді қолдану[3].

ІІ.Келесі сабақтың моделін жоспарлау

-Сабақтың негізгі мақсаттарын анықтау (аралық міндеттер мен шешу жолдары)

-Сабақтың әр этапындағы оқушының неізгі әрекет түрлерін анықтау

-Оқушы әрекетін ұйымдастыр әдіс – тәсілдерін таңдау

ІІІ.Сабақты жүргізу

-Әр сабақтағы баланың іс- әрекетін ұйымдастыру.

-Оқушымен жанама қарым қатынас.

-Жұмыс барысын бақылау жұмысы.

ІY. Рефлекция (сабақтын қортындысы бағасы)

-Қойылған мақсатқа жету.

-Тақырып бойынша өзгерістер енгізу.

-Оқыту нәтижесіне талдау (жетістіктер мен кемшіліктер).

Дамыта оқытуда мұғалімнің басты міндеті:

Оқу материалдарын оқушыға дайын күйінде көрсету емес, оқушымен бірлесіп жалпы іс-әрекетті ұйымдастыра отырып алға қойған міндеттерді түсіндіру, оларды шешудің тәсілдерін жолдарын іздестіру арқылы іс- тәжірибесінде қалай қолданады?

1)Оқу әрекетін қалыптастыру , айналадағы дүниемен белсенді әрекеттестік,этикалық, эстетикалық қарым – қатынас дайындау, дара тұлғалықадамгершілік нормаларын меңгерту.

2)Оқу барысында баланың бойындағы дамытуды қалыптастыруды дағдыға айналдыру.

3)Оқу мен тілдің арасындағы байланыстылыққа аса көңіл бөлу.

4)Сөздік қоры мен тілдің арасындағы байланыстылыққа аса көңіл бөлу.

5)Оқушының сезіміне әсер етіп – логикалық ойын дамыту

6)Жалпы оқушының жан дүниесін дамыту [2,1].

Қорыта келгенде, дамыта оқыту технологиясы оқушы құзыреттілігін дамытуда аса маңызы бар технология

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайданылған әдебиеттер тізімі:

1.    Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға білім беруді дамытудың   мемлекеттік бағдарламасы.

2.Бастауыш мектептегі дамыта оқыту технологиясы.Әдістемелік нұсқаулық, 1999.

3.Эльконин Давыдов «Дамыта оқыту технологиясы» Педагогикалық шығармалар, 1998

4.Оқу үрдісіндегі дамыта оқытудың мәселелері /Психологиялық ғылым және білім беру .

5.   К.С.Кудайбергенова Құзырлылық табиғаты- тұлғаның өзіндік дамуында. Әдістемелік құрал-2006

6. Қазақстан мектебі, № 1 – 2008 ж.,23-24 б.б.

7. С.Аманжолов, Құзыреттілікті қалыптастырудың теориялық негіздері // Өскемен: 2007. – Б.135-140.

8. Базарғалиева Б., Құзыреттілік. // Қазақстан мектебі,№4,2009.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Дамыта оқыту технологиясы негізінде білімді жетілдіру»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Промышленный дизайнер

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 218 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.05.2016 1801
    • DOCX 21.2 кбайт
    • 17 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Нургазы Мадина Турсынгазыкызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Нургазы Мадина Турсынгазыкызы
    Нургазы Мадина Турсынгазыкызы
    • На сайте: 7 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 115592
    • Всего материалов: 26

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 120 человек из 43 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 847 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 475 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 324 человека

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Психические защиты и психоаналитический взгляд на личное развитие

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 15 человек

Мини-курс

Управление коммуникациями в кризисных ситуациях

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

История России: ключевые события и реформы

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 136 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 77 человек